Бальзам Золотая звезда (Бальзам жидкий)

МНН: Камфора, Левоментол, Масло гвоздичное, Масло корицы, Мятное масло, Эвкалипта прутовидного листьев масло
Производитель: Данафа Фармасьютикал Джойнт Сток Компани
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие комбинированные препараты, применяемые при простудных заболеваниях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015517
Информация о регистрации в РК: 22.12.2020 - 22.12.2030

Инструкция

Саудалық атауы

«Золотая звезда» бальзамы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сұйық бальзам

Құрамы

100 мл құрамында

белсенді заттар: 28г кристалды ментол,

8,88г камфора,

22,9г жалбыз майы,

0,1г эвкалипт майы,

0,46г қалампыр майы,

0,38г даршын майы.

қосымша зат - вазелин майы

Сипаттамасы

Эфир майларына тән өзіндік иісі бар, бөгде қосылыстарсыз, қоңырқай-қызыл түсті сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдарын кетіруге арналған препараттардың басқа да біріктірілімдері.

АТХ коды R05Х

Фармакологиялық қасиеттері

Препараттың жергілікті-тітіркендіретін, аулақтататын және антисептикалық әсері бар.

Ментол және камфора мұрын қуысы мен жоғарғы тыныс алу жолдары жүйке ұштарының тітіркенуін туындатады, жеңіл күйдіру мен шаншу сезімін туындата отырып, жеңіл жергілікті ауырғанды басатын әсер береді, сондай-ақ антисептикалық қасиеттері бар.

Қалампыр майы антисептикалық әсер береді және жұқпадан қорғайды.

Даршын майының жоғарғы тыныс алу жолдары ауруларын емдегенде антисептикалық әсері бар.

Жалбыз майының сергітуші, антисептикалық және ауыруды басатын қасиеттері бар. Суық тию және тұмау, тыныс алу жолдарының қабынуы, жөтел, бронхит, мұрынның бітелуі және тыныс алу жолдарының тітіркенуі кезінде, сондай-ақ терінің қабыну жағдайлары мен оның тітіркенулерінде күшті антисептик ретінде қолданылады. Бас ауыруын бәсеңдетеді және көптеген насекомдарды жақындатпайды. Организмнің қарсыластығын жоғарлатады.

Эвкалипт майы антисептикалық қасиетін танытады. Ең алдымен бактерияларға және вирустарға қарсы әсер етеді. Тыныс алу жолдарының жұқпаларын, жөтелді, бронхитті, қуыстар қабынуларын, мұрын бітелуін емдеуде пайдаланылады. Қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсер береді.

Қолданылуы

Кешенді емдеудің симптоматикалық емінде :

- тұмауратуда

- суық тию аурулары мен тұмауда

- бас ауыруында

- жәндіктер шаққанда

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа қолдануға арналған. Препаратты ауырған тері аймақтарына жұқа етіп ысқылап жағады (бас ауырған кезде - самайға, шүйдеге; суық тию аурулары кезінде арқа мен кеуде аймақтарын уқалайды, тұмаурату кезінде – мұрын жақтауларына). Жәндіктер шаққанда бальзамды шаққан орынға жағады.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей сезімталдық

- 2 жасқа дейінгі балалар

- тері аурулары және препарат жағылған жердегі тері жабыны бүтіндігінің бұзылуы

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сипатталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты көзге, мұрын мен ауыз қуысы шырышты қабығына тигізбеуге тырысу керек. Дәрігердің кеңесінсіз препаратты балаларға қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Жиі пайдаланғанда тері тарапынан қышыну, қызару түрінде жергілікті тітіркену белгілері болуы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл-ден бұрандалы пластик қалпағы бар шыны құтыда. Әр құты қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Препаратты құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 15-тен 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ДАНАФА ФАРМАСЬЮТИКАЛ ДЖОЙНТ СТОК КОМПАНИ»

Вьетнам, Дананг қ., Тхань Тхе ауданы, Зунг Си Тхань Тхе к-сі, 253 үй.

Тіркеу куәлігінің иесі

«ДАНАФА ФАРМАСЬЮТИКАЛ ДЖОЙНТ СТОК КОМПАНИ»

Вьетнам, Дананг қ., Тхань Тхе ауданы, Зунг Си Тхань Тхе к-сі, 253 үй.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Менеджер - Канаева Ләззат Бақытовна

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Айтиев к-сі 46-18

Тел/Факс: +7 (727) 395 91 13

Ұялы тел: +7 (701) 718 25 92

Электронды поштасы: layka16@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

913600111477976410_ru.doc 41.5 кб
657943971477977658_kz.doc 47 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники