Визин®

МНН: Тетризолин
Производитель: Янссен Фармацевтика Н.В.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Tetryzoline
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019185
Информация о регистрации в РК: 14.03.2018 - 14.03.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Визин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тетризолин

Дәрілік түpi

0,05% 15 мл көз тамшы дәрісі

Құрамы

Бір мл препараттың құрамында

белсенді зат- 0,5 мг тетризолин гидрохлориді,

қосымша заттар: бензалконий хлоридінің 50% ерітіндісі, натрий хлориді, бор қышқылы, натрий тетрабораты, динатрий эдетаты, тазартылған су.

Сипаттамасы

Көрінетін бөлшектерден бос, мөлдір түссіз ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Деконгестанттар ретінде пайдаланылатын симпатомиметиктер. Тетризолин.

АТХ коды S01GA02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жергілікті қолданған кезде тетризолин іс жүзінде сіңбейді. Көз тамшыларына жан жақты фармакокинетикалық зерттеулер жүргізілмеген.

Фармакодинамикасы

Тетризолин – жүйке жүйесінің альфа-адренорецепторларын көтермелейтін, бірақ бета-адренорецепторларға әсер етпейтін немесе әлсіз әсер ететін симпатомиметикалық препарат. Симпатомиметикалық амин болып табылады, тетризолиннің қантамыраларын тарылтатын әcepi бар және тіндердің icінyiн азайтады. Әсері тамызғаннан кейін бірнеше минуттан соң басталып, 4-8 сағатқа жалғасады.

Қолданылуы

Ересектерге және 8 жастан асқан балаларға

  • аллергияда пайда болатын немесе химиялық және физикалық

факторлардың (түтін, шаң, хлорланған су, жарық, косметикалық заттар, жанаспалы линзалар) әсер етуіне байланысты конъюнктива ісінуі мен гиперемиясын жою үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Зақымданған көзге 1 немесе 2 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет. Препаратты 4 күннен асыра үзіліссіз қабылдауға болмайды. Егер 48 сағат ішінде жағдайы жақсармаса немесе тітіркенуі мен қызаруы кетпесе немесе ұлғая түссе, препаратты тоқтатып, дәрігерге жүгінген жөн.

Тамшылатқыш - құтыны пайдалану

Тамшылатқыш-құтының қақпағын алып, құтыны төңкеріп қою керек.

Қандай да болсын беткейге құтының ұшын тигізуге болмайды.

Қолданып болғаннан кейін тамшылатқыш-құтының қақпағын бұрап жауып қою керек.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- ашытып шымылдату сезімі, көздің қызаруы, ауыруы, көздің шаншуы, көрудің тұмандануы, конъюнктиваның тітіркенуі, қарашықтың кеңеюі.

Жүйелі әсерлері болуы мүмкін: бас ауыру, бас айналу, жүрек айну, ұйқышылдық, ұйқысыздық, діріл, мидриаз, тахикардия, гипергликемия, артериялық қысымның көтерілуі, жүрек қызметінің бұзылуы, аллергиялық реакциялар.

Жоғарыда аталған белгілер пайда болған кезде дәрігерге қаралу қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • 8 жасқа дейінгі балалар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • жабық бұрышты глаукома және мөлдір қабақтың эндотелиальді-эпителиальді дистрофиясы

Сақтықпен

Жүрек-тамырдың ауыр ауруларымен науқастарда (жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертензия, аритмия, аневризма), гипертиреозда, феохромоцитомада, қант диабетінде және моноаминооксидаза тежегіштерін немесе артериялық қысымды арттыруға қабілетті басқа дәрілерді қабылдап жүрген науқастарда сақ болу керек.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты моноаминооксидаза (МАО) тежегіштерімен бір мезгілде және оларды қабылдағаннан кейінгі 10 күн ішінде қабылдамаған жөн.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты тамызар алдында жанаспалы линзаларды алу керек және оларды 15 минуттан соң ғана тағуға болады. Мөлдірлігінің бұзылу ықтималдығы болуына байланысты препараттың жұмсақ линзамен тікелей жанасуына жол бермеу қажет. Визинді көздің жеңіл тітіркенуінде ғана қолданған дұрыс. Көздің қарқынды ауыруы, бас ауыру, көрмей қалу, кенеттен көз алдында дақтардың «жүзуі», көздің қызаруы, жарықтың әсерінен ауыру немесе көзге қосарланып көріну пайда болған кезде дереу дәрігерге қаралу қажет.

Тітіркену немесе қызару көру ағзаларының: жұқпа, бөгде дене немесе мөлдір қабықтың химиялық жарақаты сияқты күрделі ауруларымен байланысты болса, «Визинді» қолдануға болмайды.

Артық дозаланудың кез келген симптомдары пайда болған кезде тез арада дәрігерге қаралу керек!

Егер дәрілік зат жарамсыз болса немесе оның жарамдылық мерзімі өтіп кетсе – оны ағынды суға немесе далаға тастауға болмайды! Дәрілік затты пакетке салып, қоқыс контейнеріне салыңыз. Бұл шаралар қоршаған ортаны қорғауға септігін тигізеді!

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жалпы реакция қаупін ескере отырып, егер дәрігердің пікірі бойынша анасы үшін болжамды пайдасы ұрыққа және балаға төнетін ықтимал қатерден асып түсетін болса ғана, жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Сирек жағдайларда Визинді қолданғаннан кейін қарашықтың кеңеюі байқалады және автомобиль мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер ететін көрудің тұмандануы пайда болуы ықтимал.

Артық дозалануы

Нұсқаулыққа сәйкес қолданғанда артық дозаланудың туындау қаупі аз. Алайда асқазан-ішек жолдарына кездейсоқ түсіп кеткен жағдайда мынадай симптомдарының болуы мүмкін: қарашықтың кеңеюі, жүрек айну, цианоз, қызба, құрысу, тахикардия, аритмия, жүректің тоқтап қалуы, артериялық қысымның көтерілуі, өкпенің ісінуі, тыныс алу қызметінің, орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы және кома. Препарат сіңуімен байланысты артық дозалану симптомдарының пайда болу қаупі жаңа туылған нәрестелер мен кішкентай балаларда, әсіресе жұтып қойғанда, жоғары болады.

Емі: көзді мол сумен жуу, ішке кеткен кезде: белсенділендірілген көмір, асқазанды шаю, оттегімен ингаляциялау, ыстықты түсіретін және құрысуға қарсы дәрілер. Артериялық қысымды төмендету үшін гипотензивті препараттарды қабылдайды. Артериялық қысымы төмен науқастарда вазопрессорлы дәрілерді қолдануға болмайды. Тетризолин гидрохлоридінің у қайтарғысы белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 мл препараттан тамшылатқыш құрылғысы және полипропилен таспасымен – алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы пластик қақпағы бар төмен тығыздықтағы полиэтиленнен жасалған құтыға құйылған.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Құты ашылғаннан кейін бір ай ішінде пайдалану керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Peцептісіз

Өндіруші

Янссен Фармацевтика Н.В., Турнхоутсевег 30, В-2340 Беерсе, Бельгия

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Джонсон & Джонсон» ЖШҚ, Ресей Федерациясы,

121614, Мәскеу қ., Крылатская к-сі, 17 үй, 2 құр., тел. (495) 726-55-55

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

Янссен Фармацевтика Н.В., Бельгия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасындағы «Джонсон & Джонсон» жауапкершілігі шектеулі қоғамының филиалы, Алматы қ., 050040, Тимирязев к-сі 42, павильон 23 – А

Тел: (727) 245-88-10; факс: (727) 245-88-15

Электр. поштасы: safetyru@its.jnj.com

 

Прикрепленные файлы

074818061477977022_ru.doc 56.5 кб
457165261477978201_kz.doc 82.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники