Пустырника трава

МНН: Пустырника трава
Производитель: Эко-Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие снотворные и седативные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№018871
Информация о регистрации в РК: 13.06.2016 - 13.06.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Сасықшөп шөбі

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шөп

Құрамы

50 г препараттың құрамында

Белсенді зат – 50 г сасықшөп шөбі

Сипаттамасы

Сабақтарының бір бөлігі төмен бағытталған, ұзынша тарамдалған (салаланған), төрт қырлы, қуыс, қалыңдығы 10 мм жуық. Астыңғы жапырақтары жұмыртқа пішінді-дөңгеленген, үстіңгі жапырақтары тұтас немесе үш қалақты, кескіш жиектері мен сына тәрізді негізі бар ланцет тәрізді. Жапырақтардың үстіңгі беткейі жасыл, астыңғы беткейі солғын, қою мамықты, шығыңқы тармақты-торлы талшықтары бар. Иісі әлсіз, дәмі ащылау.

Фармакотерапиялық тобы

Психотропты препараттар. Ұйықтататын және седативті басқа да препараттар.

АТХ коды N05CM

Фармакологиялық қасиеттері

Сасықшөп шөбінің құрамында белсенді заттар – сапониндер, флавоноидтар, иридоидтар, органикалық қышқылдар (алма, шарап, лимон, урсол, ванил), иіткіш заттар, гликозидтер, қантты заттар, эфир майы бар. Айқын седативті қасиеттері бар, сондай-ақ гипотензиялық және кардиотонустық әсер береді. Тыныштандыратын әсері орталық жүйке жүйесіндегі тежелу үдерісін күшейту немесе қозу үдерісін төмендету есебінен болады. Ұйықтататын әсері жоқ, бірақ физиологиялық ұйқының басталуын жеңілдетеді. Дағдылану, психикалық тәуелділік құбылыстарын туындатпайды.

Препарат жүйке жүйесін тыныштандыратын әсерге ие.

Қолданылуы

Мына жағдайларда кешенді емдеу кезінде:

-нейроциркуляторлық дистонияда

- жүйкенің қатты қозуында, ашушаңдықта

-неврастенияда

-ұйқысыздықпен, ширығу сезімімен және жоғары реактивтілікпен қатар жүретін психоастенияда және неврастенияда

Қолдану тәсілі және дозалары

10 грамм (3 шай қасық) ұсақталған шөпті эмальді ыдысқа салып, үстіне 200 мл (1 стақан) бөлме температурасындағы су құяды да, қақпақпен жабады, су бұлауында 15 минут бойы қыздырады, содан соң бөлме температурасында 45 минут бойы салқындатады, сүзеді. Қалған шикізатты қысып сығады. Алынған тұнбаның көлемін қайнаған сумен 200 мл-ге дейін жеткізеді. Дайындалған тұнбаны салқын жерде 1 тәуліктен асырмай сақтайды.

Ішке күніне 3 рет ½ стақаннан тамақтануға дейін 1 сағат бұрын қабылдайды. Тұнбаны пайдаланар алдында шайқау керек.

Емдеу курсы 15-20 күн.

Жағымсыз әсері

-аллергиялық реакциялар – тері бөртпесі, қышыну болуы мүмкін

-диспепсия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа жоғары сезімталдық

- жүктілік, лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа тыныштандыратын және жүрек препараттарымен үйлесімді, ұйықтататын дәрілердің және анальгетиктердің әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Дайындалған тұнбаны салқын жерде 1 тәуліктен асырмай сақтау керек.

Пайдаланар алдында шайқау керек.

Жүктілік, лактация

Лактация кезеңінде қолданудан аулақ болыңыз.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Емделу кезеңінде автокөлікті және жоғары зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін аса қауіпті қызмет түрлерін басқарғанда сақтық таныту қажет.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 г дәрілік препарат фирмалық картон қорапқа салынған полиэтилен пакеттерде, оған медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың мәтіні салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйым:

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС Жамбылдағы филиалы, Қазақстан Республикасы,

Жамбыл облысы, Тараз қ-сы,Төле би көш., 3

Тел/факс 8(7262) 45-63-12

E-mail: taraz@ecopharm.kz

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ-сы, 18 ы/а, 54/12

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ-сы, 18 ы/а, 54/12

тел: 8(7252) 55-60-82; факс 8(7252) 55-60-89; Электрондық поштасы: office@ecopharm.kz

Прикрепленные файлы

381882801477976211_ru.doc 40 кб
364581121477977462_kz.doc 23.6 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники