МаксиГриппин® (Натур Продукт Европа Б.В)

МНН: Аскорбиновая кислота, Парацетамол, Хлорфенирамина малеат (Хлорфенамин)
Производитель: Натур Продукт Европа Б.В
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Парацетамол в комбинации с другими препаратами (исключая психолептики)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014304
Информация о регистрации в РК: 02.07.2014 - 02.07.2019

Инструкция

Саудалық атауы

МаксиГриппин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көпіршитін таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: парацетамол 500,00 мг, хлорфенамин малеаты 10,00 мг, аскорбин қышқылы 200,00 мг

қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, лимон қышқылы, сорбитол, повидон, натрий сахаринаты, натрий карбонаты, макрогол, натрий лаурилсульфаты, хош иісті «Лайм» жеміс қоспасы.

Сипаттамасы

Жеміс иісі бар, мәрмәрлігі сәл білінетін, ақ немесе ақ дерлік түсті, бір жағында бөлгіш сызығы мен ойығы бар беті жайпақ, дөңгелек пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Анальгетиктер. Басқа да анальгетиктер және антипиретиктер. Анилидтер. Парацетамол басқа препараттармен біріктірілімде (психолептиктерді қоспағанда).

АТХ коды N02BE51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Парацетамол пероральді қабылдағаннан кейін тез және толық дерлік (95%) сіңіріледі, қан плазмасындағы шектік концентрацияларына қабылдағаннан кейін 30-60 минут ішінде жетеді. Биожетімділігі шамамен 80%, плазма ақуыздарымен байланысуы – 20%, жартылай шығарылу кезеңі - 2-2,5 сағатты құрайды. Парацетамол негізінен бауырда метаболизденеді, метаболиттері көбінесе несеппен шығарылады.

Хлорфенамин пероральді қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан баяу сіңіріледі, сіңірілу деңгейі 80% құрайды, қан плазмасындағы шектік концентрацияларына 2,5-6 сағат ішінде жетеді. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысу деңгейі 45% құрайды. Хлорфенамин көбінесе бауырда метаболизденеді, өзгермеген препарат және оның метаболиттері несеппен шығарылады, жартылай шығарылу уақыты - 30 сағат.

Аскорбин қышқылы ішекте тез сіңіріледі. Сіңірілгеннен кейін С витамині қанға тез өтіп, организмнің барлық тіндеріне таралады. С витаминінің тіндердегі және лимфоциттердегі концентрациясы оның қан плазмасындағы концентрациясынан он есе көп. Өзгермеген күйде және метаболиттер түрінде несеппен шығарылады. Физиологиялық дозаларда ішке қабылдағанда негізгі метаболиті қымыздық қышқылы (55%) болып табылады.

Фармакодинамикасы

МаксиГриппин® – біріктірілген препарат, ауыруды басатын, ыстық түсіретін әсер береді, суық тию ауруларында және тұмауда көзден жас ағу, тұмаурату симптомдарын жояды, жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығының ісінуін төмендетеді.

Парацетамол – анальгетик-антипиретик. Гипоталамуста простагландиндер синтезін бәсеңдету арқылы ауыруды басатын және ыстық түсіретін әсер көрсетеді. Қабынуға қарсы әлсіз белсенділікке ие.

Хлорфенамин малеаты Н1 гистаминді рецепторлардың бөгегіші болып табылады. Аллергияға қарсы әсері бар, жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығының ісінуін төмендетеді, көзден жас ағу және тұмауратуды жояды.

Аскорбин қышқылы (С витамині) суық тиюді қоса вирустық аурулар кезінде болатын С витамині жоғалуының орнын толтыра отырып, әдетте суық тиюге қарсы компоненттер біріктіріліміне кіреді. Аскорбин қышқылы антиоксиданттарға жатады, көптеген метаболизмдік үдерістерге, соның ішінде көмірсулар, ақуыздар мен липидтердің алмасуына қатысады. Аскорбин қышқылы иммун жүйесі функциясын демеу үшін қажет, тамырлар өткізгіштігін қалыпқа келтіреді, тотығу-тотықсыздану үдерістерін реттеуге, коллаген синтезіне және тіндер регенерациясына қатысады, гистаминнің босап шығарылуын тежейді және ыдырауын жылдамдатады, простагландиндер және қабыну мен анафилаксияның басқа да медиаторлары синтезін және бәсеңдетеді.

Қолданылуы

- температураның жоғарылауымен, қалтыраумен, бас ауыруымен, буындар мен бұлшықеттердің ауыруларымен, мұрын бітелумен және тамақ пен мұрын қойнауларының ауыруымен қатар жүретін инфекциялы-қабыну ауруларында (ЖРВЖ, тұмау).

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке. Ересектер мен 15 жастан асқан балаларға 1 таблеткадан тәулігіне 2-3 рет. Таблетканы жылы сумен (50-60 0С) стақанда (200 мл) толық ерітіп, алынған ерітіндіні бірден ішу керек. Препаратты ас қабылдау аралығында қабылдаған дұрыс. Ең жоғары тәуліктік доза – 3 таблетка. Препаратты қабылдау аралығы 4 сағаттан кем болмауы тиіс.

Бауыр немесе бүйрек функциялары бұзылған пациенттерде препаратты қабылдау аралығы 8 сағаттан кем болмауы тиіс.

Ауыруды басатын дәрі ретінде тағайындағанда дәрігердің кеңесінсіз қабылдау ұзақтығы 5 күннен және ыстық түсіретін дәрі ретінде 3 күннен аспауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

- бас ауыруы, шаршау сезімі

- жүрек айнуы, эпигастрий аумағының ауыруы

- гипогликемия

- анемия, гемолитикалық анемия (әсіресе глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар пациенттер үшін)

- тері бөртпесі, қышыну, есекжем, Квинке ісінуі, анафилактоидтық реакциялар

- ыстықты сезіну, ауыздың құрғауы, ұйқышылдық

Препараттың барлық жағымсыз әсерлері туралы дәрігерге хабарлау керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- парацетамолға, аскорбин қышқылына, хлорфенаминге немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- құрамында парацетамол бар басқа препараттарды бір уақытта қабылдау

- асқазан-ішек жолының эрозиялық-ойық жаралы зақымданулары (асқыну фазасында)

- айқын бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі

- алкоголизм

- жабық бұрышты глаукома

- қуықасты безі гиперплазиясы

- 15 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Сақтықпен: бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы, туа біткен гипербилирубинемия (Жильбер, Дубин-Джонсон және Ротар синдромдары), вирустық гепатит, алкогольдік гепатит, егде жас.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

МаксиГриппин® препаратын бір уақытта қолдануға болмайды:

- орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілермен: антидепрессанттармен, паркинсонизмге қарсы дәрілермен, психозға қарсы дәрілермен (фенотиазин туындылары) – жағымсыз әсерлерінің (несептің іркілуі, ауыздың құрғауы, іш қату) даму қаупі артады, амфетаминдермен және үш циклді антидепрессанттармен – олардың өзекшелік қайта сіңірілуі төмендейді

- глюкокортикостероидтармен – глаукома даму қаупі артады

- изопреналинмен – оның хронотроптық әсері төмендейді

- дифлунисалмен –қан плазмасындағы парацетамол концентрациясы 50%-ға жоғарылайды, оның гепатоуыттылығы күшейеді

- барбитураттармен – парацетамолдың тиімділігі төмендейді, аскорбин қышқылының несеппен шығарылуы күшейеді

- микросомальді тотығу тежегіштерімен (фенотоин, барбитураттар, рифампицин, фенилбутазон, үш циклді антидепрессанттар, циметидин) –гепатоуытты әсер ету қаупі артады

- этанолмен –антигистаминді препараттардың тыныштандыратын әсері және парацетамолдың жағымсыз әсерлері күшейеді (жедел панкреатит дамуы).

Парацетамол урикозуриялық препараттар тиімділігін төмендетеді, ал зидовудинмен бір уақытта қолданғанда олардың уыттылығын арттырады (гранулоцитопения).

Аскорбин қышқылын төмендегілермен бір уақытта қолданғанда:

- пенициллинмен – оның сіңірілуі артады

- гепаринмен және тікелей әсер етпейтін антикоагулянттармен (варфаринмен) – олардың әсері әлсірейді

- салицилаттармен –кристаллурия пайда болу қаупі артады

- пероральді контрацептивтермен – қан плазмасындағы аскорбин қышқылының концентрациясы төмендейді

- темір препараттарымен – темірдің сіңірілуі артады, бұл оның уыттылығының жоғарылауына әкелуі мүмкін

- ацетилсалицил қышқылымен – аскорбин қышқылының сіңірілуі төмендейді.

Айрықша нұсқаулар

Ұсынылғаннан едәуір асатын дозада ұзақ қолданғанда қанның шеткергі көрінісін бақылау қажет, бауыр мен бүйрек функциясының бұзылу ықтималдығы артады.

Парацетамол мен аскорбин қышқылы зертханалық зерттеулері көрсеткіштерін бұрмалауы мүмкін (қан плазмасындағы глюкоза және несеп қышқылы мөлшерін, билирубинді, «бауыр» трансаминазалары белсенділігі мөлшерін анықтау).

Бауырдың уытты зақымдалуын болдырмас үшін парацетамолды алкогольді сусындарды қабылдаумен үйлестірмеу керек, сондай-ақ алкогольді үнемі қолдануға бейім адамдарға қабылдауға болмайды. Бауыр зақымдалуының даму қаупі алкогольді гепатозы бар науқастарда артады.

Жылдам пролиферацияланатын және қарқынды метастазданатын ісіктері бар пациенттерге аскорбин қышқылын тағайындау үдеріс ағымын ушықтыруы мүмкін. Организмінде темірдің мөлшері жоғары пациенттерде аскорбин қышқылын ең төменгі дозаларда қабылдау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын және механизмдерді, сондай-ақ, жоғары зейін шоғырландыру және психомоторлық реакциялардың жылдамдығы қажеттілігімен байланысты қауіптілігі зор қызмет түрлерін басқарғанда сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: тері жабындарының бозаруы, анорексия, жүрек айнуы, құсу; гепатонекроз (некроздың айқындалуы артық дозалану дәрежесіне тікелей байланысты). Ересектерде препараттың уытты әсері 10-15 г артық парацетамолды қабылдағаннан кейін болуы мүмкін: «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, протромбиндік уақыттың артуы, бауыр зақымдалуының толық клиникалық көрінісі 1-6 күннен кейін білінеді. Бауыр функциясының бұзылуы сирек шұғыл сипатта дамиды және бүйрек жеткіліксіздігімен асқынуы мүмкін (тубулярлық некроз). Хлорфенаминнің артық дозалану көріністері де болуы мүмкін: бас айналу, қозу, ұйқының бұзылуы, депрессия, құрысулар.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату, асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау. Ары қарайғы емдік шараларды емдеу мекемесі жағдайында жүргізуге болады: артық дозаланудан кейін 8-9 сағат өткен соң SH-тобының донаторларын және глутатион – метионин синтезі ізашарларын және 12 сағаттан соң N-ацетилцистеинді енгізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Көпіршитін таблеткалар.

Пластик пеналда 10 таблеткадан немесе баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға 6 таблеткадан салынған.

1 пеналдан немесе 5 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

10-30С температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Натур Продукт Еуропа Б.В.

Твейберг 17, 5246 XL Розмален,

Нидерланды

Тіркеу куәлігінің иесі

«Валеант» ЖШҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Валеант» ЖШҚ өкілдігі

050059, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 17 үй,

«Нұрлы-Тау» бизнес орталығы, 4Б блок, 1104 кеңсе

тел: + 7 7273 111 516; факс: + 7 7273 111 517,

e-mail: Office.KZ@valeant.com

 

 

Прикрепленные файлы

253357851477976684_ru.doc 63 кб
988685001477977819_kz.doc 56 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники