Йокс (раствор для местного применения, 50 мл)

МНН: Повидон - йод
Производитель: ТЕВА Чешские Предприятия с.р.о.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Антисептики
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010826
Информация о регистрации в РК: 24.10.2017 - 24.10.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 503.48 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

ЙОКС

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жергілікті қолдануға арналған 50 мл ерітінді

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді заттар – 0,085 г повидон йодинат, 0,001 г аллантоин,

қосымша заттар: левоментол, лимон қышқылының моногидраты, натрий цитраты дигидраты, 96% этил спирті, пропиленгликоль, тазартылған су.

Сипаттамасы

Сумен араласуы шектеусіз, аздап бозаңданатын қызыл-қоңыр түсті мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер.

АТХ коды R02AA

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Повидон-йодын зақымданбаған теріге және шырышты қабыққа жергілікті қолдану кезінде йодтың сіңірілуі өте төмен. Йод организмде йодидке айналады, ол негізінен қалқанша безде жинақталады. Қалқанша безімен қамтылмаған йодидтер негізінен несеппен, аздаған мөлшері – нәжіспен, сілекеймен, термен бөлінеді. Олар плацентарлық бөгет арқылы өтеді және ана сүтіне енеді.

Фармакодинамикасы

Повидон-йод терімен және шырышты қабықпен жанасқан кезде микробқа қарсы кең ауқымды әсерге ие органикалық йод босап шығады. Сондай-ақ препараттың құрамында қабынуға қарсы әсер ететін аллантоин бар. Йодтың зарарсыздандыратын әсері микроорганизмдер протеиндеріне тікелей әсерінің нәтижесі болып табылады.

Қолданылуы

  • қабыну және жұқпалы аурулары, баспа, фарингиттер, тонзилофарингит, тонзиллит, глоссит, афта кезінде ауыз қуысы мен жұтқыншақты зарарсыздандыруда

  • тыныс алу жолдарына және ауыз қуысына хирургиялық араласулар кезінде: емделушіні хирургиялық араласуға даярлау кезінде және операциядан кейінгі кезеңде

  • химиотерапия кезінде туындаған ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жұқпаларын емдеу үшін

  • стрептококкты баспаның бактерияға қарсы емі кезінде қосымша дәрілер ретінде

  • тұмаудың басталар кезіндегі ауырғанды сезінуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер және 6 жастан асқан балалар

Шаюды әдетте күніне 2-4 рет жүргізеді, ең көбі күніне 6 рет.

Препарат ерітіндісін шамасы 18ºС ауыз сумен 1:20-1:40 арақатынаста (100 мл суға қаптамасына салынған өлшеуіш қалпақшаның көмегімен 2,5-5 мл немесе ½-1 шай қасық ерітінді) сұйылту қажет. Сұйылтылған ерітіндімен ауыз қуысын немесе жұтқыншақты шаю керек. Шаюдың ең аз деген аралығы 4 сағат. Ерітіндіні жұтуға болмайды!

Емдеу курсы әдетте 5-7 күнді құрайды.

Жағымсыз әсерлері

- препаратқа жоғары сезімталдық реакциялары

- йодқа аллергиялық реакция (қышыну, гиперемия, есекжем)

- сирек, аппликация жасалған жерде қысқа уақыт шымылдатуды немесе ауыз қуысының құрғауын сезіну

Препаратты ұзақ уақыт қолдану йодизм белгілерін туғызуы мүмкін (ауыздағы металл дәмі, сілекейдің көп бөлінуі, көздің немесе жұтқыншақтың ісінуі және т.с.с.).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • йодқа немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • қалқанша без гиперфункциясы

  • қалпына келмейтін жүрек жеткіліксіздігі

  • жүктілік және емшек емізу кезеңі

  • 6 жасқа дейінгі балалар

  • радиоактивті йодпен бір мезгілде қолдану

  • Дюринг герпес тәрізді дерматиті

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Йокс препаратын ауыз қуысы мен жұтқыншақта жергілікті қолдануға арналған басқа да антисептикалық дәрілермен бір мезгілде қолданбаған дұрыс.

Айрықша нұсқаулар

Ларингит кезінде препарат өте қажет жағдайда ғана қолданылады. Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарға препаратты сақтықпен қолдану керек.

Препарат кұрамында 18,6% этанол бар.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: ауызда металл дәмін сезіну, құсу, асқазан тұсының ауыруы және диарея. 1-2 күн бойы анурия, асфиксияға апаратын дыбыс шығару саңылауының ісінуі, аспирациялық пневмония немесе өкпенің ісінуі пайда болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда тамыр жеткіліксіздігі туындауы мүмкін.

Емі: симптоматикалық ем жүргізіледі. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл препараттан күңгірт шыны құтыға құйылған. Әр құты пластик өлшеуіш қалпақшамен және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

100С-ден 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Тева Чех Өндірістері с.р.о.», Остравска 29, 74779 Опава- Комаров, Чех Республикасы

Тіркеу куәлігінің иесі

«Тева Чех Өндірістері с.р.о.», Чех Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Тева Чех Индастриз сро.» компаниясының ҚР-дағы өкілдігі

050000 Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 13,

Нұрлы тау бизнес орталығы 1в 305, 306 кеңсе

Телефон, факс (727) 311-10-66; 311-10-68

 

Прикрепленные файлы

525966931477976925_ru.doc 44.5 кб
132783441477978078_kz.doc 51 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники