Зиромин

МНН: Азитромицин
Производитель: Мефар Илач Санаи А.Ш.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Azithromycin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№023868
Информация о регистрации в РК: 26.01.2023 - 26.01.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Зиромин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Азитромицин

Дәрілік түрі

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ

Құрамы

1 құтының ішінде

белсенді зат - 524,1 мг азитромицин дигидраты (500 мг азитромицинге баламалы)

қосымша заттар: лимон қышқылы моногидраты, декстран 40 (инъекция үшін), маннит, натрий гидроксиді, сұйылтылған хлорсутек қышқылы.

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті лиофилизацияланған ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Макролидтер, линкозамидтер және стрептограминдер. Макролидтер. Азитромицин.

АТХ коды J01FA10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін биожетімділігі 37% құрайды. Плазмада ең жоғары шектегі концентрацияға дәрілік затты қабылдағаннан кейін 2-3 сағат өткен соң жетеді.

Азитромицинді вена ішіне енгізу қан плазмасында жоғары концентрациялар түзеді. 500 мг антибиотикпен инфузия жасағанда 1 сағат ішінде (ерітіндінің концентрациясы 2 мг/мл) плазмада ең жоғары концентрация 3,6 мг/л-ге жетеді. 24-шы сағаттың соңында қалдық концентрация 0,2 мг/л құрайды. Таралу көлемі Vd – шамамен 31 л/кг. Тыныс алу жолдарына, несеп-жыныс ағзаларына және тіндерге, қуықасты безіне, теріге және жұмсақ тіндерге жақсы өтеді; рН-ы төмен ортада, лизосомаларда жиналады (бұл жасуша ішіне орналасқан қоздырғыштардың эрадикациясы үшін аса маңызды). Сондай-ақ фагоциттермен, полиморфты ядролық лейкоциттермен және макрофагтармен тасымалданады. Жасушаның жарғақшалары арқылы өтеді (жасуша ішіндегі қоздырғыштардан туындаған инфекцияларды емдеуде тиімді). Инфекция ошағындағы концентрациясы, сау жасушаларға қарағанда, барынша (24-34%-ға) жоғары, және қабынған ісінудің білінуімен өзара байланысты. Азитромициннің тіндердегі концентрациясы, қан плазмасындағыға қарағанда, едәуір жоғары (50 есеге), бұл азитромициннің тіндермен байланысу дәрежесінің жоғары екендігін көрсетеді.

Қан сарысуының ақуыздарымен байланысуы плазмалық концентрацияға байланысты өзгереді және қан плазмасындағы 0,5 мкг/мл кезіндегі 12%-дан 0,05 мкг/мл кезіндегі 52%-ға дейінді құрайды. Тепе-тең жағдайдағы таралу көлемі 31,1 л/кг құрайды.

Ақырғы фазада қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі тіндерден жартылай шығарылудың 2-4 күнге тең кезеңінен барынша дәл көрінеді.

Бес күн бойы вена ішіне сағаттық инфузия түрінде 500 мг (1 мг/мл) дозалау режимін пайдаланғанда, енгізілген азитромициннің 24 сағат өткеннен кейін несеппен бірге бөлініп шығатын мөлшерінің 1-ші дозадан кейін 11%-ға жуықты және 5-ші дозадан кейін 14%-ды құрайтыны анықталды. Осы мәндер препаратты ішке қабылдағаннан кейін несеппен бірге өзгеріске ұшырамаған азитромициннің бөлініп шығуына қатысты алынған мәнінен 6%-ға жоғары болды. Өзгермеген азитромициннің аса жоғары концентрациялары өттен табылды. Сондай-ақ N- және O-деметилдену, дезозаминдік және агликондық сақиналардың гидроксилдену және конъюгат кладинозасының ыдырауы жолымен өттен он метаболит табылды, бірақ бұл метаболиттердің микробтарға қарсы белсенділігі жоқ.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

1 г азитромициннің бір реттік 1 г дозасын ішке қабылдағаннан кейін Cmax және AUC0-120 орташа мәндері, бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар (шумақтық сүзілу жылдамдығы 10-80 мл/мин) субъектілерде, бүйрек функциясы қалыптылармен (ШСЖ>80 мл/мин) салыстырғанда, сәйкесінше, 5,1%-ға және 4,2%-ға жоғарылады. Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар субъектілерде, қалыптымен салыстырғанда, Cmax және AUC0-120 орташа мәндері, сәйкесінше, 61%-ға және 35%-ға артты.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде, бүйрек функциясы қалыпты адамдармен салыстырғанда, қан плазмасындағы азитромициннің фармакокинетикасында елеулі өзгерістерге айғақтамалар болған жоқ. Осы пациенттерде, сірә, нашарлаған бауыр клиренсін компенсациялау үшін азитромициннің несеппен бірге бөлініп шығуының жоғарылағаны байқалды.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы еркектерде азитромициннің фармакокинетикасы жастардағы көрсеткіштерге ұқсас болды; алайда, егде жастағы әйелдер жағдайында ең жоғары шектегі концентрацияларының жоғары (30-50%-ға жоғарылаған) болғанына қарамастан, елеулі түрде жиналып қалу байқалған жоқ. Егде жастағы ерікті адамдарда (>65 жас), жас ерікті адамдарға (<45 жас) қарағанда, 5 күндік курстан кейін әрдайым AUC өте жоғары (29%) мәндері байқалды. Алайда, осы айырмашылықтар клиникалық түрде релевантты ретінде қарастырылмайды; демек, дозаны түзету қажеттілігі жоқ.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Азитромицин азалид тобына жататын макролидтік антибиотик болып табылады. Оның молекуласы азот атомының А эритромициннің лактонды сақинасына қосылуымен түзіледі. Азитромициннің химиялық атауы – 9-деокси-9a-аза-9a-метил-9a-гомоэритромицин A. Молекулалық салмағы 749,0 құрайды. Азитромициннің әсер ету механизмі рибосоманың 50S-суббірлігімен байланысу және пептидтердің транслокациясының тежелуі жолымен бактерия ақуыздарының басылуына негізделген.

Резистенттілік механизмі

Streptococcus pneumoniae және Streptococcus pyogenes иоляттарының резистенттілігін анықтайтын екі доминантты ген бар: mef және erm. Мef гені ағынды помпаны кодтайды, ол 14 және 15 макролидтерге ғана резистенттілікті қамтамасыз етуге қызмет жасайды. Мef гені сондай-ақ бірқатар басқа да түрлерде сипатталды. Еrm гені 23S-рРНК метилтрансферазаны кодтайды, ол метильді топты 2058 23S рРНҚ аденинге (E. coli рРНК бойынша нөмірлеу жүйесі) қосады.

Метилденген нуклеотид V доменінде орналасқан және ол линкозамидтермен және В стрептограминмен, макролидтерден басқа, өзара әрекеттеседі, бұл макролидтерге, линкозамидтерге және стрептограминдерге (MLSB) төзімді ретінде белгілі фенотипке әкеледі деп саналады. Еrm (B) және erm (A) гендері S. pneumoniae және S. рyogenes клиникалық изоляттары болып табылады.

AcrAB-TolC помпасы Haemophilus influenzae макролидтерде жоғары ЕТК бастапқы мәндері үшін жауап береді.

Клиникалық изоляттар жағдайында 23S рРНҚ мутациялары, атап айтқанда V домендегі 2057 – 2059 немесе 2611 нуклеотидтерінде, немесе L4 немесе L22 рибосомалық ақуыз мутациялары сирек.

Эритромицин, азитромицин, басқа макролидтер және линкозамидтер арасында Streptococcus pneumoniae, бета-гемолиздік стрептококктің А топтары, метициллин-резистентті Staphylococcus aureus (MRSA) қоса, Enterococcus spp. және Staphylococcus aureus арасында толық айқаспалы резистенттілік бар. Пенициллинге сезімтал Streptococcus pneumonia, пенициллинге резистентті Streptococcus pneumoniae штаммдарына қарағанда, азитромицинге үлкен ықтималдылықпен сезімтал болуы мүмкін. Метициллин-резистентті Staphylococcus aureus (MRSA), метициллинге сезімтал Staphylococcus aureus (MSSA) қарағанда, азитромицинге азырақ ықтимал сезімтал болады.

Шекаралық мәндері

Әдеттегі бактериялық патогендер үшін EUCAST сезімталдығының шекаралық мәндері мынадай:

- Staphylococcus spp.; сезімтал ≤ 1 мг/л; резистентті > 2 мг/л

- Haemophilus spp.: сезімтал ≤ 0,12 мг/л; резистентті > 4 мг/л

- Streptococcus pneumoniae және Streptococcus A, B, C, G: сезімтал ≤ 0.25 мг/л; резистентті > 0.5 мг/л

- Moraxella catarrhalis: ≤ 0.5 мг/л; резистентті > 0.5 мг/л

- Neisseria gonorrhoeae: ≤ 0.25 мг/л; резистентті > 0.5 мг/л

Сезімталдық

Әртүрлі бактериялардың азитромицинге сезімталдығы төменде берілген. Таңдап алынған түрлердің жүре келе туындаған резистенттілігінің жиілігі географиялық аймаққа және уақытқа байланысты өзгеріп отыруы мүмкін, резистенттілігі жөнінде, атап айтқанда, ауыр инфекцияларды емдеген кезде жергілікті деректерді алған дұрыс. Қажет болған жағдайда, егер резистенттіліктің жергілікті жиілігіне қатысты агенттің тиімділігі, ең кем дегенде, инфекцияның кейбір түрлері үшін күмәнді болса, сарапшыдан кеңес алу ұсынылады.

Микроорганизмдер антибиотиктің әсеріне бастапқыдан төзімді болуы немесе оған төзімділікке жүре келе ие болуы мүмкін.

Азитромицинге сезімтал микроорганизмдер

Грамоң аэробтар

Staphylococcus aureus – метициллинге сезімтал, Streptococcus pneumoniae –пенициллинге сезімтал, Streptococcus pyogenes

Грамтеріс аэробтар

Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae, Legionella pneumophila, Moraxella catarrhalis, Pasteurella multocida, Neisseria gonorrhoeae

АнаэробтарClostridium perfringens, Fusobacterium spp., Prevotella spp., Porphyriomonas spp.

Басқа да микроорганизмдер: Chlamydia trachomatis, Chlamydia phneumoniae, Chlamydia psittaci, Mycoplasma pneumoniae, Mycoplasma hominis, Borrelia burgdorferi

Азитромицинге резистенттілікті дамытуға қабілетті микроорганизмдер

Грамоң аэробтарПенициллинге төзімді Streptococcus pneumoniae Резистентті микроорганизмдер 

Грамоң аэробтарEnterococcus faecalis, Staphylococci (метициллинге төзімді стафилококктер макролидтерге өте жоғары дәрежеде төзімділік танытады).Эритромицинге төзімді грамоң бактериялар.АнаэробтарBacteroides fragilis

Қолданылуы

Азитромицинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған келесі инфекцияларды емдеу үшін:

- вена ішіне инфузияны пайдаланып стартты ем көрсетілген пациенттерде оған сезімтал микроорганизмдерден туындаған ауруханадан тыс пневмонияны емдеу үшін

- вена ішіне инфузияны пайдаланып стартты ем көрсетілген пациенттерде оған сезімтал микроорганизмдерден туындаған кіші жамбас ағзаларының қабыну ауруларын (КЖАҚА) емдеу үшін.

Препаратты тағайындау бактерияларға қарсы препараттарды тиісінше пайдалану жөніндегі ресми ережелерге сәйкес жүргізілуі тиіс.

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозалануы

Сезімтал микроорганизмдер әсерінен туындаған ауруханадан тыс пневмониясы бар ересек пациенттерді емдеу үшін, ең кемінде, кейінгі екі күн бойы күн сайын вена ішіне енгізілетін Зироминнің (инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ) ұсынылатын дозасы 500 мг құрайды. Вена ішіне енгізіп емдеуден кейін емнің 7-10 күні ішінде азитромицин күн сайын пероральді түрде 500 мг-ден қабылдануы тиіс. Пероральді түрде емдеуге ауысу дәрігердің нұсқауы бойынша және клиникалық тиімділігіне сәйкес жүргізіледі.

Сезімтал микроорганизмдер әсерінен туындаған кіші жамбастың қабыну аурулары бар ересек пациенттерді емдеу үшін Зироминнің (инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ) ұсынылатын дозасы 500 мг құрайды, ол бірлі-жарым доза түрінде бір немесе екі күн ішінде вена ішіне енгізіледі. Вена ішіне енгізіп емдеуден кейін емдеудің 7 күніне дейін азитромицин күн сайын 250 мг-ден пероральді түрде қабылдануы тиіс. Пероральді түрде емдеуге ауысу дәрігердің нұсқауы бойынша және клиникалық тиімділігіне сәйкес жүргізіледі.

Егде жастағы пациенттерге қолдану

Егде жастағы пциенттерде дозаны түзетудің қажеттілігі жоқ.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдану

Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар (ШСЖ 10-80 мл/мин) пациенттерде дозаны түзетудің қажеті жоқ. Азитромицинді бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар (ШСЖ < 10 мл/мин) пациенттерге қолданғанда сақтық таныту қажет.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдану

Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзетудің қажеті жоқ, бірақ дәрілік затты бауырдың ауыр науқастары бар пациенттерге сақтықпен қолдану қажет.

Балаларға қолдану

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ түріндегі азитромициннің балалар мен жасөспірімдерде инфекцияларды емдеу үшін тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталған жоқ.

Қолдану тәсілі

Зироминді еріткеннен және сұйылтқаннан кейін, оны вена ішіне инфузия жолымен енгізу қажет. Препаратты вена ішіне болюсті түрде немесе бұлшықет ішіне енгізуге болмайды.

Инфузияға арналған ерітіндінің концентрациясы және Зиромин инфузиясының жылдамдығы 3 сағат ішінде 1 мг/мл немесе 1 сағат ішінде 2 мг/мл құрауы тиіс.

Вена ішіне енгізуге арналған ерітіндіні дайындау

Қалпына келтіру

Зироминнің бастапқы ерітіндісін инъекцияға арналған 4,8 мл стерильді суды ішінде ұнтағы бар құтыға қосу арқылы дайындаған жөн, содан кейін ішіндегі дәрілік зат толық ерігенше құтыны сілкілеу қажет. Инъекцияға арналған 4,8 мл-ге тең стерильді судың нақты көлемінің енгізілгеніне кепілдік беру үшін стандартты (автоматты емес) шприцті пайдалану ұсынылады. Қалпына келтірілген ерітіндінің әрбір миллилитрінде 100 мг азитромицинге баламалы (100 мг/мл) азитромицин дигидраты бар.

Парентеральді түрде енгізуге арналған дәрілік заттарды енгізер алдында онда бөлшектердің бар-жоқтығын көзбен қарап шығу қажет. Егер қалпына келтірілген ерітіндіде жүзінді бөлшектер бар болса, дәрілік затты тастау керек. Инфузияға арналған Зироминнің қалпына келтірілген ерітіндісі 25°С-ге дейінгі температурада 24 сағат бойы тұрақты.

Қалпына келтірілген ерітінді төменде берілген нұсқауларға сәйкес енгізілгенге дейін әрі қарай сұйылтылуы тиіс.

Сұйылту

Азитромициннің 1,0-2,0 мг/мл концентрация ауқымындағы ерітіндісін алу үшін 5 мл азитромицин ерітіндісін 100 мг/мл концентрациядан еріткіштің тиісті көлеміне ауыстырыңыз.

Инфузияға арналған ерітіндінің қорытынды концентрациясы (мг/мл)

Сұйылтқыштың мөлшері (мл)

1.0 мг/мл

500 мл

2.0 мг/мл

250 мл

Зироминнің дайын инфузиялық ерітіндісі 25°С-ге дейінгі температурада 24 сағат бойы, ал 5°С-де 7 тәулік бойы тұрақты.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлерді кездесу жиілігі бойынша топтау келесі жағдайларға сәйкес белгіленді: Өте жиі (≥1/10); Жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін); Жиі емес (≥1/1,000-нан <1/100 дейін); Сирек (≥1/10,000-нан <1/1,000 дейін); Өте сирек (<1/10,000); Белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беруге келмейді). Әрбір топ аясында жиілігі бойынша жағымсыз әсерлер күрделілігінің азаю ретімен берілген.

Өте жиі

- диарея, іштің ауыруы, жүректің айнуы, метеоризм

Жиі

- анорексия

- бас айналу, бас ауыру, парестезия, дисгевзия

- көрудің бұзылуы

- құсу, диспепсия

- кереңдік

- қышыну және бөртпе

- артралгия

- инъекция жасалған жердің ауыруы және қабынуы*, әлсіздік

- лимфопения, эозинофилия, қанда бикарбонат деңгейінің төмендеуі

Жиі емес

- кандидоз, ауыз ішінің кандидозы, қынаптық инфекция

- лейкопения, нейтропения

- Квинке ісінуі, аса жоғары сезімталдық

- күйгелектік

- гипестезия, ұйқышылдық, ұйқысыздық

- естудің бұзылуы, тиннитус

- жүрек қағуының жиілеуі

- гастрит, іш қату

- гепатит

- Стивенс-Джонсон синдромы (SJS), фотосезімталдық реакциясы, есекжем

- кеуденің ауыруы, экзема, жалпы дімкәстік сезімі, астения

- АСТ, АЛТ деңгейлерінің жоғарылауы, қанда билирубин, мочевина, креатинин деңгейлерінің жоғарылауы, қандағы калий деңгейінің аномальді көрсеткіштері

Сирек

- үрейлену, қозу

- бас айналу

- бауырдың аномальді функциясы

Белгісіз

- жалған жарғақшалы колит

- тромбоцитопения, гемолиздік анемия

- анафилаксиялық реакция

- агрессия, үрейленушілік

- естен тану, конвульсиялар, психомоторлы аса жоғары белсенділік, иіс сезімінің жоғалуы, агевзия, паросмия, ауыр миастения

- пируэтті тахикардия, қарыншалық тахикардияны қоса аритмия, QT аралығының ұзаруы

- гипотензия

- панкреатит, тіл түсінің өзгеруі

- бауыр функциясының жеткіліксіздігі**, шұғыл дамитын гепатит, некроздық гепатит, холестаздық сарғаю

- уытты эпидермальді некролиз (УЭН), мультиформалы эритема

- бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит

* азитромицинді вена ішіне енгізген жағдайда мәлімделді

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- макролидтер тобының антибиотиктеріне жоғары сезімталдық;

- бауыр және бүйрек функцияларының ауыр бұзылулары;

- азитромицинді қастауыш алкалоидтарының туындыларымен бір мезгілде қолдану.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Антацидтер: антацидтерді бір мезгілде қабылдағанда және азитромицинді пероральді түрде қабылдағанда, сарысудағы ең жоғары шектегі концентрация, шамамен, 24%-ға төмендесе де, жалпы биожетімділігіне ықпалы білінген жоқ. Азитромицинді пероральді түрде қабылдап жүрген пациенттер азитромицинді антацидтерді қабылдаудан, ең жоқ дегенде, 1 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң қабылдауы қажет.

Цетиризин:  5 күндік режим аясында азитромицинді және 20 мг цетиризинді тепе-тең жағдайда бірге қолдану фармакокинетикалық өзара әрекеттесуге және QT аралығының елеулі өзгерулеріне әкелген жоқ.

Диданозин (дидеоксиинозин): азитромициннің тәуліктік 1200 мг дозасын күніне 400 мг диданозинмен бір мезгілде қолданғанда АИТВ-оң 6 адамда, плацебомен салыстырғанда, тепе-тең жағдайдағы диданозиннің фармакокинетикасына ықпалы байқалған жоқ.

Дигоксин: кейбір пациенттерде белгілі бір макролидтік антибиотиктердің ішекте дигоксиннің метаболизміне ықпалын тигізгені жөнінде мәлімдемелер бар. Сондықтан азитромицинді, туыстас азалидтік антибиотикті және дигоксинді бір мезгілде қолданғанда дигоксин концентрациясының жоғарылауы мүмкін екендігін ескерген және оның деңгейіне мониторинг жүргізген жөн.

Зидовудин: азитромициннің бір реттік 1000 мг дозасы және көп реттік 1200 немесе 600 мг дозалары зидовудиннің немесе оның глюкуронды метаболиттерінің несеппен бөлініп шығуына ықпалын тигізген жоқ. Алайда азитромицинді қабылдау шеткері қан айналымындағы мононуклеарлардағы клиникалық тұрғыдан белсенді метаболиттің фосфорланған зидовудиннің концентрациясын арттырды. Осы деректердің клиникалық маңыздылығы түсіндірілген жоқ, бірақ пациенттер үшін маңызы болуы мүмкін.

Азитромицин Р450 цитохромы жүйесімен елеулі өзара әрекеттесуге түспейді. Ол, эритромицин және басқа да макролидтер мысалынан көрінгендей, дәрілік заттармен фармакокинетикалық өзара әрекеттесуге түспейді деп саналады. Азитромицин жағдайында цитохром-метаболит кешенінің жәрдемімен Р450 цитохромының индукциясы немесе белсенділігінің жойылуы байқалған жоқ.

Қастауыш алкалоидтарының туындылары (Эрготамин): эрготизмнің дамуының теориялық мүмкін болуы себебінен азитромицинді қастауыш алкалоидтарының туындыларымен бір мезгіде пайдалану ұсынылмайды.

Фармакокинетикалық зерттеулер азитромициннің Р450 цитохромы арқылы елеулі биотрансформацияға түсетін келесі дәрілік заттармен өзара әрекеттесуіне қатысты жүргізілді:

Аторвастатин: аторвастатинді (күніне 10 мг) және азитромицинді (күніне 500 мг) бір мезгілде қолдану қан плазмасында аторвастатиннің концентрациясын өзгертпейді (ГМГ-КоА редуктазаны тежеуге жүргізілген тест негізінде).

Карбамазепин: азитромицин карбамазепиннің немесе оның белсенді метаболиттерінің плазмалық деңгейлеріне елеулі ықпалын тигізбейді.

Циметидин: азитромициннен 2 сағат бұрын қабылданған циметидиннің бір реттік дозасын қолданғанда азитромициннің фармакокинетикасында өзгерістер білінген жоқ.

Кумаринді пероральді антикоагулянттар: азитромицин варфариннің бір реттік 15 мг дозасының антикоагуляциялық әсеріне ықпалын тигізбейді. Азитромицинді және кумарин тәріздес пероральді антикоагулянттарды бір мезгілде қолданумен байланысты қан кетулерге жоғары беталыс жөнінде мәлімделді. Себеп-салдарлық байланысының анықталмағанына қарамастан, кумаринді пероральді антикоагулянттарды қабылдап жүрген пациенттерді емдеу үшін азитромицинді пайдаланғанда протромбин уақытына мониторинг жүргізудің жиілігіне көңіл бөлу қажет.

Циклоспорин: үш күн бойы күніне 500 мг азитромицинді және содан кейін циклоспориннің бір реттік 10 мг/кг дозасын пероральді түрде қабылдағанда циклоспориннің Cmax дәне AUC қорытынды мәндері едәуір (сәйкесінше, 24%-ға және 21%-ға) жоғарылады, алайда AUC0-5 елеулі өзгерістер білінген жоқ. Демек, осы дәрілік заттарды бірге қолданғанда сақтық таныту қажет. Егер біріктіріп емдеу қажет болса, циклоспорин деңгейіне мониторинг жүргізу және дозаны тиісінше реттеу керек.

Эфавиренц: азитромициннің бір реттік 600 мг және эфавиренцтің 400 мг дозасын 7 күн бойы күн сайын бірге қолдану қандай да болсын фармакокинетикалық өзара әрекеттесуге әкелген жоқ.

Флуконазол: азитромициннің бір реттік 1200 мг дозасын бір мезгілде қолдану флуконазолдің бір реттік 800 мг дозасының фармакокинетикасын өзгертпейді. Азитромициннің жалпы әсері және жартылай шығарылу уақыты флуконазолды бірге қолданғанда өзгерген жоқ, алайда азитромициннің Cmax мәнінің клиникалық тұрғыдан аздап (18%) түсіп кеткені байқалды.

Индинавир: азитромициннің бір реттік 1200 мг дозасын бірге қолданудың 5 күн бойы күніне үш рет 800 мг-ден қабылданған индинавирдің фармакокинетикасына статистикалық тұрғыдан маңызды әсері болған жоқ.

Метилпреднизолон: азитромицин метилпреднизолонның фармакокинетикасына елеулі ықпалын тигізбейді.

Мидазолам: 3 күн бойы күніне 500 мг азитромицинді бірге қолдану бір реттік 15 мг доза мидазоламның фармакокинетикасында және фармакодинамикасында клиникалық тұрғыдан елеулі өзгерістерді туындатқан жоқ.

Нелфинавир: азитромицинді (1200 мг) және нелфинавирді тепе-тең жағдайда (күніне үш рет 750 мг) бірге қолдану азитромицин концентрациясының жоғарылауына әкелді. Клиникалық тұрғыдан елеулі жағымсыз құбылыстар тіркелген жоқ, сондай-ақ дозаны түзету қажеттілігі болған жоқ.

Рифабутин: азитромицинді және рифабутинді бір мезгілде қолдану осы препараттардың плазмалық концентрацияларына ықпалын тигізген жоқ. Нейтропения азитромицин мен рифабутинді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде білінді. Нейтропения рифабутинді қолданумен байланысты болса да, азитромицинмен бір мезгілде қабылдаумен себептік байланысы анықталған жоқ.

Силденафил: азитромициннің (3 күн бойы күніне 500 мг) силденафилдің немесе оның негізгі айналымдағы метаболитінің AUC және Сmax мәндеріне ықпалын тигізуіне айғақтамалар болған жоқ.

Терфенадин: азитромицин мен терфенадин арасында өзара әрекеттесуі жөнінде мәлімделген жоқ. Осындай өзара әрекеттесудің ықтималдылығын толық жоққа шығару мүмкін болмайтын сирек жағдайлар жөнінде мәлімделді, алайда мұндай өзара әрекеттесулердің болғанына нақты айғақтамалар болған жоқ.

Теофиллин: дені сау ерікті адамдар азитромицинді және теофиллинді бір мезгілде қабылдағанда азитромицин теофиллиннің фармакокинетикасына ықпалын тигізбеді.

Триазолам: алғашқы күні 500 мг және 2-ші күні 250 мг азитромицинді 2-ші күні 0,125 мг триазоламды бірге қабылдау, триазолам мен плацебо біріктірілімімен салыстырғанда, фармакокинетикалық ауыспалы триазоламға елеулі ықпалы болған жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Аса жоғары сезімталдық

Эритромицинмен және басқа да макролидтермен болған жағдайдағы сияқты, ангионевроздық ісінуді және анафилаксиялық шокты (өліммен аяқталуы сирек) қоса сирек күрделі аллергиялық реакциялар, жайылған жедел экзентематозды пустулезді (ЖЖЭП), Стивенс-Джонсон синдромын (СДС), уытты эпидермальді некрозды (УЭН) (өліммен аяқталуы сирек) және эозинофилиямен және жүйелік көріністері бар (DRESS) дәрілік реакцияны қоса, дерматологиялық реакциялар жөнінде мәлімдемелер бар. Азитромицин жағдайында осы реакциялардың кейбіреулері симптомдардың қайталануына әкелді және ұзақ кезең бойы бақылауды және емдеуді қажет етті.

Аллергиялық реакциялар туындаған кезде дәрілік затты қабылдау тоқтатылуы және тиісті ем жүргізілуі тиіс. Дәрігерлер аллергиялық реакциялардың қайтадан туындауы симптомдық емді тоқтатқаннан кейін орын алуы мүмкін екендігіне көңіл бөлуі тиіс.

Гепатоуыттылық

Бауыр азитромицинді шығарудың негізгі жолы болып табылады, бауырдың ауыр сырқаттары бар пациенттерге азитромицинді қолданғанда сақтық таныту қажет. Азитромицинді қолданумен байланысты тез өтетін гепатит жағдайлары жөнінде мәлімдемелер бар, ол потенциалды түрде өмір үшін қауіп төндіруі мүмкін. Кейбір пациенттердің анамнезінде бауыр аурулары болуы немесе олар басқа да гепатоуытты дәрілік препараттарды қабылдауы мүмкін.

Сарғаюмен қатар жүріп тез дамитын астения, несептің қараюы, қан кетулер немесе бауыр энцефалопатиясы сияқты бауыр дисфункциясының белгілері мен симптомдары пайда болған жағдайда бауырды тексеру/ функциональді тестілерді кідіртпей жүргізу қажет. Азитромицинді қолдануды бауыр дисфункциясы пайда болған кезде тоқтату керек.

Қастауыш алкалоидтарының туындылары

Қастауыш алкалоидтарының туындыларын қабылдаған пациенттерде эрготизмнің дамуы кейбір макролидтік антибиотиктерді бір мезгілде қабылдаған кезде күшейді. Қастауыш пен азитромициннің өзара әрекеттесуіне қатысты деректер жоқ. Алайда, эрготизмнің теориялық дамуы мүмкін болуы себебінен азитромицинді және қастауыш алкалоидтарының туындыларын бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

QT аралығының ұзаруы

Жүрек аритмияларының және пируэтті тахикардияның даму қаупін туындататын жүрек реполяризациясының және QT аралығының ұзаруы басқа макролидтермен емдеген кезде байқалды. Азитромициннің ұқсас әсерін жүрек реполяризациясының ұзару қаупі жоғарылаған пациенттерде толық жоққа шығару мүмкін емес; сондықтан келесі пациенттерді емдеген кезде сақтық таныту қажет:

  • туа біткен немесе құжатталған QT аралығының ұзаруы бар

  • қазіргі таңда QT аралығын ұзартатын, аритмияға қарсы Ia және III кластарының препараттары, цизаприд және терфенадин сияқты басқа да белсенді заттарды пайдаланып ем қабылдап жүргендер

  • электролиттік теңгерімі бұзылған, атап айтқанда гипокалиемия және гипомагниемия жағдайында

  • брадикардияның, жүрек аритмияларының немесе жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігінің клиникалық тұрғыдан елеулі жағдайлары бар пациенттер.

Суперинфекция

Басқа антибиотиктердегі жағдай сияқты, зеңдерді қоса, препаратқа сезімтал емес организмдер әсерінен туындаған суперинфекцияның ықтимал белгілерін бақылау ұсынылады.

Clostridium difficile әсерінен туындайтын диарея

Clostridium difficile әсерінен туындайтын диарея (жалған жарғақшалы колит - CDAD) азитромицинді қоса, іс жүзінде бактерияларға қарсы барлық препараттарды пайдаланғанда тіркелді, оның ауырлық дәрежесі жеңіл диареядан өліммен аяқталатын колитке дейін өзгеруі мүмкін. Антибиотиктерді пайдаланып емдеу ішектің қалыпты флорасын өзгертеді, бұл C. difficile шамадан тыс өсуін арттырады.

А және В гиперуыттарын өндіріп шығаратын C. difficile штаммдары CDAD дамуына үлесін қосады. C. difficile штаммдарының өндіретін гиперуыты аурушаңдық пен өлім-жітімнің жоғарылауына себеп болып табылады, өйткені бұл инфекциялардың микробтарға қарсы емге сезімталдығы нашар және колэктомия жүргізуді қажет етуі мүмкін. Демек, қандай да болсын антибиотиктерді енгізгеннен кейін диарея белгілері көрініс беретін барлық пациенттердегі жағдайда CDAD мүмкін екендігіне көңіл бөлу қажет. Ауру тарихын мұқият жүргізу қажет, өйткені CDAD жағдайлары бактерияларға қарсы препараттарды енгізгеннен кейін екі айдан астам өткен соң тіркелді. Азитромицин қабылдауды тоқтату және C. difficile арнайы ем жүргізуді бастау мүмкіндігін қарастыру қажет.

Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

Бүйрек фукциясының күрделі жеткіліксіздігі бар (ШСЖ < 10 мл/мин) пациенттерде азитромициннің жүйелік әсерінің 33%-ға артқаны білінді.

Ауыр миастения

Ауыр миастения симптомдарының өршуі және миастенияның қайталануы азитромицинмен ем қабылдап жүрген пациенттерде тіркелген.

Азитромицин (инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ) нұсқаулыққа сәйкес қалпына келтірілуі және сұйылтылуы тиіс, азитромицинді, ең кемінде, 60 минут бойы вена ішіне инфузия түрінде енгізген жөн.

Бұл препаратты вена ішіне болюс түрінде немесе бұлшықет ішіне енгізуге болмайды.

Құтыдағы осы дәрілік затта 7,31 ммоль (168,2 мг) натрий бар. Натрий мөлшері шектеулі диетада жүрген пациенттер бұған назар аударғаны жөн.

16 жасқа дейінгі балаларда азитромицинді вена ішіне қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ, препаратты мұндай түрде пайдасы қаупінен басым болған жағдайда ғана тағайындайды.

Жүктілік және емшек емізу

Жүктілік кезінде препаратты, егер күтілетін пайдасы потенциалды қаупінен басым болған жағдайда ғана, енгізген жөн.

Лактация кезеңінде препаратты қолдану қажет болған жағдайда емшек емізуді тоқтату жөніндегі мәселені шешу қажет.

Көлік құралын немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ түріндегі азитромициннің автокөлікті жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуі жөнінде деректер жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүректің айнуы, құсу, диарея, естуден уақытша айырылу.

Емі: асқазанды шаю (ішке қабылдаған жағдайда), симптомдық ем жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бромбутил тығынмен және Flip off типті қалпақшамен бекітілген түссіз шыны құтыда инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған 500 мг ұнтақтан.

1 құты медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Дайындалған ерітінді 25°С-ден аспайтын температурада 24 сағат бойы немесе 2°С-ден 8°С-ге дейінгі температурада 7 күн бойы тұрақты.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Мефар Илач Санайии А.Ш.», Түркия

(Рамазанолу Мах. Энсар Джад. № 20, 34906 Курткёй-Пэндик / Стамбұл)

“Mefar İlaç Sanayii A.Ş.”, Turkey

(Ramazanoğlu Mah. Ensar Cad. No: 20, 34906 Kurtköy-Pendik / İstanbul).

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«УОРЛД МЕДИЦИН ИЛАЧ САН. ВЕ ТИДЖ. А.Ш.», ТҮРКИЯ

(“WORLD MEDICINE İLAÇ SAN. VE TİC. А.Ş.”, TURKEY).

Тұтынушылардан дәрілік заттың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері (телефон, факс, электронды пошта)

ҚР, Алматы, Турксіб ауданы, Сүйінбай даңғ., 222 бТел/факс:8 (7272) 52-90-90www.worldmedicine.kz

Тіркеуден кейін дәрілік заттың қауіпсіздігін бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс жасау деректері (телефон, факс, электронды пошта)«TROKA-S PHARMA» ЖШС, Алматы, Сүйінбай даңғ., 222 бҰялы тел +7701-786-33-98, (24 сағат бойы қолжетімді).

e-mail: pvpharma@worldmedicine.kz .

Прикрепленные файлы

ИМП_Зиромин_рус.docx 0.06 кб
Зиромин_лиоф.пор_.каз_.doc 0.15 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту