Беневрон Б

МНН: Пиридоксин, Рибофлавин, Тиамин, Цианокобаламин
Производитель: Мефар Илач Санайии А.Ш.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комплекс витаминов группы B (включая комбинации с другими препаратами)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121984
Информация о регистрации в РК: 07.06.2021 - 07.06.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Беневрон Б

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді 3 мл

Құрамы

1 ампула препараттың құрамында

белсенді заттар:

тиамин гидрохлориді (В1 витамині) 250 мг,

рибофлавин натрий фосфаты (В2 витамині) 4мг, пиридоксин гидрохлориді (В6 витамині) 250 мг,

цианокобаламин (В12 витамині) 1500 мкг,

қосымша заттар: бензил спирті, монотиоглицерол, динатрий эдетаты, натрий гидрокарбонаты, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Қанық қызыл немесе қоңырқай түсті мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Басқа препараттармен бірігуімен қосқанда В тобы витаминдерінің кешені.

АТХ коды А11Е

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

В1 витамині бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін қанға тез түседі. Бауырда фосфорланады. Бауырда, жүректе, мида, бүйректе, көкбауырда жиналады, бірақ ағзадағы қорлары көп емес.

Плацентарлық бөгет арқылы өтеді және емшек сүтінде табылады. Ішек және бүйрек арқылы шығарылады.

В2 витамині барлық ағзалар мен тіндер арқылы таралады, бұлшықет тіндерінде, бауыр, көкбауыр, бүйрек және миокардта сақталады. Плацентарлық бөгет арқылы және емшек сүтіне өтеді. Бауырда метаболизденеді. Жартылай шығарылу кезеңі T1/2 - 66-84 мин. Метаболиттер түрінде толықтай дерлік бүйрек арқылы, жоғары дозада қабылдағанда – өзгермеген күйде шығарылады. Аз мөлшерде нәжіспен шығарылады. Гемодиализ кезінде, алайда бүйрек экскрециясына қарағанда баяу шығарылады.

В6 витамині фармакологиялық белсенді метаболиттердің пайда болуымен бауырда метаболизденеді (пиридоксальфосфат және пиридоксаминофосфат). Барлық тіндерге жақсы өтеді; көбінесе бауырда жиналады, азы – бұлшықет және ӨЖЖ. Плацентарлық бөгет арқылы өтеді, емшек сүтімен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі T1/2 - 15-20 күн. Бүйрек арқылы, сондай-ақ гемодиализ барысында шығарылады.

В12 витамині: бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін плазмалық концентрация шыңына 60 минутта жетеді. Қанда спецификалық ақуыздар – транскобаламиндермен байланысады, олар оны тіндерге тасымалдайды. Негізінен бауырда жинақталады. Бүйректің қалыпты функциясында - 7-10% бүйрекпен, 50% дерлік - нәжіспен; бүйректің төмендеген функциясы кезінде - 0-7% бүйрекпен, 70-100% - нәжіспен шығарылады. Емшек сүтіне плацентарлық бөгет арқылы өтеді.

Фармакодинамикасы

Беневрон Б – біріктірілген препарат, ағзаның түрлі заталмасу және метаболизмдік үрдістеріне қатысатын құрамына кіретін витаминдердің әсерімен шартталған.

В1 витамині (тиамин гидрохлориді) фосфорлану үдерістері нәтижесінде бауырда кокарбоксилазаға айналады, ол көптеген ферментті реакциялардың коферменті болып табылады. В1 витамині көмірсутек, ақуыз және май зат алмасуын реттеуде, сондай-ақ синапстағы жүйке қозуын жүргізу үдерістерінде маңызды рөл атқарады, анемиялық миокардиодистрафия кезінде миокардиоциттердің метаболизмін және олардың жиырылу функциясының жақсаруына көмектеседі.

В2 витамині (рибофлавин) метаболизмдік әсер етеді.

Флавинпротеиндердің коэнзимдерін қалыптастыра отырып, АТФ өзара әрекеттеседі. Тотығу-тотықсыздандыру үдерістерді реттейді, Н+ауысуына, тіндік тыныс алуға, көмексутектік, ақуыздық және май зат алмасуына, көздің қалыпты көру функциясын демеуге, гемоглобин синтезіне және эритропоэтинге қатысады. Ішектің қалыпты микрофлорасында синтезделеді және өзі де оны демеу үшін қажет.

Витамин В6 (пиридоксин гидрохлориді) организмнің қанықпаған май қышқылдарын пайдалануын жақсартады, жүйке жүйесі, бауыр функциясына, қай айналым жүйесіне жақсы әсер етеді. Пиридоксин жүйке-бұлшықеттің өткізгіштігін, бұлшықеттердің жиырылуын қалпына келтіреді, құрысудың дамуына қарсы тұратын құрамында күкірт бар амин қышқылы тауриннің (метионин және цистеиннен) синтезіне көмектеседі. Триптофан, метионин, цистеин, глутамин және басқа амин қышқылдарының алмасуына қатысады. Гистаминнің алмасуында маңызды рөл атқарады. Липид алмасуының қалпына келтіруге көмектеседі.

В12 витамині (цианокобаламин) метил топтарын тасымалдау, нуклеин қышқылының, ақуыздың синтезі, амин қышқылының, көмірсутегінің, липидтердің алмасуы сияқты ағзаның тіршілігін қамтамасыз ететін бір қатар биохимиялық реакцияларға қатысады. Қалыпты қан айналымы үшін қажет – эритроциттердің жетілуіне көмектеседі. Сульфгидрильді топтардан тұратын байланыстардың эритроциттерде жиналуына көмектеседі, бұл олардың гемолизге төзімділігін арттырады. Цианокобаламиннің коферментті түрлері – метилкобаламин және аденозилкобаламин – жасушалардың репликациясы мен өсуіне қажет. Цианокобаламин жүйке жүйесіндегі үдерістерге әсер етеді (РНҚ, ДНҚ, миелинаның синтезі, цереброзид және фосфолипидтердің липидті құрамы), оның шеткергі бөлігінің зақымдануына байланысты ауыру сезімін азайтады. Қандағы холестерин концентрациясын төмендетеді. Бауыр және жүйке жүйесі функциясына жағымды әсер етеді. Тіндердің регенерация қасиетін арттырады.

Қолданылуы

Шығу тегі әр түрлі аурулар мен синдромдарды емдеу кезіндегі патогенетикалық және симптоматикалық зат ретінде:

- шеткергі невриттер және полиневриттер, невралгия, шеткергі парездер және сал ауруы, жұлындық невриттер, ретробульбарлық невриттер, құрсау герпесі, люмбаго, плекситтер, қабырғааралық невралгия, бет жүйкесінің парездері, үш тармақты және бет жүйкесінің невралгиясы, амиотрофиялық бүйірлік склероз, балалар церебральді салдануы, орталық және шеткергі жүйке жүйесінің жарақаттары

- энцефалопатия (диабеттік, алкогольді, жарақаттан кейінгі және т.с.с.)

- тері аурулары (шығу тегі неврогендік экзема және дерматоздар, дерматиттер және нейродермиттер, псориаз)

- буын аурулары: артриттер, остеоартриттер, ревматизм, ревматизмдік артрит

- гемералопия, кератит, ирит, катаракта мөлдір қабықтың ойық жарасы сияқты офтальмологиялық аурулар

Қолдану тәсілі мен дозалары

Бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді. Беневрон Б препаратын қолдану ұзақтығы мен дозалау режимін дәрігер анықтайды.

16 жастан асқан балаларға және ересектерге күніне 1 рет 3 мл (бір ампула) бұлшықет ішіне белгілейді. Инъекцияға арналған ерітіндіні бұлшықетке терең енгізеді.

Дәрігердің белгілеуімен препаратты әр 2-3 күнде бір ампуладан қолдануға болады.

Жағымсыз әсерлері

- бөртпе, қышу, уртикария, экзантема, ангиоэдема, анафилаксиялық реакциялар түріндегі аллергиялық реакциялар

- бас айналу

- тершеңдік

- тахикардия, диспноэ

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- дәрілік заттың кез-келген компонентіне аса сезімталдық

- декомпенсацияланған жүрек жетіспеушілігінің ауыр және жедел түрлері

- полицитемия (қандағы эритроциттердің жоғары мөлшері)

- қанның қатерлі өскіндері

- 16 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тиамин гидрохлорид ерітіндісін құрамында сульфиттер бар ерітінділермен араластырмаған жөн, себебі онда олар толығымен ыдырап кетеді. Тиаминді пенициллин немесе стрептомицинмен (антибиотик бұзылады) бір еккіште араластырудың қажеті жоқ, сондай-ақ тиамин және никотин қышқылын (тиамин бұзылады). Құрысуға қарсы препараттармен фенобарбитал, фенитоин, карбамазепин) ұзақ уақыт емдеу, сондай-ақ препаратты дигоксинмен, индометацинмен, антацидтік препараттармен бірге қолдану тиаминнің жетіспеушілігіне әкелеуі мүмкін. Тиосемикарбазон және 5-фторфуранил тиаминнің белсенділігін тежейді. Кофеинді, күкірт және эстрогендерден тұратын препараттарды қолдану тиаминді қажет етуді арттырады. Тиамин деполярлаушы бұлшықет релаксанттарының (дитилин және т.б.) курареге ұқсас әсерін әлсіретеді.

Рибофлавин доксициклин, тетрациклин, окситетрациклин, эритромицин және линкомициннің белсенділігін төмендетеді. Стрептомицинмен үйлеспейді. Хлорпромазин, имипрамин, амитриптилин флавинокиназа блокадасының есебінен рибофлавиннің флавинаденинмононуклеотид және флавинадениндинуклеотидке кіруін бұзады да оның несеппен шығуын арттырады. Тиреоидты гормондар метаболизмді жылдамдатады. Хлорамфениколдың жағымсыз әсерлерін азайтады және алдын алады (гемопоэздың бұзылуы, көру жүйесінің невриті). Гемопоэзды көтермелейтін дәрілік заттармен, антигипоксанттар, анаболикалық стероидтармен үйлесімді.

Пиридоксин гидрохлориді диуретиктердің әсерін күшейтеді, леводопаның белсенділігін әлсіретеді. Изоникотин гидразиді, пеницилламин, циклосерин және құрамында эстроген бар ішетін контрацептивтер пиридоксин гидрохлоридінің әсерін әлсіретеді. Жүрек гликозидтерімен (пиридоксин миокардтағы жиырылушы ақуыздар синтезінің артуына көмектеседі), глутамин қышқылымен және аспаркаммен (гипоксияға төзімділігі артады) жақсы үйлеседі.

Цианокобаламин фармацевтикалық тұрғыдан аскорбин қышқылы, ауыр металл тұздарымен үйлеспейді (цианокобаламиннің белсенділігінің жойылуы). Аминогликозидтер, салицилаттар, эпилепсияға қарсы дәрілік препараттар, колхицин, калий препараттары сіңірілуді төмендетеді. Тиаминнен болған аллергиялық реакциялардың дамуын күшейтеді. Хлорамфеникол гемопоэтикалық жауапты төмендетеді. Қанның ұюын арттыратын препараттармен қатар қолдануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қолдану барысында гипервитаминоздан аулақ болу үшін В тобындағы витаминдерді басқа көздерден тұтынуды ескерген жөн, дегенмен мұндай жағдайлар өте сирек, себебі В тобының витаминдері суда ериді, ал артық мөлшері несеппен шығады.

Рибофлавиннің жоғары дозалары несептің сары түске боялуына әкелуі мүмкін, бұл кейбір зертханалық тесттерге әсер етуі мүмкін.

Дәрілік заттың көлік немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшелігі

Препарат көлік немесе механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

В тобындағы витаминдер жағдайында артық дозалану өте сирек, олар суда ериді, ал артық мөлшері несеппен шығады. Бұл ретте пиридоксиннің жоғары дозада ұзақ уақыт қолдану жедел шеткергі невропатияның дамуына байланысты болады.

Симптомдары: жансыздану, аяқ, қол немесе дененің басқа бөліктерінде шаншу, сезімталдықтың бұзылуы, тепе-теңдек және координацияның бұзылуы. Бұл симптомдар пайда болған жағдайда дәрігерге барған жөн.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

3 мл препаратты сындыру белгісі бар күңгірт әйнек ампулаға құяды.

5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден жасалған контурлық ұяшықтық қаптамаға салады.

1 контурлы ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Мефар Илач Санайии А.Ш.», Түркия

(Рамазанолу Мах. Энсар Джад. №: 20, 34906 Пэндик -Курткёй/Стамбул)

"Mefar İlaç Sanayii A.Ş.", Turkey

(Ramazanoğlu Mah. Ensar Cad. No: 20, 34906 Pendik -Kurtköy /İstanbul).

Компания тауарлық марка және тіркеу сертификатының иесі болып табылады

«УОРЛД МЕДИЦИН ИЛАЧ САН. ВЕ ТИДЖ. А.Ш.», ТҮРКИЯ

("WORLD MEDICINE İLAС SAN. VE TİC. A.Ş.", TURKEY).

Компания тіркеу куәлігінің иесі «УОРЛД МЕДИЦИН ИЛАЧ САН. ВЕ ТИДЖ. А.Ш.», Түркия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР, Алматы, Түрксіб ауданы, Сүйінбай д-лы, 222 б

Тел/факс: 8(7272) 529090

 

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

743303301477976314_ru.doc 67.5 кб
971609141477977557_kz.doc 84.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники