Аторфит 40

МНН: Аторвастатин
Производитель: Аджанта Фарма Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Atorvastatin
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022886
Информация о регистрации в РК: 29.03.2017 - 29.03.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)

Инструкция

Саудалық атауы

Аторфит 40

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аторвастатин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 40 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: 40 мг аторвастатинге баламалы 43.296 мг кальций аторвастатині,

қосымша заттар: лактоза, кальций карбонаты, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилцеллюлоза, магний стеараты, тазартылған су¹,

қабық : винкоат WT 2009 ақ2.

¹ - өндіріс барысында жойылады

2 – құрамына кіреді: гидроксиметилцеллюлоза 49 %-дан 55 %-ға дейін, полиэтиленгликоль 5 %-дан 12 %-ға дейін, титанның қостотығы (Е 171) 9 %-дан 15 %-ға дейін, тальк 25 %-дан 30 %-ға дейін

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, екі жағы тегіс, ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Гиполипидемиялық препараттар. Гипохолестеринемиялық және гипотриглицеридемиялық препараттар. HMG CoA-редуктаза тежегіштері.

Аторвастатин.

АТХ коды С10АА05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Аторвастатин ішке қабылдағаннан кейін жылдам сіңеді; оның қан плазмасындағы концентрациясы ең жоғарғысына 1-2 сағаттан кейін жетеді. Аторвастатиннің қан плазмасындағы сіңу дәрежесі мен концентрациясы дозасына пропорционал артады. Аторвастатиннің абсолюттік биожетімділігі 14%-ға жуықты, ал ГМГ-КоА-редуктазаға қатысты тежегіштік белсенділігінің жүйелік биожетімділігі - 30%-ға жуықты құрайды. Төменгі жүйелік биожетімділігіне асқазан-ішек жолының шырышты қабығындағы және/немесе бауыр арқылы "бірінші өтуіндегі" жүйеалдылық метаболизмі түрткі болады.

Ас ішу препараттың сіңірілуі жылдамдығы мен дәрежесін біраз (сәйкесінше 25% және 9%-ға, бұл туралы Сmax және AUC анықтау нәтижелері көрсетеді) төмендетеді, алайда тығыздығы төмен липопротеидтер холестеринінің ТТЛП-ХС төмендеуі аторвастатинді аш қарында қабылдағандағы осындаймен ұқсас. Аторвастатинді кешкі уақытта қабылдағаннан кейін оның қан плазмасындағы концентрациясы таңертеңгі уақытта қабылдағаннан кейінгіге қарағанда төмен (Cmax және AUC шамамен 30%-ға). Препараттың сіңуі мен дозасы арасында дозаға тәуелділік анықталған. Дегенмен ТТЛП-ХС деңгейін төмендету препаратты қабылдау тәулігінің уақытына байланыстырмай-ақ ұқсас болып келеді.

Таралуы

Аторвастатиннің таралуының орташа көлемі 381 л жуықты құрайды. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 98%-дан аз. Эритроциттердегі/плазмадағы аторвастатин құрамының қатынасы 0,25-ке жуықты құрайды, яғни аторвастатин эритроциттерге нашар өтеді.

Метаболизмі

Аторвастатин елеулі дәрежеде орто- және пара-гидроксилденген туындылары мен түрлі бета-тотығу өнімдерін түзе отырып метаболизденеді. Орто- және пара-гидроксилденген метаболиттері ГМГ-КоА-редуктазаға тежегіштік әсер береді. ГМГ-КоА-редуктаза белсенділігінің шамамен 70% төмендеуі айналымдағы белсенді метаболиттерінің әсерінің есебінен жүреді. Аторвастатиннің метаболизмінде бауырдың P450 3А4 цитохромы маңызды рөл атқарады: осы изоферменттің тежегіші болып табылатын эритромицинді бір мезгілде қабылдағанда адам қаны плазмасындағы аторвастатиннің концентрациясы артады.

Шығарылуы

Аторвастатин мен оның метаболиттері негізінен бауырдағы және/немесе бауырдан тыс метаболизмі (аторвастатин айқын ішек-бауыр рециркуляциясына ұшырамайды) нәтижесінде өтпен шығарылады. Аторвастатиннің жартылай шығарылу кезеңі 14 сағатқа жуықты құрайды. Белсенді метаболиттерінің бар болуы арқасында, ГМГ-КоА-редуктазаға қатысты тежегіштік белсенділігі 20-30 сағатқа жуық сақталады. Аторвастатиннің қабылданған дозасының 2%-дан азы несеппен шығарылады.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

65 жастағы және одан асқан пациенттерде қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясы, ересек пациенттердегіден гөрі, жас ересектерде (Cmax шамамен 40%-ға, AUC шамамен 30%-ға) жоғары. Клиникалық деректер жасы ересектеу пациенттермен салыстырғанда егде пациенттерді популяциялағанда препараттың кез келген дозасында ТТЛП деңгейін жоғары дәрежеде төмендететін растайды.

Балалар жасындағы пациенттер

Бала жасындағы пациенттер қауымында фармакокинетика бойынша деректер жоқ.

Жынысы

Әйелдердің қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясы еркектердегі осындай көрсеткіштен ерекшеленедімах шамамен 20%-ға жоғары, ал AUC - 10%-ға төмен), алайда препараттың әйелдер мен еркектердің липидтік алмасуына ықпал етуінің клиникалық елеулі айырмашылықтары анықталған жоқ.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек аурулары қан плазмасында аторвастатиннің концентрациясына әсер етпейді немесе липидтік алмасу көрсеткіштеріне оның әсері жоқ, осыған байланысты бүйрек функциясы бұзылған науқастарда дозаны өзгерту қажет емес.

Гемодиализ

Бүйрек ауруының терминальді сатысы бар пациенттердің қатысуымен зерттеулер жүргізілмеуіне қарамастан, гемодиализдің аторвастатин клиренсінің айтарлықтай ұлғаюына әкелу ықтималдығы аз, себебі препарат елеулі дәрежеде қан плазмасы ақуыздарымен байланысқан.

Бауыр функциясының бұзылуы

Алкогольдік бауыр циррозы бар науқастарда аторвастатиннің концентрациясы айтарлықтау жоғарылайды. Чайлд - Пью жіктелуі бойынша А класының аурулары бар пациенттерде Cmax және AUC көрсеткіштері 4 есеге жоғарылаған. Чайлд - Пью жіктелуі бойынша В класының аурулары бар пациенттерде Cmax және AUC көрсеткіштері тиісінше шамамен 16 және 11 есеге жоғарылаған.

Бір мезгілде қабылданатын препараттардың аторвастатиннің фармакокинетикасына әсері

Бір мезгілде қабылданатын препарат және дозалау режимі

Аторвастатин

Доза (мг)

AUC1 өзгеруі

Cmax1 өзгеруі

Циклоспорин тәулігіне 5,2 мг/кг дозада, тұрақты доза

28 күн бойы тәулігіне 1 рет 10 мг

↑ 8,7 есе

↑ 10,7 есе

Типранавир 500 мг дозада тәулігіне 2 рет/ритонавир 200 мг дозада тәулігіне 2 рет, 7 күн

10 мг, БД

9,4 есе

8,6 есе

Телапревир 750 мг дозада 8 сағатта 1 рет, 10 күн

20 мг, БД

↑ 7,88 есе

↑ 10,6 есе

3Саквинавир 400 мг дозада тәулігіне 2 рет/ритонавир 400 мг дозада тәулігіне 2 рет, 15 күн

40 мг тәулігіне 1 рет. 4 күн бойы

↑ 3,9 есе

↑ 4,3 есе

Кларитромицин 500 мг дозада тәулігіне 2 рет, 9 күн

80 мг тәулігіне 1 рет. 8 күн бойы

4,4 есе

↑ 5,4 есе

Дарунавир 300 мг дозада тәулігіне 2 рет/ритонавир 100 мг дозада тәулігіне 2 рет, 9 күн

10 мг тәулігіне 1 рет. 4 күн бойы

3,4 есе

2,25 есе

Итраконазол 200 мг дозада тәулігіне 1 рет, 4 күн

40 мг, ЖД

↑ 3,3 есе

↑ 20 %

Фосампренавир 700 мг дозада тәулігіне 2 рет/ритонавир 100 мг дозада тәулігіне 2 рет, 14 күн

10 мг тәулігіне 1 рет. 4 күн бойы

2,53 есе

2,84 есе

Фосампренавир 1400 мг дозада тәулігіне 2 рет, 14 күн

10 мг тәулігіне 1 рет. 4 күн бойы

2,3 есе

4,04 есе

Нелфинавир 1250 мг дозада тәулігіне 2 рет, 14 күн

10 мг тәулігіне 1 рет. 28 күн бойы

↑ 74 %

↑ 2,2 есе

Грейпфрут шырыны, 240 мл тәулігіне 1 рет. *

40 мг, БД

↑ 37 %

↑ 16 %

Дилтиазем дозада 240 мг тәулігіне 1 рет, 28 күн

40 мг, БД

↑ 51 %

Өзгеріссіз

Эритромицин 500 мг дозада тәулігіне 4 рет, 7 күн

10 мг, БД

↑ 33 %

↑ 8 %

Амлодипин 10 мг дозада, бір реттік доза

80 мг, БД

↑ 15 %

↑ 12 %

Циметидин 300 мг дозада тәулігіне 4 рет, 2 апта

10 мг тәулігіне 1 рет. 2 апта бойы

1 %-дан аз

↓ 11 %

Колестипол 10 мг дозада тәулігіне 2 рет, 28 апта

40 мг тәулігіне 1 рет. 28 апта бойы

Анықталмаған

↓ 26 %**

Маалокс TC® 30 мл дозада тәулігіне 1 рет, 17 күн

10 мг тәулігіне 1 рет. 15 күн бойы

↓ 33 %

↓ 34 %

Эфавиренз 600 мг дозада тәулігіне 1 рет, 14 күн

10 мг 3 күн бойы

↓ 41 %

↓ 1 %

Рифампин 600 мг дозада тәулігіне 1 рет, 7 күн (бір рет қабылданады)2

40 мг, БД

↑ 30 %

↑ 2,7 есе

Рифампин 600 мг дозада тәулігіне 1 рет, 5 күн (бөлінген дозада) 2

40 мг, БД

↓ 80 %

↓ 40 %

Гемфиброзил 600 мг дозада тәулігіне 2 рет, 7 күн  

40 мг БД 

↑ 35 %

1 %-дан аз

Фенофибрат 160 мг дозада тәулігіне 1 рет, 7 күн

40 мг БД            

↑ 3 %

↑ 2 %

Боцепревир 800 мг дозада тәулігіне 3 рет, 7 күн

40 мг, БД

↑ 2,30 есе

↑ 2,66 есе

1 Өзгеру мәртелігі түрінде келтірілген деректер препараттарды бір мезгілде қабылдау мен аторвастатинді монотерапия түрінде (яғни 1 есе - өзгеріссіз) қабылдау арасында қарапайым арақатынас болып табылады.  %-дық өзгеріс түрінде келтірілген деректер монотерапия түрінде аторвастатинге қатысты пайыздық айырмашылықты білдіреді (яғни 0 % - өзгерістер жоқ).

* AUC өте айқын жоғарылауы (2,5-еселік) және/немесе Cmax (71 %-ға дейін) грейпфрут шырынын шамадан тыс қолданғанда (≥ 750 мл - күніне 1,2 л) байқалған.

** Дозаны енгізгеннен кейін 8-16 сағаттан кейін алынған бір үлгі.

2 Рифампин тарапынан өзара әрекеттесудің қосарлы механизміне байланысты аторвастатинді рифампинмен бір мезгілде тағайындау ұсынылады, себебі рифампиннен кейін біршама уақыттан кейін аторвастатинді қолдану қан плазмасында аторвастатиннің концентрациясының айтарлықтай төмендеуімен қатар жүрді.

3 Осы зерттеуде пайдаланылған ритонавирмен саквинавир дозасы клиникалық практикада қолданылмайды. Клиникалық дозада пайдаланған кезде аторвастатиннің әсер ету деңгейі жоғарылауы осы зерттеуде байқалғанға қарағанда өте елеулі болуы мүмкін. Сондықтан препаратты абайлап қолдану және ең төменгі қажетті дозаны пайдалану қажет.

Фармакодинамикасы

Аторфит 40 – 3-гидрокси-3-метилглутарил-КоА-ны холестеринді қоса, стероидтардың ізашары мевалон қышқылына өзгертетін фермент ГМГ-КоА-редуктазаның селективті бәсекелес тежегіші. Гомозиготалық және гетерозиготалық отбасылық гиперхолестеринемиясы, гиперхолестеринемияның отбасылық емес формалары және аралас дислипидемиясы бар науқастарда Аторфит 40 қан плазмасында жалпы холестерин (ХС), тығыздығы төмен липопротеидтер холестерині және аполипопротеин В, сондай-ақ тығыздығы өте төмен липопротеидтер холестерині (ТӨТЛП-ХС) және триглицеридтер мөлшерін төмендетеді, тығыздығы жоғары липопротеидтер холестерині (ТЖЛП-ХС) және аполипопротеин A-1 мөлшерінің тұрақсыз жоғарылауын туындатады. Аторфит жалпы холистерин, ТТЛП-ХС, ТӨТЛП-ХС, аполипопротеин B, триглицерилдер және оқшауланған гипертриглицеридемиясы бар пациенттерде ТЖЛП емес-ХС деңгейін төмендетеді және ТЖЛП-ХС деңгейін жоғарылатады. Аторфит 40 дисбеталипопротеинемиясы бар пациенттерде тығыздығы аралық липопротеиндер холестерин (ТАЛП-ХС) түзілуін бәсеңдетеді.

Бауырда триглицеридтер мен холестерин тығыздығы өте төмен липопротеидтердің (ТӨТЛП) құрамына қосылады, қан плазмасына түседі және шеткері тіндерге таралады. ТӨТЛП-ден тығыздығы төмен липопротеидтер (ТТЛП) түзіледі, олар жоғарғы-аффинді ТТЛП рецепторларымен өзара әрекеттескенде катаболизденеді.

Аторфит 40 ГМГ-КоА-редуктазаны және бауырдағы холестерин синтезін тежей отырып және ТТЛП сіңірілуін және катаболизмін белсендіру үшін бауыр жасушаларының беткейіндегі ТТЛП рецепторларының мөлшерін арттыра отырып, холестерин мен липопротеиндердің деңгейлерін төмендетеді; Аторфит 40 сондай-ақ ТТЛП түзілуін бәсеңдетеді және ТТЛП бөлшектерінің мөлшерін төмендетеді. Аторфит 40 липидтер деңгейін төмендететін басқа дәрілік заттарға сирек жауап беретін популяцияда гомозиготалық тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы (ТҚГ) бар пациенттерде ТТЛП-ХС деңгейін төмендетеді.

Аторфит 40 препаратының өзі және оның кейбір метаболиттері фармакологиялық белсенді болып табылады. өзі және оның кейбір метаболиттері фармакологиялық тұрғыдан белсенді болып табылады. Негізгі әсер ету орны бауыр, ол сондай-ақ холестерин синтезі мен ТТЛП клиренсінің негізгі орны болып табылады. ТТЛП-ХС деңгейінің төмендеуі препараттың жүйелі концентрациясына қарағанда препарат дозасымен байланысты деген дұрысырақ. Препарат дозасын жекелей таңдау емдік жауапқа негізделуі тиіс.

Қолданылуы

Липидтер деңгейін өзгертетін препараттармен емдеу гиперхолестеринемияға байланысты қан тамырларының атеросклероздық ауру қаупі айтарлықтай жоғарылаған адамдарда көптеген қауіп факторларында дәрілік емдеу компоненті ретінде ғана қолданылуы мүмкін. Дәрімен емдеу қаныққан майлар мен холестериннің шектелуімен диетаға жауап және басқа да фармакологиялық емес шаралар жеткіліксіз болғанда диетаға толықтыру ретінде ұсынылған. Коронарлық жүрек ауруы (КЖА) немесе КЖА көптеген қауіп факторлары бар пациенттерде Аторфит 40 препаратын қолдануды диетамен бір мезгілде бастауға болады.

Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасы

Клиникалық айқындалған коронарлық жүрек ауруы жоқ, бірақ жас шамасы, шылым шегу, артериялық гипертензия, ХС-ТЖЛП төмен деңгейі немесе отбасылық анамнезде жүректің коронарлық ауруының ерте жағдайлары болуы сияқты оның дамуының бірнеше қауіп факторлары бар ересек пациенттерде Аторфит 40 мына мақсатта қолданылады:

- миокард инфаркті қаупінің төмендеуі;

- инсульт қаупінің төмендеуі;

- реваскуляризация және стенокардия емшаралары қаупінің төмендеуі.

2-типті қант диабеті бар және клиникалық айқындалған коронарлық жүрек ауруы жоқ, бірақ ретинопатия, альбуминурия, шылым шегу немесе артериялық гипертензия сияқты оның дамуының бірнеше қауіп факторлары бар ересек пациенттерде Аторфит 40 мына мақсатта қолданылады:

- миокард инфаркті қаупінің төмендеуі;

- инсульт қаупінің төмендеуі.

Клиникалық айқындалған коронарлық жүрек ауруы бар пациенттерде Аторфит 40 мына мақсатта қолданылады:

- өліммен аяқталмаған миокард инфарктісі қаупінің төмендеуі;

- өліммен аяқталған және аяқталмаған инсульт қаупінің төмендеуі;

- реваскуляризация емшарасы қаупінің төмендеуі;

- ІЖЖ себебімен ауруханаға жатқызу қаупінің төмендеуі;

- стенокардия қаупінің төмендеуі.

Гиперлипидемия

Аторфит 40 мына кезде қолданылады:

- жалпы холестериннің, ТТЛП-ХС, аполипопротеин B және триглицеридтердің жоғарылаған деңгейлерін төмендету үшін және бастапқы гиперхолестеринемиясы (гетерозиготалық тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын) және аралас дислипидемиясы (Фредриксон жіктелуі бойынша IIa және IIb типтері) бар пациенттерде деңгейін ТЖЛП-ХС жоғарылату үшін диетаға қосымша ретінде;

- гипертриглицеридемиясы бар пациенттерді емдеу үшін диетаға қосымша ретінде (Фредриксон жіктелуі бойынша IV типі).

- диетаға тиісті түрде жауап бермейтін бастапқы дисбеталипопротеинемиясы бар пациенттерді емдеу үшін (Фредриксон жіктелуі бойынша III типі);

- басқа гиполипидемиялық емге қосымша дәрі (ТТЛП аферезі және т.б.) немесе егер мұндай ем қолжетімсіз болғанда гомозиготалық тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде жалпы холестерин және ТТЛП-ХС деңгейлерін төмендету үшін;

- гетерозиготалық тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы бар ұл балаларда жалпы холестерин, ХС-ТТЛП және аполипопротеин B деңгейлерін төмендету мақсатында және 10-нан 17 жасқа дейінгі қыз балаларда етеккір басталғаннан кейін диетаға толықтыру ретінде, оларда адекватты емдік диетадан кейін мына көрсеткіштер байқалады:

а. ТТЛП - ХС 190 мг/дл/5,0 ммоль/л деңгейінде қалады немесе

б. ТТЛП-ХС  160 мг/дл/4,2 ммоль/л деңгейінде қалады және:

  • отбасылық анамнезде жүрек-қантамыр ауруларының ерте туындау жағдайлары бар немесе;

  • пациент балаларда жүрек-қантамыр аурулары (ЖҚА) туындауының екі немесе одан да көп басқа қауіп факторлары бар.

Шектеулі қолдану

Липопротеиндер тарапынан негізгі бұзылу хиломикрондар (Фредриксон жіктелуі бойынша I және V типтері) деңгейінің жоғарылауы болып табылатын аурулар жағдайында Аторфит 40 препаратын қолдану зерттелген жоқ.

Қолдану тәсілі және дозалары

Гиперлипидемия (гетерозиготалық тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын) және аралас дислипидемия (Фредриксон жіктелуі бойынша IIa және IIb типтері)

Аторфит 40 препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне бір рет 10 мг немесе 20 мг құрайды. ХС-ТТЛП деңгейінің елеулі төмендеуін (45 %-дан жоғары) қажет ететін пациенттер емді тәулігіне бір рет 40 мг дозадан бастай алады. Аторфит 40 дозасының ауқымы тәулігіне 10 мг-ден 80 мг-ге дейінді құрайды. Аторфит 40 препаратын ас ішуге байланыссыз тәуліктің кез келген уақытында бір реттік дозада қабылдауға болады. Аторфит 40 препаратының бастапқы және демеуші дозасы емдеу мақсаты және жауабы сияқты пациенттің ерекшеліктеріне сәйкес әрбір жекелеген жағдайда таңдап алынады. Емді бастағаннан кейін және/немесе Аторфит 40 дозасын таңдаған кезде 2-4 апта бойы липидтер деңгейіне талдау жүргізу және тиісінше дозаны түзету керек.

Пациент балалардағы (10-17 жас) гетерозиготалық тұқым қуалайтын гиперхолестеринемия

Аторфит 40 препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне 10 мг құрайды; ең жоғарғы ұсынылатын доза - тәулігіне 20 мг (пациенттердің бұл популяциясында препаратты 20 мг-ден жоғары дозада қолдану зерттелген жоқ). Дозаны емнің мақсаты негізінде әр жеке жағдайда іріктеу қажет. Дозаны түзетуді 4 апталық немесе одан көп аралықпен жүргізу керек.

Гомозиготалық тұқым қуалайтын гиперхолестеринемия

Гомозиготалық тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы (ТҚГ) бар пациенттер үшін Аторфит 40 дозасы тәулігіне 10-80 мг құрайды. Бұл пациенттерде Аторфит 40 препаратын басқа гиполипидемиялық емге (ТТЛП аферезі және т.б.) немесе егер мұндай емге қол жеткізілмесе қосымша дәрі ретінде пайдалану керек.

Қатарлас гиполипидемиялық ем

Аторфит 40 препаратын өт қышқылдарының секвестранттарымен бірге қолдануға болады. ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері (статиндер) мен фибраттардың біріктірілімін әдетте сақтықпен қолдану керек.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Бүйрек ауруы қан плазмасында Аторфит концентрациясына немесе ТТЛП-ХС деңгейлерінің төмендеуіне ықпал етпейді; сондықтан бүйрек дисфункциясы бар пациенттерде дозаны түзету керек емес.

Циклоспорин, кларитромицин, итраконазол немесе белгілі бір протеаза тежегіштерін қабылдайтын пациенттер

Циклоспорин, АИТВ протеаза тежегіштерін (ритонавирмен типранавир) немесе С гепатиті вирусының протеаза тежегіштерін (телапревир) қабылдайтын пациенттерге Аторфит 40 препаратын тағайындауға болмайды. Лопинавирді ритонавирмен қабылдайтын АИТВ бар пациенттерге Аторфит 40 препаратын сақтықпен және ең төменгі қажетті дозада тағайындау керек. Кларитромицин немесе итраконазол қабылдайтын пациенттерде және саквинавир мен ритонавир, дарунавир мен ритонавир, фосампренавир немесе фосампренавир мен ритонавир біріктірілімін қабылдайтын АИТВ бар пациенттерде Аторфит 40 дозасын 20 мг арттырмаған жөн және Аторфит 40 ең төменгі қажетті дозасын қолдануға кепілдік беретін тиісті клиникалық бағалауды орындау ұсынылады. АИТВ протеаза тежігіші – нелфинавир немесе C гепатиті вирусы протеазасы тежегіші – боцепревир қабылдайтын пациенттерде Аторфит 40 дозасын 40 мг асырмаған жөн және Аторфит 40 препаратының ең төменгі қажетті дозасын қолдануға кепілдік беретін тиісті клиникалық бағалауды орындау ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Аторфит 40 препаратын қолданған кезде көрініс беру жиілігі төмендегідей жіктелген жағымсыз әсерлер тіркелген: жиі (≥ 1/100 < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000 < 1/100 дейін) және сирек (≥ 1/10 000 және < 1/1000), өте сирек (1/10000) және белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес).

Жиі

- бас ауыруы

- назофарингит

- гипергликемия

- жұтқыншақ пен көмейдігі ауыру, мұрыннан қан кету

- диспепсия, жүрек айнуы, іш қату, метеоризм, диарея

- артралгия, аяқ-қолдың ауыруы, бұлшықеттің тартылуы, миалгия, буындардың ісінуі, арқаның ауыруы

- бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің нормадан ауытқуы, қандағы креатинкиназа деңгейінің жоғарылауы

- аллергиялық реакциялар

Жиі емес

- гипогликемия, дене салмағының артуы, анорексия

- шым-шытырық түс көру, ұйқысыздық

- бас айналуы, парестезия, гипестезия, дисгевзия, амнезия

- көрудің бұлыңғырлануы

- құлақтағы шуыл

- құсу, іштің жоғарғы және төменгі жағының ауыруы, кекіру, панкреатит

- гепатит

- есекжем, тері бөртпесі, қышыну, алопеция

- мойынның ауыруы, бұлшықеттің қалжырауы

- дімкәстік, астения, кеуде қуысының ауыруы, шеткері ісінулер, қатты шаршағыштық, пирексия

- несепте лейкоциттердің пайда болуы

Сирек

- тромбоцитопения

- шеткері нейропатия

- көрудің нашарлауы

- холестаз

- ангионевроздық ісінулер, полиморфты эритеманы қоса буллезді дерматит, Стивенс - Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз

- миопатия, миозит, рабдомиолиз, тендинопатия, кейде асқынған жыртылулар

Өте сирек

- анафилаксия

- естудің нашарлауы

- өлімге соқтыратын және өлімге әкелмейтін бауыр жеткіліксіздігі

- гинекомастия

- ұмытшақтық, жадының жоғалуы, амнезия, сананың шатасуы

Белгісіз

- иммунитетке байланысты некрозданған миопатия

Мынадай жағымсыз әсерлер балалар жасындағы пациенттерде байқалған:

Жиі

- бас ауыруы

- іштің ауыруы

- аланинаминотрансфераза және сарысу креатинфосфокиназа (КФК) деңгейінің жоғарылауы

Қолжетімді деректерге қарай балаларда жағымсыз әсерлердің жиілігі, түрлері мен ауырлық дәрежесі ересектердегідей күтіледі. Балалардағы ең жиі жағымсыз әсерлер инфекциялар болды. Қазіргі уақытта пациент балаларда ұзақ емдеген кезде қауіпсіздігі туралы қолжетімді ақпарат шектеулі.

Кейбір статиндерге қатысты мына жағымсыз реакциялар туралы хабарланды:

- жыныстық дисфункция

- депрессия

- әсіресе ұзақ мерзімдік емдегенде өкпенің интерстициальді ауруының өте сирек жағдайлары

- қант диабеті: жиілігі қауіп факторының болуы немесе болмауына байланысты болады (ашқарынға қандағы глюкоза  ≥ 5,6 ммоль/л, ДСИ > 30 кг/м2, триглицеридтердің жоғары деңгейлері, анамнезінде артериялық гипертензия)

Болжамды жағымсыз реакциялар туралы мәліметтерді хабарлау

Дәрілік препаратты тіркегеннен кейін анықталған болжамды жағымсыз реакциялар туралы мәліметтерді хабарлаудың маңызы зор. Бұл дәрілік препараттың пайдасы мен қаупінің арақатынасына мониторинг жүргізуді жалғастыруға мүмкіндік береді.

Медицина қызметкерлері мен пациенттерден медициналық қолдану жөніндегі осы нұсқаулықтың соңында көрсетілген мекенжай бойынша кез келген жағымсыз реакциялар туралы хабарлау сұралады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- шығу тегі белгісіз сарысу трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауын қоса, белсенді бауыр ауруы

- жүктілік және лактация кезеңі, сондай-ақ контрацепцияның адекватты әдістерін пайдаланбайтын ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерде

- тұқым қуалайтын лактоза көтере алмаушылық, Лапп лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Миопатия даму қаупі статиндермен емдеген кезде фиброй қышқылының туындыларын, липидтер деңгейін модификациялайтын дозада ниацинді, циклоспоринді немесе CYP 3A4 күшті тежегіштерін (мысалы, кларитромицин, АИТВ протеаза тежегіштері және итраконазол) бір мезгілде қолданғанда артады.

CYP3A4 күшті тежегіштері

Аторфит 40 P450 3A4 цитохромымен метаболизденеді. Аторфит 40 препаратын CYP3A4 күшті тежегіштерімен бір мезгілде қабылдау қан плазмасында аторвастатин концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін. Өзара әрекеттесу және әсерлерін күшейту дәрежесі CYP3A4 әсеріне құбылуына байланысты.

Кларитромицин

Аторвастатиннің AUC мәні Аторфит 40 препаратының монотерапиясымен салыстырғанда 80 мг дозада Аторфит 40 препаратын кларитромицинмен (тәулігіне екі рет 500 мг) бір мезгілде қабылдағанда айтарлықтай артқан. Демек, кларитромицин қабылдайтын пациенттерде егер доза 20 мг-ден асатын болса, Аторфит 40 препаратын сақтықпен қолдану керек.

Протеаза тежегіштерінің біріктірілімі

Аторвастатиннің AUC мәні Аторфит 40 препаратының монотерапиясымен салыстырғанда Аторфит 40 препаратын АИТВ протеаза тежегіштерінің бірнеше біріктірілімімен, сондай-ақ С гепатиті вирусының протеаза тежегіштері - телапревирмен бір мезгілде қабылдағанда айтарлықтай артқан. Демек, АИТВ протеаза тежегіштері - ритонавирмен типранавир немесе С гепатиті вирусының протеаза тежегіштері - телапревир қабылдайтын пациенттерге оларды Аторфит 40 препаратымен бір мезгілде тағайындауға болмайды. АИТВ протеаза тежегіштері - ритонавирмен лопинавир қабылдайтын пациенттерге Аторфит 40 препаратын сақтықпен қолдану керек және ең төменгі қажетті дозаны таңдау қажет. АИТВ протеаза тежегіштері - ритонавирмен саквинавир, ритонавирмен дарунавир, ритонавирмен фосампренавир немесе фосампренавир қабылдайтын пациенттерде Аторфит 40 дозасы 20 мг-ден аспауы тиіс және бұл препаратты сақтықпен қолдану керек. АИТВ протеаза тежегіштері - нелфинавир немесе С гепатиті вирусының протеаза тежегіштері - боцепревир қабылдайтын пациенттерде Аторфит 40 препаратының дозасын 40 мг-ден асыруға болмайды және мұқият клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады.

Итраконазол

40 мг дозада Аторфит 40 препаратын 200 мг дозада итраконазолмен бір мезгілде қабылдағанда аторвастатиннің AUC мәні айтарлықтай артқан. Демек, итраконазол қабылдайтын пациенттерде егер доза 20 мг-ден асатын болса, Аторфит 40 препаратын сақтықпен қолдану керек.

Грейпфрут шырыны

Құрамында CYP3A4 цитохромын тежейтін бір немесе бірнеше компоненттер бар және әсіресе грейпфрут шырынын шамадан тыс қолданғанда (тәулігіне > 1,2 литр) қан плазмасында аторвастатин концентрациясын арттыруы мүмкін.

Циклоспорин

Аторвастатин мен оның метаболиттері OATP1B1 тасымалдаушысының субстраттары болып табылады. OATP1B1 тасымалдаушысының тежегіштері (мысалы, циклоспорин) аторвастатиннің биожетімділігін арттыруы мүмкін. Аторвастатиннің AUC мәні Аторфит 40 препаратымен монотерапиямен салыстырғанда 10 мг дозада Аторфит 40 препаратын тәулігіне 5,2 мг/кг дозада циклоспоринмен бір мезгілде қабылдағанда айтарлықтай артқан.

Гемфиброзил

Миопатия/рабдомиолиз қаупінің жоғарылауына байланысты ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін гемфиброзилмен бір мезгілде қабылдағанда Аторфит 40 препаратын гемфиброзилмен бір мезгілде қабылдаудан аулақ болу керек.

Басқа да фибраттар

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен емдеген кезде басқа фибраттарды бір мезгілде қабылдаған жағдайда миопатия қаупі артатыны белгілі болғандықтан, Аторфит 40 препаратын басқа фибраттармен бір мезгілде сақтықпен қолдану керек.

Ниацин

Аторфит 40 препаратын ниацинмен біріктіріп қолданған жағдайда қаңқа бұлшықеттеріне әсер ету қаупі артады; бұл жағдайда Аторфит 40 дозасын төмендету мүмкіндігін қарастыру керек.

Рифампин және P450 3A4 цитохромының басқа да индукторлары

Аторфит 40 препаратын P450 3A4 цитохромының индукторларымен (мысалы, эфавиренз, рифампин) бір мезгілде қолдану қан плазмасында түрлі дәрежеде айқындалған аторвастатин концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Рифампин тарапынан өзара әрекеттесудің қосарлы механизміне байланысты Аторфит 40 препаратын рифампинмен бір мезгілде қолдану ұсынылады, себебі рифампиннен кейін біршама уақыттан соң Аторфит 40 препаратын қолдану қан плазмасында аторвастатин концентрациясының айтарлықтай төмендеуімен қатар жүрді.

Дигоксин

Аторфит 40 препаратының көп реттік дозасы мен дигоксинді бір мезгілде қолданғанда қан плазмасында дигоксиннің тепе-тең концентрациясы шамамен 20%-ға жоғарылады. Дигоксин қабылдайтын пациенттер мұқият бақылауда болуы тиіс.

Ішуге арналған контрацептивтер

Аторфит 40 препаратын ішуге арналған контрацептивтермен бір мезгілде қолдану норэтиндрон мен этинилэстрадиол үшін AUC мәндерін арттырды. Бұл арттыруды Аторфит 40 қабылдайтын әйелдер үшін ішуге арналған контрацептивті таңдаған кезде ескеру керек.

Варфарин

Варфаринмен ұзақ емделген пациенттер қабылдаған кезде Аторфит 40 протромбиндік уақытқа клиникалық елеулі әсер көрсеткен жоқ.

Колхицин

Аторвастатин мен колхицинді бір мезгілде қолданған кезде рабдомиолизді қоса, миопатия жағдайлары туралы хабарланған, сондықтан аторвастатинді колхицинмен бір мезгілде сақтықпен тағайындау керек.

Айрықша нұсқаулары

Қаңқа бұлшықеттері

Аторфит 40 мен осы кластың басқа препараттарын қабылдағанда миоглобинурия туғызған жедел бүйрек жеткіліксіздігімен рабдомиолиздің сирек жағдайлары туралы хабарланған. Анамнезінде бүйрек функциясының бұзылуының болуы рабдомиолиздің даму қаупі факторы бола алады. Мұндай пациенттерде препараттың қаңқа бұлшықеттеріне әсеріне мұқият мониторинг жүргізу қажет.

Аторвастатин, басқа статиндер сияқты кейде креатинфосфокиназа (КФК) деңгейінің ҚЖШ > 10 есеге жоғарылауымен қатар жүретін бұлшықет ауыруы немесе бұлшықет әлсіздігі ретінде анықталатын миопатия туғызады. Аторвастатинді бір мезгілде циклоспорин және CYP3A4 күшті тежегіштері (мысалы, кларитромицин, итраконазол және АИТВ протеаза тежегіштері) сияқты кейбір басқа препараттармен үлкен дозаларда қабылдаған кезде миопатия/рабдомиолиз қаупі жоғарылайды.

Статиндерді қолданумен қатысты иммунитетке байланысты некроздаушы миопатия (ИБНМ), аутоиммундық миопатия жағдайлары туралы сирек хабарламалар келіп түсті. ИБНМ статиндермен емдеуді тоқтатуға қарамастан сақталатын қан сарысуында креатинкиназа деңгейінің жоғарылауымен және проксимальді бұлшықет әлсіздігімен сипатталады; елеулі қабынусыз некроздаушы миопатияны көрсететін бұлшықет биопсиясы нәтижелерімен; иммунодепрессанттарды қолданған кезде жай-күйдің жақсаруымен сипатталады.

Диффузиялық миалгия, бұлшықеттің ауырсынуымен және/немесе КФК деңгейінің айтарлықтай жоғарылауы бар кез келген пациентте миопатияның даму мүмкіндігін ескеру керек. Түсініксіз себептермен туындаған бұлшықет ауыруы, ауырсынуы немесе әлсіздігі туралы, әсіресе олар дімкәстікпен немесе қызбамен қатар жүрсе, немесе егер бұлшықет көріністері мен симптомдары Аторфит 40 препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін сақталса, дереу хабарлау қажеттігін пациенттерге ескертіп қою керек. КФК деңгейі айтарлықтай жоғарылағанда, миопатия диагностикаланғанда немесе миопатияға күдік туындағанда Аторфит 40 препаратымен емдеуді тоқтату қажет.

Осы кластың препараттарымен емдеген кезде миопатия қаупі циклоспоринді, фиброй қышқылының туындыларын, эритромицинді, кларитромицинді, С гепатиті вирусының протеаза тежегіштерін - телапревирді, ритонавирмен саквинавирді, ритонавирмен лопинавирді, ритонавирмен типранавирді, ритонавирмен дарунавирді, ритонавирмен фосампренавир және фосампренавирді қоса, АИТВ протеаза тежегіштерінің біріктірілімін, сондай-ақ ниацинді немесе азольді зеңге қарсы препараттарды бір мезгілде қолданғанда жоғарылайды. Аторфит 40 мен фиброй қышқылының туындыларымен, эритромицинмен, кларитромицинмен, саквинавирді ритонавирмен, лопинавирді ритонавирмен, дарунавирді ритонавирмен, фосампренавирмен немесе фосампренавирмен ритонавирмен біріктірілімін, сондай-ақ азольді зеңге қарсы препаратармен немесе липидтер деңгейін модификациялайтын дозада ниацинмен біріктіріп емдеу мүмкіндігін қарастыратын дәрігерлер әлеуетті пайдасы мен қаупін мұқият таразылауы тиіс және әсіресе алғашқы емдеу айларында және препараттардың кез келген дозасын біртіндеп арттыру кезеңінде бұлшықет ауыруының, ауырсынуының немесе әлсіздігінің кез келген көріністері немесе симптомдарының туындауына қатысты пациенттердің жай-күйін мұқият бақылауы тиіс. Жоғарыда атап көрсетілген препараттармен бірге қолданған кезде аторвастатиннің барынша төмен бастапқы және демеуші дозаларын пайдалану мүмкіндігін қарастыру керек. Мұндай жағдайларда креатинфосфокиназа (КФК) деңгейлерін мезгіл-мезгіл анықтау мүмкіндігін қарастыруға болады, бірақ мұндай мониторинг ауыр миопатия дамуының алдын алуға кепілдік бермейді.

Өзара әрекеттесуші заттарды тағайындау жөніндегі ұсынымдар төмендегі кестеде келтірілген.

Миопатия/рабдомиолиз жоғары қаупімен байланысты дәріаралық өзара әрекеттесулер

Өзара әсер етуші заттар

Тағайындауы бойынша ұсынымдар

Циклоспорин, АИТВ протеаза тежегіштері (типранавир ритонавирмен), С гепатиті вирусының протеаза тежегіштері (телапревир)

Аторвастатинді қолданудан аулақ болу керек

АИТВ протеаза тежегіштері (лопинавир ритонавирмен)

Сақтықпен және ең төменгі қажетті дозада қолдану керек

Кларитромицин, итраконазол,

АИТВ протеаза тежегіштері (саквинавир ритонавирмен*, дарунавир ритонавирмен, фосампренавир, фосампренавир ритонавирмен)

Аторвастатин дозасын тәулігіне 20 мг-ден асырмау керек

АИТВ протеаза тежегіштері (нелфинавир)

С гепатиті вирусының протеаза тежегіштері (боцепревир)

Аторвастатин дозасын тәулігіне 40 мг-ден асырмау керек

*Сақтықпен және ең төменгі қажетті дозада қолдану керек

Аторвастатин мен колхицинді бір мезгілде қолданған кезде рабдомиолизді қоса, миопатия жағдайлары туралы хабарланған, сондықтан аторвастатинді колхицинмен бір мезгілде сақтықпен тағайындау керек.

Миопатиямен сәйкес келетін жедел күрделі жай-күйі бар кез келген пациенттер немесе рабдомиолиз туғызған бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына бейім қауіп факторы бар пациентте (мысалы, ауыр жедел инфекциясы, гипотензиясы бар, ауқымды хирургиялық араласуды бастан өткерген, жарақаты бар, зат алмасудың ауыр бұзылуы, эндокриндік бұзылуы немесе су-электролиттік теңгерімінің бұзылуы бар, сондай-ақ бақыланбайтын құрысулары бар пациенттерде) Аторфит 40 препаратымен емдеуді уақытша немесе толық тоқтату керек.

Бауыр функциясының бұзылуы

Гиполипидемиялық емдеудің кейбір басқа дәрілері сияқты статиндер бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің қалыптан ауытқуын туғызды.

Бір пациентте клиникалық зерттеулерде сарғаю дамыды. Бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштерінің (БФБК) жоғарылауы басқа пациенттерде сарғаюмен немесе басқа да клиникалық белгілермен және симптомдармен қатар жүрмеді. Дозаны төмендеткеннен, препаратты қолдану үзілісінен және немесе емді тоқтатқаннан кейін трансаминазалардың деңгейлері емді бастағанға дейінгі деңгейлеріне қайта оралды немесе оған салдарлы қалдығы болмау керек.

Аторфит 40 препаратымен емдеуді бастар алдында, содан соң клиникалық көрсетілімдер болғанда бауыр ферменттері талдауын жасау керек. Статиндерді, соның ішінде аторвастатинді қабылдаған пациенттерде тіркеуден кейінгі кезең бойы өліммен аяқталған немесе өліммен аяқталмаған бауыр жеткіліксіздігінің сирек жағдайлары тіркелді. Егер Аторфит 40 препаратымен емдеген кезде клиникалық симптомдарымен және/немесе гипербилирубинемиясымен немесе сарғаюмен бауырдың күрделі зақымдануы туындаса, дереу емді тоқтатыңыз. Егер баламалы этиологияны анықтау мүмкін болмаса, Аторфит 40 препаратымен емді қайта жаңғыртпаңыз.

Аторфит 40 препаратын едәуір көлемде алкоголь қабылдаған және/немесе анамнезінде бауыр ауруы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Белсенді бауыр ауруы немесе трансаминазалар деңгейінің түсініксіз тұрақты жоғарылауы Аторфит 40 препаратын қолдануға қарсы көрсетілімдер болып табылады.

Эндокриндік жүйенің функциясы

Аторфит 40 препаратын қоса, ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін қолдану HbA1c деңгейінің және аш қарынға сарысудағы глюкоза деңгейінің жоғарылауымен түйіндескен.

Статиндер холестерин синтезіне кедергі жасайды және теориялық тұрғыдан бүйрекүсті бездерінің стероидтарының және/немесе жыныстық стероидтардың түзілуін бәсеңдетуі мүмкін. Клиникалық зерттеулерде Аторфит 40 бастапқы деңгейде плазмадағы кортизол концентрациясын төмендетпейтіні және бүйрекүсті бездерінің қорын азайтпайтыны көрсетілген. Статиндердің еркектердегі ұрпақ өрбіту функциясына ықпалы пациенттердің жеткілікті мөлшеріне зерттелмеген. Менопауза алдындағы кезеңде әйелдердегі гипофизарлық-гонадтық жүйесіне ықпалы, егер ондай болса, зерттелмеген. Егер статин кетоконазол, спиронолактон және циметидин сияқты эндогенді стероидтық гормондардың белсенділік деңгейін төмендетуге қабілетті препараттармен бір уақытта қабылданса сақтық таныту керек.

Біраз уақыт бұрын инсульт немесе ТИШ өткерген пациенттерде қолдану

Алдыңғы 6 айда инсульт немесе ТИШ бастан өткерген КЖА-сыз пациенттер 80 мг дозада Аторфит 40 немесе плацебо алған холестерин деңгейлерін күрт төмендету жолымен инсульт профилактикасын зерттеу нәтижелерін ретроспективті талдау кезінде геморрагиялық инсульттің туындау жиілігі Аторфит 40 препараты тобында плацебо тобына қарағанда жоғары болды. Өліммен аяқталған геморрагиялық инсульттің туындау жиілігі екі емдеу тобында да ұқсас болды. Өліммен аяқталмаған геморрагиялық инсульттің туындау жиілігі аторвастатин тобында, плацебо тобына қарағанда едәуір жоғары болды. Геморрагиялық және лакунарлық инсультті қоса, бастапқы деңгейдің кейбір сипаттамалары зерттеуге қосу кезінде аторвастатин тобында геморрагиялық инсульттің жоғарырақ туындау жиілігімен байланысты болды.

Пациент балаларда қолданылуы

Аторфит 40 препаратын қабылдаған гетерозиготалық тұқым қуалайтын гиперхолестеринемиясы бар 10–17 жастағы пациенттерде жағымсыз реакциялар бейіні плацебо қабылдаған пациенттердегі бейінмен жалпы ұқсас болды. Ең жиі жағымсыз реакциялар инфекциялар болды. Пациенттердің бұл популяциясында препаратты 20 мг-ден асатын дозада қолдану зерттелмеген. Ұл балалардың өсуіне немесе жыныстық жетілуіне немесе қыз балалардағы етеккір оралымының ұзақтығына айтарлықтай әсер етуі анықталған жоқ. Жасөспірім жастағы қыздарға Аторфит 40 препаратымен емделген кезде тиісті контрацепция әдістерін қолдануды ұсыну қажет.

Аторфит 40 препаратын қолдану препубертаттық жастағы пациенттердің немесе 10 жастан кіші пациенттердің қатысуымен бақыланатын клиникалық зерттеулерде анықталмаған.

Егде жастағы пациенттерде қолдану

Тұтастай алғанда осы пациенттер мен жасырақ пациенттер арасындағы қауіпсіздігі мен тиімділігінде ешқандай айырмашылықтар байқалмады, егде және жасырақ пациенттер арасындағы емге жауапта айырмашылықтар белгіленбеді; дегенмен кейбір егде пациенттердің жағымсыз құбылыстарға жоғары бейімділігін әрқашан ескеру керек. Егде жас шамасы (≥ 65 жас) миопатияның дамуына бейім фактор болып табылатындықтан, Аторфит 40 препаратын егде жастағы пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.

Жүктілік

Аторфит 40 препаратын жүкті әйелдерге және жүкті болуы мүмкін әйелдерге қолдануға болмайды. Сарысулық холестерин мен триглицеридтердің деңгейлері қалыпты жүктілік кезінде жоғарылайды. Гиполипидемиялық препараттар жүктілік уақытында пайда әкелмейді, өйткені холестерин және оның туындылары шарананың қалыпты дамуы үшін талап етіледі. Атеросклероз – бұл созылмалы үдеріс, және гиполипидемиялық препараттарды жүктілік уақытында тоқтату бастапқы гиперхолестеринемияны емдеудің ұзақ мерзімді аяқталуына аздаған ықпал көрсетеді.

Аторвастатинді жүктілік уақытында қолдану бойынша зерттеулер жүргізілмеді. Статиндердің құрсақішілік кезеңде ықпалынан кейін туа біткен аномалиялардың сирек жағдайлары байқалған. Басқа статиндер қабылдаған әйелдерде шамамен 100 проспективті бақыланған жүктіліктердің шолуы туа біткен аномалиялардың туындау жиілігі, өз еркімен жасалған түсіктер және шарана өлімдері/өлі туу жалпы популяция үшін күтілетін деңгейлерден аспағанын көрсетті. Осы жағдайлардың 89 %-ында дәрі-дәрмекпен емдеу жүктілікке дейін басталған және жүктілік анықталған кезде оның бірінші триместрінде тоқтатылған.

Статиндер оларды жүкті әйел қабылдаған кезде шаранаға зиян тигізуі мүмкін. Аторфит 40 препаратын жүкті болу ықтималдығы өте аз болғанда және олар зор қауіптілігі туралы хабардар болғанда ғана бала тууға қабілетті әйелдерге тағайындауға болады. Егер әйел Аторфит 40 препаратын қабылдап жүргенде жүкті болып қалса, бұл препаратты қабылдауды дереу тоқтатып, пациент әйелге шарана үшін қауіптілігі зор екенін және жүктілік кезінде препаратты қолдануды жалғастырғанда белгілі клиникалық пайдасының жоқтығы туралы тағы да хабарлау қажет.

Лактация кезеңі

Аторвастатиннің әйелдің емшек сүтіне өту қабілеті анықталмаған, алайда осы кластың басқа препаратының аздаған мөлшері емшек сүтіне түсетіні белгілі болды. Осы класқа жататын басқа препарат әйелдің емшек сүтіне өткендіктен, сондай-ақ бала емізетін әйелдерде статиндермен байланысты күрделі жағымсыз реакциялардың даму мүмкіндігіне қатысты Аторфит 40 препаратымен емдеуді қажет ететін әйелдерге бала емізуді тоқтатуды ұсыну керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып автокөлік пен басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқарғанда сақ болу керек.

Артық дозалануы

Аторфит 40 препаратының артық дозалануын емдеу үшін арнайы антидоты жоқ. Артық дозаланған жағдайда симптоматикалық ем жүргізу керек және қажет болғанда демеуші шараларды қолдану керек. Препарат қан плазмасы ақуыздарымен белсенді байланысатындықтан, гемодиализде Аторфит 40 клиренсінің айтарлықтай ұлғаю ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

10 таблеткадан баспалы лакталған алюминий фольгадан (Alu-Alu) жасалған (стрип) ұяшықсыз пішінді қаптамаға салынады.

3 пішінді ұяшықсыз қаптамадан (стрипті) медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30ºC-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Аджанта Фарма Лимитед

Аджанта Хаус,

Чаркоп, Кандивли (З),

Мумбай 400 067, Үндістан

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Аджанта Фарма Лимитед, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, 050009,

Алматы қ., Аносов к-сі, 54 / 28 (Төле би к-сі)

Тел./факс: 8 (727) 374-79-50, 277-79-56;

E-mail: puneet.kapur@ajantapharma.com

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

ConsultAsia ЖШС

Алматы қ., Шевченко к-сі, 165 Б, 307 кеңсе

тел: +77778051116/+77051708825/+77051708876 (24-сағат бойы қолжетімді)

факс: +727-379-42-58

e-mail: pv@consultingasia.kz

info@consultingasia.kz

10.02.16

Прикрепленные файлы

Аторфит_40_инструкция_рус.doc 0.16 кб
Аторфит_40_инструкция_каз.doc 0.21 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники