Соледум Форте

Производитель: Klosterfrau Berlin GmbH
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Цинеол
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121873
Информация о регистрации в РК: 04.02.2021 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Соледум Форте

Халықаралық патенттелмеген атауы

--

Дәрілік түрі, дозасы

200 м, ішекте еритін жұмсақ капсулалар

Фармакотерапиялық тобы

Респираторлық жүйе. Жөтел және суық тию аурулары кезінде қолданылатын препараттар. Экспекторанттар, жөтелді бәсеңдететін біріктірілімді қоспағанда. Қақырық түсіретін препараттар. Цинеол.

АТХ коды R05CA13

Қолданылуы

- тұтқыр қақырық түзілуімен қатар жүретін жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының суық тию аурулары

- бронхит

- синусит

Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне сезімталдық

- көкжөтел, жалған қыспақ

-12 жасқа дейінгі балалар

- фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы бар адамдар

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шараларыЕгер 7 күн ішінде пациенттің жағдайы жақсармаса немесе ұзақ уақыт бойы пациентте тыныс алудың қиындауы, жоғары температура, созылмалы жөтел сияқты симптомдар басым болса, дереу дәрігерге жүгіну керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Жануарларға арналған эксперименттер барысында цинеол бауыр ферменттерінің метаболизмін стимуляциялады. Осы себепті цинеолдың жоғары дозалары басқа дәрілік заттардың тиімділігін және/немесе әсер ету ұзақтығын азайтуы мүмкін. Алайда, цинеолды дұрыс қолданған кезде адамдарда мұндай әрекет байқалған жоқ.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Жануарларға арналған эксперименттер барысында цинеол бауыр ферменттерінің метаболизмін стимуляциялады. Осы себепті цинеолдың жоғары дозалары басқа дәрілік заттардың тиімділігін және/немесе әсер ету ұзақтығын азайтуы мүмкін. Алайда, цинеолды дұрыс қолданған кезде адамдарда мұндай әрекет байқалған жоқ.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік және лактация кезеңінде препараттың қауіпсіздігі жеткілікті зерттелмеген, сондықтан препаратты қолданудың орындылығы туралы шешім қабылдау үшін дәрігермен кеңесу қажет.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға қолданылады. Ас ішу кезінде тәулігіне 2-4 рет 1 капсуладан қабылдайды.

Енгізу әдісі және жолы

Соледум Форте капсулаларын шайнамай, жеткілікті мөлшерде су ішіп, бүтіндей жұту керек.

ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Жиі емес:

-асқазан-ішек бұзылыстары (жүрек айнуы, диарея)

Сирек:

- жұтынудың қиындауы

- аллергиялық реакциялар (тері қышынуы, қызаруы, бет ісінуі, тыныс алудың қиындауы, жөтел)

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - цинеол 200 мг,

қосымша заттар: орташа тізбекті триглицеридтер

капсула қабығы: желатин, глицерин (85%), кристалданбаған 70% сұйық сорбитол, құрғақ субстанцияға шаққанда, тазартылған су

капсула қабығының жабыны: Surelease дисперсиясы, NS Enteric, тазартылған су, канделил балауызы

Surelease дисперсиясының құрамы: этилцеллюлоза, аммиактың концентрацияланған ерітіндісі, орташа тізбекті триглицеридтер, олеин қышқылы, тазартылған су;

NS Enteric құрамы: натрий алгинаты, тазартылған стеарин қышқылы

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Мөлдір жұмсақ желатинді капсулалар сопақ пішінді, табиғи түсті, өлшемі 6, асқазан сөліне төзімді қабығы бар.

Капсуланың ішіндегісі - эвкалиптің өзіне тән иісі бар мөлдір, түссіз немесе сарғыш түсті майлы сұйықтық

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 немесе 25 капсуладан поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 (20 немесе 25 капсула), 2 (25 капсула) немесе 4 (25 капсула) пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

Klosterfrau Berlin GmbH

Motzener Straße 41

12277 Берлин/Германия

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Cassella-med GmbH & Co. KG

Gereonsmühlengasse1

50670 Кельн/Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Registrarius» ЖШС

050040, Алматы қ. Байзақов к-сі, 280, Almaty Towers БО, коворкинг- орталығы SmArt.Point

тел. 87273131207

эл. поштасы: info@registrarius.org

Прикрепленные файлы

Соледум_форте_ЛВ_каз.docx 0.03 кб
ЛВ_Соледум_форте_рус.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники