Хабифак спаг. Пека

Производитель: ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие лекарственные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021612
Информация о регистрации в РК: 25.01.2021 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Хабифак спаг. Пека

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Ішуге арналған тамшылар, 50 және 100 мл

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да препараттар. Басқа емдік препараттар, барлығы. Басқа дәрілік препараттар

АТХ коды V03АХ

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

- аллергиялық аурулар

- иммунитеттің төмендеуі

- созылмалы тері аурулары

Хабифак спаг. Пека балаларға 1 жастан бастап пайдаланылуы мүмкін.

Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді ингредиенттердің біріне немесе қосымша заттардың біріне жоғары сезімталдық

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lарр-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды;

- 1 жасқа дейінгі балаларға

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Қолданылмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Дәрілік өзара әрекеттесуге қосымша зерттеулер жүргізілген жоқ.

Арнайы сақтандырулар

Ерітіндінің бұлыңғырлануы препарат тиімділігіне әсер етпейді.

Препарат құрамында этанол деңгейі төмен, бір реттік дозада (20 тамшы) этанол құрамы 100 мг-ден аздау.

Гомеопатиялық препаратты бастапқы қабылдау кезінде аурудың бұрын болған симптомдары қысқа уақыт аралығы ішінде (бастапқы реакция) күшеюі мүмкін. Онда препарат қабылдауды тоқтату керек. Бастапқы реакция қарқындылығы азайған жағдайда, препарат қабылдауды қайта бастауға болады. Ауру симптомдары қайталап күшейгенде препарат қабылдауды тоқтату қажет.

Гомеопатиялық дәрімен ұзақ емдеудің кез келгенін гомеопатияда тәжірибесі бар дәрігер бақылауы тиіс, өйткені бақылаусыз пайдалану жағымсыз дәрі-дәрмектік симптомдарға (жаңа белгілер) әкелуі мүмкін. Педиатрияда қолдану

Хабифак спаг. Пека 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған.

Жүктілік және лактация кезеңі

Хабифак спаг. Пека гомеопатиялық дәрілік препаратын жүктілік немесе бала емізу кезінде қолданардың алдында емдеуші дәрігермен кеңесу қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі анықталмаған.

Алкоголь құрамы 17 % к. болатынын ескеру қажет.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер: күніне 3 - 4 рет 20 тамшыдан, суда сұйылтылған, тамақтануға дейін, ішу арқылы.

2 - 12 жастағы балалар: күніне 3 - 4 рет 10 тамшыдан, суда сұйылтылған, тамақтануға дейін, ішу арқылы.

1 - 2 жастағы нәрестелер: күніне 3 – 4 рет 5 тамшыдан, суда сұйылтылған, тамақтануға дейін, ішу арқылы.

Ауру басталуының жедел жағдайларында 10 тамшыдан күніне 6 - 8 рет, суда сұйылтып, тамақтануға дейін, ішу арқылы қабылдау керек. Одан әрі жоғарыда көрсетілгендей әдеттегі қабылдауға көшу керек.

Жағдайыңыз нашарлап кетсе немесе 7 күн ішінде жақсара бастамаса, дәрігерге көріну керек.

Созылмалы және қайталанатын аурулар

Емдеу ұзақтығы

Әдеттегі емдеу ұзақтығы 7 – 10 күн.

Ауру симптомдары жоғалғаннан кейін асқынудың профилактикасы үшін препаратты тәулігіне 2 рет қабылдауды тағы 3 – 7 күн бойы жалғастыру ұсынылады.

Созылмалы және қайталанатын аурулар кезінде оң нәтижелерді бекіту үшін 2 – 3 ай бойы препаратты күніне 2 рет (таңертең және кешке) жоғарыда көрсетілгендей қосымша қабылдау ұсынылады.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Препараттың артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар

Егер сіз алдыңғы дозаны өткізіп алған болсаңыз, қос дозаны қолданбаңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге консультацияға жүгіну жөніндегі ұсынымдар

Егер препаратты қолдану әдісіне қатысты күмән туындаса, дәрігермен кеңесіңіз.

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Осы уақытқа дейін Хабифак спаг. Пека қолдану кезінде ешқандай жағымсыз әсерлер анықталған жоқ. Аллергиялық реакцияның алғашқы белгілерінде Хабифак спаг. Пека қабылдауды тоқтату керек.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

1г (= 1.02 мл = 35 тамшы)

10 грамм препарат құрамында:

белсенді заттар:

Acidum formicicum (Құмырсқа қышқылы) D8

1.10 г

Acidum nitricum (Азот қышқылы) D6

1.40 г

Baptisia tinctoria (Бояулық баптизия) D5

1.20 г

Graphites (Графиттер) D8

1.20 г

Hepar sulfuris (Күкірт кальцийлі бауыр) D8

1.10 г

Thuja occidentalis (Батыстық бозарша) D10

1.20 г

Vincetoxicum hirundinaria (Дәрілік мизамшөп) D8

1.30 г

Glechoma hederacea spag. Peka (Шырмауық тектес будра спаг. Пека) D4

1.50 г

қосымша заттар: тазартылған су, лактоза, этанол.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Этанолдың сәл ғана дәмі мен иісі бар түссіз мөлдір сұйықтық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 және 100 мл препараттан түссіз тамшылатқышы мен алғашқы ашылуы бақыланатын полипропиленнен жасалған бұрандалы қақпағы бар III типті гидролитикалық коңыр шыны құтыға салынған.

Құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

5 жыл

Құтыны алғаш ашқаннан кейін – 12 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәліметтер

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ

D-88353 Кисслегг, Германия, Райффейсенштрассе 15

Тел. 0049-7563/91160, факс 0049-7563/2862

e-mail: info@pekana.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ, Германия

D-88353 Кисслегг, Германия, Райффейсенштрассе 15

Тел. 0049-7563/91160, факс 0049-7563/2862

e-mail: info@pekana.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Фирма «Санжар» ЖШС, Алматы қ. 050057, Айманов к-сі 206, 34 п., тел: 248-33-02, e-mail: info@sanzharpharma.kz

Прикрепленные файлы

Хабифак_спаг._Пека_каз_.docx 0.04 кб
Хабифак_спаг._Пека_рус_.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники