Фламиар спаг. Пека

Производитель: ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021562
Информация о регистрации в РК: 29.01.2021 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Фламиар спаг. Пека

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Жақпамай, 35 г, 100 г

Фармакотерапиялық тобы

Сүйек-бұлшықет жүйесі. Буын және бұлшықет ауыруы үшін жергілікті қолдануға арналған препараттар. Бірлескен және бұлшықет ауыруы үшін жергілікті қолдануға арналған басқа препараттар. Басқалары.

АТХ коды M02AX10

Қолданылуы

- жарақаттық зақымданулардың барлық түрлерінде – байламдардың созылуы, шығып кетулер, деформациялар, соғылулар;

- тірек-қимыл аппаратының әр түрлі бөліктерінің қабынуымен байланысты қабыну және дегенеративті үдерістерінде - артрит, полиартрит, тендовагинит, бурсит, миогелез және миалгия.

Фламиар спаг. Пеканы балаларға 1 жастан бастап пайдалануға болады.

Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді ингредиенттердің біріне немесе қосымша заттардың біріне жоғары сезімталдық

- ашық жараларға пайдалануға болмайды

- 1 жасқа дейінгі балаларға

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Қолданылмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Арнайы сақтандырулар

Фламиар спаг. Пеканы ионофорез немесе ультрафонофорез үшін пайдалануға болады.

Гомеопатиялық дәрілік заттармен емдеудің басында организмнің иммундық жүйесі стимуляциясына байланысты (бастапқы реакция) бар аурулардың асқынулары мүмкін. Дәрілер қабылдауды бастапқы реакция қарқындылығын азайтқанға дейін тоқтатқан жөн, содан соң дәрі қабылдауды қайта бастауға болады. Бар аурулар қайталап асқынғанда препарат қабылдауды тоқтатып, емдеуші дәрігерге қаралу қажет.

Гомеопатиялық дәрімен ұзақ емдеудің кез келгенін гомеопатияда тәжірибесі бар дәрігер бақылауы тиіс, өйткені бақылаусыз пайдалану жағымсыз дәрі-дәрмектік симптомдарға (жаңа белгілер) әкелуі мүмкін.

Педиатрияда қолдану

Препарат 1 жастан бастап балаларға арналған ("Қолдануға болмайтын жағдайлар " бөлімін қараңыз).

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті әйелдерде Фламиар спаг. Пеканы қолдану туралы деректер шектеулі. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде репродуктивті уыттылық табылған жоқ. Егер әйелдің клиникалық жағдайы гомеопатиялық терапияны қажет етпесе, Фламиар спаг. Пеканы жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Емшекпен емізуді тоқтату немесе спаг Фламиар емін тоқтату туралы шешім қабылдау қажет, бала үшін емшек емізудің пайдасын және әйел үшін терапияның пайдасын назарға ала отырып.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері\

Фламиар көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне елеулі әсер етпейді немесе әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалану режимі

Ересектер және 1 жастан асқан балалар.

Зақымданған жердің терісіне жұқалап жағып, 5 минут бойы абайлап ысқылау керек. Күніне 1-2 рет қолданады.

Ысқылаудың орнына жақпамайымен таңғышты пайдалануға болады.

Ауру басталуының жедел жағдайларында жақпамайды күніне 4 ретке дейін жағуға болады. Одан әрі жоғарыда көрсетілгендей әдеттегі пайдалануға көшу керек.

Емдеу ұзақтығы

Әдеттегі емнің ұзақтығы 7 – 10 күн.

Егер жағдайыңыз нашарлап кетсе немесе жақсару 7 күннен соң басталмаса, дәрігерге көрініңіз.

Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар

Егер сіз алдыңғы дозаны өткізіп алған болсаңыз, қос дозаны қолданбаңыз.

Созылмалы және қайталанатын аурулар

Созылмалы және қайталанатын аурулар кезінде (мысалы, артриттің созылмалы түрлерінде) оң нәтижелерді бекіту үшін 2 – 3 ай бойы жақпамайды күніне 2 рет (таңертең және кешке) жоғарыда көрсетілгендей қосымша қолдану ұсынылады.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Препараттың артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Кез келген қиындық болған жағдайда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметке кеңес алу үшін хабарласыңыз.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге консультация алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Препаратты қолдану тәсіліне қатысты күмән пайда болған жағдайда емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.

Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар

Препарат компоненттері – цетеарилді және цетилді спирттер – жергілікті тері реакцияларын туындатуы мүмкін (жанаспалы дерматит типті).

Аллергиялық реакциялардың алғашқы белгілері болғанда Фламиар спаг. Пеканы қолдануды тоқтату қажет.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

1 грамм жақпамайдың құрамында:

белсенді заттар

Arnica montana spag. Peka D12

0.035 г

Bryonia cretica spag. Peka D4

0.045 г

Guajacum D4

0.030 г

Toxicodendron querci folium D12

0.040 г

Bellis perennis spag. Peka D8

0.030 г

Ledum palustre D4

0.050 г

Ruta graveolens spag. Peka D6

0.040 г

Viscum album spag. Peka D4

0.050 г

қосымша заттар: орташа ұзындықтағы тізбегімен триглицеридтер, А- типті эмульгациялайтын цетеарилді спирт, цетилді спирт, цетил пальмитаты, тазартылған су.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Иіссіз немесе этанолдың әлсіз иісі бар, ақ біркелкі жақпамай, теріге жеңіл жағылады және жылдам сіңеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

35 г немесе 100 г препараттан ішкі лак жабыны мен бұрандалы пластмасса қалпақшасы бар алюминий сықпаға салынған.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Сықпаны алғаш ашқаннан кейін – 6 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Өндіруші туралы мәліметтер

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ

D-88353 Кисслегг, Германия, Райффейсенштрассе 15

Тел. 0049-7563/91160, факс 0049-7563/2862

e-mail: info@pekana.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ

D-88353 Кисслегг, Германия, Райффейсенштрассе 15

Тел. 0049-7563/91160, факс 0049-7563/2862

e-mail: info@pekana.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«Фирма «Санжар» ЖШС, Алматы қ. 050057, Айманов к-сі 206, о. 34, тел: 248-33-02, e-mail: info@sanzharpharma.kz

Прикрепленные файлы

Инструкция_Фламиар_kz.docx 0.03 кб
Инструкция_Фламиар_ru.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники