Войти

Хондроксид® (таблетки, 250 мг) Хондроитина сульфат

Производитель: Нижфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Chondroitin sulfate
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№013494
Дата регистрации: 18.12.2013 - 18.12.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Хондроксид®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

250 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 250 мг натрий сульфаты хондроитині,

қосымша заттар: кальций стеараты, кросповидон, повидон К-30, микрокристалды целлюлоза, магний гидроксикарбонат пентагидраты.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, беткейі тегіс, ойығы және сызығы бар, ақтан сарғыш немесе крем реңді ақ түске дейінгі таблеткалар, теңбілдері болуына жол беріледі

Фармакотерапиялық тобы

Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Қабынуға қарсы стероидты емес басқа да препараттар. Хондроитин сульфаты

АТХ коды M01AX25

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Ішке орташа емдік дозада бір рет қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына 3-4 сағаттан соң, синовиальді сұйықтықта – 4-5 сағаттан кейін жетеді. Препараттың биожетімділігі 13 % құрайды. Таралуы

Негізінен шеміршек тінінде жинақталады (буын шеміршегінде ең жоғарғы концентрациясына 48 сағаттан соң жетеді); синовиальді қабық оның буын қуыстарына өтуі үшін кедергі болып саналмайды.

Шығарылуы

Бүйрекпен 24 сағ. ішінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Хондроксид® хондростимуляциялаушы, регенерациялаушы және қабынуға қарсы әсер береді, шеміршек және сүйек тінінің негізгі заттарын құруға қатысады; гиалинді және талшықты шеміршектерде зат алмасу үдерісіне әсер етеді. Шеміршек тінінің дегенерация (үгітілу) үдерістерін тежейді және буын шеміршегіндегі қалпына келу үдерістерін көтермелейді.

Хондроксид® протеогликандар биосинтезін көтермелейді, буын қалталары мен шеміршек буындары беткейінің регенерациясына ықпал етеді, қабынуға қарсы әсер етеді. Сүйек тіні резорбциясын баяулатып, кальцийдің жоғалуын азайтады, сүйек тінінің қалпына келу үдерістерін жылдамдатады.

Хондроксид® остеоартроз бен остеохондроздың өршуін баяулатады. Хондроксид® препаратын қолданған кезде зақымданған буынның ауыруын азайтады және қозғалмалылығын жақсартады, бұл ретте емдік әсері емдеу курсын аяқтаған соң ұзақ уақыт сақталады.

Гепаринмен құрылымдық ұқсастығы болғандықтан, синовиальді және субхондральді микроайналым ағынында фибринді тромбтардың түзілуіне кедергі келтіре алады.

Қолданылуы

  • буындар мен омыртқаның дегенеративті-дистрофиялық ауруларында (остеоартроз, оның ішінде самай-төменгі жақ буыны остеоартрозы, спондилоартроз, остеохондроз, остеопороз, хейроартропатиялар)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, 0,5 г-ден (2 таблетка) тәулігіне 2 рет.

Таблетканы судың аздаған мөлшерімен ішіп қабылдайды.

Бастапқы курстың ұсынылатын ұзақтығы 6 айды құрайды. Препараттың емдік әсері орналасқан орны мен аурудың дәрежесіне байланысты, оны тоқтатқаннан кейін 3-5 ай бойы сақталатынын ескерген жөн. Қажет болғанда емдеу курсы қайталануы мүмкін, оның ұзақтығы әр адамға жеке анықталады.

Жағымсыз әсерлері

Сирек (> 0,01%-дан < 0,1% дейін)

  • аллергиялық реакциялар

  • жүрек айнуы, құсу, эпигастрий аумағының ауыруы, метеоризм, диарея

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

  • жүктілік

  • лактация кезеңі

  • қанағыштыққа бейімділік, тромбофлебиттер

  • бүйрек қызметінің айқын бұзылулары

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тікелей емес антикоагулянттардың, антиагреганттардың, фибринолитик-тердің әсерлері күшеюі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты тікелей емес антикоагулянттармен, антиагреганттармен, фибринолитиктермен бірге қолданғанда қан ұю көрсеткіштерін анағұрлым жиі бақылау қажет етіледі. Қан кету немесе оған бейімділікте қолданылмайды.

Дәрілік препараттың автомобилді немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея, шамадан тыс жоғары дозаларда (тәулігіне 3 г жоғары) ұзақ уақыт қабылдаған кезде геморрагиялық бөртпелер болуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық ем жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті немесе поливинилхлорид/поливинилиденхлорид немесе поливинилхлорид/полиэтилен/поливинилиденхлорид немесе ламинатқа бағдарланған полиамид/алюминий/поливинилхлорид үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

6 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

603950, Нижний Новгород қ.,

ҚҚП-459, Салганская к-сі, 7

тел.: (831) 278-80-88

факс: (831) 430-72-28

веб сайт: http://www.nizhpharm.ru

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Нижфарм» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б

тел.: (727) 398-64-91, 398-64-92, 398-64-93, 243-45-03, 243-45-04

факс: (727) 398-64-95

e–mail: almaty@stada.kz

 

Прикрепленные файлы

553896661477976815_ru.doc 49.5 кб
198993771477977971_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники