Войти

Хондрогард® Хондроитина сульфат

Производитель: Сотекс ФармФирма ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Chondroitin sulfate
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№020176
Дата регистрации: 19.04.2018 - 19.04.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Хондрогард®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Бұлшықет ішіне енгізуге арналған 100 мг/мл ерітінді

Құрамы

1 ампуланың ішінде

белсенді зат: хондроитин натрий сульфаты - 100 мг;

қосымша заттар: бензил спирті, натрий метабисульфиті, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Бензил спиртінің иісі бар мөлдір түссіз немесе сәл сарғыштау реңді ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Қабынуға қарсы стероидты емес басқа да препараттар.

АТХ коды M01AX25

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін хондроитин сульфаты жылдам таралады. Инъекциядан кейін 30 минуттан соң-ақ ол қанда елеулі концентрацияларда анықталады. Плазмада хондроитин сульфатының ең жоғары концентрациясына (Cmax) 1 сағаттан кейін жетеді содан соң 2 тәулік ішінде біртіндеп төмендейді.

Хондроитин сульфаты, ең бастысы, буындардың шеміршек тінінде жинақталады. Синовиальді қабық оның буын қуыстарына өтуі үшін кедергі болып саналмайды. Эксперименттерде бұлшықет ішіне инъекциядан кейін 15 мин соң хондроитин сульфаты синовиальді сұйықтықта анықталып, содан соң оның Cmax 48 сағаттан кейін жететін буын шеміршегіне өтетіні көрсетілген. Организмнен 24 сағат ішінде шығарылады. Негізінен бүйрекпен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Хондроитин сульфаты - гиалин шеміршегінде зат алмасу үдерісіне әсер ететін жоғары молекулалы мукополисахарид. Буындар шеміршек тіндерінде дегенеративтік өзгерістерді азайтады, оның қалпына келу үдерістерін тездетеді, протеогликандар синтезін көтермелейді, хондропротективті, қабынуға қарсы, ауыру басатын әсер береді. Препаратпен емдегенде ауырсыну азаяды және зақымданған буындардың қозғалғыштығы жақсарады. Буындардың салдарлы синовит дамуы бар дегенеративтік өзгерістерін емдеу кезіндегі оң әсері препарат енгізуді бастағаннан кейін 2-3 аптадан соң-ақ байқалуы мүмкін, буындардың ауыруы азаяды, реактивті синовиттің клиникалық көріністері жоғалады, зақымданған буындардың қозғалыс көлемі артады. Емдік әсері емдеу курсынан кейін ұзақ уақыт сақталады.

Қолданылуы

Буындар мен омыртқаның дегенеративті-дистрофиялық ауруларында:

  • негізінен ірі буындар зақымданған остеоартрозда

  • омыртқа аралық остеохондрозда

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты бұлшықет ішіне 100 мг-ден күнара тағайындайды. Жақсы көтере алған жағдайда төртінші инъекциядан бастап дозаны 200 мг дейін арттырады.

Емдеу курсы - 25-30 инъекция. Қажет болғанда емдеу курсын 6 айдан кейін қайталап жүргізуге болады.

Жағымсыз әсерлері

Аллергиялық реакциялар (терінің қышынуы, эритема, есекжем, дерматит), инъекция орнындағы геморрагиялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа немесе оның компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • қан кету және қан кетуге бейімділік

  • тромбофлебит

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен үйлестіре қолданғанда Хондрогард қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер дозасын төмендетуге мүмкіндік береді. Препарат тікелей емес антикоагулянттардың, антиагреганттардың, фибринолитиктердің әсерін күшейтеді, бұл бірге қолданған кезде қан ұю көрсеткіштерін барынша жиі бақылауды қажет етеді.

Айрықша нұсқаулар

Тұрақты клиникалық әсеріне қол жеткізу үшін Хондрогардтың кем дегенде 25 инъекциясы қажет. Өршудің алдын алу үшін емдеу курсын қайталау көрсетілген.

Педиатрияда пайдалану

Қазіргі кезде хондроитин сульфатты балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ.

Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Қазіргі уақытта хондроитин сульфатының артық дозалану жағдайлары хабарланбаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бұлшықет ішіне енгізуге арналған 100 мг/мл ерітінді.

Түрлі-түсті сындыру сақинасы немесе түрлі-түсті нүктесі мен кертігі және/немесе қосымша түрлі-түсті сәйкестік сақиналары немесе өзге кодталуы бар түссіз бейтарап шыны ампулада 1 мл-ден.

5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан, немесе полимер үлбірден жасалған, немесе фольгасыз және үлбірсіз пішінді ұяшықты қаптамада.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеде.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ФармФирма «Сотекс» жабық акционерлік қоғамы, Ресей

141345, Мәскеу обл., Сергиев-Посад муниципалдық ауданы,

Березняков елді мекені , Беликово кенті, 11 үй

Тел./факс: (495) 956-29-30.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«ФармФирма «Сотекс» жабық акционерлік қоғамы, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«EL Company (ЕЛ компани)» ЖШС, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Масанчи к-сі, 98А, 41 кеңсе

Телефон: (727) 292-26-30, факс: 292-26-37.

 

Прикрепленные файлы

821121581477976850_ru.doc 43 кб
442825471477978007_kz.doc 71 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники