Войти

Фито - чай мочегонный Девясила корневища и корни, Солодки корни (Лакрица деглицирризированная), Толокнянки обыкновенной листья, Череды трава

Производитель: Эко-Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения урологических заболеваний
Номер регистрации: № РК-ЛС-3№020983
Дата регистрации: 14.11.2014 - 14.11.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Несеп айдайтын фито-шай

Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА)

Жоқ

Дәрілік түрі

Фито-шай 1,5 г

Құрамы

1,5 г препараттың құрамында

белсенді заттар: аюқұлақ жапырақтары 0,500г

мия тамыры 0,400г

андыз тамыр сабақтары мен тамырлары 0,300г

итошаған шөбі 0,300г

Сипаттамасы

Тесіктерінің диаметрі 1,0мм електен өтетін қоңырлау жасыл түсті ұнтақ. Хош иісті. Дәмі тәтті, шырыштылығы сезіледі.

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.

ATX коды G04BX

Фармакологиялық қасиеттері

Аюжидек шөбі құрамында организмде гидрохинон түзе отырып, ыдырайтын гликозид арбутин (6%), сондай-ақ органикалық қышқылдар, иіткіш заттар бар. Гидрохинонның күшті бактерицидтік қасиеттері негізінде диурездік, антисептикалық әсер етеді, олар организмде арбутин гидролизі кезінде түзіледі және несеппен шығарылады.

Мия тамыры құрамында көмірсулар, оның ішінде моно- және поли- сахаридтер (глюкоза, фруктоза, мальтоза, крахмал, целлюлоза), органикалық қышқылдар, эфир майлары, тритерпеноид глицирризин қышқылы бар. Спазмолитикалық, қабынуға қарсы, жараны жазатын, қақырық түсіретін әсер береді.

Итошаған шөбі құрамында флаваноид, кумариндер, каротин, С витамині, иіткіш заттар бар. Итошаған шөбі белсенді заттарының тер шығаратын, несеп айдайтын әсері бар, асқорытуды жақсартады, зат алмасуды қалпына келтіреді.

Андыз тамыры құрамында 3% дейін лактон және 3% дейін эфир майы болады, олардың қақырық түсіретін, қабынуға қарсы, өт айдайтын, несеп айдайтын, зат алмасуды стимуляциялайтын әсері бар. Фито-шай дәрілік өсімдіктері құрамына кіретін флаваноидты гликозидтер, полисахаридтер, лактондар, эфир майлары, иіткіш заттар, органикалық қышқылдар, витаминдер және басқа да биологиялық белсенді заттар есебінен қабынуға қарсы, антисептикалық, несеп айдайтын және спазмолитикалық әсер етеді. Несеп ағар тегіс бұлшықеттері түйілуін басады, организмде су-тұз теңгерімін қалыпқа түсіреді, бүйректен құмның шығарылуына ықпал етеді.

Қолданылуы

Несеп шығару жүйесі ауруларды емдеудің кешенді емі құрамында:

-пиелитте

-циститте

-несеп-тас ауруында

-простатитте

Қолдану тәсілі және дозалары

1 сүзгі-пакетті 100-150 мл қайнаған сумен демдеп, 10-15 минут тұндырып қояды, жылы күйінде күніне 2-3 рет қабылдау керек. Балаларға 5 жастан бастап 10-15 мл-ден күніне 2 рет. Емдеу курсы 20-30 күн.

Жағымсыз әсерлері

Болуы мүмкін:

- препараттың құрамдас компоненттеріне аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік, лактация кезеңі

- 5 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Дайындалған қайнатпаны салқын жерде 1 тәуліктен артық сақтауға болмайды. Қолданар алдында шайқау қажет.

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

1,5 г препараттан бір рет қолдануға арналған сүзгі-пакетке салынған. 20 сүзгі-пакеттен картон пәшкеге салынады, оған қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қысқаша аннотация жазылады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан, Жамбыл филиалы, Жамбыл облысы, Тараз қ., . Төле би д-лы, 3 Тел/факс 8(7262) 45-63-12 E-mail: taraz@ecopharm.kz

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан, Шымкент қ., 18мкр, 54/12

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., 18 ы/а, 54/12

Тел/факс 8(7252) 55-60-82; 55-60-89 E-mail: office@ecopharm.kz

Прикрепленные файлы

091676791477976636_ru.doc 45 кб
931631671477977788_kz.doc 50.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники