Войти

Фито - чай желчегонный с кукурузными столбиками с рыльцами Зверобоя продырявленного трава, Кукурузы столбики с рыльцами, Мяты перечной листья, Череды трава

Производитель: Эко-Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинация препаратов для лечения заболеваний печени и желчевыводящих путей
Номер регистрации: № РК-ЛС-3№021070
Дата регистрации: 12.01.2015 - 12.01.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Шашақты жүгері собықтарымен өт айдайтын фито-шай

Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА)

Жоқ

Дәрілік түрі

Фито-шай 1,5 г

Құрамы

1,5 г препараттың құрамында

белсенді заттар: шашақты жүгері собықтары 0,5 г

шайқурай шөбі 0,4 г

жалбыз жапырақтары 0,3 г

итошаған шөбі 0,3 г

Сипаттамасы

1000мкм електен өтетін қоңырлау жасыл түсті ұнтақ. Әлсіз хош иісті. Дәмі татымды-ащы, сәл тұтқыр.

Фармакотерапиялық тобы

Бауыр және өт шығару жолдары ауруларын емдеуге арналған препараттар біріктірілімі.

ATX коды А05С

Фармакологиялық қасиеттері

Шайқурай шөбінің құрамында флавоноидтар, каротиноидтар, антрацен туындылары бар. Шайқурай шөбінің белсенді заттары тұтқырлы, өт айдағыш, қабынуға қарсы әсер етеді.

Жалбыз жапырақтары ауыруды басатын, өт айдағыш және түйілуді басатын әсер береді, асқазан-ішек жолы және бауыр секрециясын қоздырады, тәбетті арттырады. Шырышты қабық рецепторларын тітіркендіріп, жалбыз антисептикалық және жергілікті жансыздандыратын әсер етеді.

Итошаған шөбі құрамында эфир майы, иіткіш заттар - полифенолдар, аскорбин қышқылы, каротин, флавоноидтар бар. Итошаған шөбі белсенді заттары несеп айдайтын, қабынуға қарсы қасиеттерге ие.

Жүгері шашақтарының құрамында мынадай биологиялық белсенді заттар бар: майлы майлар, ащы гликозидтер, сапониндер, аскорбин және пантотен қышқылы, К витамині, инозит, шайырлы және қантты заттар, танин, шайыр. Олар өт секрециясын ұлғайтады. Жүгері шашақтары өт айдайтын әсер береді, диурездік қасиеттері бар. Дәрілік заттың құрамына кіретін биологиялық белсенді заттар есебінен препарат өт айдағыш, несеп айдайтын, қабынуға қарсы әсер етеді.

Қолданылуы

Ас қорытудың бұзылуында, бауыр, несеп шығару жолдарының қабыну аурулары кезінде кешенді ем құрамында:

  • холециститте

  • холангитте

  • несеп жолдары дискинезиясында

Қолдану тәсілі және дозалары

1 сүзгі-пакетті 100-150 мл қайнаған сумен демдеп, 10-15 минут тұндырып қояды, жылы күйінде күніне 3 рет қабылдау керек. Балаларға 12 жастан бастап 15-20 мл-ден күніне 2 рет. Емдеу курсы 3 апта.

Жағымсыз әсерлері

Болуы мүмкін:

- препараттың құрамдас компоненттеріне аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балалар

- несептас ауруы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Дайындалған қайнатпаны салқын жерде 1 тәуліктен артық сақтауға болмайды. Қолданар алдында шайқау қажет.

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты балалар тәжірибесінде 12 жастан бастап және дәрігердің тағайындауы бойынша қолданады.

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

1,5 г препараттан бір рет қолдануға арналған сүзгі-пакетке салынған. 20 сүзгі-пакеттен картон қорапқа салынады, оған қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қысқаша аңдатпа жазылады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан, Жамбыл филиалы,

Жамбыл облысы, Тараз қ., . Төле би д-лы, 3

Тел/факс 8(7262) 45-63-12

E-mail: taraz@ecopharm.kz

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан, Шымкент қ., 18 ы/а, 54/12

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ЭКО-ФАРМ» ЖШС, Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., 18 ы/а, 54/12

Тел/факс 8(7252) 55-60-82; 55-60-89 E-mail: office@ecopharm.kz

 

Прикрепленные файлы

166153421477976522_ru.doc 48.5 кб
403966281477977677_kz.doc 52 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники