Войти

Тиотриазолин (200 мг) Тиотриазолин

Производитель: Киевмедпрепарат ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний сердца
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№019381
Дата регистрации: 08.11.2017 - 08.11.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Тиотриазолин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

200 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 200 мг тиотриазолин 100 % затқа шаққанда,

қосымша заттар: картоп крахмалы, повидон, кальций стеараты, микрокристалды целлюлоза, қант ұнтағы

Сипаттамасы

Тегіс беткейлі, ойығы мен сызығы бар дөңгелек пішінді, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар. Жүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Кардиотоникалық басқа да препараттар.

АТХ коды С01Е В

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы. Препараттың салыстырмалы биологиялық тиімділігі – 64,5 %, жартылай сіңу кезеңі – 0,28 сағат, жартылай шығарылу кезеңі – 1,3 сағат, қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына 1,18 сағаттан кейін жетеді, қан ақуыздарымен байланысуы 10 %-дан аспайды. Препарат жүрек, бауыр, көкбауыр, тік ішек және бүйрек тіндеріне елеулі концентрацияларда, өкпелерде және аш ішекте аздаған мөлшерде жиналады. Тиотриазолин асқазанның қышқылдылығына ықпалын тигізбейді және негізінен, бүйректер арқылы бөлініп шығады.

Фармакодинамикасы. Тиотриазолиннің фармакологиялық әсері ишемияға қарсы, жарғақшаны тұрақтандырғыш, антиоксидантты және иммунитетті модулдеуші әсер етумен жүзеге асады.

Препараттың әсер етуі анаэробтық гликолиздің компенсаторлы белсенділенуінің және Кребс циклында, жасушаішілік АТФ қорының сақталып, тотығу үдерістерінің белсенділенуінің күшеюі есебінен жүзеге асады. Тиотриазолин молекуласының құрылымында тотығу-тотықсыздану қасиеттері тән тиол күкіртінің, және сутегі иондарының артығын байланыстыратын үштік азоттың болуы антиоксидантты жүйенің белсенділенуін жүзеге асырады. Тиол тобының күшті тотықсыздандырғыш қасиеттері оттегінің белсенді түрлерімен және липидтік радикалдармен реакциясын тудырады. Радикалға қарсы ферменттердің –супероксиддисмутазаның, каталазаның және глутатионпероксидазаның реактивациясы – оттегінің белсенді түрлерінің инициациясын болдырмайды.

Тиотриазолиннің әсері миокардтың ишемияланған жерлерінде липидтердің тотығу үдерісін тежейді, миокардтың катехоламиндерге сезімталдығын азайтады, жүректің жиырылу қызметінің үдеп басылуына жол бермейді, миокардтың некроз аймағын және ишемиясын сәйкесінше азайтады және тұрақтандырады. Қанның реологиялық қасиеттерінің жақсаруы фибринолитикалық жүйенің белсенділенуі есебінен жүзеге асады. Миокард метаболизмі үдерісінің жақсаруы, оның жиырылғыштық қызметінің жоғарылауы жүрек ырғағының қалыпты болуына мүмкіндік береді, ол тиотриазолинді жүректің ишемиялық ауруларының алуан түрлеріне шалдыққан науқастарды емдеу үшін ұсынуға мүмкіндік береді.

Препаратты кардиологияда қатарластыра қолданумен бірге, тиотриазолинді бауыр және басқа ішкі ағзалар ауруларын емдеген кезде, оның жоғары гепатопротекторлы қасиеттерін есепке ала отырып, қолданады. Препарат гепатоциттердің бұзылуына жол бермейді, май инфильтрациясының дәрежесін және бауырдың центролобулярлы некроздарының таралуын төмендетеді, гепатоциттердің репаративті регенерация үдерістеріне мүмкіндік береді, оларда ақуыздық, көмірсулық, липидтік және пигменттік алмасуды қалыпқа келтіреді. Өттің синтезі мен бөлініп шығу жылдамдығын арттырады, олардың химиялық құрамын қалыпты етеді.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

- жүректің ишемиялық ауруларында (стенокардия, миокард инфарктісі, инфарктіден кейінгі кардиосклероз), жүрек аритмиясында

- этиологиясы алуан түрлі созылмалы гепатиттерде (оның ішінде алкогольдік гепатитте), бауыр циррозында

Қолдану тәсілдері және дозасы

Жүктемелік және тыныштық күйдегі стенокардия, миокард инфарктісі, инфарктен кейінгі кардиосклероз кезінде – ішке 100-200 мг тәулігіне 3-4 рет 20-30 күн бойы. Жүрек ырғағы бұзылған кезде – 100-200 мг ішке немесе тіл астына тәулігіне 3 рет.

Бауыр аурулары кезінде әдетте ересектерге 20-30 күн бойы 100-200 мг ішке тәулігіне 3-4 рет тағайындалады.

Емдеу курсының ұзақтығын ауырлығына және ауыру ағымы динамикасына қарай дәрігер жекелей белгілейді.

Бір реттік 100 мг дозаны қабылдау қажет болған жағдайда препаратты тиісті дозада қабылдайды.

Жағымсыз әсерлері

Препараттың, әдетте көтерімділігі жақсы.

Өте сирек мынадай жағымсыз әсерлері де болуы мүмкін:

- қышу, тері гиперемиясы, бөртпе, есекжем, ангионевротикалық ісіну, анафилактикалық шок

- бас айналу, құлақтың шуылдауы

- диспепсиялық көріністері - ауыздың құрғауы, жүрек айну, құсу, іштің кебуі

- ентігу, тұншығу

- қызба, жалпы әлсіздік.

Тіркеуден кейінгі бақылау кезеңінде сондай-ақ тиотриазолинді қабылдаумен байланысты екендігі дәлелденбеген реакциялар байқалған:

- артериялық гипертензия, тахикардия.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • тиотриазолинге және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • бүйрек жеткіліксіздігі

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

  • тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тиотриазолинді кардиопротекторлы препарат ретінде жүректің ишемиялық ауруын емдейтін базистік дәрілермен біріктіріп қолдануға болады. Гепатопротекторлы дәрі ретінде этиологиясы сәйкес келетін гепатиттерді емдеудің дәстүрлі әдістерін тағайындаумен біріктірілуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолданылуы

Препараттың жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолданылуы зерттелмеген.

Балалар

Препаратты балаларға қолданудың тәжірибесі жеткіліксіз.

Автокөлікті басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу кезінде реакция жылдамдығына әсер ету қабілеті

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: натрий мен калий концентрациясының несепте жоғарылауы.

Емі: симптоматикалық ем, препаратты тоқтату.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

9 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 оС -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

“Киевмедпрепарат” ААҚ

Украина, 01032, Киев қ., Саксаганский к-сі, 139

Тіркеу куәлігінің иесі

“Киевмедпрепарат” ААҚ

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасындағы «Артериум» корпорациясының өкілдігі

050060, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе

Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10; Е-mail: office@arterium.kz

Прикрепленные файлы

106798611477977026_ru.doc 54 кб
702381281477978203_kz.doc 56 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники