Войти

Тиотриазолин (100 мг) Тиотриазолин

Производитель: ПАО Киевмедпрепарат
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний сердца
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№021159
Дата регистрации: 26.01.2015 - 26.01.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Тиотриазолин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

100 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 100 мг тиотриазолин 100 % затқа шаққанда,

қосымша заттар: картоп крахмалы, повидон, қант ұнтағы, микрокристалды целлюлоза, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, тегіс беткейлі, ойығы бар, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүрек ауруларын емдеуге арналған препараттар. Жүрек ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Кардиотоникалық басқа да препараттар.

АТХ коды С01Е В

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы. Ішке қабылдағаннан кейін препарат жылдам сіңеді, оның абсолютті биожетімділігі 53 % құрайды. Қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына 200 мг дозада бір реттік қабылдаудан соң 1,6 сағаттан кейін жетеді. Жартылай шығарылу кезеңі 8 сағатқа дейін болады.

Фармакодинамикасы. Тиотриазолиннің фармакологиялық әсері ишемияға қарсы, жарғақша тұрақтандыратын, антиоксиданттық және иммунитетті модулдеуші әсер етумен жүзеге асады.

Препараттың әсер етуі анаэробтық гликолиздің компенсаторлы белсенділенуінің және Кребс циклында, жасушаішілік АТФ қорының сақталып, тотығу үдерістерінің белсенділенуінің күшеюі есебінен жүзеге асады. Тиотриазолин молекуласының құрылымында тотығу-тотықсыздану қасиеттері тән тиол күкіртінің, және сутегі иондарының артығын байланыстыратын үштік азоттың болуы антиоксиданттық жүйенің белсенділенуін жүзеге асырады. Тиол тобының күшті тотықсыздандырғыш қасиеттері оттегінің белсенді түрлерімен және липидтік радикалдармен реакцияны тудырады. Радикалға қарсы ферменттердің –супероксиддисмутазаның, каталазаның және глутатионпероксидазаның реактивациясы – оттегінің белсенді түрлерінің инициациялануын болдырмайды.

Тиотриазолиннің әсері миокардтың ишемияланған жерлерінде липидтердің тотығу үдерісін тежейді, миокардтың катехоламиндерге сезімталдығын азайтады, жүректің жиырылу функциясының өршімей бәсеңдеуіне жол бермейді, миокардтың некроз аймағын және ишемиясын сәйкесінше азайтады және тұрақтандырады. Қанның реологиялық қасиеттерінің жақсаруы фибринолитикалық жүйенің белсенділенуі есебінен жүзеге асады. Миокард метаболизмі үдерісінің жақсаруы, оның жиырылғыштық қызметінің жоғарылауы жүрек ырғағының қалыпты болуына мүмкіндік береді, ол тиотриазолинді жүректің ишемиялық ауруларының алуан түрлеріне шалдыққан науқастарды емдеу үшін ұсынуға мүмкіндік береді.

Препаратты кардиологияда қатарластыра қолданумен бірге, тиотриазолинді бауыр және басқа ішкі ағзалар ауруларын емдеген кезде, оның жоғары гепатопротекторлық қасиеттерін есепке ала отырып, қолданады. Препарат гепатоциттердің бұзылуына жол бермейді, май инфильтрациясының дәрежесін және бауырдың центролобулярлы некроздарының таралуын төмендетеді, гепатоциттердің репаративті регенерация үдерістеріне мүмкіндік береді, оларда ақуыздық, көмірсулық, липидтік және пигменттік алмасуды қалыпқа келтіреді. Өттің синтезі мен бөлініп шығу жылдамдығын арттырады, олардың химиялық құрамын қалыпты етеді.

Қолданылуы

Кешенді емдеуде:

- жүректің ишемиялық ауруларында: стенокардия, миокард инфарктісі, инфарктіден кейінгі кардиосклероз, жүрек аритмиясында

Кешенді емдеуде:

- этиологиясы алуан түрлі созылмалы гепатиттерде, оның ішінде алкогольдік гепатитте

- бауыр циррозында

Қолдану тәсілі және дозалары

Жүктемелік және тыныштық күйдегі стенокардия, миокард инфарктісі, инфарктен кейінгі кардиосклероз кезінде – ішке 100-200 мг (1-2 таблетка) тәулігіне 3-4 рет 20-30 күн бойы.

Жүрек ырғағы бұзылған кезде – 100-200 мг (1-2 таблетка) ішке немесе тіл астына тәулігіне 3 рет.

Бауыр аурулары кезінде әдетте ересектерге 100-200 мг (1-2 таблетка) ішке тәулігіне 3-4 рет 20-30 күн бойы тағайындалады.

Емдеу курсының ұзақтығын ауырлығына және ауыру ағымы динамикасына қарай дәрігер жекелей белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

Препараттың, әдетте көтерімділігі жақсы.

Жоғары жекелей сезімталдығы бар науқастарда сирек туындауы мүмкін:

- қышыну, тері гиперемиясы, бөртпе, есекжем, ангионевротикалық ісіну

Кешенді ем қабылдағанда, негізінен егде жастағы емделушілерде жекелеген жағдайлар сипатталған:

- анафилактикалық шок

- бас айналу, құлақтың шуылдауы

- ауыздың құрғауы, жүрек айну, құсу; іштің кебуі

- ентігу, тұншығу

- қызба, жалпы әлсіздік.

Тіркеуден кейінгі бақылау кезеңінде сондай-ақ тиотриазолинді қабылдаумен байланысты екендігі дәлелденбеген реакциялар байқалған:

- артериялық гипертензия, тахикардия.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • тиотриазолинге және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • бүйрек жеткіліксіздігі

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тиотриазолинді кардиопротекторлық препарат ретінде жүректің ишемиялық ауруын емдейтін базистік дәрілермен біріктіріп қолдануға болады. Гепатопротекторлық дәрі ретінде гепатиттерді емдеудің дәстүрлі әдістерін тағайындаумен біріктірілуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолданылуы

Препаратты жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.

Балалар

Препаратты балаларға қолданудың тәжірибесі жеткіліксіз.

Автокөлікті басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу кезінде реакция жылдамдығына әсер ету қабілеті

Қазіргі сәтте хабарламалар жоқ, алайда бас айналудың даму мүмкіндігін ескерген жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: натрий мен калий концентрациясының несепте жоғарылауы.

Емі: симптоматикалық ем, препаратты тоқтату.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

5 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 оС -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

“Киевмедпрепарат” ЖАҚ

Украина, 01032, Киев қ., Саксаганский к-сі, 139.

Тіркеу куәлігінің иесі

“Киевмедпрепарат” ЖАҚ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Артериум» корпорациясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі

050060, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе

Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10;

Е-mail: Almaty@arterium.ua

Прикрепленные файлы

825055071477976556_ru.doc 52.5 кб
076480571477977716_kz.doc 57 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники