Войти

ТераФлю® (11.5 г) Парацетамол, Фенилэфрин, Фенирамин

Производитель: Новартис Консьюмер Хелс Инк.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Парацетамол в комбинации с другими препаратами (исключая психолептики)
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№018734
Дата регистрации: 15.02.2012 - 15.02.2017

Инструкция

Саудалық атауы

ТераФлю

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Iшке қабылдау үшiн ерiтiндi дайындауға арналған орман жемісінің дәмі бар дозаланған ұнтақ, 11.5 г

Құрамы

Бір пакеттің ішінде

белсенді заттар: 325 мг парацетамол (түйіршіктерде)

20 мг фенирамин малеаты

10 мг фенилэфрин гидрохлориді,

қосымша заттар: сахароза, сусыз лимон қышқылы, натрий цитраты дигидраты, табиғи таңқурай хош иістендіргіші (WONF Duramore® 860385 TD0994), табиғи мүкжидек хош иістендіргіші (WONF Duramore® 861149 TD2590), үш негізді кальций фосфаты, мальтодекстрин, калий ацесульфамы, кремнийдің қостотығы, магний стеараты, қызыл бояғыш FD&C №401, көк бояғыш FD&C №12

Сипаттамасы

Күлгін түйіршіктері бар ірі дәнді сусымалы ақтан ақ дерлік түске дейінгі ұнтақ. Құрамында жұмсақ кесектері болуына жол беріледі.

 

Фармакотерапиялық тобы

Анальгетиктер. Анальгетиктер - басқа да антипиретиктер. Анилидтер. Басқа препараттармен біріктірілген парацетамол (психолептиктерді қоспағанда).

АТХ коды N02 ВЕ51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Парацетамол ішке қабылдағаннан кейін асқазан-ішек жолынан, көбіне жіңішке ішекте тез сіңіріледі. Тіндерде, май тіндері мен жұлын сұйықтығын қоспағанда, негізінен, организмнің сұйық ортасында кең таралады.

Абсолютті биожетімділігі - 80. Ақуыздармен байланысуы 10-дан аз құрайды, көбіне бауырда метаболизденеді. Парацетамолдың жартылай шығарылу кезеңі шамамен 1-3 сағат аралығында ауытқып отырады.

Фенилэфрин гидрохлориді ішек қабырғасында және бауыр арқылы «алғаш өту» кезінде метаболизденеді. Биожетімділігі тек 40 құрап, 1-2 сағат ішінде ең жоғары плазмалық концентрациясына жетеді. Орташа жартылай шығарылу кезеңі 2-3 сағат құрайды.

Фенирамин малеатын ішке қабылдағанда емдік әсері 1 сағат ішінде басталып, 24 сағатқа дейін созылады. Негізінен, несеппен өзгермеген күйде және 70-83-ы метаболиттер түрінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Терафлю – біріктірілген препарат, қызу түсіретін, деконгестивті, анальгетикалық және антигистаминдік әсерге ие.

Терафлю құрамындағы парацетамолдың есебінен, простагландиндер синтезін тежейді, көбінесе гипоталамустағы жылу реттеу орталығына ықпал етіп, сол арқылы ауыруды сездірмейтін, қызу түсіретін, қабынуға қарсы әсер етеді. Фенирамин малеаты есебінен Терафлю Н1-гистаминорецепторларын бөгейді, антигистаминдік әсер танытады және мұрынның бітелуі, түшкіру, көзден жас ағу сияқты белгілердің жылдам жойылуын қамтамасыз етеді.

Фенилэфрин гидрохлориді, мұрынның шырышты қабығының ісінуі мен гиперемиясын және экссудация құбылыстарын азайта отырып, вазоконстрикторлы әсер етеді.

Қолданылуы

- жоғары температурамен, қалтыраумен, қызбамен, бас ауырумен, ринит құбылыстарымен, түшкірумен және бұлшықеттер ауыруымен қатар жүретін жедел респираторлық вирус жұқпаларында, тұмауда қысқа мерзімді симптоматикалық ем жүргізу ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Пакеттің ішіндегісін 200-250 мл қайнаған ыстық суда ерітеді. Ыстық күйінде қолданады.

Қайталанатын дозасын әр 4-6 сағат сайын (24 сағат ішінде 3 дозадан көп емес) қабылдауға болады.

ТераФлюді тәуліктің кез-келген мезгілінде қолдануға болады, бірақ препаратты түнге қарай ұйықтар алдында қабылдау ең жақсы тиімділік береді. Егер препаратты қабылдауды бастағаннан кейін 3 күн ішінде белгілердің жеңілдеуі байқалмаса, дәрігерге қаралу қажет.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін (бөртпе, қышыну, есекжем, ангионевротикалық ісіну)

- жоғары қозғыштық және ашушаңдық

- психомоторлық реакциялар жылдамдығының төмендеуі

- шаршау сезімі, ұйқышылдық

- ауыздың құрғауы

- несептің іркілуі

- асқазан-ішек жолы қызметінің бұзылулары (іштің қатуы, диарея, кекіру, жүрек айнуы, құсу, асқазанның ауыруы)

- тахикардия, артериялық қысымның жоғарылауы

- бас айналу, бас ауыруы, ұйқының бұзылуы

- мидриаз, аккомодация парезі, көзішілік қысымның көтерілуі.

Парацетамолдың болуы ескеріліп: сирек – қан жүйесінің бұзылуы (анемия, тромбоцитопения, лейкопения, агранулоцитоз); жоғары дозаларды ұзақ қабылдағанда – гепатоуытты және нефроуытты әсер, гемолитикалық анемия, метгемоглобинемия, панцитопения болуы мүмкін. Ацетилсалицил қышқылын көтере алмайтын науқастарда кейде бронх демікпесі ұстамалары байқалады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың жекелеген компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бауыр, бүйрек, жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр аурулары

- артериялық гипертензия

- қуық асты безінің аденомасында несеп шығарудың қиындауы

- қуықтың обструкциясы

- асқазан қақпасы мен он екі елі ішектің бітелуі (пилородуаденальді обструкция)

- қант диабеті

- өкпе аурулары, соның ішінде бронх демікпесі

- жабық бұрышты глаукома

- эпилепсия

- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа ферментінің тапшылығы

- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Парацетамолдың гепатоуытты әсерінің қаупі туберкулезді емдеуде пайдаланылатын рифамципинді, изониацидті бір мезгілде тағайындағанда артады. Парацетамолды қабынуға қарсы стероидты емес (ҚҚСП) препараттармен бір мезгілде қолдану бүйрекке ҚҚСП тарапынан жағымсыз әсерлердің даму қаупін арттырады.

Фенилэфрин моноаминооксидаза тежегіштерін, альфа- және бета- бөгегіштерді, фенотиазиндік типтегі антигистаминдік дәрілерді, бронхты кеңейтетін симпатомиметикалық дәрілерді, үшциклдық антидепрессанттарды, гаунетидин немесе атропинді, Rauwolfa және Digitalis тобының алкалоидтарын, индометацинді, метилдопаны, теофилинді, орталық жүйке жүйесін көтермелейтін басқа дәрілерді бір мезгілде тағайындағанда жағымсыз әсерлер туғызуы мүмкін. Сондай-ақ, фенилэфриннің оксиуытты препараттармен өзара әрекеттескендегі жоғары тамыр тарылтқыш әсері туралы, сирек жағдайларда жалпы анестезия дәрілерімен біріктіріп пайдаланғанда, аритмия дамығаны айтылды. Қастауыштың алкалоидты препараттарын көктамыр ішіне қолданатын науқастарда қан қысымының күрт жоғарылау қаупі де бар.

Фенирамин тыныштандыратын дәрілердің, этанолдың, моноаминооксидаза тежегіштерінің, үшциклдық антидепрессанттардың, барбитураттардың, транквилизаторлардың, есірткілік препараттардың, Паркинсон ауруы кезінде қолданылатын дәрілердің әсерін күшейтеді. Фенирамин антикоагулянттардың әсерін бәсеңдетеді және прогестеронмен, резерпинмен және тиазидтік диуретиктермен өзара әрекеттеседі. Контрацептивтік препараттар ішке қолданғанда фенираминнің антигистаминдік әсерін төмендетуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Ұсынылған дозаларын арттыру және препаратты қатарынан 5 күннен артық қолдану ұсынылмайды, егер симптомдар басылмаса, препаратты қабылдауды тоқтату және дәрігерге қаралу керек.

Бауырдың уытты зақымдануына жол бермеу үшін препаратты алкоголь ішімдіктерін қолданумен және құрамында парацетамолы бар басқа препараттармен үйлестірмеген дұрыс. Жүрек-қантамыр ауруларынан зардап шегетін 70 жастан асқан науқастарға фэнилэфриннің тамырды тарылтатын әсері болғандықтан сақ болу керек. Сондай-ақ, фэнилэфрин спортшыларда допинг бақылауын жүргізгенде жалған оң нәтиже беруі мүмкін.

Қуықасты безінің гипертрофиясында, бауыр, бүйрек, қалқанша без ауруларында сақ болу керек.

Препараттың құрамында сахароза бар, соған байланысты, препарат қант диабеті, тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы және глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар науқастарға қарсы көрсетілімді.

Бүлінген пакеттердегі препаратты пайдалануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерінің бірі ұйқышылдық болғандықтан, емделу кезеңінде автокөлік немесе зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялардың жоғары жылдамдығын талап ететін басқа механизмдерді басқаруға ұсынылмайды.

Артық дозалануы

Белгілері: жүрек айнуы, құсу, эпигастрий аймағындағы ауырулар, гепатоуытты және нефроуытты әсерлер, ары қарай қозуға ұласатын ұйқышылдық, көру бұзылыстары, бас ауыруы, қанайналым бұзылыстары, гипертензия, брадикардия, ауыр жағдайларда – бауыр жеткіліксіздігі, конвульсиялар, энцефалопатия және коматозды ахуал, «атропин тәрізді психоз»

Емі: парацетамолдың у қайтарғысы ретінде N-ацетилцистеинді дер кезінде енгізу. Асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір қабылдау, тыныс алу мен қан айналымын мониторингілеу. (Адреналинді қолдануға болмайды!). Құрысу ұстамаларында диазепамды қолдануға болады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

11,5 г-ден жиынтық материалдан (полиэтилен, алюминий фольга, полиэтилен/қағаз) жасалған пакеттерде.

10 пакеттен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Новартис Консьюмер Хелс Инк.», АҚШ

Тіркеу куәлігі иесі

«Новартис Консьюмер Хелс СА», Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «Новартис Фарма Сервисез АГ» филиалы

Алматы қ., Жамақаев к-сі, 155 А

тел.: (727) 258-12-91

факс: (727) 250-64-63

http://leknet.lek.si

 

Прикрепленные файлы

362638881477977136_ru.doc 61.5 кб
271611031477978304_kz.doc 63.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники