Войти

Темобел (20 мг) Темозоломид

Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Производитель: Белмедпрепараты РУП
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Temozolomide
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№021227
Дата регистрации: 20.03.2015 - 20.03.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Темобел

Халықаралық патенттелмеген атауы

Темозоломид

Дәрілік түрі

20 мг, 100 мг, 250 мг капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат: темозоломид20 мг немесе 100 мг немесе 250 мг;

қосымша заттар: шарап қышқылы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий крахмалы гликоляты (А типі), стеарин қышқылы, сусыз лактоза.

капсула құрамы: желатин, глицерин, тазартылған су, титанның қостотығы (Е 171), натрий лаурилсульфаты.

Сипаттамасы

Ақ түсті қатты желатин капсулалар, өлшемі № 2 (20 мг доза үшін).

Ақ түсті қатты желатин капсулалар, өлшемі № 1 (100 мг доза үшін).

Ақ түсті қатты желатин капсулалар, өлшемі № 0 (250 мг доза үшін).

Капсулалар ішінде – ақ немесе ақ дерлік түстен ашық-қызыл сары немесе ашық сары-қоңыр түсті кристалды ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Алкилдеуші препараттар. Басқа да алкилдеуші препараттар. Темозоломид.

АТХ коды L01AX03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішу арқылы қабылдағанда асқазан-ішек жолында тез сіңеді. Қандағы ең жоғары концентрациясына (Cmax) жету уақыты 0.5-1.5 сағат (ең ертесі - 20 мин) құрайды. Гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді және жұлын сұйықтығына түседі. Жартылай шығарылу кезеңі (T1/2) - 108 мин. Плазма ақуыздарымен байланысы - 12-16%. Бүйрекпен шығарылуы: өзгермеген күйде және 4-амин-5-имидазол-карбоксамид гидрохлориді немесе сәйкестендірілмеген полярлы метаболиттер түрінде 5-10%. Ас ішу 33% Cmax төмендеуін және 9% AUC азаюын туындатады. Балаларда AUC көрсеткіші жоғары, алайда ең жоғары көтерімді доза балалар мен ересектерде бірдей - 1 г/м2.

Фармакодинамикасы

Алкилдеуші әсер ететін ісікке қарсы дәрі. Темозоломид ісікке қарсы белсенділігі бар имидазотетразин дәрісі түрінде болады. Жүйелі айналымға түскенде (рН физиологиялық мәндерінде) белсенді қосылыс -монометилтриазеноимидазолкарбоксамид (МТИК) түзілетін жылдам химиялық трансформацияға ұшырайды. Соңғысының цитоуыттылығы, ең алдымен, О6 қалыптағы гуанин алкилденуінен және N7 қалыптағы қосымша алкилденуден болады. Кейіннен дамитын цитоуытты зақымдануда, бәрінен бұрын, метил қалдығын аберрантты қалпына келтіру механизмі іске қосылады.

Қолданылуы

  • алғаш анықталған мультиформалы глиобластома: кейіннен адъювантты монотерапияға ұласатын сәулелі еммен біріктіріп емдеуде

  • стандартты емнен кейін қайталанатын немесе үдейтін ауру кезіндегі қатерлі глиомада (мультиформалы глиобластома немесе анапластикалық астроцитома)

  • жайылған метастаздаушы меланомада (I қатардағы препарат)

Қолдану тәсілі және дозалары

Темобел аш қарынға ішке қабылданады. Капсулаларды бір стақан сумен ішіп бүтіндей жұтқан жөн.

Ересек емделушілердегі (18 жастан асқан) алғаш анықталған мультиформалы глиобластоманы емдеу. Бастапқы емдеу сәулелі еммен біріктіріліп жүргізіледі (біріктірілген ем сатысы), одан кейін Темобелмен емдеудің 6 циклына дейін тағайындалады (адъювантты ем).

Біріктірілген ем сатысы. Темобел 42 күн бойы күнделікті 75 мг/кв.м дозада – сәулелі емнің бір мезгілде жүргізілуімен (60 г жиынтық дозадағы 30 фракция) тағайындалады. Дозаны азайту ұсынылмайды, алайда препаратты қабылдауды емделушінің емді көтере алуына қарай тоқтатуға болады. Темобел қабылдаудағы үзілісті нейтрофильдердің абсолютті саны ≥ 0.5×109/л және <1.5×109/л шегінде, тромбоциттер саны ≥10×109/л және <100×109/л шегінде, жалпы уыттылық критерийі – 2 болғанда жасаған жөн. Темобел қабылдауды тоқтату – нейтрофильдердің абсолютті саны 0.5×109/л аз, тромбоциттер саны 10×109/л аз, жалпы уыттылық критерийі – 3 немесе 4 болғанда.

Препарат қабылдауды біріктірілген емнің бүкіл 42 күндік курсы бойына 49 күнге дейін жаңғыртуға болады, бірақ тек төменде аталған барлық шарттар қадағаланғанда:

  • нейтрофильдердің абсолютті саны 1,5×109/л төмен емес;

  • тромбоциттер саны - 100×109/л төмен емес;

  • жалпы уыттылық критерийі (CTC) 1 дәрежеден жоғары емес (алопеция, жүрек айну мен құсуды қоспағанда).

Емделу кезінде жасушалар санын есептеумен қанға зерттеуді апта сайын жүргізген жөн.

Адъювантты ем сатысы біріктірілген ем аяқталғаннан кейін 4 аптадан соң басталады және бірізді 6 цикл түрінде жүргізіледі.

1 цикл: Темобел 150 мг/кв.м дозада 5 күн бойы тағайындалып, емдеудегі 23-күндік үзіліске ұласады.

2-6 цикл: Темобел дозасын алғашқы емдеу циклында гематологиялық емес уыттылық айқындылығы (СТС уыттылық шкаласымен сәйкестікте) 2 дәрежеден аспаған (алопеция, жүрек айну мен құсуды қоспағанда), осы орайда нейтрофильдердің абсолютті саны 1.5×109/л төмен емес, ал тромбоциттер саны 100×109/л төмен емес болған жағдайда күніне 200 мг/кв дейін арттыруға болады. Егер цикл ішінде Темобелдің 2 дозасы арттырылмаған болса, оны кейінгі циклдарда да арттыруға болмайды. Егер цикл ішінде 2 доза 200 мг/кв.м болса, онда кейінгі циклдарда да препарат осындай тәуліктік дозада тағайындалады (гематологиялық емес уыттылық көріністері болмағанда).

Әр цикл қатарынан 5 күн бойы Темобел қабылдаудан басталып, 23-күндік үзіліске ұласады.

Емдеу барысында толық қан талдауы 22 күні (Темобелдің алғашқы дозасын енгізгеннен кейін 21 күн өткен соң) жүргізіледі. Темобел дозасын күніне 100 мг кв.м дейін азайту нейтрофильдердің абсолютті саны 1.0×109/л аз, тромбоциттер саны 50×109/л аз және жалпы уыттылық критерийі – 3 болғанда жүргізіледі. Темобел қабылдау, егер күніне 100 мг/кв.м дозасы қолайсыз уыттылықтың дамуына бәрібір әкелсе, тоқтатылады.

Ересектер мен 3 жастан асқан балалардағы үдемелі немесе қайталанатын қатерлі глиоманы емдеу. Бұрын химиялық емге ұшырамаған емделушілерге Темобел 5 күн бойы күніне бір рет 200 мг/кв.м дозада тағайындалып, препарат қабылдауда 23 күн бойғы үзіліске ұласады (бір емдеу циклының жалпы ұзақтығы - 28 күн). Бұрын химиялық ем курсынан өткен емделушілер үшін бастапқы доза күніне бір рет 150 мг/кв.м құрайды; екінші циклда дозаны гематологиялық емес уыттылық болмаған, нейтрофильдердің абсолютті саны ≥ 1.5×109/л және тромбоциттер саны ≥ 100×109/л болған жағдайда алғашқы 5 күн ішінде күніне 200 мг/кв.м дейін арттыруға болады. Темобел дозасын өзгерту гематологиялық және гематологиялық емес уыттылық дәрежесінің ескерілуімен жүргізілуі тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Алғаш анықталған мультиформалы глиобластоманы емдеу кезінде болуы мүмкін жағымсыз әсерлері:

Қан және лимфатикалық жүйе тарапынан: жиі: анемия, фебрильді нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения, лимфопения; жиі емес: петехиялар.

Эндокринді жүйе тарапынан: жиі емес: кушингоид.

Метаболизмнің және тамақтанудың бұзылуы: өте жиі: анорексия; жиі: гипергликемия, салмақтың төмендеуі; жиі емес: гипокалиемия, сілтілік фосфатазаның жоғарылауы, салмақ қосу.

Орталық жүйке жүйесі тарапынан: өте жиі: бас ауыру, құрысулар; жиі: бас айналу, афазия, теңгерімнің бұзылуы, зейін шоғырландырудың бұзылуы, сананың көмескіленуі, дисфазия, гемипарез, есте сақтай алмау, неврологиялық бұзылыстар, невропатия, шеткергі невропатия, парестезия, ұйқышылдық, сөйлеу бұзылысы, тремор, құрысулар, мазасыздық, депрессия, эмоциялық құбылу, ұйқысыздық; жиі емес: атаксия, когнитивтік функцияның бұзылуы, экстрапирамидалық бұзылыс, жүрістің бұзылуы, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, біржақты салдану, сенсорлы бұзылулар, гиперестезия, гипестезия, шеткергі невропатия, неврологиялық бұзылу, эпилепсия статусы, қозу, апатия, мінез-құлық бұзылысы, елестеулер, амнезия.

Басқалары: жиі: ауыз қуысының кандидозы, қарапайым герпес, жұқпа, фарингит, жара жұқпасы; жиі емес: белдемелі герпес, тұмау тәрізді симптомдар.

Зертханалық көрсеткіштер: химиялық препараттарды, соның ішінде Темобелді қолданумен байланысты миелосупрессия (нейтропения және тромбоцитопения) дозаны шектеуші критерий болып табылады. Біріктірілген ем сатысында және Темобелмен монотерапия барысында 3-4 дәрежелі нейтропения 8% емделушіде, 3-4 дәрежелі тромбоцитопения 14% емделушіде анықталған.

Үдемелі немесе қайталанатын қатерлі глиоманы емдеу кезінде болуы мүмкін жағымсыз әсерлер:

Қан және лимфатикалық жүйе тарапынан: өте жиі: нейтропения немесе лимфопения (3-4 дәрежелі), тромбоцитопения (3-4 дәрежелі); жиі емес: панцитопения, анемия (3-4 дәрежелі), лейкопения.

Метаболизмнің және тамақтанудың бұзылуы: өте жиі: анорексия; жиі: салмақтың кемуі.

Орталық жүйке жүйесі тарапынан: өте жиі: бас ауыру; жиі: ұйқышылдық, бас айналу, парестезия.

Тыныс алу жүйесі тарапынан: жиі: диспноэ.

Ас қорыту жүйесі тарапынан: өте жиі: жүрек айну, құсу, іш қату; жиі: іш аумағындағы ауыру, диарея, диспепсия, дәм сезудің бұрмалануы.

Терінің және тері асты тінінің тарапынан: жиі: бөртпе, қышыну, алопеция; өте сирек: мультиформалы эритема, эритродермия, есекжем, экзантема.

Басқалары: өте жиі: қажу; жиі: парестезия, қызба, астения, қалтырау, дімкәстану, препаратты енгізген жердегі ауыру; өте сирек: аллергиялық реакциялар, анафилаксияны қоса және Квинке ісінуі.

Зертханалық көрсеткіштер. 3 немесе 4 дәрежелі тромбоцитопения мен нейтропения қатерлі глиома көрсетілімі бойынша ем алған 19% және 17% емделушіде білінді. Бұл ауруханаға жатуға (8% жағдай) немесе Темобелмен емдеуді тоқтатуға (4% жағдай) алып келді. Миелосупрессия ерте сатыларында-ақ, әдетте, 22 және 28 күндер арасында жоғарғы шекте құлдырап, әдетте, 1-2 апта ішінде жылдам қалыпқа келетін бірнеше бастапқы цикл ішінде болжанады.

Постмаркетингтік зерттеулердің әдеби деректері:

Сирек (< 1%): оппортунистік жұқпалар, Pneumocystis carinii пневмониясын қоса; ұзаққа созылатын панцитопения, кейбір жағдайларда өліммен аяқталуға себеп болған апластикалық анемия.

Өте сирек (< 0,01%): миелодисплазия синдромының дамуы; салдарлы қатерлі жаңа түзілімдердің дамуы, миелоидты лейкемияны қоса; уытты эпидермалық некролиз және Стивенс-Джонсон синдромы; интерстициальді пневмонит/пневмонит, өкпе фиброзы; гепатоуыттылық, бауыр энзимдері деңгейінің жоғарылауын, гипербилирубинемия, холестаз, гепатитті қоса; бауырдың зақымдануы, өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігін қоса; мультиформалы эритема; аллергиялық және анафилактикалық реакциялар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • темозоломидке немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • дакарбазинге жоғары сезімталдық

  • сүйек кемігі функциясының ауыр дәрежелі бәсеңдеуі

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 3 жасқа дейінгі (қайталанатын немесе үдемелі қатерлі глиома) немесе 18 жасқа дейінгі балаларға (алғаш анықталған мультиформалы глиобластома немесе қатерлі меланома)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Вальпрой қышқылы темозоломид клиренсін төмендетеді. Сүйек кеміктік қан түзілуін бәсеңдететін дәрілік заттар миелосупрессия қаупін арттырады.

Ранитидин темозоломидтің сіңу дәрежесінің клиникалық мәнді өзгеруіне әкелмейді.

Дексаметазон, прохлорперазин, дифенин (фенитоин), карбамазепин, ондансетрон, Н2-рецепторлар антагонистерімен немесе фенобарбиталмен бірге қабылдау темозоломид клиренсін өзгертпейді.

Темозоломид бауырда метаболизденбейді және ақуыздармен әлсіз байланысады, сондықтан оның басқа дәрілік заттар фармакокинетикасына әсері ету ықтималдығы аз.

Айрықша нұсқаулар

Тағайындалған доза капсулалардың мүмкіндігінше ең аз санын пайдаланып қабылдануы тиіс. Ерлер мен әйелдер емделу кезінде және ол аяқталған соң 6 ай бойы тиімді контрацептивтік дәрілер пайдалануы тиіс. Ерлерге ем басталар алдында шәуһетті мұздатып қатыру мүмкіндігі бойынша кеңес алу ұсынылу керек. Қолдануды бастау үшін қажетті шарт: нейтрофильдердің абсолютті санының - кемінде 1.5 мың/мкл, тромбоциттердікі - 100 мың/мкл болуы. Алғашқы дозасын қабылдағаннан кейінгі 21 күні, әріқарай нейтрофильдердің абсолютті саны 1.5 мың/мкл-ден, тромбоциттердікі 100 мың/мкл-ден асқанша апта сайын толық қан талдауын жасау қажет. Егер кез келген емдеу циклы барысында нейтрофильдердің абсолютті саны 1 мың/мкл немесе тромбоциттер саны 50 мың/мкл төмен болса, кейінгі циклда доза бір саты азайтылуы тиіс.

42 күндік сызба бойынша (ең жоғары рұқсатты емдеу ұзақтығы - 49 күн) Темобел және сәулемен емдеу пайдаланылған біріктірілген ем алатын барлық емделушілер лимфоциттер санына қарамастан пневмоцисттік пневмонияны болдырмайтын алдын алу шараларын қажет етеді. Лимфопения пайда болған жағдайда алдын алу шараларын лейкопения деңгейі 1 дәрежеден асып кеткенше жалғастырған жөн.

Миелодисплазиялық синдромның және миелоидты лейкопения сияқты салдарлы қатерлі жаңа түзілімдер дамитын сирек жағдайлар жөнінде хабарламалар бар.

Егер Темобелмен емделу аясында жүрек айну және құсу пайда болса, кейінгі қабылдаулар кезінде құсуға қарсы ем жүргізу ұсынылады. Құсуға қарсы препараттарды Темобел қабылдауға дейін де және одан кейін де қабылдауға болады.

Темозоломид қабылдайтын емделушілерде өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігін қоса, бауырдың зақымдану жағдайлары жөнінде хабарламалар алынған. Бауыр функциясының көрсеткіштерін бағалау керек:

  • ем басталуына дейін. Егер темозоломидпен емдеу басталғанша зертханалық көрсеткіштердің қалып шегінен ауытқуы болса, өліммен аяқталатын бауыр жеткіліксіздігінің даму мүмкіндігін қоса, темозоломид тағайындау кезінде қауіп-пайда арақатынасын мұқият бағалау қажет;

  • темозоломидпен емдеудің 42-күндік курсын алатын емделушілерге курс ортасында бауыр функциясының көрсеткіштерін бақылау қажет;

  • темозоломид алатын барлық емделушілерге әрбір емдеу курсынан кейін көрсеткіштерге мониторинг өткізу қажет;

  • зертханалық тестілер көрсеткіштерінің елеулі ауытқулары бар емделушілерде емді мақсатқа сай жалғастыру жөнінде шешім қабылдау үшін пайда-қауіп арақатынасын бағалау қажет.

Темозоломидті соңғы қабылдаудан кейін бірнеше аптадан соң гепатоуыттылық дамуы мүмкін.

Темобелдің шығарылуы жасқа байланысты емес. Дегенмен де, 70 жастан асқан егде емделушілерде нейтропения мен тромбоцитопенияның даму қаупі арта түседі.

Капсуланың ішіндегісі (ол бүлінгенде) теріге және шырышты қабықтарға түсіп кетпеу керек. Теріге және шырышты қабықтарға түсіп кетсе, сумен жуып-шаяды.

Темобел құрамында лактоза бар, сондықтан ол галактозаны көтере алмаушылықпен, лапланд лактаза жеткіліксіздігімен немесе глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулардан зардап шегетін емделушілерге тағайындалмауы тиіс.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану: Қарсы көрсетілімді. Емделу кезінде бала емізуді тоқтату қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Емделу кезеңінде көлік құралдарын басқарудан және жоғары зейін шоғырландыруды және психомоторлық реакциялар шапшаңдығын талап ететін басқа аса қауіпті қызмет түрлерімен айналысудан бас тарту керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: нейтро- және тромбоцитопения.

Емі: спецификалық у қайтарғысы жоқ, симптоматикалық ем жүргізіледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминй фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 6 капсуладан салады.

Пішінді ұяшықты 1 қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қораптан жасалған қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы

Заңды мекенжайы және шағымдар қабылдауға арналған мекенжайы:

220007, Минск қ., Фабрициус к-сі, 30,

т./ф.: (+375 17) 220 37 16,

e-mail: medic@belmedpreparaty.com.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«КазБелМедФарм» ЖШС

Заңды мекенжайы: ҚР 050028, Алматы қ., Бейсебаев к-сі. 151 үй

Нақты мекенжайы: ҚР 050022, Алматы қ., Абай к-сі 48 А 2 қабат

Телефон/факс нөмірі: 8(727) 383-93-74; 383-93-69

Электронды поштасы: saparova_zhanna@kmbf.kz

 

Прикрепленные файлы

244953311477976553_ru.doc 86.5 кб
013031611477977715_kz.doc 106.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники