Войти

Таблетки от кашля (Химфарм АО) Термопсиса ланцетного трава, Термопсиса экстракт сухой

Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Отхаркивающие препараты (исключая комбинации с противокашлевыми препаратами)
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№011856
Дата регистрации: 26.04.2018 - 26.04.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Жөтел таблеткалары

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

1 таблетканың құрамында

 

белсенді заттар: 10.00 мг улы термопсис шөбі (ұнтақ) немесе 15.00 мг термопсистің құрғақ сығындысы,

қосымша заттар: натрий гидрокарбонат, картоп крахмалы, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил), кальций стеараты

 

Сипаттамасы

Сызығы мен ойығы бар, крем түсті-сұрғылттан жасылдау-сұр түске дейінгі таблеткалар. Теңбілдері болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию және жөтел симптомдарын қайтаруға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар.

АТХ коды R05C

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың компоненттері асқазан-ішек жолында жақсы сіңеді. Әсер етуі ішке қабылдағаннан кейін көп дегенде 30-60 мин кейін басталып, 2-6 сағатқа созылады. Организмнен бүйрекпен, тыныс жолдарының шырышты қабығы және бронх бездерімен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Термопсис шөбінің құрамында құсу және тыныс алу орталықтарына қоздырушы әсер ететін алкалоидтар (цитизин, метилцитизин, пахикарпин, анагирин, термопсин, термопсидин) бар.

Термопсиса шөбінің қақырық түсіретін әсері бар, асқазан шырышты қабығының рецепторларына орташа тітіркендіруші әсер етіп, рефлекторлы түрде бронх бездерінің сөлінісін арттырады. Осының нәтижесінде қақырықтың тұтқырлығы азаяды және бронхтан шырыш шығаратын жыпылықтағыш эпителий белсенділігін жоғарылатады.

Натрий гидрокарбонаты қақырық тұтқырлығының төмендеуіне ықпал етеді.

Қолданылуы

- қақырық қиын бөлінетін жөтелмен қатар жүретін (трахеит, бронхит)

тыныс алу жолдары ауруларының кешенді емі құрамында

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ішке қабылдайды.

Ересектерге 3-5 күн бойы 1 таблеткадан күніне 3 рет тағайындайды.

12 жастан асқан балаларға – 3-5 күн бойы ½ - 1 таблеткадан күніне 3 рет.

Қайталау курсын тағайындаудың қажеттілігін дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

- жүрек айнуы, құсу

- терінің қышынуы, бөрту түріндегі аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара аурулары

- жүктілік, лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Адсорбенттер, тұтқыр және бүркеуіш заттар асқазан-ішек жолдарында термопсис шөбінің құрамына кіретін алкалоидтардың сіңуін азайта алады.

Жөтел таблеткаларын құрамында кодеин және басқа да жөтелге қарсы дәрілік заттары бар препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды, өйткені бұл қақырықтың шығуын қиындатады.

Айрықша нұсқаулар

Қақырықты сұйылтуды және бөлінуін жақсарту үшін жылы су көп ішуді тағайындау ұсынылады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу.

Емі: препаратты тоқтату, асқазанды шаю және симптоматикалық ем. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

Пішінді ұяшықты қаптамалар картоннан жасалған қораптарға салынады.

Қораптарға медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтар салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан,

Рашидов к-сі, н/ж, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz

 

 

Прикрепленные файлы

524950971477976909_ru.doc 61 кб
738679641477978077_kz.doc 85.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники