Войти

Стекловидное тело Стекловидное тело

Производитель: Белмедпрепараты РУП
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие лекарственные препараты
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№010654
Дата регистрации: 11.11.2013 - 11.11.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Шыны тәрізді дене

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді 2 мл

Құрамы

Бір ампуланың ішінде

белсенді зат - 2 мл шыны тәрізді дене

Сипаттамасы

Аздап сарғыштау мөлдір ерітінді. Жеңіл бозаңдануға, ұсақ кристалды және тіндік жүзінділердің болуына жол беріледі

Фармакотерапиялық тобы

Емдік басқа да өнімдер.

Дәрілік басқа да препараттар.

АТХ коды V03AX

Фармакологиялық қасиеттері

Препарат сүйек шорының түзілуіне көтермелегіш әсер етеді, шеткергі жүйкелер зақымдануында ауыруды азайтады. Тыртық тінді жұмсартып, оның таралуына ықпал етеді.

Қолданылуы

- полиневритте

- радикулитте

- невралгияда

- фантомдық ауыруда

- операциядан кейінгі ерте кезеңде дәнекер тіннің артық өсуінің алдын алуда

- күюден, операциядан кейінгі, келлоидты және шығу тегі басқа ауқымды тыртықтарды емдегенде

- буын контрактурасында

- кератитте, мүйізгектің ойық жарасы мен күюінде (регрессивті кезеңінде)

- сынған кездерде сүйек шорының түзілуін жылдамдату үшін.

Қолдану тәсілі мен дозалары

Препаратты тері астына күн сайын 2 мл-ден енгізеді.

Невралгиялар кезіндегі емдеу курсы - 8-10 күн, тыртықтарда, контрактураларда және сынықтарда - 25 күнге дейін. Бір айдан кейін немесе одан кешірек емдеу курсын қайталау ұсынылады.

Кератиттерде, күюлерде және мөлдір қабықтың ойық жараларында препаратты субконъюнктивальды түрде 0,3-0,5 мл-ден енгізеді. Емдеу курсын дәрігер ем тиімділігіне қарай анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

Анықталмаған.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- жұқпалы аурулары

- жедел қабыну үдерістері

- кахексия

- нефрит, нефросклероз

- бауыр циррозы

- созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

- онкологиялық аурулар

- жүктілік пен лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолданған кезде жағымсыз әсерлері байқалмаған.

Айрықша нұсқаулар

Ауыр аллергиялық-сыртартқысы бар емделушілерге абайлап тағайындайды.

Дәрілік заттың көлік құралдары және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері: препарат көлік құралдары мен қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ампулаға 2 мл препараттан.

10 ампуладан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампулалық скарификатормен бірге картон қорапқа салынған.

5 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен және ампулалық скарификатормен бірге картон қорапшаға салынады.

Сындыру сақинасы бар ампуланы пайдаланғанда, ампулаларды ампулалық скарификаторсыз қаптауға жол беріледі.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы

Заңды мекенжайы және шағымдарды қабылдайтын мекенжайы:

220007, Минск қ., Фабрициус к-сі, 30,

т./ф.: (+375 17) 220 37 16, e-mail: medic@belmedpreparaty.com.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«КазБелМедФарм» ЖШС

Заңды мекенжайы: ҚР 050028, Алматы қ., Бейсебаев к-сі. 151 үй

Нақты мекенжайы: ҚР 050022, Алматы қ., Абай к-сі 48 А 2 қабат

Телефон/факс нөмірі: 8(727) 383-93-74; 383-93-69

Электронды поштасы: saparova_zhanna@kmbf.kz

Прикрепленные файлы

001014631477976825_ru.doc 47.5 кб
268390071477977974_kz.doc 46.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники