Войти

Роватинекс®

Производитель: РОВА ФАРМАСЬЮТИКАЛЗ ЛТД
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения нефроуролитиаза
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№020969
Дата регистрации: 14.11.2014 - 14.11.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Роватинекс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішекте еритін капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың ішінде

белсенді заттар: α-пинен 24,8 мг, β-пинен 6,2 мг, камфен 15,0 мг,

борнеол 10,0 мг, анетол 4,0 мг, фенхон 4,0 мг, цинеол 3,0 мг,

қосымша заттар – зәйтүн майы,

капсула қабығының құрамы: желатин, глицерин 85%, натрий этилпарагидроксибензоаты (E 215), натрий пропилпарагидроксибензоаты (Е 217), күн батар түстес сары (Е 110), хинолинді сары 70% (Е 104).

Сипаттамасы

Сфера түріндегі, жұмсақ, желатинді, ішінде күшті хош иістендіргіш иісті жасыл-сары ерітінді бар сары түсті ішекте еритін капсулалар.

Фармакотерапиялық тобы

Спазмолитиктерді қоса, урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар. Нефроуролитиазды емдеуге арналған препараттар.

АТХ коды GO4BC

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Роватинекс® препараты құрамындағы терпендер майда ериді және тез сіңеді.

Борнеол сияқты терпендер де елеулі метаболизденеді және несеппен шығарылады, негізінен глюкуронидтер түрінде, ол кальций тұздарының (бүйрек және несеп тастарының негізгі компоненттері) ерігіштігін арттырады.

Фармакодинамикасы

Роватинекс® тастардың бүйректен және несеп шығару жолдарынан дезинтеграциясы мен аласталуына ықпал етеді. Роватинекстің® бүйректік және несеп жолдарында тас қалыптасуын тежегіш әсері жануарларға жасалған бірқатар зерттеулерде анықталды. Роватинекс® спазмолитикалық әсер етеді, несеп жолдарымен тастың өтуіне ықпал етеді, бүйректік және несепағар шаншуларындағы ауыруды азайтады. Роватинекс® бүйрек қан ағынын күшейтеді және қабыну құбылыстарын азайтады.

Роватинекс® бірқатар грамоң және гремтеріс микроорганизмдерге қарсы антибактериялық белсенділікке ие.

Қолданылуы

- несеп-тас ауруын емдеу үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Қолдану тәсілі: ішке.

Ұсынылатын дозалау режимі:

Ересектер: тамақтан 30 минут бұрын күніне 3-тен 4 ретке дейін 1капсуладан.

Емдеу курсының ұзақтығын ауру барысына қарай дәрігер жеке анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

Науқастардың біршамасында асқазандағы жеңіл және өтпелі жағымсыздық анықталған. Құсу өте сирек болған. Препаратты көтере алмаудың екі жағдайы белгіленген (себебі белгісіз).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

  • 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдік жас

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Роватинекс® капсулаларын антикоагулянттар немесе бауырда метаболизденетін және бауыр арқылы шығарылатын препараттар қабылдаушы емделушілерге сақтықпен қолдану керек.

Айрықша нұсқаулар

Роватинекс® айқын бүйрек шаншулары, ануриясы немесе несеп шығару жолдарының ауыр жұқпасы бар науқастарда қолдану ұсынылмайды. Емдеу барысында сұйықтық қабылдауды арттыру керек.

Препарат құрамында аллергиялық реакциялар туындатуы мүмкін этилпарагиброксибензоат, пропилпарагидрокибензоат қосымша заттары бар (мүмкін баяулатылған түрі).

Жүктілік және лактация кезеңі

Препараттың адамдағы жүктілік кезінде қолданылуы туралы деректер жоқ. Препараттың жануарлардағы тератогенділігі туралы деректер жоқ. Алайда тым болмағанда ингредиенттердің кейбіреулері плацента арқылы өтуі мүмкін. Препаратты жүктілік немесе бала емізу кезінде пайдалану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емделушілердегі осы функцияға Роватинекс® капсуласының әсері туралы деректер жоқ.

Артық дозалануы

Артық дозалануының бірде бір жағдайы тіркелмеген.

Артық дозаланған жағдайда егер препарат жуырда ішке қабылданған болса, асқазанды шаю керек. Қажет болғанда бақылауды симптоматикалық еммен үйлестіру керек. Жүрек, тыныс алу, бүйрек және бауыр функциясы мониторингі ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 капсуладан салынады.

5 немесе 10 қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қаптамаға салынады.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада, тығыз жабылған қаптамада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Рова Фармасьютикалз Лтд, Ньютаун, Бантри, Корк графтығы, Ирландия.

Тел.: +353 27 50077, e-mail: rowa@rowa-pharma.ie

Қаптаушы

Норфахема АҚ, Витауто к-сі 6, LT-55175, Йонава, Литва

Тіркеу куәлігінің иесі

Рова Фармасьютикалз Лтд, Ньютаун, Бантри, Корк графтығы, Ирландия.

Тел.: +353 27 50077, e-mail: rowa@rowa-pharma.ie

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы.

Алматы қ.

Көктем-2 5 үй - 41

Тел/факс +7-727-3946924,+7-727-3334611

e-mail: k_natali06@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

994497511477976634_ru.doc 59.5 кб
255436311477977784_kz.doc 49 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники