Войти

Пертуссин-К Тимьяна обыкновенного травы экстракт

Производитель: Фармацевтический завод ТОО "ТК Фарм Актобе"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Отхаркивающие препараты
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№014802
Дата регистрации: 12.10.2013 - 12.10.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Пертуссин-К

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат

Құрамы

100 мл шәрбаттың құрамында

белсенді зат - жебіршөп сұйық сығындысы 12.0 г

қосымша заттар: калий бромиді, 80 % этанол, қант шәрбаты

Сипаттамасы

Хош иісі және тәтті дәмі бар күңгірт-қоңыр түсті сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Қақырық түсіретін препараттар. ATХ коды R05CA

Фармакологиялық қасиеттері

Өсімдік тектес біріктірілген препарат, құрамында эфир майлары болуына байланысты, калий бромидімен біріктіргенде күшейетін қақырық түсіргіш әсері бар. Пертуссин-К айқын қақырық түсіретін және қабынуға қарсы қасиеттерге ие, жоғарғы тыныс жолдарының кірпікшелі эпителийінің қозғалу белсенділігін көтермелейді, шырышты қабықтың секреторлы бөлініс мөлшерін көбейтіп, қақырықты сұйылтады және оның шығарылуын тездетеді. Препараттың спазмолитикалық әсері шөпте жебіршөп және флавоноидтердің болуына негізделген. Калий бромиді ОЖЖ қозғыштығын төмендетеді.

Қолданылуы

  • жоғарғы тыныс жолдарының жөтелмен қатар жүретін ауруларында

  • трахеитте

  • бронхитте (қақырық түсіретін және жөтелді жұмсартатын дәрі ретінде)

  • көкжөтелде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке қабылдауға арналған. Пайдаланар алдында шайқау керек.

Шәрбатты күніне 3 рет ішке қабылдайды.

Ересектерге 1 ас қасықпен күніне 3 рет.

Емдеу курсы 5-7 күн. Ашқаннан кейін препаратты 14 тәуліктен асырмай сақтау керек.

Емдеу курстарын қайта жүргізу және ұзақтығын арттыру дәрігердің ұсынысы бойынша болуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі)

  • қыжыл, жүрек айнуы, құсу

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • аса жоғары сезімталдық

  • декомпенсацияланған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

  • жүктілік, лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балалар

  • бауыр, бүйрек аурулары

  • маскүнемдік

  • ми аурулары – эпилепсия, бассүйек-ми жарақаттары

  • асқазан мен 12 елі ішектің ойық жаралы аурулары

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қажет болғанда Пертуссин-К жөтелге қарсы дәрілермен біріктіріліп тағайындалады.

Айрықша нұсқаулар

Қант диабеті кезінде сақтықпен

Препараттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік немесе қозғалыстағы механизмдерді басқару кезінде сақ болған жөн, өйткені препарат құрамында этил спирті бар.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препарат бұрандалы мойны бар әмбебап (алюминий) полиэтилен немесе пластмасса қақпақшалармен тығындалған шыны массадан жасалған құтыларда 100 мл-ден немесе бұрандалы мойны бар, тығыздығы жоғары бұралатын полиэтилен қақпақшамен тығындалған, мөлдір емес күңгірт-қоңыр поливинилхлоридтен, полиэтилентерефталаттан жасалған сыйымдылығы 100 мл құтыларда немесе бұрандалы мойны бар, бұралатын қақпақшамен тығындалатын поливинилхлоридтен, полиэтилентерефталаттан жасалған сыйымдылығы 125 мл күңгірт-қызғылт құтыларда.

Құтылар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндірушінің атауы және мекенжайы

«ТК Фарм Ақтөбе» фармацевтикалық зауыты ЖШС, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ-сы, Жаңақоныс а/о, № 467 уч-сі, телефон/факс:

8 (7132) 21 72 15

Тіркеу куәлігінің иесі

«ТК Фарм Ақтөбе» фармацевтикалық зауыты ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ТК Фарм Ақтөбе» фармацевтикалық зауыты ЖШС, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ-сы, Жаңақоныс а/о, № 467 уч-сі, телефон/факс:

8 (7132) 21 72 15 электронды поштасы: dir-tkpharm@mail.ru

Прикрепленные файлы

880655401477976837_ru.doc 55 кб
590945231477977997_kz.doc 54 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники