Войти

Пантенол мазь (5%) Декспантенол

Производитель: Хемофарм А. Д.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dexpanthenol
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№015737
Дата регистрации: 30.03.2015 - 30.03.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Пантенол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Декспантенол

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 5 % жақпамай

Құрамы

1 грамм жақпамайдың құрамында

белсенді зат – декспантенол 50 мг,

қосымша заттар: глицерин, жұмсақ ақ парафин, жүн майы, жеңіл сұйық парафин, қатты парафин, стеарил спирті, цетил спирті, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақшыл-сары түсті гомегенді жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Көлемді тыртықтануды емдеуге арналған басқа да препараттар

АТХ коды D03AX03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Декспантенол теріге жылдам сіңіріледі. Плазма ақуыздарымен (негізінен бета-глобулинмен және альбуминмен) байланысады. Дені сау ересектерде қандағы концентрациясы шамамен 500-1000 мкг/л, плазмадағы концентрациясы – 100 мкг/л құрайды. Организмде сіңірілген декспантенол метаболизмге ұшырамайтын пантотен қышқылына метаболизденеді және өзгермеген күйде шығарылады: несеппен – 60-70%, нәжіс массаларымен – 30-40 %.

Фармакодинамикасы

Декспантенол – пантотен қышқылының туындысы. Пантотен қышқылы – суда еритін В кешенінің витамині – А коферментінің құрамдас бөлігі болып табылады және ацетилдену, тотығу үдерістеріне, көмірсу және май алмасуына, трикарбонды қышқылдар цикліне, ацетилхолин, глюкокортикостероидтар, порфириндер синтезіне қатысады. Терінің қайта жаңғыруын көтермелейді, жасуша метаболизмін қалпына келтіреді, коллагенді талшықтардың беріктілігін арттырады. Пантотен қышқылына қажеттіліктің артуы тері жабындысы немесе тіндер зақымданғанда байқалады, Пантенолды жергілікті қолдану терідегі пантотен қышқылының жеткіліксіздігін толықтырады. Препарат қайта жаңғыртатын, метаболикалық және әлсіз қабынуға қарсы әсерге ие.

Қолданылуы

  • балаларда – жөргектік дерматит, сырылулар, күн, ультра күлгін және рентгенді сәулелену әсерінен терінің шамалы тітіркенуі, баздануды емдеу және алдын алуда

  • бала емізетін әйелдердің емшек ұштарының сызаттанулары мен қабынуларында

  • механикалық, химиялық, температуралық факторлардан туындаған немесе хирургиялық араласулардан кейін (пайда болуы әр түрлі күйіктер, оның ішінде күннен болғандар, сыдырылулар, жарақаттар, ойылулар, нашар бітетін тері трансплантаттары, операциядан кейінгі асептикалық жаралар) тері жабындары бүтіндігінің бұзылуы

  • терідегі қабыну үдерістері, дерматиттер, сыздауықтар, аяқтағы трофикалық ойық жаралар, трахеостомалар, гастростомалар, колостомалар айналасындағы терінің күтімі

  • сыртқы орта факторларының (суық, жел, ылғалдылық) теріге жағымсыз әсерлерінің салдарын емдеу және алдын алуда

  • құрғақ терінің күтімі үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Жақпамайды зақымданған тері аймағына жұқалап, тәулігіне 2-3 рет жеңіл сылап жағу керек.

Бала емізетін аналарға әрбір емізуден кейін емшек ұштарына жақпамайды жағып отыру ұсынылады.

Емшек еметін нәрестелерге жақпамайды іш киімдерін әрбір ауыстырған сайын немесе су процедурасынан кейін жағады.

Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

  • иммунитет жүйесінің бұзылуы және тері мен тері асты шелінің өзгеруі

  • аллергиялық реакциялар (жанаспалы дерматит, қышыну, эритема, экзема, бөртпе, есекжем, терінің тітіркенуі, күлдіреуік)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • пантотен қышқылының туындыларына немесе препараттың басқа да компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Аллергиялық раекциялар дамуы жағдайында препаратты қолдануды тоқтату қажет. Көзге тигізбеген дұрыс.

Жүктілік және лактация

Көрсеткіштер бойынша қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Пантенол көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г препараттан пластик қақпағы бар алюминий сықпаға салынған.

Бір сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Хемофарм А.Д., Сербия

26300 Вршац қ.,

Белград жолы н/ж

тел.: 13/803100

факс: 13/803424

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Хемофарм А.Д., Сербия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Нижфарм» ААҚ Өкілдігі

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Хан-Тәңірі ы/а, 55б

тел.: (727) 2222-100

факс: (727) 398-64-95

e–mail: almaty@stada.kz

Прикрепленные файлы

902877861477976511_ru.doc 51 кб
057573241477977673_kz.doc 51 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники