Войти

Онбрез® Бризхалер® (150 мкг) Индакатерол

Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Производитель: Новартис Фарма Штейн АГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Indacaterol
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№019852
Дата регистрации: 10.04.2018 - 10.04.2023
Предельная цена: 426.58 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Онбрез® Бризхалер®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Индакатерол

Дәрілік түрі

Капсулалардағы ингаляцияға арналған 150 мкг және 300 мкг ұнтақ

Құрамы

Бір капсуланың (ингаляция) құрамында

белсенді зат – 0,150 мг немесе 0,300 мг индакатерол негізі (тиісінше, 0,194 мг немесе 0,389 мг индакатерол малеаты түрінде),

қосымша заттар: лактоза моногидраты,

150 мкг капсула қабығының құрамы: желатин, шеллак (Е 904), темірдің қара тотығы (Е 172), бутанол, тазартылған су, пропиленгликоль (Е 1520), сусыз этанол, 2-пропанол, концентрацияланған аммиак ерітіндісі,

300 мкг капсула қабығының құрамы: желатин, шеллак (Е 904), FD&C көгілдір #1/бриллиантты көк FCF алюминий лагы (E 133), бутанол, пропиленгликоль (Е 1520), титанның қостотығы (Е 171), темірдің қара тотығы (Е 172), өндірістік метилденген спирт 74 ОР, 2-пропанол, тазартылған су, сусыз этанол.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз корпусы және қақпақшасы бар, қақпақшасында қара жолақтың астында қара «» таңбасы және капсула корпусында қара жолақтың үстінде қара «IDL 150» жазуы бар, өлшемі 3, қатты желатинді капсулалар (150 мкг доза үшін).

Мөлдір түссіз корпусы және қақпақшасы бар, қақпақшасында көк жолақтың астында көк «» таңбасы және капсула корпусында көк жолақтың үстінде көк «IDL 300» жазуы бар, өлшемі 3, қатты желатинді капсулалар (300 мкг доза үшін).

Капсуланың ішіндегісі – ақ түстен ақ дерлік түске дейінгі ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Тыныс жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған препараттар. Ингаляциялық симпатомиметиктер. Селективті бета2-адреностимуляторлар. Индакатерол

АТХ коды R03A C18

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Қан сарысуында индакатеролдың ең жоғары концентрацияға жету уақыты ингаляциялық дозаларды бір рет немесе қайталап енгізгеннен кейін шамамен 15 минутты құрайды. Индакатеролдың жүйелік әсері дозаның жоғарылауына пропорционалды түрде (150 мкг-ден 600 мкг-ге дейін) артады. Ингаляциялық дозаны қолданғаннан кейін индакатеролдың абсолюттік биожетімділігі орта есеппен 43-45% құрайды. Жүйелік әсеріне өкпеде және ішекте индакатеролдың сіңірілуінің бірігуі себеп болған.

Қан сарысуында индакатеролдың концентрациясы индакатеролды тәулігіне бір рет қайталап енгізген кезде жоғарылайды. Тепе-тең жағдайға 12-15 күн ішінде жетеді. 24 сағаттық аралықпен дозалағанда 14-ші және 15-ші күні, 1-ші күнмен салыстырғанда, индакатеролдың жиналуының орташа қатынасы, яғни «концентрация-уақыт» фармакокинетикалық қисығы астындағы аудан (AUC) тәулігіне бір рет 75 мкг-ден 600 мкг-ге дейінгі ингаляциялық дозалар үшін 2,9-дан 3,8-ге дейінгі ауқымда болды.

Таралуы

Көктамырішілік инфузиядан кейін индакатеролдың таралу көлемі (Vz) 2361-2557 литрді құрайды, бұл оның едәуір таралғанын айғақтайды. Индакатеролдың in vitro қан сарысуы мен плазмасының ақуыздарымен байланысуы, тиісінше, 94,1-95,3% және 95,1-96,2% құрайды.

Биотрансформациясы/метаболизмі

Радиоактивті таңбаланған индакатеролды пероральді түрде қолданғаннан кейін адамдарда ADME (сіңірілуін, таралуын, метаболизмін және шығарылуын) зерттегенде индакатерол өзгермеген күйінде қан сарысуында байқалған негізгі компонент болды және 24 сағат ішінде AUC жиынтық көрсеткішінің үштен бірін құрады. Гидроксилденген туынды қан сарысуында өте маңызды метаболит болды. Индакатеролдың фенольді О-глюкурониді және гидроксилденген индакатерол да маңызды метаболиттер болды. Сондай-ақ келесі метаболиттер анықталды: гидроксилденген туынды диастереомері, индакатеролдің N-глюкурониді және С- және N-деалкилденген өнімдер.

UGT1А1 изоформасы уридиндифосфатглюкуронозилтрансферазаның жалғыз изоформасы (UGT) болып табылады, ол индакатеролды фенольді О-глюкуронидке дейін метаболиздейді. Тотықтырғыш метаболиттер рекомбинантты CYP1A1, CYP2D6 және CYP3A4-пен инкубациялағанда табылды. CYP3A4 индакатеролдың гидроксилдену үдерісіне қатысатын доминантты изофермент деп саналады. Индакатерол эффлюксті Р-gp помпаның аффинділігі төмен субстраты болып табылады.

Шығарылуы

Несепті жинау қамтылған клиникалық зерттеулерде несеппен бірге өзгермеген күйінде бөлініп шыққан индакатеролдың мөлшері жалпы алғанда 2% дозадан аз болды. Индакатеролдың бүйректік клиренсі орта есеппен сағатына 0,46 және 1,20 л құрады. Индакатеролдың сағатына 18,8-23,3 л сарысулық клиренсімен салыстырғанда, бүйректік клиренсі (жалпы клиренстің 2-6%-ы), сірә, индакатеролдың жүйелік тұрғыдан қолайлы шығарылуында аз рөл атқарады.

Индакатерол пероральді түрде қолданылған, адамдарға жүргізілген ADME зерттеулерде оның нәжіспен бірге шығарылуы несеппен бірге бөлініп шығуынан басым болды. Индакатерол нәжіспен бірге көбіне өзгермеген күйінде (дозаның 54%-ы) және, аз дәрежеде, индакатеролдың гидроксилденген метаболиттері түрінде (дозаның 23%-ы) бөлініп шықты. Масса теңгерілімі ≥90% дозаның экскреттермен бірге бөлініп шығуымен аяқталды.

Индакатеролдың қан сарысуындағы концентрациясы 45,5 сағаттан 126 сағатқа дейінгі диапазондағы жартылай шығарылуының ақырғы кезеңінің мәні орташа болатын бірнеше сатымен азаяды. Дозаны қайталап енгізуден кейін индакатеролдың жиналып қалу көрсеткішінің негізінде анықталған тиімді жартылай шығарылу кезеңі 40 сағаттан 56 сағатқа дейінгі диапазонда өзгерді, бұл 12-15 күнге жуықты құрайтын тепе-тең жағдайға жету уақытымен сәйкес келеді.

Емделушілердің ерекше топтары

ӨСОА бар емделушілерде ингаляциядан кейін препараттың жүйелік әсеріне жастың, жыныстың және дене салмағының тигізетін ықпалын талдау, Онбрез® Бризхалер® препаратын жынысқа қарамай-ақ барлық жаста және салмақ тобында қауіпсіз қолдана беруге болатындығын көрсетті. Емделушілердің барлық тобындағы этникалық топтар арасында айырмашылықтар байқалған жоқ. Негроидты нәсіл өкілдерін емдеу тәжірибесі шектеулі.

Индакатерол фармакокинетикасы әртүрлі екі UGT1A1 генотипте – функциональді [(TA)6, (TA)6] генотипте және белсенділігі төмен генотипте [(TA)7, (TA)7] (Жильбер синдромының генотипі) толық зерттелді. Зерттеу индакатеролдың AUC және Cmax мәндері тепе-тең жағдайда [(TA)7, (TA)7] генотипте 1,2 есе жоғары болғанын, бұның UGT1A1 генотиптік әртүрлілігі индакатеролдің жүйелік экспозициясына аз ғана ықпалын тигізетінін көрсетті.

Бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылуы бар емделушілерде қандағы индакатерол концентрациясының ең жоғарғы шыңы (Cmax) мен индакатерол AUC мәндерінде, бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылуы бар емделушілер тобы мен бауыр функциясы қалыпты болатын бақылау тобы арасындағы ақуыздық байланысуда айырмашылық болмағаны сияқты, елеулі өзгерулер байқалмады. Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар емделушілерге зерттеулер жүргізілген жоқ.

Индакатерол бүйрек арқылы аздаған дәрежеде шығарылатын болғандықтан, бүйрек функциясының бұзылуы бар емделушілерде препараттың фармакокинетикасы зерттелген жоқ.

Фармакодинамикасы

Индакатерол – бір реттік қабылдауда ұзақ әсер ететін (24 сағат бойы) бета2-адренорецепторлардың селективті агонисі. Индакатеролды қоса, бета2-адренорецепторлар агонистерінің фармакологиялық әсерлеріне АТФ-тің циклдік 3',5'-аденозинмонофосфатқа (циклдік АМФ) айналуын катализдейтін фермент – жасушаішілік аденилциклазаның стимуляциясы аздап себепші болады. Циклдік АМФ деңгейінің жоғарылауы бронхтардың тегіс бұлшықеттерінің босаңсуына әкеледі. Индакатеролдың бета2-рецепторларға қатысты агонистік белсенділігі бета1-рецепторларға қарағанда 24 есе және бета3-рецепторларға қарағанда 20 есе жоғары.

Ингаляциядан кейін индакатерол өкпеде бронхтарды кеңейткіш ретінде жергілікті әсер етеді. Индакатерол наномолярлы белсенділігі бар адамның бета2-адренорецепторларының ішінара агонисі болып табылады. Адамның оқшауланған бронхында индакатерол әсерінің тез басталатындығын және ұзаққа созылатындығын көрсетті.

Бета2-рецепторлар бронхтардың тегіс бұлшықеттерінде басым адренорецепторлар, ал бета1-рецепторлар адам жүрегінде басым рецепторлар болып табылатындығына қарамастан, бета2-адренорецепторлар адам жүрегінде де болады, ол жерде олар адренорецепторлардың жалпы санының 10%-дан 50%-ға дейінін құрайды. Бета2-адренорецепторлардың адам жүрегіндегі нақты функциясы белгісіз, бірақ олардың болуы тіпті бета2-адренорецепторлардың жоғары селективті агонистерінің кардиальді әсер ету мүмкіндігін арттырады.

Негізгі фармакодинамикалық әсерлері

Тәулігіне бір рет 150 мкг және 300 мкг дозада қабылданатын Онбрез® Бризхалер® препараты фармакодинамикасына және препарат тиімділігіне жүргізілген бірқатар клиникалық зерттеулерде өкпе функциясының едәуір жақсаруын (1 секунд ішінде форсирленген дем шығару көлемінің жоғарылауы, ФДК1) 24 сағат бойы қамтамасыз етті. Онбрез® Бризхалер® препаратымен ингаляция жасағаннан кейін 5 минут ішінде әсерінің, сальбутамолдың бета2-адренорецепторларының қысқа әсер беретін агонистерімен салыстырғанда, тез басталғаны байқалады. Онбрез® Бризхалер® препараты ең жоғары әсеріне ингаляциядан кейін 2-4 сағаттан соң жетеді. Бронхолитикалық әсерге қатысты қайталап дозалаудан кейін 52 аптаға дейін тахифилаксия байқалған жоқ. Бронхолитикалық әсері дозаны енгізу уақытына (таңертең немесе кешке) байланысты емес.

Онбрез® Бризхалер® препараты орташа ауыр немесе ауыр дәрежедегі ӨСОА бар емделушілерде (өздігінен тыныс шығарудың соңында өкпе көлемінің ұлғаюы) динамикалық және статикалық гиперинфляцияны төмендетеді. Тұрақты барынша ең жоғары дене жүктемелерінде дем тарту сыйымдылығы, 14 күн бойы тәулігіне бір рет 300 мкг дозада қолданғаннан кейін, плацебомен салыстырғанда, 317 мл-ге артты. Тыныштық кезінде дем тарту сыйымдылығының статистикалық тұрғыдан маңызды ұлғаюы, 1 секунд ішінде қарқынды дем шығару көлемі (ФДК1) мен жүктемесінің жағымдылығы, сондай-ақ ентігудің азаюы байқалды.

Жүректің электрофизиологиялық көрсеткіштеріне әсер етуі

Онбрез® Бризхалер® препаратының QT аралығына әсері дені сау 404 еріктіге индакатеролдың әртүрлі 150 мкг, 300 мкг немесе 600 мкг дозаларын 2 апта бойы тәулігіне бір реттен қабылдағанда салыстырмалы жасырын плацебо- және белсенді (моксифлоксацин)-бақыланатын зерттеулерде бағаланды. Түзетілген QT (QTcF) аралығын есептеу үшін жүректің жиырылу жиілігін түзету жөніндегі Фридеричи әдісі пайдаланылды. QTcF аралығының ең жоғары орташа ұзаруы <5 мс құрады, ал 90% сенімді аралықтың жоғарғы шегі плацебомен салыстыру уақыты бойынша келісілгендердің барлығы үшін 10 мс аз болды. Бұл нәтиже ұсынылған емдік дозаларда QT аралығының ұзаруымен байланысты проаритмогендік потенциалға қатысты мәселелердің жоқтығын айғақтайды. Зерттелген дозалар шегінде «концентрация-дельта QTc» өзара байланысына дәлелдер табылған жоқ.

ӨСОА бар емделушілерде ЭКГ-мониторинг

Онбрез® Бризхалер® препаратының жүректің жиырылу жиілігі мен ырғағына әсер етуі 26 апталық салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын зерттеулердің ІІІ фазасында ӨСОА бар 605 емделушінің қосалқы тобында ЭКГ-ні 24 сағат үзіліссіз жазу барысында бағаланды (холтерлік мониторингілеу). Холтерлік мониторингілеу бастапқы деңгейде бір рет және 26 апталық емдеу кезеңінде 3 ретке дейін (2, 12 және 26 апталарда) жүргізілді.

24 сағат ішінде жүрек жиырылуының орташа жиілігін салыстыру, зерттелген екі дозада да, тәулігіне бір рет 150 мг және тәулігіне бір рет 300 мг дозада базалық деңгейге қатысты артқанын көрсеткен жоқ. Сағаттық талдауда плацебомен және тиотропиймен салыстырғанда жиырылу жиілігі екі дозада да ұқсас болды. Циркадтық өзгерулер көрінісі 24 сағат бойы сақталды және плацебоға ұқсас болды.

Жүрекшелер фибрилляциясы кезінде жүрекшелер фибрилляциясы жиілігінің, жүрекше фибрилляциясының жалпы ұзақтығының және қарыншалық жиырылудың ең жоғары жиілігінің плацебомен немесе тиотропиймен салыстырғанда айырмашылығы байқалған жоқ.

Тексерулер барысында жекелеген эктопиялық систолалар, куплеттер және аралық жолдар жиілігіне қатысты анық көріністер байқалған жоқ.

Қарыншалық эктопиялық систолалар жиілігі бойынша құрама деректерді түсіндіру қиын болғандықтан, өзіне тән проаритмогендік критерийлерге талдау жасалды. Осы талдама аясында бастапқы деңгейде қарыншалық эктопиялық систолалардың пайда болуы проаритмогендік жауапты сипаттау үшін белгілі бір өзгеріс параметрлері анықталған бастапқы деңгейге қатысты өзгерулермен салыстырылды. Проаритмогендік жауабы құжатталған емделушілер саны, плацебомен және тиотропиймен салыстырғанда, индакатеролардың екі дозасында да өте ұқсас болды.

Жалпы алғанда, индакатеролмен ем қабылдаған емделушілерде, плацебо немесе тиотропиймен ем қабылдаған емделушілермен салыстырғанда, аритмиялық үдерістердің дамуында клиникалық тұрғыдан маңызды айырмашылық анықталған жоқ.

Сарысуда калий және плазмада глюкоза деңгейіне әсер етуі

Сарысулық калийдің және плазмадағы глюкозаның өзгерулеріне 26 апталық салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын зерттеудің ІІІ фазасында баға берілді. 12-аптада дозаны қабылдағаннан кейін 1 сағаттан соң сарысудағы калийдің орташа өзгерулері, плацебомен салыстырғанда, 0,03-тен 0,05 ммоль/л-ге дейін ауытқыды, ал плазмадағы глюкоза деңгейінің орташа ауқымы 0,25-тен 0,31 ммоль/л-ге дейінді құрады.

Қолданылуы

- өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА) бар емделушілерде тыныс жолдарының обструкциясына бронхты кеңейтетін демеуші ем жүргізуге

Қолдану тәсілі және дозалары

Тек ингаляциялық қолдануға арналған!

Ересектер

Ұсынылатын дозасы – Онбрез® Бризхалер® ингаляторының жәрдемімен бір 150 мкг Онбрез® Бризхалер® капсуласының ішіндегімен тәулігіне 1 рет ингаляция. Доза дәрігердің нұсқауымен ғана арттырылуы тиіс.

300 мкг доза препаратпен (1 капсуланың ішіндегі 300 мкг) тәулігіне 1 рет ингаляция жасау кейбір емделушілерде, мысалы, ӨСОА ауыр түрі бар науқастарда ентігуге қатысты қосымша клиникалық әсермен қамтамасыз етуі мүмкін. Ең жоғары доза – тәулігіне 1 рет 300 мкг.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілерде дозаны түзетудің қажеті жоқ.

18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

Онбрез® Бризхалер® препаратын 18 жасқа дейінгі балаларға қолданбаған жөн.

Бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы

Бауыр функциясының жеңіл немесе орташа дәрежедегі бұзылулары бар емделушілер үшін дозаны түзету қажет етілмейді. Препаратты бауыр функциясының ауыр дәрежедегі бұзылуы бар емделушілерге қолдану жөнінде деректер жоқ. Бүйрек функциясы бұзылған емделушілер үшін дозаны түзету қажет емес.

Онбрез® Бризхалер® капсуласын ингаляциялық түрде және тек Онбрез® Бризхалер® ингаляторының жәрдемімен ғана қолданған жөн. Капсулаларды жұтуға болмайды. Препаратпен ингаляцияны күн сайын тәулігіне 1 рет бір уақытта жүргізген жөн. Ингаляцияны өткізіп алған жағдайда Онбрез® Бризхалер® препаратын келесі күні әдеттегідей уақытта қолданады.

Онбрез® Бризхалер® капсулаларын әрдайым блистерде сақтау және оны тек тура қолданар алдында ғана блистерден шығарып алу керек.

Емделушілерге препаратты дұрыс қолдану жөнінде нұсқау беру қажет. Емделушілердің тыныс алуы жақсармаған жағдайда, олардан ингаляция үшін пайдаланудың орнына капсуланы жұтқан-жұтпағандығын сұрап білген жөн.

Онбрез® Бризхалер® препаратын қолдану жөнінде нұсқаулық

Онбрез® Бризхалер® препаратының әрбір қаптамасында мыналар бар:

- Бір ингаляциялық құрылғы – Бризхалер® ингаляторы

- Ингаляцияға арналған ұнтағы бар капсула блистерлері

Прикрепленные файлы

670656001477976958_ru.doc 470 кб
934189791477978130_kz.doc 503 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники