Войти

Омепразол (20 мг) Омепразол

Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Производитель: Лекфарм СООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Omeprazole
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№021199
Дата регистрации: 19.02.2015 - 19.02.2020
Предельная цена: 4.79 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Омепразол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Омепразол

Дәрілік түрі

Капсулалар 20 мг

Құрамы

Бір капсуланың ішінде

белсенді зат - 20.00 мг омепразол (8.5 % омепразол пеллеті түрінде),

қосымша заттар (пеллет): маннит (Е 421), динатрий гидрофосфаты, кальций карбонаты, натрий лаурилсульфаты, сахароза, гидроксипропилметилцеллюлоза, метакрил қышқылы мен этилакрилат сополимері (1:1), 30 % дисперсия (Eudragit L30D),

капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы (Е 171), желатин

Сипаттамасы

№1 ақ түсті, ұшы жарты сфера сияқты цилиндр пішінді қатты желатин капсулалар. Капсулалардың ішінде – ақ немесе ақ дерлік түсті сфера сияқты пеллеттер.

Фармакотерапиялық тобы

Қышқылдылығы бұзылуына байланысты ауруларды емдеуге арналған препараттар. Ойық жараға қарсы дәрілер және гастроэзофагеальді рефлюксті (GORD) емдеуге арналған препараттар. Протондық сорғы тежегіштері. Омепразол.

АТХ коды А02ВС01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ашқарынға қабылдағаннан кейін жылдам және толық сіңеді; тамақтан кейін қабылдағанда сіңу үдерісі ұзақтау болуы мүмкін. Қан плазмасындағы Сmax 3-3,5 сағаттан кейін жетеді. Биожетімділігі 30-40 % құрайды. Плазма ақуыздарымен байланысуы 90 % жуықты құрайды. Омепразол іс жүзінде 6 метаболит түзе отырып, бауырда толық метаболизденеді, олардың фармакологиялық белсенділігі жоқ. Жартылай шығарылу кезеңі 1,5 сағатты құрайды. Негізінен бүйрекпен (77 %) және өтпен (23 %) шығарылады.

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде шығарылуы креатинин клиренсі төмендеуіне пропорционалды төмендейді.

Бауыр жеткіліксіздігінде биожетімділігі 100 % құрайды, жартылай шығарылу кезеңі 3 сағатты құрайды.

Егде жастағы емделушілерде шығарылуы баяулайды, биожетімділігі жоғарылайды.

Фармакодинамикасы

Омепразол – протондық сорғы тежегіші, тұз қышқылының базальді және кез келген тітіркендіргішінен туындаған секрециясын бәсеңдетеді. Омепразол ізашар дәрі болып табылады – қан арқылы париетальді жасушаларға түседі, әлсіз негіз болғандықтан қышқыл ортада сульфенамид түзе отырып, белсендірілетін секреторлық өзекшелерде жинақталады. Сульфенамид жасушадан тыс домен Н+, К+ - АТФаза кіретін цистеин қалдықтарымен ковалентті байланысады, оны қайтымсыз белсенділігін жояды және Н+ иондары секрециясын тоқтатады. Препаратты ішке бір рет қабылдағаннан кейін әсері бірінші сағат ішінде басталады және 24 сағат бойына жалғасады, ең жоғары әсеріне 3 сағатта жетеді. Он екі елі ішектің ойық жаралы аурулары бар емделушілерде омепразолды 20 мг дозада қабылдау асқазан сөлінің рН 3 деңгейде 17 сағат бойына демеп тұрады. Бір апта бойына тәулігіне 20 мг омепразол қабылдау тұз қышқылының секрециясын 95 %-дан астамға бәсеңдетеді. Препарат қабылдауды тоқтатқаннан кейін секреторлық белсенділігі 3-5 тәуліктен кейін толық қалпына келеді.

Қолданылуы

  • асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруларын емдеуде және қайталануының алдын алуда

  • ойық жаралы ауруларда тиісті антибиотиктермен біріктірілімдерде Helicobacter pylori (H. pylori) эрадикациясы

  • қауіп тобындағы емделушілердегі ҚҚСД –астасқан асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруларын емдеуде және алдын алуда

  • рефлюкс-эзофагитті емдеуде

  • рефлюкс-эзофагиті емделген емделушілердегі қайталануының ұзақ мерзімді алдын алуда

  • симптоматикалық гастроэзофагеальді рефлюксті аурулар емдеуде

  • Золлингер-Эллисон синдромын емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Он екі елі ішектің ойық жаралы ауруларын емдеу

Он екі елі ішектің ойық жаралы ауруларының асқынуы бар емделушілер үшін ұсынылатын доза күніне бір рет 20 мг құрайды. Он екі елі ішектің ойық жаралы аурулары бар емделушілердің көбінде ойық жараның жазылуы 2 апта ішінде жүреді, бірақ кейбір емделушілер үшін ойық жара жазылуында препаратпен қосымша 2 апталық емдеу курсы қажет болуы мүмкін. Он екі елі ішектің ойық жарасы емнің басқа әдістеріне резистентті емделушілер үшін 4 апта бойына күн сайын 40 мг қабылдау ұсынылады.

Он екі елі ішектің ойық жаралы ауруларының қайталануының алдын алу

Жазылуы нашар науқастарда он екі елі ішектің ойық жаралы ауруларының қайталануының алдын алу үшін 20 мг препараттан күніне 1 реттен тағайындау ұсынылады. Кейбір емделушілерде 10 мг тәуліктік доза жеткілікті болуы мүмкін. Қажет болғанда дозаны 40 мг дейін ұлғайтуға болады.

Асқазанның ойық жара ауруын емдеу

Асқазанның ойық жара ауруы бар емделушілер үшін ұсынылатын доза күніне 1 рет 20 мг құрайды. Асқазанның ойық жара ауруы бар емделушілердің көбінде жазыла бастау 4 апта ішінде жүреді, бірақ кейбір емделушілерге ойық жара жазылуы үшін препаратпен қосымша 4 апталық емдеу курсы қажет болуы мүмкін. Ойық жарасының жазылуы нашар науқастарда 40 мг препаратты күніне 1 рет тағайындау ұсынылады және жазыла бастауына әдетте сегіз апта ішінде қол жеткізіледі.

Асқазан ойық жаралы ауруларының қайталануының алдын алу

Жазылуы нашар науқастарда асқазан ойық жаралы ауруларының қайталануының алдын алу үшін 20 мг препараттан күніне 1 рет тағайындау керек. Қажет болғанда дозаны күніне 1 рет 40 мг дейін арттыруға болады.

Ойық жаралы аурулардағы H. pylori эрадикациясы

Нақты бір емделушілердегі Helicobacter pylori эрадикациясы үшін емдеудің резистенттілігі және ұстанымдары бойынша ұлттық, аймақтық және жергілікті деректерге сәйкес антибиотиктерді таңдауды жүргізу керек.

  • Омепразол 20 мг + кларитромицин 500 мг + амоксициллин 1000 мг, 1 апта бойына күніне 2 рет, немесе

  • Омепразол 20 мг + кларитромицин 250 мг (альтернативті түрде 500 мг) + метронидазол 400 мг (немесе 500 мг немесе тинидазол 500 мг), 1 апта бойына күніне 2 рет, немесе

  • Омепразол 40 мг күніне 1 рет 500 мг амоксициллинмен және 400 мг метронидазолмен (немесе 500 мг немесе тинидазол 500 мг), екеуінде де 1 апта бойына күніне 3 рет.

Әрбір режимде, егер емделушіде H. pylori әлі де оң болса, емдеу курсын қайталауға болады.

ҚҚСД –астасқан асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруларын емдеу

ҚҚСД –астасқан асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруларын емдеу үшін ұсынылатын доза күніне 1 рет 20 мг құрайды. Емделушілердің көбінде жазыла бастау 4 апта ішінде жүреді, бірақ кейбір емделушілерге ойық жара жазылуы үшін препаратпен қосымша 4 апталық емдеу курсы қажет болуы мүмкін.

ҚҚСД –астасқан асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруларының алдын алу

Қауіп тобындағы емделушілердегі (60 жастан асқан адамдар, асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруларын, гастроинтестинальді қан кетулерді өткерген адамдар) ҚҚСД –астасқан асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруларының алдын алу үшін ұсынылатын доза күніне бір рет 20 мг құрайды.

Рефлюкс-эзофагитті емдеу

Ұсынылатын доза күніне бір рет 20 мг құрайды. Емделушілердің көбінде жазыла бастау 4 апта ішінде жүреді, бірақ кейбір емделушілерге ойық жара жазылуы үшін препаратпен қосымша 4 апталық емдеу курсы қажет болуы мүмкін. Ауыр эзофагиті бар науқастарға күніне бір рет 40 мг препараттан тағайындау ұсынылады, жазылуына әдетте сегіз апта ішінде қол жеткізіледі.

Рефлюкс-эзофагиті бар емделушілерде қайталанудың ұзақ мерзімді алдын алу

Емделген рефлюкс-эзофагиті бар емделушілерді емдеу үшін ұсынылатын доза күніне 1 рет 10 мг қабылдағанда жеке таңдалады. Қажет болғанда дозаны күніне 1 рет 20-40 мг дейін арттыруға болады.

Симптоматикалық гастроэзофагеальді рефлюксті ауруларды емдеу

Ұсынылатын доза күніне 20 мг құрайды. Емделушілер күн сайынғы 10 мг дозаға талапқа сай реакция беруі мүмкін, тиісінше жеке дозаны қайта қарау керек. Егер симптомдар Омепразол препаратымен 20 мг күн сайынғы емнің 4 аптасынан кейін жойылмаса, онда емделушіге қосымша зерттеулер жүргізу керек.

Золлингер-Эллисон синдромын емдеу

Дозаны жеке таңдайды. Ұсынылатын бастапқы доза күніне 60 мг құрайды. Аурудың ауыр түрі бар және емнің басқа түріне реакциялары жеткіліксіз 90% астам науқастардың жай-күйі тәулігіне 20–120 мг дозада қолданғанда жақсы тұрақтанған. Тәулігіне 80 мг асатын доза қолдану қажеттігі болса, тәуліктік дозаны 2 рет қабылдауға бөлу керек. Емнің ұзақтығы –клиникалық көрсетілімдер бойынша.

Түрғындардың арнайы топтарының дозалары

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясының бұзылуы бар емделушілерде доза түзету талап етілмейді.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясының бұзылуы бар емделушілерде ұсынылатын тәуліктік доза 10-20 мг құрайды.

Егде жас (> 65 жас)

Егде жастағы адамдарда доза түзету талап етілмейді.

Қолдану тәсілі

Ішке. Капсуланы таңертең, дұрысы тамаққа дейін тұтас жұтып, стақан судың жартысымен іше отырып, қабылдау керек.

Капсуланы шайнамайды және ұсақтамайды.

Тек жартылай қатты тамақты ғана ішіп немесе жұта алатын, жұтуы қиын емделушілер капсуланы ашып және оның ішіндегісін жарты стақан сумен немесе оны қышқылдығы әлсіз сұйықтықпен араластырып, іше отырып жұтуына болады (мысалы, жеміс шырынымен немесе алма езбесімен, немесе газдалмаған сумен). Бұндай қоспаларды дереу қабылдау керек (немесе 30 минут ішінде) және барлық уақытта қабылдар алдында араластыру керек және жарты стақан сумен ішу керек.

Емделушілер баламалы түрде капсуланы соруына және жарты стақан сумен пеллеттерді жұтуына болады. Пеллеттерді шайнауға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялар даму жиілігі бойынша төмендегіше жіктеледі: өте жиі ≥1/10, жиі ≥1/100-ден <1/10 дейін, жиі емес ≥1/1000-ден <1/100 дейін, сирек ≥ 1/10000-ден < 1/1000 дейін, өте сирек < 1/10000, белгісіз (қазіргі кезде қолда бар деректер бойынша жиілігі анықталуы мүмкін емес).

Жиі:

- бас ауыруы

- іштің ауыруы, іш қатуы, диарея, метеоризм, жүрек айнуы, құсу

жиі емес:

- бас айналуы, парестезия, ұйқышылдық, ұйқысыздық

- бауыр ферменттерінің белсенділігінің артуы

- дерматит, қышыну, бөртпе, есекжем

- санның, білектің, омыртқаның сынуы

- жайсыздық, шеткергі ісінулер

сирек:

- лейкопения, тромбоцитопения

- аса жоғары сезімталдық реакциялары (қызба, ангионевротикалық ісіну, анафилактикалық реакциялар/шок)

- гипонатриемия

- қозу, сананың шатасуы, депрессия

- дәм сезудің бұрмалануы

- анық көрмеу

- бронх түйілуі

- ауыз құрғауы, стоматит, асқазан-ішек жолдарының кандидозы

- сарғаюы бар немесе сарғаюсыз гепатит

- алопеция, фотосенсибилизация

- артралгия, миалгия

- интерстициальді нефрит

- жоғары тершеңдік

өте сирек:

- агранулоцитоз, панцитопения

- агрессия, елестеулер

- бауыр функциясының бұзылуы, бауыр энцефалопатиясы (бұрыннан бауыр ауруы бар емделушілерде)

- мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалді некролиз

- бұлшықет әлсіздігі

- гинекомастия

белгісізне:

- гипомагниемия, гипокальциемия, гипокалиемия

- колит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- омепразолға, препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдік жас

- асқазан-ішек жолдарының жаңа түзілімі

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі

- нелфинавирмен және/немесе атазанавирмен бір мезгілде қолданылуы

Сақтықпен: бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сіңуі рН-тәуелді препараттар.

Омепразолмен ем уақытында асқазан ішіндегі қышқылдықтың азаюы жұтылуы рН-тәуелді кейбір препараттардың сіңуін ұлғайтуы немесе азайтуы мүмкін.

Омепразол препаратын кетоконазолмен, итраконазолмен, ампициллинмен, В12 витаминімен немесе темірмен бір мезгілде қолданғанда аталған препараттардың сіңуі төмендейді.

Омепразол препаратын кейбір препараттармен бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек.

Карбамазепин: Омепразол жартылай шығарылу кезеңінің елеулі ұзаруын, қисық астындағы аудан концентрациясының артуын (AUC) және карбамазепиннің бір реттік дозасының концентрациясының төмендеуін туындатуы мүмкін.

Кларитромицин: Омепразол препаратының және кларитромициннің плазмалық концентрациясы препараттарды бір уақытта қолданғанда жоғарылайды.

Циклоспорин: Омепразол препаратының циклоспоринге әсері әзірге анықталмаған. Жүргізілген зерттеулер плазмадағы циклоспорин концентрациясының тек елеусіз өзгерісін көрсетті. Жеке дара жағдайларда плазмадағы циклоспориннің плазмалық деңгейінің жоғарылағаны да, сондай-ақ төмендегені де анықталды. Сондықтан емделушілерде Омепразол препаратымен және циклоспоринмен бір мезгілде емдегенде циклоспорин концентрациясына жүйелі түрде бақылау жүргізу керек.

Диазепам және басқа да бензодиазепиндер: Омепразол препараты мен диазепамды бір мезгілде қолданғанда, диазепамның метаболизмі төмендегені, оның бензодиазепинді әсердің күшеюі және ұзаруына алып келетін кейінгі бөлінулері анықталды.

Дисульфирам: Омепразол препаратын бір мезгілде қолданғанда дисульфирамның плазмалық концентрациясының жоғарылауына алып келуі мүмкін, бұл психикалық бұзылыстар – абыржу, бағдардан жаңылуды туындатуы мүмкін.

Метотрексат: Омепразол бүйректе метотрексаттың белсенді секрециясын тежеуі мүмкін деп болжанады, бұл омепразол және метотрексатпен бір мезгілде емдегенде плазмадағы метотрексат деңгейінің жоғарылауына алып келуі мүмкін.

Фенитоин: Омепразол дені сау еріктілерде фенитоин метаболизмін тежейді, алайда омепразолды бір мезгілде қолдану фенитоинмен ұзақ уақыт емделген емделушілердегі плазма концентрациясына әсер етпейді.

Тиклопидин: тиклопидин P 450 2C19 (CYP2C19) цитохромына қатысты жылдам метаболизмі бар адамдарда омепразол метаболизмін тежейді.

Омепразол және варфарин препараттарын бір мезгілде қабылдайтын емделушілер үнемі дәрігер бақылауында болуы тиіс, өйткені тромботест көрсеткіштерінің шамамен 11%-ға төмендеуі болады.

Пропранололмен немесе теофиллинмен өзара әрекеттесулері анықталмаған, бірақ басқа препараттармен, сондай-ақ Р450 цитохромы энзимдік жүйесімен метаболизденетін препараттармен өзара әрекеттесулерін жоққа шығаруға болмайды.

Омепразол, протондық помпаның басқа да тежегіштері (ППТ) сияқты нелфинавирмен және/немесе атазанавирмен бір уақытта пайдаланылмауы тиіс.

Омепразол фармакокинетикасына басқа белсенді заттардың әсері.

CYP2C19 және/ немесе CYP3A4С тежегіштері: омепразол CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттерінің көмегімен метаболизденеді, CYP2C19 немесе CYP3A4 дәрілік препараттары-тежегіштері (мысалы, кларитромицин және вориконазол) омепразол метаболизмінің жылдамдығы азаюы есебінен қан плазмасындағы омепразол концентрациясының артуына алып келуі мүмкін.

Омепразолдың жоғары дозаларының жағымдылығы жақсы, әдетте омепразол дозасын түзету талап етілмейді. Алайда доза түзету қажеттігін бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде және ұзақ емдеу қажет болғанда ескеру керек.

CYP2C19 және/ немесе CYP3A4 индукторлары

CYP2C19 немесе CYP3A4 изоферменттерін, немесе екеуін де (мысалы, рифампицин және шайқурай) индукциялайтын препараттар омепразолмен бірге қолданғанда омепразол метаболизмі жылдамдығы артуы есебінен қан плазмасындағы омепразол концентрациясының төмендеуіне алып келуі мүмкін

Айрықша нұсқаулар

Препаратпен ем бастағанға дейін асқазанның қатерлі ісігі барын жоққа шығару керек, өйткені ем оның симптомдарын бүркемелеуі мүмкін және дұрыс диагноз анықтауды кейінге қалдыруы мүмкін.

Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар емделушілерде омепразолмен ем уақытында қан плазмасындағы бауыр ферменттерінің деңгейін ұдайы бақылау керек және олардың деңгейі жоғарылағанда препаратты тоқтату керек.

Бауыр функциясы бұзылуы бар емделушілерде ұсынылатын тәуліктік доза 20 мг аспауы тиіс.

Helicobacter pylori эрадикация үшін антибиотиктермен, метронидазолмен, висмут препараттарымен және басқа да дәрілік заттармен кешенде тағайындайды.

Рефлюкс-эзофагит диагнозы эндоскопиялық түрде расталуы тиіс. Омепразол препаратын рефлюкс-эзофагитті ұзақ мерзімді емдеу үшін тек аурудың жиі қайталануына бейім емделушілерде ғана, сондай-ақ алдын алу курстары тиімсіз болған адамдарда ғана пайдалану керек.

Протондық помпаның тежегіштерін ең кемі 3 ай қабылдаған, көп жағдайларда 1 жыл емнен кейінгі емделушілерде симптоматикалық және асимптоматикалық гипомагниемия дамығаны туралы хабарламалар алынды.

Күрделі жағымсыз әсерлерге тетания, аритмия, құрысулар жатады. Емделушілердің көбіне магний тұзын енгізу және протондық помпаның тежегіштерін қолдануды тоқтату талап етілді.

Протондық помпаның тежегіштерін ұзақ уақыт қолдану, дигоксинді немесе магний құрамының төмендеуін туындататын басқа дәрілік заттарды (мысалы, диуретиктерді) бірге қолдану жоспарланған емделушілерге протондық помпаның тежегіштерін қолдануды бастағанға дейін және қолдану кезінде ауық-ауық қан сарысуындағы магний концентрациясын анықтау керек.

Бұл зерттеулер протондық помпаның тежегіштерін (ППТ) қолданудың санның, білезіктіңғ омыртқаның сынықтары туындау қаупі жоғарылауымен байланысты болуы мүмкіндігін айғақтайды. ППТ жоғары дозаларда (көп рет күн сайын) және/немесе ұзақ уақыттық емде (бір жыл және одан астам) қабылдаған емделушілерде сынық туындау қаупі жоғарылаған. ППТ ең төмен емдік дозалауда қолдану көрсетіліміне сәйкес қабылдауды жүзеге асыру керек, емдеу курсының ұзақтығы ең аз болуы тиіс. Сынықтар туындау қаупі бар емделушілерді бекітілген ұсыныстарға сәйкес емдеу керек.

Зертханалық зерттеулер деректеріне әсері

Омепразол қабылдағанда хромогранин А (CgA) концентрациясы артуы мүмкін. CgA жоғары деңгейі нейроэндокриндік ісіктерді анықтауға арналған зерттеулер нәтижесіне әсер етуі мүмкін. Бұл әсерді болдырмау үшін омепразолмен ем CgA өлшердің алдында бес күн бұрын уақытша тоқтатылуы тиіс.

Протондық помпа тежегіштерімен емдеу Salmonella spp. және Campylobacter spp. бактерияларынан туындаған асқазан-ішек жұқпаларының туындау қаупінің елеулі артуына алып келуі мүмкін

Емнің барлық ұзақ мерзімді режимдеріндегі сияқты, әсіресе емдеу кезеңін 1 жылға дейін арттырғанда, емделушілер дәрігердің ұдайы бақылауында болуы тиіс.

Педиатрияда қолданылуы

Педиатриялық тәжірибеде омепразолдың қауіпсіздігі мен тиімділігінің жеткіліксіз зерттелуіне байланысты оны балалық жаста тағайындаудан бас тарту керек.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы

Жүкті және бала емізетін әйелдерде омепразолдың қауіпсіздігі мен тиімділігінің жеткіліксіз зерттелуіне байланысты, Омепразол препаратын жүктілік және лактация кезеңінде қолдану көрсетілмеген.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Омепразол емдік дозаларында психомоторлық реакциялар жылдамдығы мен зейін шоғырландыруға әсер етпейді. Алайда бас айналуы және көрудің бұзылуы сияқты жағымсыз реакциялардың туындау мүмкіндігін ескере отырып, емделушілер автокөлік басқарғанда немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істегенде сақ болуы керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, ауыз құрғауы, диарея, тахикардия, бас ауыруы, көрудің бұзылуы, ұйқышылдық, қозу, жоғары тершеңдік.

Емі: симптоматикалық ем. Спецификалық у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан салынған.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылуы

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Лекфарм» ЖШБҚ

Беларусь Республикасы, 223110, Логойск қ., Минская к-сі, 2а үй

Тел./факс: (01774)-53801, е-mail: office@lekpharm.by

Тіркеу куәлігінің иесі

«Лекфарм» ЖШБҚ, Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «РОМФАРМ КОМПАНИ» С.Р.Л. өкілдігі

050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бұқар жырау бульвары, 33 үй, «Жеңіс» БО, 607 кеңсе, тел.(727) 247 07 85

 

 

 

Прикрепленные файлы

169153751477976583_ru.doc 95 кб
779613281477977740_kz.doc 124 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники