Войти

Нуклео Ц.М.Ф.форте

Производитель: Феррер Интернасиональ С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний нервной системы
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№003428
Дата регистрации: 06.03.2018 - 06.03.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Нуклео Ц.М.Ф. ФОРТЕ

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар: цитидин 5'-динатрий монофосфаты 5.00, уридин 5'- тринатрий трифосфаты, уридин 5'- динатрий дифосфаты, уридин 5'- динатрий монофосфаты (барлығы) 3.00 (уридин құрамына баламалы) (1.33).

қосымша заттар: лимон қышқылы, натрий цитрат дигидраты, магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы, маннитол.

капсуланың құрамы: темірдің қара тотығы Е172, титанның қостотығы Е171, желатин, индигокармин Е132.

Сипаттамасы

Корпусы сұр түсті, қақпақшасы көк түсті, № 2 қатты желатин капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – ақ түсті ұнтақ, гигроскопиялы.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар

АТХ коды N07XX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бұл препарат компоненттерінің шығу тегі органикалық, олар биологиялық сұйықтықтардың құрамында болғандықтан препаратқа фармакокинетикалық зерттеу жүргізуде қиындық туғызады, және бұл радиоактивті изотоптармен таңбаланған өнімді пайдалана отырып, зерттеу жүргізуге негіз болды. Осы зерттеудің мақсаты УМФ, ЦМФ, сондай-ақ УТФ сіңірілуі мен фармакокинетикасын бағалау болатын.

4,97 мг/кг дозамен 14С-УМФ қолданудан кейін, 1,749 мг/кг құрайтын плазмадағы (Cmax) ең жоғары концентрациясына 10 минуттан кейін жеткен. Содан соң радиоактивтілігі альфа-таралу және бета-элиминация үшін сәйкесінше 0,5 және 0,6 сағат жартылай шығарылу кезеңімен жылдам шығарылған.

4,83 мг/кг дозамен 14С-ЦМФ қолданудан кейін 1,567 мг/кг құрайтын Cmax мәніне 20 минуттан кейін жеткен. Сосын радиоактивтілігі сәйкесінше 1,0 және 3,8 сағат жартылай шығарылу кезеңімен жылдам шығарылған.

4,86 мг/кг дозамен 14С-УТФ қолданудан кейін, 1,291 мг/кг құрайтын Cmax мәніне 20 минуттан кейін жеткен. Сосын радиоактивтілігі сәйкесінше 1,2 және 5,0 сағат жартылай шығарылу кезеңімен жылдам шығарылған.

Метаболизмнің осы бір жолы УМФ мен УТФ-да, яғни урацил арқылы кем дегенде анағұрлым полярлы радиоактивті бір фракцияға дейін жылдам өзгеруі анықталған.

ЦМФ қосылысы цитозинге, урацилге және кем дегенде бір анағұрлым полярлы радиоактивті фракцияға дейін жылдам өзгерген. Сондықтан цитозин негізінен урацилге өзгерген. Бұл нәтижелер қанда цитозин қатысуымен болатын урацилдің жылдамдығы аздау метаболизмі байқалғанын көрсетеді, бұл бастапқы қабылданған қосылыс – ЦМФ-ден пайда болған.

Фармакодинамикасы

Нуклео ЦМФ Форте құрамында нуклеотидтер қатары: ШЖЖ (шеткергі жүйке жүйесі) ауруларын емдеуде кеңінен пайдаланылатын цитидин монофосфаты (ЦМФ), уридин трифосфаты (УТФ) бар.

Биохимиялық көзқарас тұрғысынан бұл екі компоненттің әсерін мынадай түрде сипаттауға болады: ЦМФ нейрональді жарғақшаны, ең бастысы миелин қабығының негізгі компоненті – сфингомиелинді түзетін липидтер кешенінің синтезіне қатысады. ЦМФ сондай-ақ нуклеин қышқылдарының (ДНҚ және РНҚ) ізашары саналады, олар өз кезегінде жасушалық метаболизмнің (мысалы, ақуыздар синтезінде) негізгі элементтері болып табылады. УТФ гликолипидтер, нейрондық құрылымдар мен миелин қабығының синтезінде, ЦМФ әсерін толықтырып, кофермент ретінде әсер етеді. Мұнымен қоса, ол бұлшықеттің жиырылуы үдерісінде қуат көзі ретінде әрекет етеді. Жалпы алғанда, ЦМФ және УТФ негізінен миелин қабығы мен басқа да жүйке құрылымдарын құрайтын фосфолипидтер мен гликолипидтер синтезіне қатысады. Бұл шеткергі жүйке зақымданулары кезіндегі демиелинизацияны реттей отырып, өз кезегінде миелин қабығы регенерациясы үдерісіне ықпал ететін қарқынды метаболикалық белсенділікке алып келеді. Осылайша, ЦМФ мен УТФ әсерлерінің бірігуі миелин қабығы регенерациясына, жүйке қозуының дұрыс жүруі мен бұлшықет трофикасының қалпына келуіне ықпалын тигізеді. Нуклео Ц.М.Ф. ФОРТЕ организмді жүйке қабықтарын қалыптастыру үшін моносахаридтерді кераминдермен біріктіруге қажетті фосфатты топтармен, және де миелин қабығының негізгі компоненттері – сфингомиелин мен глицерофосфолипидтер құрайтын фосфатидті қышқылдармен қамтамасыз етеді. Осылайша тұрақты трофикалық әсер, аксональді жүйке талшықтарының барынша толық жетілуі мен регенерациясы қамтамасыз етіледі. Осының нәтижесінде қабыну азайып, аксонның зақымданған бөлігінің сезімталдығы дұрысталады, бұл аксональді тасымалданудың қалпына келуіне ықпал етеді.

Қолданылуы

- ишиалгияда

- радикулитте

- диабеттік полинейропатияда

- алкоголдік полиневритте

- белдемелі ұшық

- беттік, үшкір, қабырға аралық жүйкелер невралгиясында

- люмбагода

Қолдану тәсілі

НУКЛЕО Ц.М.Ф. ФОРТЕ ішу арқылы қабылдауға тағайындалады:

Ересектерге: 1- 2 капсуладан күніне 3 рет 1 айдан 3 айға дейін.

Емдеу курсы қажет болғанда 6 айға дейін.

Жағымсыз әсерлері

Сипатталмаған, бірақ препаратты қолдануға байланысты кез келген жағымсыз реакциялар туындаған жағдайда өз дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Белгісіз

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі. Қабылдаудың мақсатқа лайықтылығы ықтимал қатерден қабылдаудың артықшылығы асып түсуіне байланысты анықталады

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Препарат уыттылығының аздығына байланысты артық дозалану мүмкіндігі аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

+300С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Дәрігердің рецептісі арқылы.

Өндіруші

Феррер Интернасиональ, С.А.,

Гран Виа Карлос III, 94, 08028 Барселона, Испания.

Тіркеу куәлігінің иесі

Феррер Интернасиональ, С.А.,

Гран Виа Карлос III, 94, 08028 Барселона, Испания.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР-дағы өкілдігі: «Медиал Ди энд Пи ЛТД»

Мекенжайы: 050050 Алматы қ., Темекі зауыты к-сі, 20,

Тел +77272954882, факс – 2954881. e-mail: medial.office@gmail.com

Прикрепленные файлы

497903201477976969_ru.doc 51.5 кб
422622031477978128_kz.doc 80 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники