Войти

Нимулид (Гель трансдермальный) Нимесулид

Производитель: Панацея Биотек Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Nimesulide
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№021069
Дата регистрации: 26.12.2014 - 26.12.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Нимулид

Халықаралық патенттелмеген атауы

Нимесулид

Дәрілік түрі

Трансдермальді гель, 1 %, 30 г

Құрамы

Гельдің бір грамының құрамында

белсенді зат - 10мг нимесулид

қосымша заттар: гидроксипропилцеллюлоза, карбомер 940, этанол (этил спирті 75%), тазартылған су, триацетин, N.N-диметилацетамид, концентрацияланған фосфор қышқылы, MSC-03 - хош иістендіргіші, 0106-G - хош иістендіргіші.

Сипаттамасы

Сарғыш түсті сәл мөлдір гель.

Фармакотерапиялық тобы

Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар. Қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттар. Нимесулид.

АТХ коды MO1AX17

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Трансгельді жаққан кезде микротранспорт жүйесі әсер етеді. Препарат құрамында өту агенті бар, ол терінің мүйізгек қабаты липидтерімен өзара әрекеттеседі және дәрілік заттың тері арқылы өтуінің күшеюіне әкеледі. Сондай-ақ, препарат тері арқылы өткен кезде Нимулид трансгелінің құрамында этанолдың болуы маңызды. Гельді теріге жаққан кезде этанол буланып ұшып кетеді, препараттың біртекті шашыраңқы көпіршіктері бар үлбір қалады, олар тері арқылы оңай өтеді және жақсы сіңіріледі.

Фармакодинамикасы

Нимулид – қабынуға қарсы стероидты емес дәрі. Қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсер көрсетеді. ЦОГ-2 ферментінің (циклооксигеназа-2) селективтік тежелуі нәтижесінде қабыну ошағында простагландиндер синтезін іріктеп басады. Нимулид, сондай-ақ, лейкотриендер синтезін, тромбоциттер белсенділігі факторын тежейді, тамыр эндотелийі арқылы нейтрофильді гранулоциттер көшуін реттейді, жуан жасушалардан гистаминнің шығуын төмендетеді, қабыну мен ісінуді қайтарады, ауыруды туғызатын брадикинин мен цитокиндер жинақталуына ықпал ететін ісік некрозы факторының әсерін тежейді (TNFα). Препарат олардың фагоцитарлық белсенділігіне әсер етпей, олардың алдағы альтерациясының алдын ала отырып, жетілген лейкоциттермен бірге супероксид аниондары агрегациясын төмендетеді. Нимулид шеміршек деградациясын азайта отырып және остеоартрит үдеуінің алдын ала отырып, коллагеназаны және металлопротеазаны тежейді.

Қолданылуы

  • артралгияда

  • тірек-қимыл аппаратының жедел және жарақаттан кейінгі ауруларында (тендинит, тендовагинит, бурсит, остеопороз, ревматоидты артрит, артроз)

  • белдің ауыруы, миалгияда (әлсіз және орташа қарқындылықтағы ауыру)

Қолдану тәсілі және дозалары

Трансдермальді гель түрінде Нимулид ересектер мен 12 жастан асқан балаларға сыртқа пайдалануға арналған.

Қолдану тәсілі: Ұзындығы 3 см гель жолағын терінің зақымданған бөлігінің үстіне тәулігіне 3-4 рет жеңіл ысқылайды. Гельдің мөлшері өңделген бөліктің ауданына және емделушінің реакциясына байланысты құбылуы мүмкін. Қолдану жиілігі – тәулігіне 4 реттен көп емес. Ауыруды басуға қатысты нәтижені бірнеше сағаттан кейін бағалайды.

Емдеу курсы 7-10 күн.

Жағымсыз әсерлері

  • терінің тітіркенуі, эритема, тері бөртпесі, қабыршақтану, гель жағылған жердің қышынуы

  • тері түсінің транзиторлы өзгеруі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • нимесулидке және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • ашық жаралар, жұқпаланған сыдырулар

  • суланған дерматоздар

  • 12 жасқа дейінгі балаларға

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Нимулидті жергілікті қолданғанда басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты конъюктиваны қоса шырышты қабыққа, сондай-ақ, терінің жұқпаланған, зақымданған бөліктеріне және ашық жараларға жағуға болмайды.

Гельді теріге қатты ысқылауға болмайды.

Гельмен өңделген бөліктерді окклюзиялық таңғыштармен жабуға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері .

Препарат автокөлік және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Жергілікті қолданған кезде препаратпен артық дозалану ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 г препараттан пластик ламинатталған сықпада.

1 сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жылу көзінен алыс, күн сәулесі түспейтін жерде сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Препаратты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Панацея Биотек Лтд.,

Малпур, Бадди, Техсил Налагарх,

Солан ауданы (Х.П.) – 173205, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Панацея Биотек Лтд, Үндістан

Қаптаушы

Панацея Биотек Лтд, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Корал-Мед Қазақстан» ЖШС

Алматы қ., Әуэзов к-сі 3

Тел./факс + 7 727 266 95 50, E-mail: coralmedkz@mail.ru

Прикрепленные файлы

199964951477976574_ru.doc 73 кб
724071341477977735_kz.doc 74 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники