Войти

Натрия хлорид Натрия хлорид

Производитель: НИКО ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Электролиты
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№017642
Дата регистрации: 24.12.2015 - 24.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Натрий хлориді

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған 0,9 % 100 мл, 200 мл, 250 мл, 400 мл, 500 мл ерітінді

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат: натрий хлориді – 0,9 г,

қосымша заттар: сұйылтылған хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастырғыш және перфузиялық ерітінділер. Су-тұз теңгеріміне әсер ететін ерітінділер. Электролиттер.

АТХ коды В05ВВ01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Тамыр жүйесінен жылдам шығарылады. Препарат тамыр арнасында қысқа мерзімде болады, содан кейін интерстициалық және жасушаішілік секторға өтеді. 1 сағаттан соң тамырларда шамамен енгізілген ерітіндінің тек жартысына жуығы ғана қалады. Су мен сұйықтық диурезді жоғарылата отырып, бүйрек арқылы өте жылдам шығарылады.

Фармакодинамикасы

Натрий хлориді ерітіндісі су-тұз теңгерімін қалыпқа түсіреді және адам организміндегі дегидратация кезінде немесе ауқымды күйік ошақтары мен жарақаттар, құрсақ қуысы ағзаларына жасалған операциялар, перитонит кезінде жасушадан тыс сұйықтықтың аккумуляциясы арқылы дамитын сұйықтық тапшылығын толтырады.

Натрий хлоридінің ерітіндісі тіндер перфузиясын жақсартады, көп қан жоғалтқан кезде және шоктың ауыр түрінде гемотрансфузиялық шаралардың тиімділігін жоғарылатады.

Сондай-ақ сұйықтық көлемін қысқа мерзімге арттыру, қандағы уытты өнімдердің концентрациясын төмендету, диурезді белсендіру салдарынан уытсыздандырғыш әсер береді.

Қолданылуы

  • дегидратацияда

  • гипонатриемияда

  • гипохлоремияда

  • түрлі этиологиядағы уыттануларда

  • операциядан кейінгі кезеңнің ауыр өтуінде

  • шокта

  • ұзақ диареяда

  • тоқтаусыз құсуда

  • жедел көп қан кетулерде

  • ұзақ қызба жағдайында

  • күйікте (қарқынды ем шаралары кешенінде)

  • басқа да үйлесімді дәрілік заттардың еріткіші ретінде

  • жараларды, мұрынның шырышты қабығын шаю, катетерлер мен трансфузияға арналған жүйелер, сондай-ақ таңғыш материалды дымқылдау үшін жергілікті қолдануға болады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Көктамыр ішіне (әдетте тамшылатып), ректальді және сыртқа тағайындайды.

Енгізілетін ертіндінің дозасы организмнің сұйықтықты, натрий және хлор иондарын жоғалтуына қарай анықталады – орташа алғанда тәулігіне 1000 мл құрайды. Көп мөлшерде сұйықтық жоғалтқанда және айқын уыттану кезінде тәулігіне 3000 мл дейін енгізілуі мүмкін. Енгізу жылдамдығы - 540 мл/сағ (180 тамшы/мин); қажет болғанда – енгізу жылдамдығын арттырады.

Жедел дегидратация (зертханалық параметрлерін анықтаусыз) кезінде балаларға 20-30 мл/кг енгізеді. Әрі қарай дозалау тәртібі зертханалық көрсеткіштерге байланысты түзетіледі.

0,9% натрий хлориді ерітіндісінің үлкен дозасын ұзақ енгізгенде плазмада және несепте электролиттер мөлшерін, сондай-ақ диурезді бақылап отыру қажет.

0,9 % натрий хлориді ерітіндісін жараларды, мұрынның шырышты қабығын шаю, таңғыш материалды дымқылдау үшін қолданады.

Клизмада – 0,9 % ерітінді тәулігіне 3 л дейін.

Жағымсыз әсерлері

  • хлоридті ацидоз

  • гипергидратация

  • гипокалиемия

  • гипернатриемия

  • шөлдеу, көзден жас ағу, тершеңдік, қызба

  • жүрек айнуы, құсу, асқазан тұсындағы түйілулер, диарея

  • тахикардия, артериялық гипертензия

  • бүйрек функциясының бұзылуы, ісінулер

  • мазасыздық, әлсіздік

  • бұлшықеттердің тартылуы және гипертонусы

  • енгізу орнының ауыруы және тітіркенуі, тромбофлебит

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- гипернатриемия, гиперхлоремия, гипокалемия, ацидоз

- жасушадан тыс гипергидратация, жасушадан тыс дегидратация

- өкпе мен мидың ісінуін туғызуға қабілетті циркуляторлық бұзылулар

- ми ісінуі, өкпе ісінуі.

- сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігі

- кортикостероидтардың үлкен дозаларымен қатар жүргізілетін емде

- офтальмологиялық операцияларда көзді шаю үшін

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Коллоидты гемодинамикалық қаналмастырғыштармен үйлесімді (әсерлерінің өзара күшеюі). Кортикостероидтармен бірге қолданылғанда гипернатриемия үдей түседі.

Басқа дәрілік заттармен араластырғанда үйлесімділігін көзбен көріп бақылау қажет (дегенмен көзге көрінбейтін және емдік үйлесімсіздік болуы мүмкін).

Айрықша нұсқаулары

Тек зақымданбаған құтыны қолдану керек.

0.9% Натрий хлоридін төмендегілер бар пациенттерге:

− гипокалиемия

− гипернатриемия

− гиперхлоремия

− жүрек жеткіліксіздігі, жалпы ісіну, өкпе ісінуі, гипертензия, эклампсия,

ауыр бүйрек жеткіліксіздігі сиқты натрий тұтынуға шектеу тағайындалған бұзылулар болғанда сақтықпен қолдану қажет.

Клиникалық мониторинг сарысу ионограммасын, су және қышқыл-сілті теңгерімін қамтуы тиіс.

Гипертониялық гидратацияда инфузияны жоғары жылдамдықта енгізуді болдырмаған жөн, өйткені бұл плазма осмолярлығының және плазмада натрий концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Кортикостероидтармен және кортикотропинмен бір мезгілде тағайындағанда қандағы электролиттер деңгейіне ұдайы бақылау талап етіледі. Елеулі сусыздану кезінде көктамыр ішіне енгізу мүмкін болмаса, тері астына немесе ректальді енгізеді.

Жүктілік және лактация кезеңі

Қатаң көрсетілімдер бойынша қолдануға болады. Гестоз дамыған жағдайда абайлап дозалау қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Автокөлікті және қауіптілігі зор қызмет түрлерін басқаруға әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: 0,9 % натрий хлориді ерітіндісін көп мөлшерде енгізу хлоридті ацидозға, организмнен калий шығарылуының артуына, гипергидратацияға және салдарынан жүрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін гиперволемияға әкелуі мүмкін.

Емі: артық дозаланған кезде препаратты тоқтату және симтоматикалық ем жүргізу керек. Гипергидратация кезінде осмостық диуретиктермен ем жүргізу керек. Ауыр жүрек жеткіліксіздігінде ісінулерді диализдің көмегімен қайтаруға болады.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

100 мл, 200 мл, 250 мл, 400 мл, 500 мл полиэтиленді құтыларда.

20 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтардың сәйкес санымен бірге гофрланған картон жәшіктерге салады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«НИКО» ЖШҚ, Украина, 86123, Донецк обл., Макеевка қ., Таежная к-сі, 1-1

Тіркеу куәлігі иесі

«НИКО» ЖШҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Утегенова Б.А.» ЖК, 010000, Астана қ., Рамазан к-сі, 33/9,

тел: +7 701 707 61 81, электронды поштасы: b.utegenova_ip@mail.ru

Прикрепленные файлы

685881611477977604_kz.doc 69.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники