Войти

Мята (Фито-чай) Мяты перечной листья

Производитель: Зерде-Фито ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты, применяемые при нарушениях функции кишечника
Номер регистрации: № РК-ЛС-3№019178
Дата регистрации: 17.05.2016 - 17.05.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Жалбыз

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

1 г фито – шай

Құрамы

Бір сүзгі-пакеттің ішінде

белсенді зат – 1 г майдаланған жалбыз жапырақтары

Сипаттамасы

Тесіктерінің диаметрі 2 мм електен өтетін және тесіктерінің диаметрі 0.5 мм електен өтпейтін жасыл немесе қоңырқай-жасыл түсті ірі ұнтақ. Өзіне тән күшті хош иісі және сәл күйдіретін, салқындататын дәмі бар.

Фармакотерапиялық тобы

Ішектің функциональдік бұзылуларын емдеуге арналған препараттар

АТХ коды А03АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Бұрышты жалбыз жапырақтарының құрамында эфир майы, негізінен ментол, флавоноидтар, органикалық қышқылдар, С, РР, Е витаминдері, каротин бар. Жалбыздың негізгі биологиялық белсенді заты ментол болып табылады.

Препарат ас қорыту бездері сөлінісін күшейтеді, тәбетті жақсартады, өт бөлуді жоғарылатады, түйілуді басатын әсер береді (ішектің, өт – несеп шығару жолдарының тонусын төмендетеді), құрамында ментол болуына байланысты микробтарға қарсы әсері бар.

Қолданылуы

Кешенді ем кезінде:

- асқазан-ішек жолының түйілуінде

- жүрек айнығанда, құсуда

- метеоризмде

Қолдану тәсілі және дозалары

1 – 2 сүзгі - пакетті 100-150 мл қайнаған суға салып, 10-15 минут тұндырады. 1-2 сүзгі – пакеттен күніне 3 – 4 рет ас қабылдаудан 30 минут бұрын ішеді. Емдеу курсын әрбір науқас үшін дәрігер жекелей тағайындайды.

Жағымсыз әсерлері

Болуы мүмкін:

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- жалбыз жапырақтарына жоғары сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 г препараттан өндіруші кәсіпорынның тауар белгісімен жазбасы бар бір рет қолдануға арналған сүзгі-пакетке салынған.

Бір рет қолдануға арналған сүзгі-пакеттің полимерлі және құрама материалдан жасалған пакетке салынуына жол беріледі.

20 сүзгі - пакет немесе полимерлі және құрама материалдан жасалған пакеттердегі 20 сүзгі-пакет медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қысқаша аннотация жазылған картон қорапшаға салынады.

Қорапша полипропилен үлбірмен немесе полимерлі және біріктірілген материалдан немесе полиэтиленмен жабылып, сонан соң медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісті санымен бірге қораптық картоннан жасалған топтық тасымалдау ыдысына салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 18 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзауыт ы/а, 2/1

Тіркеу куәлігінің иесі

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзауыт ы/а, 2/1

тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27,

е-mail: kontakt@zerdefito.kz

Қазақстан Республикасы аумағындағы дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық поштасы)

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзауыт ы/а, 2/1

тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27,

е-mail: kontakt@zerdefito.kz

Прикрепленные файлы

511807891477976225_ru.doc 48 кб
023039071477977475_kz.doc 52 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники