Войти

Мукосат (250 мг) Хондроитина сульфат

Производитель: Белмедпрепараты РУП
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Chondroitin sulfate
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№014531
Дата регистрации: 04.02.2015 - 04.02.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Мукосат

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар, 250 мг

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат: хондроитин сульфаты – 250 мг,

қосымша заттар: кальций стеараты, картоп крахмалы,

капсула құрамы: желатин, глицерин, натрий лаурилсульфаты, тазартылған су, титанның қостотығы (Е 171).

Сипаттамасы

Ақ түсті, қатты желатинді капсулалар, өлшемі №0.

Капсуланың ішіндегісі – гигроскопиялы, иіссіз, сарғыш реңді ақтан сұрғылт реңді ашық-сары түске дейінгі түйіршік пен ұнтақтың қоспасы. Шыны таяқшамен басқан кезде шашылып қалатын баған немесе таблетка түріндегі капсула массасының тығыздануына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Қабынуға қарсы стероидты емес басқа да препараттар. Хондроитин сульфаты

АТХ коды M01AX25

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы препараттың ең жоғары концентрациясына (Сmax) 3-4 сағаттан соң, синовиальді сұйықтыққа 4-5 сағаттан соң жетеді. Биожетімділігі шамамен 13% құрайды. Препарат организмнен негізінен 24 сағат ішінде бүйрек арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Хондроитин сульфаты – коллагенді талшықтарымен бірге шеміршек матриксін құрайтын протеогликандардың негізгі компоненті. Хондропротекторлы қасиеттерге ие; буын шеміршектерінің деградациясын туғызатын энзимдер белсенділігін төмендетеді; хондроциттермен протеогликандардың өндірілуін көтермелейді; шеміршекте және субхондральді сүйекте метаболизмдік үдерістерді күшейтеді; шеміршек тінінің фосфор-кальций алмасуына әсер етеді, оның регенерациясын көтермелейді, сүйек және шеміршек тіндері негізгі заттарының құрылуына қатысады. Хондроитин сульфаты қабынуға қарсы және ауыруды басатын қасиеттерге ие, синовиальды сұйықтыққа синовиальді қабықтың синовиоциттері мен макрофагтары арқылы қабыну медиаторларын және ауыру факторларын лықсытуды төмендетуге ықпал етеді, лейкотриен В4 және простагландин Е2 секрециясын басады. Препарат буын шеміршегі беткейіндегі буын қалтасының қайта қалпына келуіне ықпал етеді, дәнекер тіндер дегенерациясына кедергі болады, буын беткейлерін майлау рөлін атқарады; буын сұйықтығының өнімін қалпына келтіреді, буын қозғалысын жақсартады.

Қолданылуы

  • буынның және омыртқа бағанының дегенеративті ауруларында: остеоартроздар, артропатиялар, омыртқа аралық остеохондроздар

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ішке, судың аздаған мөлшерімен ішіп қабылдайды. Ересектерге алғашқы 3 апта бойы 750 мг (0,25 г 3 капсула) күніне 2 рет , одан әрі қарай – 500 мг (0,25 г 2 капсула) күніне 2 рет тағайындайды.

Емдеу курсының ұзақтығы – 4-5 апта; парадонтопатияның басқа түрлерінде – 3 айдан кем емес.

Препаратты қабылдағанда клиникалық әсері баяу басталады, алайда емдеу курсы аяқталғаннан кейін бірнеше ай бойы ұзақ сақталады.

Өршудің алдын алу үшін емдеу курсын қайталау ұсынылады.

Қайталау курсы – 6 айдан соң.

Жағымсыз әсерлері

  • тері бөртпелері, қышыну, есекжем, қанталау, аллергиялық реакциялар

  • жүрек айнуы, іштің ауыруы, диарея, метеоризм

  • бас ауыруы, ұйқының бұзылуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің кез келгеніне жекелей жоғары сезімталдық

  • қанағыштыққа бейімділік, тромбофлебит

  • жүктілік және лактация кезеңі (емделу кезінде бала емізуді тоқтату керек)

  • бүйрек функциясының айқын бұзылуы

  • 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен және глюкокортикоидтармен біріктіріп қолданған кезде олардың дозасын азайтуға мүмкіндік береді.

Тікелей емес антикоагуянттардың, антиагреганттардың, фибринолитиктердің әсері күшеюі мүмкін ( мұндай жағдайда қан ұю көрсеткіштерін жиі бақылап отыру керек).

Айрықша нұсқаулар

Дәрілік заттың автомобиль және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралдарын және машиналық құралдарды басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Едәуір артық дозаланғанның өзінде, препараттың уыттылығы байқалмайды.

Симптомдары: аллергиялық реакциялар, жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: симптоматикалық ем. Барлық шаралар препаратты тоқтату аясында жүргізіледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан. Екі немесе үш пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшада.

Стационарға арналған қаптама: 150 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен картон қорапта.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, +25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы

Заңды мекенжайы және шағымдар қабылдайтын мекенжайы:

220007, Минск қ., Фабрициус к-сі, 30,

т./ф.: (+375 17) 220 37 16,

e-mail: medic@belmedpreparaty.com.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Белмедпрепараты» РУК, Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«КазБелМедФарм» ЖШС

Заңды мекенжайы: ҚР 050028, Алматы қ., Бейсебаев к-сі. 151 үй

Нақты мекенжайы: ҚР 050022, Алматы қ., Абай к-сі 48 А 2 қабат

Телефон/факс нөмірі: 8(727) 383-93-74; 383-93-69

Электронды поштасы: saparova_zhanna@kmbf.kz

 

 

 

 

 

Прикрепленные файлы

553572811477976541_ru.doc 53.5 кб
883400791477977697_kz.doc 59 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники