Войти

Морфина гидрохлорид (1 мл) Морфин

Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Morphine
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№015880
Дата регистрации: 24.12.2014 - 24.12.2019
Предельная цена: 85.82 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Морфин гидрохлориді

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 1% 1 мл ерітінді

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - морфин гидрохлориді 10 мг,

қосымша заттар: 0,1 М хлорсутек қышқылы, инъек­­цияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз немесе сәл сарғыш реңді сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Анальгетиктер. Апиындар. Табиғи апиын алкалоидтары. Морфин.

АТХ коды N02AA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Тері астына және бұлшықет ішіне енгізген кезде жүйелік қан ағысына тез сіңеді. Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін морфин ағзаларда және тіндерде таралады. 10 минуттан кейін-ақ бұл препараттың 96-98% қан плазмасынан жойылады. Ақуыздармен байланысы төмен - 30-35%. Гематоэнцефалдық, плацентарлық бөгеттер арқылы өтеді (ұрықта тыныс алу орталығын бәсеңдетуді туындатуы мүмкін), емшек сүтінде анықталады. Морфиннің таралу көлемі салыстырмалы түрде көп және ол 4 л/кг құрайды, бұл оның тіндерде, оның ішінде қаңқа бұлшықеттерінде қарқынды сіңірілетінін көрсетеді. Анальгетикалық әсері тері астына және бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін 5 - 20 мин соң дамып, 4-5 сағатқа созылады. Қандағы морфин концентрациясы 15 минуттан 3 сағатқа дейінгі кезеңде бұлшықет ішіне және тері астына енгізгеннен кейін көктамырішілік инфузиядан кейінгіге қарағанда жоғарырақ деңгейде ұсталынады. Бұл шамасы препаратты бұлшықет ішіне және тері астына енгізудегі соңынан қанға түсетін депосы жасалуымен шартталған.

Дозаның үлкен бөлігі глюкуронидтер мен сульфаттар түзе отырып, метаболизденеді. Жартылай шығарылу кезеңі 2-3 сағатты құрайды. 90%-ы метаболиттер түрінде көбіне бүйрек арқылы, қалған бөлігі - өтпен шығарылады. Бауыр және бүйрек функциясы бұзылған кезде, сондай-ақ егде жастағы емделушілерде жартылай шығарылу кезеңі артуы мүмкін.

Фармакодинамикасы

Апиынды (есірткілік) анальгетик. Айқын анальгетикалық әсер береді. Орталық жүйке жүйесінің апиындық рецепторларының (дельта-, мю- и каппа-) агонисі. Дельта-рецепторлардың қозуы анальгезияны; мю-рецепторлар- супраспинальді анальгезияны, эйфорияны, физикалық тәуелділікті, тыныстың тарылуын, кезбе жүйкесі орталығының қозуын; каппа-рецепторлар - жұлын анальгезиясын, тыныштандырғыш әсерді, миозды жүзеге асырады.

Афференттік жолдың орталық бөлігінде ауыру импульстарының нейронаралық берілуін басады, ауырудың эмоционалдық бағалануын төмендетеді, тәуелділіктің (физикалық және психикалық) пайда болуына мүмкіндік беретін эйфорияны тудырады. Ауыру орталықтарының қозғыштығын төмендете отырып, шокқа қарсы әсер етеді. Жоғары дозаларда тыныштандырғыш белсенділік танытады, ұйықтататын әсер береді. Шартты рефлекстерді тежейді, орталық жүйке жүйесінің жинақталу қабілетін төмендетеді, депримациялайтын дәрілердің әсерін потенциялайды. Термореттеу орталығының қозғыштығын азайтады, вазопрессиннің бөлініп шығуын стимуляциялайды. Қантамыр тонусына ықпалын тигізбейді. Тыныс алу орталығын басады, жөтелу орталығының қозғыштығын төмендетеді, кезбе жүйкесі орталығын қоздырып, брадикардияның пайда болуын туындатады, көзді қимылдататын жүйке нейрондарын стимуляциялайды, қарашықты тарылтады (миоз). Сопақша мидың триггерлі аймағының хеморецепторларын стимуляциялауы және жүректің айнуы мен құсуды индукциялауы мүмкін. Құсу орталығын басады, сондықтан морфин дозасын қайталап қолдану және морфиннен кейін енгізілетін құстыратын дәрілер құсуды болдырмайды. Ішкі ағзалардың тегіс бұлшықеттерінің: Одди сфинктерінің, қуықтың, асқазанның антральді бөлігінің, ішектің, өт шығару жолдарының, бронхтардың тонусын арттырады. Ішектің жиырылуын әлсіретеді, ас жентегінің қозғалуын баяулатады, іш қатудың пайда болуына мүмкіндік береді.

Дағдылануды және дәріге (апиындық) тәуелділікті (морфинизм) туындатады.

Қолданылуы

  • айқын ауыру синдромында (ауыр жарақаттарда, миокард инфарктісінде, қатерлі жаңа түзілімдерде, операциядан кейінгі кезеңде)

  • операция алдындағы премедикацияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Дозалау тәртібі әр адамға жекелей.

Ересектерге және 15 жастағы және одан үлкен жасөспірімдерге тері астына және бұлшықет ішіне 1 мл-ден (10 мг морфин), көктамыр ішіне баяу – 0,5-1 мл-ден (5-10 мг морфин) енгізеді.

Ересектерге арналған тері астына енгізудегі ең жоғары дозалар: бір реттік – 2 мл (20 мг морфин), тәуліктік – 5 мл (50 мг морфин).

2 жастан асқан балаларға тері астына жасына қарай:

2 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға бір реттік доза 0,1 мл (1 мг морфин), тәуліктік – 0,2 мл (2 мг морфин) құрайды;

3-4 жаста: бір реттік доза - 0,15 мл (1,5 мг), тәуліктік – 0,3 мл (3 мг);

5-6 жаста: бір реттік доза – 0,25 мл (2,5 мг), тәуліктік – 0,75 мл (7,5 мг);

7-9 жаста: бір реттік доза – 0,3 мл (3 мг), тәуліктік – 1 мл (10 мг);

10-14 жаста: бір реттік доза 0,3-0,5 мл (3-5 мг), тәуліктік – 1-1,5 мл (10-15 мг).

Жағымсыз әсерлері

  • тыныстың тарылуы

  • брадикардия

  • тыныштандырғыш немесе қоздырғыш әсер, әсіресе егде емделушілерде

  • зейін қоюдың төмендеуі, сананың шатасуы, делирий, елестеулер, көңіл-күйдің өзгеруі

  • бас айналуы, бас ауыруы, ұйқышылдық, жалпы әлсіздік, бұлшықет қозғалыстары үйлесімділігінің бұзылуы, тремор, бассүйекішілік қысымның жоғарылап, ми қан айналымының бұзылуына ұласуы

  • жүректің айнуы, құсу, ауыз ішінің құрғауы, асқазандағы түйілулер, іш қатуы

  • өт шығару жолдарының түйілуі, холестаз

  • несеп ағынының бұзылуы немесе қуық асты безінің аденомасында және уретра стенозында осы жағдайдың үдеуі

  • бет гиперемиясы, тері бөртпесі, есекжем, қышыну, ринит, бет ісінуі, ларингоспазм (ауыр жағдайларда – Квинке ісінуіне және анафилактикалық шокқа дейін жету)

  • көру арқылы қабылдау айқындығы бұзылуы, оның ішінде диплопия, миоз, нистагм

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • апиындарға, оның ішінде морфинге жеке жоғары сезімталдық

  • бассүйек-ми жарақаты

  • бассүйекішілік гипертензия

  • инсульт

  • тыныс орталығының тежелуі салдарынан тыныс алудың бұзылуы

  • бронхтың тарылуына бейімділік, бронх демікпесі

  • жүрек ырғағының бұзылуы

  • бауыр немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

  • кахексия

  • құрысулар, эпилепсиялық статус

  • этиологиясы түсініксіз іштің ауыруы

  • өт шығаратын жолдардағы хирургиялық араласулар

  • жедел алкогольдік уыттану

  • делирий

  • моноаминоксидаза тежегіштерімен бір мезгілде емделу

  • қызба синдромы

  • жүктілік, бала емізу кезеңі

  • 2 жасқа дейінгі балаларда

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Морфинді бета-адреноблокаторлармен және орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін әсер беретін препараттармен бір уақытта қолданғанда, бұл әсерінің күшеюі мүмкін. Морфинді бутадионмен бір уақытта енгізу морфиннің жинақталуына алып келеді. Басқа апиындық анальгетиктермен қолдану ОЖЖ, тыныс алудың бәсеңдеуін, артериялық қысымның төмендеуін туындатады. Допамин морфиннің ауыруды басатын әсерін азайтады; циметидин морфинмен тыныстың тарылуын күшейтеді. Фенотиазин туындылары және барбитураттар гипотензиялық әсерді және морфинмен тыныстың тарылуын күшейтеді. Барбитураттарды (әсіресе фенобарбиталды) немесе есірткілік анальгетиктерді ұзақ уақыт қолдану айқаспалы төзімділік дамуын туындатады. Хлорпромазин морфиннің анальгетикалық, сондай-ақ миоздық және тыныштандырғыш әсерін күшейтеді.

Диареяға қарсы препараттармен бір уақытта қолданғанда ішек бітелуіне, несеп іркілісіне және тыныс тарылуына дейін болатын іш қатуы туындау қаупі жоғарылайды. Зидовудиннің бауыр метаболизмін бәсекелес тежейді және оның клиренсін төмендетеді (екі жақты уыттану қаупі артады).

Айрықша нұсқаулар

Морфин гидрохлориді препаратын қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.

Босану кезінде ауыруды басу үшін қолданбайды, өйткені морфин плацентарлық бөгет арқылы өтеді және жаңа туған нәрестелерде тыныстың тарылуын туындатуы мүмкін.

Бауыр және бүйрек функциясы бұзылғанда, гипотиреозда, бүйрек үсті безі қыртысының жеткіліксіздігінде, простата гипертрофиясында, шокта, миастенияда, асқазан-ішек жолының қабыну ауруларында, сондай-ақ 60 жастан асқан емделушілерге сақтықпен қолданады.

Морфин айқын эйфорияны тудырады. Морфинді қайталап қолданғанда психикалық және физикалық тәуелділік тез пайда болады (емдеуді бастағаннан кейін 2 - 14 күннен соң). Тоқтату синдромы ұзақ емдеу курсын тоқтатқаннан кейін бірнеше сағаттан соң пайда болуы және ең жоғары шегіне 36-72 сағаттан соң жетуі мүмкін.

Емделу кезеңінде алкоголь қабылдауға болмайды.

Артық дозалану жағдайында туындаған тыныс алу жеткіліксіздігі респираторлық демеуді және апиын антагонисі – налоксонды енгізуді қажет етеді, бірақ оны есірткіге тәуелді адамдарға қолдану тоқтату синдромының дамуына әкеп соқтыруы мүмкін. Демеуші терапия сондай-ақ науқасты шок жағдайынан налоксонды енгізу арқылы шығаруға бағытталған. Енгізілген препараттың мөлшері тыныс алу жеткіліксіздігі дәрежесіне және коматозды жағдайдың дәрежесіне байланысты.

Препараттың жоғары дозаларын, әсіресе егде жастағы науқастарда пайдалану, циркуляторлы жеткіліксіздіктің және коматозды жағдайдың пайда болуымен тыныс алу депрессиясына және гипотензия дамуына әкеп соғуы мүмкін. Жағымсыз реакциялардың дамуы апиындық рецепторларға жекелей сезімталдыққа байланысты. 2 жастан асқан балаларда құрысулар болуы мүмкін, үлкен дозаларды қолданған кезде бүйрек жеткіліксіздігі үдеуі мүмкін. Конвульсиялар балаларда жиі байқалады. Морфин гидрохлоридінің уыттылығы морфинге жекелей сезімталдығына және енгізілген препараттың мөлшеріне байланысты.

Респираторлы депрессия препаратты жұлын ішіне енгізген кезде жиі білінуі мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Морфинмен емдеу кезеңінде автокөлікті басқаруға және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысуға болмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: ертерек білінетін және қауіпті белгілер – тыныс алу орталығының бәсеңдеуі; жабысқақ салқын тер, сананың шатасуы, бас айналуы, ұйқышылдық, АҚ төмендеуі, миоз, брадикардия, күрт әлсіздік, баяу қиналып тыныс алу, гипотермия, делириоздық психоз, бассүйекішілік гипертензия (ми қан айналымы бұзылуына дейін болатын), елестеулер, бұлшықет сіресулері, құрысулар, ауыр жағдайларда – естен тану, тыныс алудың тоқтауы, кома. Коматозды жай-күй қарашықтың тарылуымен, тыныс алу депрессиясымен білінеді, бұл артық дозалануды көрсетеді. Қарашықтардың дилатациясы гипоксия дамуын білдіреді. Артық дозаланудан кейінгі өкпе ісінуі өліммен аяқталуының жалпы себебі болып табылады.

Емі: жалпы реанимациялық шаралар, апиынды анальгетиктердің антагонистерін (налоксон, налорфин) тағайындау. Морфинмен уланған кезде арнайы у қайтарғысы налоксон болып табылады (көктамыр ішіне дене салмағының әр кг шаққанда 0,01 мг-ден, қажет болған жағдайда – әрбір 20-30 минут сайын, содан кейін бұлшықет ішіне тыныс алу қалпына келгенше 2 сағаттық үзіліспен). Трансфузиялық ем, оксигенотерапия, перитонеальді диализ жүргізіледі. Аналептиктерді қолдануға болмайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 мл-ден нүктесі немесе сындыру сақинасы және капиллярында екі қызыл түсті жолағы бар, еккішпен толтырылатын бейтарап шыны ампулаларға құйылады.

Әр ампулаға заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңба жапсырылады.

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 ампуладан қаптайды.

Пішінді ұяшықты қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі бекітілген нұсқаулықтармен бірге тұтынушы ыдысына арналған немесе гофрланған картоннан жасалған қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.11.2000 жылғы № 1693 " Қазақстан Республикасында есірткілік дәрілердің, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың ережелерін бекіту туралы"(26.08.2013 ж. жағдай бойынша өзгерістері және қосымшаларымен) қаулысына сәйкес сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Рашидов к-сі 81

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Рашидов к-сі 81

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz

 

Прикрепленные файлы

191968591477976528_ru.doc 77.5 кб
272694691477977680_kz.doc 100 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники