Войти

Моресерк (16 мг) Бетагистин

Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Производитель: Merkez Laboratory Pharmaceuticals and Trade Co.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Betahistine
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№021191
Дата регистрации: 19.02.2015 - 19.02.2020
Предельная цена: 31.7 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Моресерк

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бетагистин

Дәрілік түрі

16 мг, 24 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 16 мг немесе 24 мг бетагистин дигидрохлориді

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, гидроксипропилцеллюлоза, маннитол, тальк, сусыз лимон қышқылы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, бір жағында сызығы бар ақ түсті таблеткалар (16 мг және 24 мг доза үшін)

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Бас айналуды басуға арналған дәрілер. Бетагистин.

АТХ коды N07CA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Бетагистин ішу арқылы қабылдағаннан кейін тез және толық сіңеді. Қан плазмасында ең жоғары концентрациясына 3 сағаттан соң жетеді. Ақуыздарымен байланысуы төмен. Гистогематикалық бөгеттер арқылы өтеді. Жартылай шығарылу кезеңі 3 - 4 сағатты құрайды. Бауырда 2-пиридилсірке қышқылына дейін метаболизденеді, ол іс жүзінде организмнен несеппен 24 сағат ішінде толығымен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Бас айналуға қарсы дәрі. Гистаминнің синтетикалық аналогы, гистаминге ұқсас әсерін көрсетеді. Препарат ішінара гистаминдік Н1- агонисі және ішкі құлақтың және орталық жүйке жүйесі вестибулярлық ядроларының Н3-гистаминдік рецепторларының антагонисі болып табылады. Ішкі құлақ қылтамырларының микроайналымын және өткізгіштігін жақсартады, базиллярлы артерияларда қан ағынын арттырады, лабиринтте және ішкі құлақ иірімінде эндолимфаның қысымын қалыпқа түсіреді. Вестибулярлық жүйкенің медиальді ядролар нейрондарында мидағы діңдік бөлігінің көпірі деңгейінде трансмиттерлік берілуді қалыпқа түсіреді.

Нәтижесінде препарат вестибулярлық аппараттың функциясын қалыпқа келтіреді, кохлеарлық бұзылыстарды, құлақтың шуылдауын кетіреді, бас айналудың жиілігі мен қарқындылығын төмендетеді, естуді жақсартады, кереңдік дамуының алдын алады.

Вестибулярлық жүйке ядролары Н3-рецепторларының тежегіші бола отырып, айқын орталықтық қантамыр кеңейтетін әсерін байқатады.

Қолданылуы

- шығу тегі әртүрлі вестибулярлы бас айналуға симптоматикалық ем жүргізуде

- бас айналуы және бас ауыруы, құлақтағы шуыл, естудің үдемелі нашарлауы, жүрек айну және құсу қосылатын синдромдарда

- Меньер синдромы немесе ауруында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге (егде адамдарды қоса): бастапқыда 16 мг тәулігіне үш рет, дұрысы тамақтану кезінде қабылдау керек. Демеуші дозалар, негізінен тәулігіне 24-48 мг диапазонда болады. Емдеу барысында емдік әсеріне байланысты дозаны түзетеді.

16 мг таблеткалар 1/2- 1 таблеткадан күніне 3 рет қабылданады.

24 мг таблеткалар 1 таблеткадан күніне 2 рет қабылданады

Балаларға: 18 жастан кіші тұлғаларға тағайындау ұсынылмайды, өйткені қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жеткіліксіз.

Жағымсыз әсерлері

Жиі:

- жүрек айну, диспепсия

- бас ауыру

Жиілігі белгісіз:

- аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилактикалық реакциялар), оның ішінде тері жабындары тарапынан (Квинке ісінуі, бөртпе, қышыну, есекжем)

- құсу, іштің ауыруы, метеоризм (егер препарат тамақтану кезінде қабылданса немесе дозаны кемітсе, көрсетілген симптомдар айқындығы аздау болады)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- феохромоцитома

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер (қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған)

- маскүнемдік

- эпилепсия

- бауыр аурулары

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі немесе үйлесімсіздігі жағдайлары белгісіз. Бетагистин метаболизмі В қосалқы типін (мысалы, селегилин) қоса, моноаминооксидаза (МАО) тежейтін препараттармен бәсеңдетіледі.

Н1 антагонистерін бір мезгілде қолдану белсенді агенттердің өзара әсерін әлсіретуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасы бар науқастарға сақ болу ұсынылады. Бронх демікпесі бар науқастардың клиникалық жақпаушылығы көптеген емделушілерге қатысты көрсетілді. Бұл емделушілер емделу кезінде емдеуші дәрігердің мұқият қадағалауында болулары тиіс.

Жүктілік

Бетагистинді жүкті әйелдерге қолдану туралы тиісті деректер жоқ. Жүктілікке, эмбрион/ұрық дамуына, босану мен постнатальді дамуына әсер етуіне қатысты жануарларға жасалған зерттеулер жеткіліксіз. Адамға төнетін ықтимал қаупі белгісіз. Егер анық қажеттілігі болмаса, жүктілік кезінде бетагистин қолданбаған жөн.

Лактация

Бетагистин адамның емшек сүтіне өтетіні белгісіз. Бетагистиннің сүтке өтуіне жануарларға зерттеу болмаған. Ана үшін дәрілік заттың маңыздылығы емшекпен қоректендіру мен балаға төнетін ықтимал қауіптері басымдылығын салыстыра отырып, саралануы тиіс.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Бетагистин автомобиль басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді, өйткені клиникалық зерттеулерде осы қабілетке ықтимал әсер ететін ықпалының бетагистинмен байланысты екендігі анықталмаған.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, ұйқышылдық, іштің ауыруы, ауыздың құрғауы, атаксия, беттің қызаруы, бас айналу, тахикардия, бронх түйілуі және шырышты қабықтардың ісінуі. Өте жоғары дозаларды қабылдағаннан кейін конвульсия пайда болуы мүмкін.

Емі: симптоматикалық. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан мөлдір үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға қапталады.

3 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады (16 мг доза үшін).

3 немесе 10 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады (24 мг доза үшін).

Сақтау шарттары

Тығыз жабылған түпнұсқалық қаптамасында, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

MERKEZ Laboratory Pharmaceutical and Trade Cо.,

Сырры Челик Булвары Айча Сокак № 6 Ташделен - Чекмекой Стамбул, Түркия

Тіркеу куәлігінің иесі

HELBA Pharmaceuticals Inc.Co.,

Yenibosna Merkez Mah.29 Ekim Street, Istanbul Vizyon Park A1 Plaza No:17/1 Bahcelievler - Стамбул/ Түркия.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Astra Logistic Ltd» ЖШҚ (Астра Логистик Лтд) Қазақстан Республикасы, Орталық Азия және Кавказдағы өкілдігі. 059000, Алматы қ., Игишев көшесі, 75. Тел: +7(727) 3867597, 3867606, 3867599. Факс: +7(727) 3867619. E-mail: info@alltd.kz. www.pharmaceuticals-forwarder.com. www.alltd.kz.

Прикрепленные файлы

691821321477976511_ru.doc 71.5 кб
301082931477977668_kz.doc 59.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники