Войти

Мидакс (капли глазные, 1.0%) Тропикамид

Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Производитель: Ромфарм Компании С.Р.Л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Tropicamide
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№018609
Дата регистрации: 14.11.2017 - 14.11.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Мидакс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тропикамид

Дәрілік түрі

0,5% және 1,0% 10 мл көз тамшы дәрісі

Құрамы

1 мл препарат құрамында                                  0,5%               1,0%

белсенді зат - 5 мг, 10 мг тропикамид            

қосымша заттар: бензалконий хлориді, натрий хлориді, натрий эдетаты дигидраты, хлорлы сутек қышқылы (рН-ты реттеу үшін), тазартылған су.

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Мидриатиктер

АТЖ коды S01FA06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қарашықтың кеңеюі және салдануы препаратты конъюнктива қалтасына тамызған сәттен 5 минут өткенде басталады.

Қарашықтың барынша үлкеюі препаратты енгізген сәттен 5-20 минут өткенде басталып, 5 мг/мл тропикамид ерітіндісін пайдаланған жағдайда 1 сағат, ал 10 мг/мл тропикамид ерітіндісінде – 2 сағат бойы ұсталып тұрады. Қарашықтың ұлғаю белгілерінің толық басылуы 3-5 сағаттан соң басталады.

10 мг/мл тропикамидті екі дүркін енгізгеннен кейін аккомодацияның барынша салдануы конъюнктива қалтасына енгізген сәттен 25 минуттан соң басталып, 30 минутқа жуық созылады. Салданудың толық басылуы шамамен 3 сағат өткенде болады. Препаратты конъюнктива қалтасына енгізгенде ол сіңе бастайды және, әсіресе балалар мен егде аздаған адамдарда жоғары дәрежеде жүйелі сіңірілуге ұшырайды.

Фармакодинамикасы

Мидакс – холинергияға қарсы дәрі, қысқа мерзімді мидриаз бен аккомодацияның салдануын туғыза отырып, нұрлы қабық сфинктері мен цилиарлы бұлшықеттің М-холинорецепторларын бөгейді.

Көзішілік қысымды аздап арттырады.

Қолданылуы

Диагностикалық мақсаттарда:

- көздің түбін зерттеу және көз бұршағының жай-күйін бағалау кезінде мидриаз қажет болғанда - рефракцияны зерттеу кезінде аккомодация салдануы қажет болғанда

- қарашықты кеңейтетін басқа препараттарға жоғары сезімталдықта

(атропин, скополамин)

Хирургиялық операциялар өткізу алдында:

- көз бұршағы хирургиясында

- торқабықты лазермен емдеуде

- торқабық және шыны тәрізді дене хирургиясында

Емдік мақсаттарда:

- көздің қабыну ауруларын кешенді емдеу құрамдасы ретінде және операциядан кейінгі кезеңде синехиялар дамуының алдын алу үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты конъюнктива қалтасына тамызады.

Қарашықты кеңейту үшін Мидакс препараты ерітіндісінің 1,0% 1тамшысын немесе 0,5% 2 тамшысын тамызады (5 минуттық аралықпен). 10 минуттан соң офтальмоскопия өткізуге болады. Әсері жеткіліксіз болса (жарықтың өте жоғары қарқынмен түсуі, артқы синехияларды тілу үшін пайдаланылуы) фенилэфринмен бірге қолдануға болады.

Аккомодация салдануына жету үшін (рефракцияны зерттегенде) 6-12 минут аралықпен 6 рет 1,0% Мидакс ерітіндісінің 1 тамшысын тамызады. Зерттеуді препаратты соңғы тамызған сәттен бастап 25-50 минут ішінде орындаған дұрыс.

Препаратты тамызған кезде тропикамидтің артық мөлшерде сіңуін шектеп, препараттың холинергияға қарсы жүйелі әсерін болдырмау үшін көз жасы өзектерін жайлап басып қою керек.

Емдік мақсаттарда дозалану тәртібі әркімге жеке белгіленеді (науқастың ахуалына қарай).

 

Жағымсыз әсерлері

- көзішілік қысымның көтерілуі

- көру жітілігінің нашарлауы

- жарықтан қорқу

- қан айналу және тыныс алу жеткіліксіздігінің белгілері (әсіресе, балалар мен жасөспірімдерде); тахикардия (ересектерде)

- ауыздың кеберсуі

- аллергиялық реакциялар

Сирек

- артериялық қысымның төмендеуі

- психотикалық белгілер, мінез-құлықтың бұзылуы ((әсіресе, балалар мен жасөспірімдерде)

- бас ауырулары (ересектерде)

- сананың шатасуы, елестеулер, құрысулар

- гипертермия

- іш қатулар, дизурия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдықта

- глаукомада (әсіресе, жабық бұрышты және алғашқы аралас)

- көзішілік гипертензияда

- жүктіліктің бірінші триместрінде

- 8 жасқа дейінгі балалық кезеңде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Холинергияға қарсы дәрілерді және гистаминдік H1-рецепторлары бөгегіштерін, фенотиазиндерді, үш циклды антидепрессанттарды, прокаинамидті, хинидинді, МАО тежегіштерін, бензодиазепиндерді және антипсихотикалық дәрілерді бір мезгілде қолдану өзара бір-бірінің әсерін күшейтеді.

Мидакс туғызған аккомодация салдануы оны симпатомиметикалық дәрілермен бір мезгілде қолданғанда күшейіп, парасимпатомиметикалық дәрілермен бір мезгілде қолданғанда әлсірейді.

Қатарласқан жабық бұрышты глаукома кезінде Мидакс пен нитраттарды, нитриттерді, сілтілендіретін дәрілік заттарды, дизопирамидті, ГКС және галоперидолды бір мезгілде қолданғанда көзішілік қысымның көтерілуі мүмкін.

Тропикамид, ауыз қуысының құрғақ болуына орай, тіл астына қолданылатын нитраттары бар таблеткалардың әсерін төмендетеді.

Айрықша нұсқаулар

Көздің түбін зерттеген кезде Мидаксты қарашықты кеңейту үшін қолданар алдында болжамды жабық бұрышты глаукоманы анықтау үшін емделушіні тексеруден өткізу қажет (сыртарқыны нақтылау, алдыңғы камераның тереңдігін бағалау, гониоскопия өткізу), өйткені препаратты қолданғаннан кейін жедел глаукома ұстамалары болуы мүмкін.

Мидаксты диагностикалық мақсаттарда қолданар алдында емделушіге немесе оны алып жүруші тұлғаға көрудің уақытша нашарлайтынын және жарықтан қорқу болатынын ескерткен жөн.

Тамшылатқыштың ұштығына қол тигізуге болмайды, өйткені құтының ішіндегісі ластанып қалуы мүмкін.

Препараттың құрамына жұмсақ жанаспалы линзалардың бетінде қалып қоюы мүмкін бензалконий хлориді (консервант) кіреді. Осыған орай, емделу кезеңінде жұмсақ жанаспалы линзаларды пайдалану ұсынылмайды.

Оларды препаратты тамызған сәттен бастап 30 минуттан ерте қайта тағып алуға болмайды.

Педиатрияда пайдалану

Мидаксты балаларда диагностикалық мақсаттарда қолданар алдында олардың қасындағы тұлғаға көрудің уақытша нашарлайтынын және жарықтан қорқу болатынын ескерткен дұрыс.

Препаратты емшек еметін нәрестелерде және жасы кішкентай сәбилерде қолдану ОЖЖ тарапынан болатын бұзылыстарды туғызуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Мидаксты жүктілік кезінде (II, III триместрде) тек ана үшін жорамалданатын пайда ұрыққа төнетін зор қатерден артық болған жағдайда ғана қолдануға болады.

Жүктіліктің I триместрінде қолдану ұсынылмайды.

Препаратты лактация кезеңінде сақтықпен қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Мидаксты қолданғанда көлік құралдарын басқаруға және механизмдермен жұмыс істеуге болмайды.

Артық дозаланғанда

Артық дозаланғанда шырышты қабықтардың құрғауы, тахикардия, қарашықтардың үлкеюі, қозулар, құрысулар, галлюцинациялар, айқын ұйқышылдық, тыныс алудың жиілеуі пайда болуы мүмкін.

Емдеу: белгісіне қарай.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 мл-ден тамшылатқыш тығыны және сақтандыру сақинасымен жабдықталған бұралатын қорғағыш қалпақшасы бар пластик құтыда.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Құты ашылғаннан кейін препаратты 4 апта ішінде пайдалану керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Сауда белгісінің және тіркеу сертификатының иесі - «УОРЛД МЕДИЦИН» компаниясы, Ұлыбритания ("WORLD MEDICINE", Great Britain). Дайындалған жері - «РомфармКомпаниС.РЛ.», Отопень, Ероилор 1А көшесі, Румыния ("Rompharm Company S.R.L.", Otopeni, Eroilorstreet 1 A, Romania).

Тіркеу куәлігінің иесі - «УОРЛД МЕДИЦИН» компаниясы, Ұлыбритания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР, Алматы, Түрксіб ауданы, Сүйінбай д-лы, 222 б

Тел./факс: 8(7272) 529090

www.worldmedicine.kz

 

 

Прикрепленные файлы

351484621477977141_ru.doc 54.5 кб
098239431477978308_kz.doc 67 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники