Войти

Лактофильтрум® Лактулоза, Лигнин гидролизный

Производитель: АВВА РУС ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№016497
Дата регистрации: 24.12.2015 - 24.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Лактофильтрум®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: гидролизді лигнин (құрғақ затқа шаққанда) – 355 мг;

лактулоза (100% затқа шаққанда) - 120 мг;

қосымша заттар: натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, микрокристалды целлюлоза.

Сипаттамасы

Сызығы бар капсула түріндегі екі беті дөңес, ақшыл-сұрғылт теңбілі бар қара-қоңыр түсті таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да ішек адсорбенттері. Біріктірілген өнімдер.

АТХ коды A07BC30

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Лигнин асқазан-ішек жолында сіңбейді, 24 сағат ішінде ішектен толығымен шығарылады. Лактулоза асқазанда және ішектің жоғарғы бөлігінде сіңбейді және аш ішектің ферменттерімен гидролизденбейді, АІЖ төменгі бөлігіне түсіп пайдалы микрофлоралар ферменттерінің ыдырауына ұшырайды.

Фармакодинамикасы

Препараттың фармакологиялық әсері құрамына кіретін белсенді компоненттер - лигнин мен лактулозаның қасиеттеріне байланысты.

Гидролизді лигнин – табиғи энтеросорбент, ол ағаштың құрамдас бөліктерінің гидролиздік өнімдерінен тұрады, олар жоғарғы дәрежеде сіңіргіш әсерге және спецификалық емес уытсыздандыратын әсерге ие. Ішекте патогендік бактериялармен, бактериялық токсиндермен дәрілік препараттармен, ауыр металлдардың тұздарымен, алкогольмен, аллергендермен, сондай-ақ зат алмасуының кейір өнімдерінің шамадан тыс бөлігімен, оның ішінде билирубин, холестерин, гистамин, серотонин, мочевина, эндогендік токсикоздың пайда болуына жауап беретін басқадай метаболиттермен байланысып, оларды организмнен шығарады. Уытты емес. Лактулоза - синтетикалық дисахарид, оның молекуласы галактоза мен фруктозаның қалдықтарынан тұрады. Таблеткалардан тоқ ішекте бөлініп шығатын Лактулоза тоқ ішекте бифидобактериялар мен лактобациллалардың өсуін көтермелей отырып, сол арқылы субстрат ретінде ішектің қалыпты микрофлорасымен ферменттеледі. Тоқ ішекте лактулозаның гидролизденуінің салдарынан органикалық қышқылдар - сүт, сірке және құмырсқа қышқылы пайда болады, олар патогенді микроорганизмдердің өсуін төмендетіп, соның салдарынан құрамында азот бар уытты заттардың өнімін азайтады. Осы айтылған үдеріс тоқ ішекте осмостық қысымның ұлғаюына әкеліп, перистальтиканы жандандырады. Препараттың кешенді әсері тоқ ішектегі микробиоценозді қалпына келтіруге және эндогенді уыттылық жағдайдың қарқындылығын төмендетуге бағытталған.

Бактериялық вагинозды (қынаптық дисбиозды) кешенді емдеуде препаратты қолдану емнің тимділігінің жоғарылауына, оған қоса қынапта лактобациллдың санының артуына, сондай-ақ шартты-патогенді флораның өсуінің тиімді бәсеңдеуіне әкеледі.

Қолданылуы

- антибиотикпен емдеу салдарынан болған ішек дисбактериозында Кешенді ем құрамында:

- ішектің тітіркену синдромында

- жедел және созылмалы гепатит және бауыр циррозы

- аллергиялық ауруларда (атопиялық дерматитте, есекжемде)

- қынаптық дисбиозда

Қолдану тәсілі және дозасы

Ішке, 6 жасқа дейінгі балаларға – алдын ала ұнтақтап және тазартылған 50 мл суда еріту керек. Ересектерге және бір жасынан бастап балаларға – тамақтануға және басқадай дәрілік заттарды қабылдауға дейін бір сағат бұрын:

Ішек дисбактериозы кезінде:

  • ересектерге және 12 жастан үлкен балаларға — күніне 2 - 3 таблеткадан 3 рет,

  • 8-ден 12 жасқа дейінгі балаларға – күніне 1-2 таблеткадан 3 рет,

  • 3-тен 7 жасқа дейінгі балаларға – күніне 1 таблеткадан 3 рет,

  • 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға - күніне 1/2 таблеткадан 3 рет.

Бактериялық вагиноз кезінде (қынаптық дисбиозда):

Күніне 2 таблеткадан 3 рет.

Емдеу курсының орташа ұзақтығы - 2 - 3 апта.

Препаратты ұзақ уақыт бойы қолдану және емдеу курсын қайталау тек дәрігердің ұсынысы бойынша жүргізілу керек.

Жағымсыз әсерлері

Болуы мүмкін

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, есекжем)

Сирек

- метеоризм, диарея

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерін жеке көтере алмаушылық

- ішек бітелісі

- асқазан-ішектен қан кету

- галактоземия

- асқазан және 12 елі ішек ойық жара ауруының асқынуы

- ішек атониясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кейбір ішке қабылданатын препараттарды бір мезгілде қолданғанда, олардың емдік әсері төмендеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препараттың бөліп қабылданатын ережесін сақтаған кезде басқадай дәрілік препараттармен біріктіріп кешенді ем түрінде қолдануға болады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде пайдалануға қатысты мәліметтер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі

Белгісіз

Артық дозалануы

Симптомдары: іш қатуы, іштің ауыруы

Емі: препаратты тоқтату керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 немесе 15 таблеткадан.

10 таблетка үшін 3 немесе 6 пішінді ұяшықты қаптама, 15 таблетка үшін 2 немесе 4 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«АВВА РУС» АҚ, Ресей, 610044, Киров қ-сы, Луганская к-сі, 53а үй

Тіркеу куәлігінің иесі

«АВВА РУС» АҚ, Ресей

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«АВВА РУС» АҚ, Ресей, 610044 Киров қ-сы, Луганская к-сі, үй 53а

Тел.: (8332) 25-12-29 www.avva-rus.ru

 

Прикрепленные файлы

912198291477977595_kz.doc 63 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники