Войти

Колдрекс Юниор Хот Дринк Аскорбиновая кислота, Парацетамол, Фенилэфрин

Производитель: СмитКляйн Бичем С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Парацетамол в комбинации с другими препаратами (исключая психолептики)
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№013863
Дата регистрации: 30.12.2015 - 30.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

КОЛДРЕКС Юниор Хот Дринк

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ (балалар үшін)

Құрамы

Бір пакеттің құрамында:

белсенді заттар: 300 мг парацетамол,

5 мг фенилэфрин гидрохлориді,

20 мг аскорбин қышқылы;

қосымша заттар: натрий сахарині, натрий цикламаты, сусыз лимон қышқылы, натрий цитраты, жүгері крахмалы (кептірілген), сахароза, лимон хош иістендіргіші PHS-163671, куркумин бояғышы (Е 100), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы

Сипаттамасы

Лимон иісі бар, ақтан сәл сарғыштау түске дейінгі гетерогенді ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да анальгетиктер-антипиретиктер. Анилидтер. Басқа да препараттармен біріктірілген парацетамол (психолептиктерді қоспағанда)..

АТХ коды N02BЕ51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Парацетамол – асқазан-ішек жолынан тез және толық дерлік сіңеді. Парацетамол бауырда метаболизденеді және несеп арқылы сульфатты және глюкуронды конъюгаттар түрінде шығарылады.

Аскорбин қышқылы асқазан-ішек жолынан тез сіңеді және организмнің барлық тіндері арқылы таралады, қан плазмасы ақуыздарымен 25% байланысады. Аскорбин қышқылының артық мөлшері метаболиттер түрінде несеп арқылы шығарылады.

Фенилэфрин гидрохлориді асқазан-ішек жолынан біркелкі сіңбейді және ішекте және бауырда моноаминооксидазамен алғашқы метаболизмге ұшырайды. Осылайша, фенилэфрин гидрохлоридін ішке қабылдаған кезде биоэквиваленттілігі төмендейді. Сульфат түрінде несеп арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Парацетамол – анальгетик-антипиретик. Гипоталамуста простагландиндер синтезін бәсеңдету арқылы ауыруды басатын және ыстықты түсіретін әсері бар. Қабынуға қарсы әлсіз белсенділікке ие.

Аскорбин қышқылы (С витамині) әдетте суық тиюді қоса алғанда, вирустық ауырулардың бастапқы кезеңінде жүретін С витаминінің азаюын толықтырып, суық тиюге қарсы компоненттер біріктіріліміне кіреді. Аскорбин қышқылы антиоксиданттарға жатады және көптеген метаболизмдік үдерістерде оның ішінде көмірсу, ақуыз және липидтер алмасуына ко-фактор ретінде қатысады. Аскорбин қышқылы иммундық жүйе функциясын демеу үшін қажет: ол тамырлар өткізгіштігін қалпына келтіреді, тотығу-қалпына келтіру үдерістерін, коллаген синтезін және тіндердің қайта жаңғыруын реттеуге қатысады, гистаминнің босап шығуын тежейді және ыдырауын жылдамдатады, простагландиндер синтезін және басқа да қабыну медиаторларын және анафилаксияны бәсеңдетеді.

Фенилэфрин гидрохлориді өзінің әсер ету механизмі бойынша тікелей α-адреномиметик болып табылады. α-адренорецепторларға әсер ету жолымен мұрынның шырышты қабығында артериолдардың тарылуын туғызады, сонысымен ісіну және шырыштың кетуіне, ринореяны, мұрынның бітелу сезімі азаюына және мұрынмен тыныс алудың қалпына келуіне ықпал етеді.

Препараттың ауыруды басатын, ыстықты түсіретін әсері бар, сондай-ақ суық тию аурулары және тұмауда мұрын бітелу симптомдарын кетіреді.

Белсенді ингредиенттерінің тыныштандыратын қасиеттері жоқ.

Қолданылуы

Бас ауыруын, тамақ ауыруын, тұмаурату мен мұрын бітелісін, бұлшықет пен буындағы ауыруды, 6-12 жастағы балаларда жоғары температураны қоса, суық тию және тұмау симптомдарын уақытша жеңілдетуде

Қолдану тәсілі және дозалары

1 пакеттің ішіндегісін саптыаяққа салып, шамамен 125 мл ыстық су құйып, ерігенше араластырады. Егер қажет болса, салқын су мен қант қосады.

6-дан 9 жасқа дейінгі балаларға: әр 4-6 сағат сайын 1 пакет. 24 сағат ішінде 4 пакеттен артық қабылдамайды.

9-дан 12 жасқа дейінгі балаларға: әр 4-6 сағат сайын 1 пакет. 24 сағат ішінде 6 пакеттен артық қабылдамайды.

Препаратты дәрігердің кеңесінсіз үш күннен артық қолдану ұсынылмайды. Егер симптомдар сақталса, дәрігерге көрініңіз.

Көрсетілген дозадан асырмаңыз.

Жағымсыз әсерлері

Парацетамол

Өте сирек, соның ішінде бірлі-жарым жағдайлар (<1/10,000)

- тромбоцитопения, агранулоцитоз

- аллергиялық реакциялар, соның ішінде анафилаксия

- тері бөртпесін, уртикарлы бөртпені, ангионевроздық ісінуді, Стивенс-Джонсон синдромын қоса сезімталдығы жоғары тері реакциялары

- аспиринге немесе басқа ҚҚСП сезімталдығы жоғары пациенттерде бронхтың түйілуі

- бауыр функциясының бұзылуы

Фенилэфрин

Жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін)

- күйгелектік

- бас ауыруы

- бас айналуы, ұйқысыздық

- артериялық қысымның жоғарылауы

- жүрек айнуы, құсу

Сирек (≥1/10,000-ден < 1/1,000 дейін) немесе өте сирек (< 1/10,000)

- аллергиялық реакциялар (бөртпе, уртикарлы бөртпе, аллергиялық дерматит)

- мидриаз

- ашық бұрышты глаукома (жабық бұрышты глаукомасы бар пациенттерде болуы мүмкін)

- тахикардия, жүрек қағуының жиілеуі

- несеп шығарудың бұзылуы, несептің іркілуі (қуық обструкциясы бар пациенттерде, мысалы, простата гипертрофиясында туындау ықтималдығы жоғарылайды)

Жоғарыда аталған реакциялар туындағанда, сондай-ақ қабыршықтану, ауыз қуысының ойық жаралары, тыныс алудың қиындауы, гематомалар, қан кетулер немесе препаратқа кез келген басқа жағымсыз реакциялар пайда болғанда, препарат қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігерге көріну керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- парацетамолға, фенилэфрин гидрохлоридіне, аскорбин қышқылына немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- тыныс алу жеткіліксіздігінің даму қаупі (тыныс алу жолдарының созылмалы обструктивтік аурулары, бронх демікпесінің асқынуы немесе ұстамасы)

- МАО тежегіштерін бір уақытта қабылдау, сондай-ақ оларды қабылдауды тоқтатқаннан кейін 14 күн

- туа біткен фруктоза жеткіліксіздігі, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы, сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Төмендегі препараттармен бір мезгілде қабылдаған жағдайда дәрігердің кеңесі қажет.

Моноаминооксидаза тежегіштері: МАО тежегіштерін тоқтатқаннан кейін бір мезгілде немесе 14 күн ішінде қабылдау гипертензияға, гипертониялық кризге, серотониндік синдромына әкелуі мүмкін.

Үш циклдік антидепрессанттар, симпатомиметиктер: фенилэфринмен бір уақытта қабылдау жүрек-қантамырлық жағымсыз әсерлердің даму қаупін жоғарылатуы мүмкін.

Бета-блокаторлар және басқа да гипертензияға қарсы препараттар: фенилэфрин жүрек-қантамырлық жағымсыз әсерлердің, соның ішінде гипертензияның даму қаупін арттыра отырып, бета-блокаторлар мен басқа да гипертензияға қарсы препараттардың тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Дигоксин және басқа да жүрек гликозидтері: фенилэфринмен бір уақытта қабылдау жүрек ырғағының бұзылу қаупін және жүрек ұстамасының дамуын арттыруы мүмкін.

Варфарин және басқа кумариндер: антикоагуляциялық әсері қан кету қаупін арттыра отырып, құрамында парацетамол бар препараттарды ұзақ уақыт бойы күнделікті ұдайы қабылдаумен күшейтілуі мүмкін.

Парацетамолдың бір реттік дозаларының мұндай әсерлері жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Төмендегі жағдайларда Колдрекс Юниор Хот Дринк қабылдар алдында дәрігердің кеңесі қажет:

- бауыр немесе бүйрек функцияларының ауыр бұзылуында

- гипертония

- жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары

- қант диабеті

- гипертиреоз

- жабық бұрышты глаукома

- феохромоцитома

- қуықасты безінің аденомасы

- окклюзиялайтын тамыр аурулары (мысалы, Рейно ауруы)

- варфаринді немесе қан ұюын төмендетуге арналған басқа препараттарды қабылдау

Төмендегілерді қабылдайтын пациенттерге сақтықпен пайдалану керек:

- бета-блокаторлар және басқа да гипертензияға қарсы препараттар

- үш циклді антидепрессанттар

Басқа симпатомиметиктермен (деконгестанттармен, тәбетті басуға арналған дәрілермен немесе амфетаминдік-ұқсас психостимуляторлармен), сондай-ақ жөтел мен суық тиюді емдеуге арналған басқа препараттармен және құрамында парацетамол бар дәрілермен бір уақытта қабылдауға болмайды.

Глутатион деңгейін төмендететін жай-күйлерде (мысалы, сепсисте) парацетамолды қолдану метаболизмдік ацидоздың туындау қаупін арттырады.

Төмендегі симптомдардың бірігуі пайда болғанда:

- тыныс алудың тереңдеуі, жиілеуі, тарылуы

- өзін нашар сезіну (жүрек айнуы, құсу)

- тәбеттің жоғалуы

дәрігерге қаралу керек.

Егер симптомдар 7 күннен артық сақталса, сондай-ақ, температура жоғарылағанда, тері бөртпесі немесе тұрақты бас ауыруы болғанда дәрігермен кеңесу қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препарат балаларға арналған

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат балаларға арналған

Артық дозалануы

Парацетамолмен артық дозалану симптомдары: жүрек айну, құсу және іштің ауыруы. Парацетамолды 10 г және одан да көп мөлшерде қабылдаған кезде ересектердегі бауыр зақымдануы асқазанға түскеннен кейін 12-48 сағаттан соң айқын болуы мүмкін. Парацетамолмен артық дозаланғанда дереу емдеудің мәні зор.

Ем асқазанды шаю және ацетилцистеин немесе метионин сияқты арнайы у қайтарғы қолдануды қамтиды. Егер препаратты қабылдағаннан соң 10 сағаттан асып кетсе, гемоперфузия қажет болуы ықтимал.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ (балалар үшін).

3 г-ден ламинаттан (БПФП) жасалған пакеттерде. 10 пакет қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

 

Сақтау шарттары

25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

СмитКляйн Бичем С.А., Испания

Тіркеу куәлігінің иесі

ГлаксоСмитКляйн Консьюмер Хелскер, Ұлыбритания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ГлаксоСмитКляйн Экспорт Лтд» ӨК. Алматы қ., Фурманов к-сі, 273. тел. +7 (727) 244-69-99, +7 (727) 258-28-92, , факс +7 (727) 258-28-90 (автомат), электронды поштасы: kz.safety@gsk.com

Прикрепленные файлы

678372571477976301_ru.doc 59.5 кб
755955681477977547_kz.doc 70 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники