Войти

КМ-Туссофит (Сироп на сорбите) Календулы лекарственной цветки, Мать-и-мачехи листья, Подорожника большого листья, Тимьяна ползучего трава, Шиповника плоды

Производитель: ПК "Фирма "Кызылмай"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Отхаркивающие препараты
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№000193
Дата регистрации: 12.12.2014 - 12.12.2019

Инструкция

Саудалық атауы

КМ – Туссофит

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат 120 мл

Құрамы

100 мл препарат құрамында

белсенді зат: өгейшөп жапырақтары 0.6 г, жолжелкен жапырақтары 0.6 г, тасшөп шөбі 0.6 г, қырмызыгүл гүлдері 0.8 г, итмұрын жемістері 5.1 г, қосымша заттар: табиғи ара балы, эфир майлары: жалбыз, эвкалипт майлары, қант немесе сорбит, тазартылған су 100 мл-ге дейін.

Сипаттамасы

Дәрілік шөптер мен эфир майларының иісі бар, дәмі тәтті, күңгірт-қоңыр түсті қою, мөлдір емес сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Қақырық түсіретін препараттар.

Қақырық түсіретін препараттар біріктірілімі

АТХ коды R05СА10

Фармакологиялық қасиеттері

Шәрбаттағы дәрілік өсімдіктердің құрамына кіретін биологиялық белсенді заттардың арқасында препарат қақырық түсіретін, қабынуға қарсы, иммунитет көтермелейтін әсер көрсетеді. Табиғи ара балы мен эфир майларын қосу препараттың емдік әсерін күшейтуге мүмкіндік береді.

Өгейшөп жапырақтарының құрамында ащы гликозидтер, инулин және декстрин, галл, алма, шарап қышқылдары, каротиноидтер, сапониндер бар. Белсенді заттар қақырық түсіретін, қабынуға қарсы, спазмолитикалық қасиеттерге ие.

Жолжелкен жапырақтарының құрамында иридоидтер, флавоноидтер, аллантоин, пектов қышқылы, шырыштар бар. Қабынуға қарсы қасиетке, жараны жазатын, ауыруды басатын, жұмсартатын әсерге ие.

Тасшөп шөбінің құрамында негізгі компоненттері тимол, корвакрол болып табылатын эфир майы бар. Сонымен қоса шөпте иіткіш заттар және флавоноидтар болады, олар бактерияға қарсы, қақырық түсіретін әсерге ие, қақырықты сұйылтуға ықпал етеді.

Қырмызыгүл гүлдерінің құрамында каротиноидтар: каротин, рубиксантин, ликопин, цигроксантин, виолоксантин, флавоксантин бар. Сонымен қатар құрамында сапониндер, шайырлы, ащы, иіткіш заттар, органикалық қышқылдар, ферменттер, аскорбин қышқылы, алкалоидтар, флавоноидтар, эфир майы бар. Бұл белсенді заттар қабынуға қарсы, жараны жазатын, бактерицидті, өт айдағыш, спазмолитикалық қасиеттерге ие.

Итмұрын жемістерінің құрамында аскорбин қышқылы, Е, Р витаминдері, флавоноидтар, каротиноидтар және иіткіш заттар бар, цингаға қарсы, өт айдайтын әсері бар, организмдегі тотығу-тотықсыздандыру үдерістерін күшейтеді, сыртқы ортаның зиянды ықпалына төзімділікті арттырады

Қолданылуы

Төмендегілерді кешенді емдеуде:

  • суық тию және вирустық ауруларда

  • тыныс алу мүшелерінің ауруларында

  • организм төзімділігінің төмендеуінде

  • жөтелде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге 1 десерттік қасықпен күніне 1-3 рет, балаларға (1 жастан бастап) 1 шәй қасықтан күніне 1-3 рет. Емдеу курсы 7-10 күн.

Пайдалану алдында шайқау керек.

Жағымсыз әсерлері

- препараттың құрамдас компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары жеке сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде дәрігердің тағайындауымен қолдану керек.

Көлік құралдарын және аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы

Ықпал етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бақылау сақинасы бар полимер немесе алюминий қақпақтармен немесе тығыздағыш полиэтилен тығыны бар пластмасса қақпақпен тығындалған дәрілік заттарға арналған медициналық құтыларда120 мл-ден.

Әрбір құты мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қосымша парақпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапқа салынады. Құтыларға заттаңба қағазынан жасалған заттаңба жапсырылады.

Сақтау шарттары

180С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан,

Алматы қ-сы, Ипподром к-сі, 6

Тіркеу куәлігінің иесі

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан

ҚР аумағында тұтынушылардан өнімнің сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ-сы, Ипподром к-сі, 6

т. 382-20-27, факс 382-19-20

Е – mail: reception@kyzylmay.com

Прикрепленные файлы

095340321477976554_ru.doc 47 кб
882980171477977718_kz.doc 48.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники