Войти

КМ-Почечный Зверобоя продырявленного трава, Календулы лекарственной цветки, Пустырника трава, Шиповника плоды

Производитель: ПК "Фирма "Кызылмай"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения урологических заболеваний
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№005820
Дата регистрации: 14.08.2015 - 14.08.2020

Инструкция

Саудалық атауы

КМ - Бүйрекке арналған

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сүзгіш-пакеттегі шөп-шайы 1,5 г-ден, № 20

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді заттар: шайқурай шөбі 20 г, сасықшөп шөбі 20 г, 20 г қырмызыгүл гүлі, 30 г итмұрын жемісі, 10 г көк шай жапырағы.

Сипаттамасы

Ақшыл-сарғыш теңбілдері бар жасылдау түсті ұнтақ. Әлсіз, хош иісті, өзіндік иісі бар. Дәмі ащылау, сәл тұтқыр.

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды GO4 BX

Фармакологиялық қасиеттері

Шайқурай антисептикалық, қабынуға қарсы, тұтқырлағыш, регенерациялайтын, өт түтіктері, несепағарлар, қантамырлары жолдарының тегіс бұлшықеттерінде орташа түйілуді басатын әсерге ие. Сасықшөп айқын тыныштандыратын, гипотензивті және кардиотонустық әсерге ие.

Қырмызыгүл гүлі несеп айдағыш және түйілуді басатын қасиеттерге ие.

Итмұрын құрқұлаққа қарсы, өт айдағыш әсерге ие, организмдегі тотығу-тотықсыздану үдерісін күшейтеді, сыртқы ортаның қатерлі әсерлеріне қарсыластығын жоғарылатады.

Өсімдік дәрілік фито-шай құрамына кіретін флавоноидтық гликозидтер, полисахаридтер, органикалық қышқылдар, витаминдер мен басқа да биологиялық белсенді заттардың есебінен қабынуға қарсы, антисептикалық, несеп айдағыш және түйілуді басатын әсерге ие. Несеп ағардағы тегіс бұлшықеттерінің түйілуін басады, организмде су-тұз теңгерімін қалпына келтіреді, бүйректен құмның шығуына ықпал етеді.

Қолданылуы

Несеп бөлу жүйесі ауруларының кешенді емі құрамында ұсынылады:

  • пиелит

  • цистит

  • простатит

  • несептас ауруы

Қолдану тәсілі және дозалары

100-150 мл қайнаған суға 1 сүзгіш-пакетті демдеп, 10-15 минутқа тұндырып, жылы күйінде күніне 2-3 рет қабылдау керек. 5 жастан бастап балаларға күніне 10-15 мл-ден 2 рет. Емдеу курсы 30-40 күн.

Жағымсыз әсерлері

- препараттың құрамдас компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік, лактация кезеңі

- 5 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

1,5 г-ден сүзгіш-пакеттер № 20 жеке қаптамада, қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге полиэтиленді үлбірмен жабылған фирмалық картон қорапшаға қапталған. Нұсқаулықтың мәтінін тікелей қорапшаға жазуға жол беріледі.

Сақтау шарттары

Құрғақ, күн сәулесінен қорғалған жерде, 300С–ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Қызылмай» Фирмаcы» ӨК, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

Тіркеу куәлігінің иесі

«Қызылмай» Фирмаcы» ӨК, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Қызылмай» Фирмаcы» ӨК

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

т. 382-20-27, факс 382-19-20

Е – mail: reception@kyzylmay.com

 

Прикрепленные файлы

055461291477976405_ru.doc 42.5 кб
145205421477977607_kz.doc 46.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники