Войти

Кловейт (Крем) Клобетазол

Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Производитель: Фармзавод Jelfa А.О.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clobetasol
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№004005
Дата регистрации: 14.08.2015 - 14.08.2020
Предельная цена: 1 137.07 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Кловейт

Халықаралық патенттелмеген атауы

Клобетазол

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 0,5 мг/г крем

Құрамы

1 г крем құрамында

белсенді зат - 0,50 мг клобетазол пропионаты

қосымша заттар: пропиленгликоль, динатрий эдетаты, хлорлы крезол, сұйық парафин, ақ вазелин, глицерил моностеараты, цетостеарил спирті, полисорбат 40, декан және октан қышқылдарының триглицеридтері, коллоидты кремний қостотығы, натрий цитраты, лимон қышқылы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән әлсіз иісі бар ақ түсті біртекті масса.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын жергілікті емдеуге арналған глюкокортикостероидтар. Өте белсенді глюкокортикостероидтар. Клобетазол

АТХ коды D07АD01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Клобетазол пропионаты биоөзгеріске ұшырамай, теріге мүйізгекті қабық арқылы оңай өтеді. Негізінен бауырда биоөзгеріске ұшырайды. Глюкурон қышқылымен қосылыс түрінде және өзгермеген күйінде аздаған мөлшерде несеппен және аз дәрежеде өтпен шығарылады. Клобетазол пропионатының тері арқылы сіңуі қатпарлы аймақтардағы жұмсақ теріге, эпидермисі зақымданған немесе қабыну үдерісі бар теріге қолданған кезде артады. Дәрілік затты жиі қолданған кезде немесе терінің ауқымды жеріне қолданған кезде глюкокортикостероидтардың жүйелік жағымсыз әсерлерін дамыта отырып, сіңуі мүмкін. Пропионат клобетазолының тері арқылы сіңуі ересектерге қарағанда жас адамдарда қарқынды жүреді.

Фармакодинамикасы

Кловейт жергілікті қолданылатын синтетикалық глюкокортикостероид болып табылады. Концентрациясы 0,05% кремді жергілікті қолдану қабынуға қарсы, қышынуға қарсы, аллергияға қарсы және тамыр тарылтатын әсер етеді. Липофильдік қасиеттер көрсетеді және тері арқылы организмге оңай өтеді. 2 г кремді қолданғаннан кейін бүйрекүсті безі - гипофизарлы жүйені бәсеңдету арқылы адренокортикотропты гормонның (АКТГ) гипофизбен бөлініп шығуы азаюы мүмкін. Препарат А2 фосфолипаза белсенділігінің бөгелуі және арахидон қышқылының жасуша жарғақшаларының фосфолипидтерінен босап шығуының азаюы нәтижесінде простагландиндер мен лейкотриендердің өндірілуін басу арқылы қабыну үдерістерін азайтады, сондай-ақ, жергілікті аллергиялық реакцияларды бәсеңдету арқылы аллергияға қарсы әсер береді. Жергілікті қан тамырларын тарылту әсерінің нәтижесінде экссудативті реакциялар азаяды, ақуыздардың синтезі, коллагеннің бөлініп шығуы төмендейді. Теріде ақуыздардың ыдырауын жеделдетеді және пролиферативті үдерістерді әлсіретеді.

Қолданылуы

  • экземада

  • псориазда ( пустулезді және кең таралған түйіндақты псориаздан басқасы)

  • дискоидты қызыл жегіде, қатты қышытатын жалпақ теміреткіде

  • әлсіздеу глюкокортикостероидтармен емдеу тиімсіз болған кезде терінің, қатты қышынумен немесе шамадан тыс кератозы бар жедел ағымды және ауыр, жұқпаланбаған, құрғақ қабыну ауруларын қысқа мерзімде емдеуге

Қолдану тәсілі және дозалары

Кремді терінің зақымданған жеріне жұқа қабатпен, сәл ысқылай отырып, күніне 1-2 рет жағады. Кремді окклюзиялық таңғыш астына қолдануға болмайды.

Емді үзіліссіз 2 аптадан астам жүргізуге болмайды.

 

Жағымсыз әсерлері

  • безеулер, стероидты пурпура, эпидермистің өсуінің бәсеңдеуі, теріасты шелінің атрофиясы

  • терінің құрғауы, гипертрихоз немесе таздану, терінің гипо- немесе гиперпигментациясы

  • тері атрофиясы және стриялар, телеангиэктазиялар, периоральді дерматит

  • түкті фолликулалардың қабынуы, атрофиялық жолақтар, екінші қайтара болған жұқпа

Сирек

– есекжем немесе дақты-папулезді бөртпе

  • окклюзиялық таңғыштың астына қолданған кезде препарат ісінулер, гипертензиялар, төзімділіктің төмендеуі түріндегі резорбциялық әсерді тудыруы мүмкін

  • қабақ терісіне қолданған кезде глаукоманың немесе катарактаның дамуына әкеп соқтыруы мүмкін

  • жоғары дозаларда ұзақ қолданғанда гиперкортицизм симптомдарының пайда болу мүмкіндігі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • терінің бактериялық (пиодермиялар), вирустық (қарапайым герпес, желшешек) және зеңдік (микоздар) жұқпалары

  • қызғылт және әдеттегі безеулерде, периоральді дерматитте

  • профилактикалық вакцинадан кейін

  • клобетазол пропионатына немесе басқа глюкокортикостероидтарға расталған жоғары сезімталдық жағдайы және препараттың қосымша компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • 18 жасқа дейінгі балаларға

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • перианальді, генитальді қышыну

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Глюкокортикостероидтармен емдеу кезінде, антиденелер өндірілуінің төмендеуіне байланысты иммунодепрессиялық қасиеттер пайда болуы мүмкін болғандықтан, шешекке және иммунизацияның басқа түрлеріне қарсы вакцинация жүргізбеген жөн. Дәрілік зат иммуносупрессиялық препараттардың әсерін күшейтуі және иммуностимуляциялайтын әсерді әлсіретуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Ұзақ қолдануды болдырмау керек. Терінің ауқымды аймағына ұзақ қолданған кезде жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігі және ісінулердің, гипертензиялардың, гипергликемияның, организм төзімділігінің төмендеу қаупі артады.

Клобетазол пропионатын жергілікті қолданудың ықпалымен, бүйрекүсті безі - гипофизарлы жүйенің бәсеңдеуі, қанда кортизол деңгейінің азаюы және ятрогенді Кушинг синдромының пайда болуы салдарынан адренокортикотропты гормонның (АКТГ) гипофизбен өндірілуі азаюы мүмкін, ол емдеуді тоқтатқаннан кейін кетеді.

АКГТ арқылы бүйрекүсті безін стимуляциялаудан кейін қандағы және несептегі кортизолды анықтау арқылы бүйрекүсті безі қыртысы функциясын мезгіл-мезгіл бақылап отыру керек.

Кремді қолданған жерде жұқпа дамыған жағдайда бактерияларға қарсы немесе зеңге қарсы тиісті ем қолдану керек. Егер жұқпа белгілері кетпесе, Кловейт кремін қолдануды жұқпа толық жазылғанша тоқтата тұру қажет.

Тарбұрышты немесе кеңбұрышты глаукомасы, сондай-ақ катарактасы бар адамдарда қабақ терісіне немесе қабақ айналасындағы теріге, аурудың асқынып кету қаупінің болуына байланысты препаратты қолданбаған жөн.

Бет терісіне, қолтық астындағы және шап аймағындағы терілерге препаратты аса қажет жағдайларда, сіңуінің жоғарылығын және жағымсыз әсерлердің (телеангиэктазиялар, dermatitis perioralis) пайда болу қаупінің жоғарылығын ескере отырып, қолдану керек.

Теріасты шелініңатрофиялық жағдайларында, әсіресе егде жастағы адамдарға сақтықпен қолдану керек.

Көлік құралдарын басқару және қауіптілігі зор құрылғылармен қызмет көрсету қабілетіне әсер етуі

Дәрілік зат психофизикалық белсенділікті, көлікті басқару және қозғалыстағы механизмдермен қызмет көрсету қабілетін шектемейді.

Артық дозалануы

Терінің ауқымды беткейіне ұзақ қолданғаннан кейін байқалуы мүмкін.

Симптомдары: организм резистенттілігінің төмендеуі, гипертензия, ісінулер, Кушинг ауруының симптомдары.

Емі: препаратты тоқтату.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Ішкі беткейі лакталған алюминий сықпаға 25 г препарат салынған. Бір сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25oС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Фармзавод Jelfa A.Қ.

ul. W.Pola 21, 58-500 Jelenia Góra, Польша

Тіркеу куәлігінің иесі

«Валеант» ЖШҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Валеант» ЖШҚ ҚР өкілдігі

Қазақстан, 050059, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 17 үй, «Нұрлы тау» бизнес орталығы 4Б блок, 1104 кеңсе

Телефон + 7 727 3 111 516, факс +7 727 3 111 517

Электронды поштасы: Office.KZ@valeant.com

 

Прикрепленные файлы

681816311477976396_ru.doc 55 кб
728963911477977596_kz.doc 69.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники