Войти

Климадинон® Цимицифуги кистевидной корневищ с корнями экстракт

Производитель: Бионорика СЕ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для применения в гинекологии
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№021082
Дата регистрации: 24.12.2014 - 24.12.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Климадинон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: Цимицифуга тамырсабағының құрғақ сығындысы 20.00 мг (құрамында 2,8 мг цимицифуга тарамсабағының табиғи сығындысы бар (5-10:1, экстрагент этанол 58% к/к) және 17,2 мг лактоза моногидраты)

қосымша заттар: кальций гидрофосфаты дигидраты, картоп крахмалы, магний стеараты, тальк, титанның қостотығы (Е 171), темірдің (ІІІ) сары тотығы (Е 172), темірдің (ІІІ) қызыл тотығы (Е 172), макрогол 6000, эудрагит RL 30D

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес және тегіс беткейлі, қоңыр қызғылт түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар

АТХ коды G02CX

 

Фармакологиялық қасиеттері

Климадинон® эстрогенге ұқсас әсері бар, седативті қасиетін байқатады, вегетативтік жүйке жүйесіне емдік әсер етеді. Препаратты қолдану: психоэмоционалдық және вегетотамырлық бұзылуды жоюға, климакс алдындағы және климакс кезеңінде пайда болатын дімкәстік симптомдарының басылуына немесе толық жоғалуына ықпал етеді. Климадинон® препаратының емдік тиімділігі біртіндеп басталады және шамамен емдеудің 2 аптасынан соң байқалады.

Қолданылуы

- менопауза алдындағы, кезіндегі және кейінгі вегетотамырлық және психоэмоционалдық бұзылыстарда («ысыну», қатты тершеңдік, ұйқының бұзылуы, жүйкенің жоғары қозғыштығы, көңіл-күй өзгерісі, апатия).

Қолдану тәсілдері және дозалары

Ішке бір таблеткадан күніне екі рет (таңертең және кешке) және мүмкіндігінше тәуліктің белгілі бір уақытында, шайнамай және сормай, аздаған мөлшердегі сұйықтықпен ішу керек.

Емдеу курсы – 3 ай, қажет болғанда анағұрлым ұзақ қабылдауға болады. Препаратты дәрігердің кеңесінсіз 6 айдан көп қабылдамаған жөн.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (қышыну, бөрту, беттің ісінуі, шеткергі ісінулер).Жиілігі белгісіз - асқазан-ішек жолы жұмысының бұзылуы (диспепсиялық бұзылыстар, диарея). Жиілігі белгісіз.

Құрамында цимицифуга бар препараттарды қабылдау бауыр уыттылығымен қатар жүруі мүмкін (гепатит, сарғаю, бауыр функциясының бұзылуын қоса). Жиілігі белгісіз.

Жағымсыз әсерлер пайда болған кезде дәрілік затты қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық

- эстрогенге тәуелді ісігі бар науқастарға

- жүктілік және лактация кезеңі

- туа біткен лактаза жеткіліксіздігі, тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы синдромы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бірге қолданғанда эстрогендер әсерінің күшеюі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Қант диабеті бар науқастар

Бір таблетканың құрамында 0,01 нан бірлігі (НБ) бар.

Эстрогендерді бір мезгілде қабылдауды дәрігердің бақылауымен жүргізген жөн, өйткені Климадинон® олардың әсерін күшейтуі мүмкін.

Әйел жыныс гормондарын (эстрогендер) қабылдап жүрген емделушілер, сүт бездері обырын немесе басқа да гормонға тәуелді ісіктерді емдеу курсын өткерген немесе өтіп жатқан емделушілер препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесулері қажет. Мезгілсіз немесе қайтадан басталған етеккір қан кетуі жағдайында дәрігермен кеңескен жөн.

Дәрілік препараттың құрамында лактоза бар.

Сыртартқыда бауыр аурулары бар науқастар Климадинон® препаратын дәрігермен кеңескеннен соң қабылдағандары дұрыс. Мынадай: сарғаю, несеп түсінің қараюы, құрсақ қуысы жоғарғы бөлігінің ауыры, жүрек айну, құсу, тәбеттің болмауы, шаршау сияқты белгілер пайда болғанда, препарат қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу қажет.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат ұсынылған дозада көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: препарат жағымсыз әсерлерінің күшеюі

Емі: симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Қабықпен қапталған 15 таблеткадан алюминий фольгадан және ПВХ, ПВДХ үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

4 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Бионорика СЕ, D-92308 Ноймаркт/Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Бионорика СЕ, D-92308 Ноймаркт/Германия

ҚР аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Бионорика СЕ/Bionorica SЕ» ҚР өкілдігі

Алматы қ., «Бас почтамт», а/ж №200, тел: 250-93-99

e-mail: info@bionorica.kz

 

Прикрепленные файлы

702182721477976539_ru.doc 52.5 кб
930624061477977697_kz.doc 48 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники