Войти

Кетилепт® (100 мг) Кветиапин

Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Производитель: ФАРМАЦЕВТИЧЕСКИЙ ЗАВОД ЭГИС ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Quetiapine
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№013912
Дата регистрации: 19.12.2013 - 19.12.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Кетилепт®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кветиапин

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 25 мг, 100 мг, 150 мг, 200 мг, 300 мг таблеткалар

Құрамы

Қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында:

белсенді зат – 25 мг, 100 мг, 150 мг, 200 мг және 300 мг (қабықпен қапталған әрбір таблеткада тиісінше 28,78 мг, 115,13 мг, 172,70 мг, 230,26 мг және 345,40 мг кветиапин фумаратына баламалы) бар

қосымша заттар:

Ядросы: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, натрий карбоксиметилкрахмалы (А типі), повидон, магний стеараты, кремнийдің коллоидты сусыз қостотығы

Қабығы:

Қабықпен қапталған 25 мг, 100 мг, 300 мг таблеткалар: Opadry II 33G28523 ақ (гипромеллоза, титанның қостотығы E171, макрогол 3350, лактоза моногидраты, триацетин)

Қабықпен қапталған 150 мг, 200 мг таблеткалар: Opadry II 33G28523 ақ (гипромеллоза, титанның қостотығы E171, макрогол 3350, лактоза моногидраты, триацетин); Opadry II 33G24283 қызғылт (гипромеллоза, титанның қостотығы E171, лактоза моногидраты, макрогол 3350, триацетин, темірдің қызыл тотығы Е 172, темірдің сары тотығы Е 172)

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ түсті дерлік, екі жағы дөңес, бір жақ бетінде стилизденген «Е» әрпі ойып жазылған және басқа жақ бетінде 201 саны жазылған, қабықпен қапталған, дөңгелек, иіссіз немесе иіссіз дерлік таблеткалар (25 мг доза үшін).

Ақ немесе ақ түсті дерлік, екі жағы дөңес, бір жақ бетінде стилизденген «Е» әрпі және 202 саны ойып жазылған, қабықпен қапталған, дөңгелек, иіссіз немесе иіссіз дерлік таблеткалар (100 мг доза үшін).

Қызғылт түсті, екі жағы дөңес, бір жақ бетінде стилизденген «Е» әрпі және 203 саны ойып жазылған, қабықпен қапталған, дөңгелек, иіссіз немесе иіссіз дерлік таблеткалар (150 мг доза үшін).

Қою қызғылт түсті, екі жағы дөңес, бір жақ бетінде стилизденген «Е» әрпі және 204 саны ойып жазылған, қабықпен қапталған, дөңгелек, иіссіз немесе иіссіз дерлік таблеткалар (200 мг доза үшін).

Ақ немесе ақ түсті дерлік, екі жағы дөңес, бір жақ бетінде стилизденген «Е» әрпі және 205 саны ойып жазылған, қабықпен қапталған, дөңгелек, иіссіз немесе иіссіз дерлік таблеткалар (300 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Антипсихотиктер (Нейролептиктер). Дибензодиазепиндер және олардың туындылары. Кветиапин.

АТХ коды N05A H04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін кветиапин асқазан-ішек жолынан тез сіңеді. Ас қабылдау кветиапиннің биожетімділігіне елеулі ықпал етпейді. Қан плазмасында ең жоғары концентрациясы 1,5 сағаттан соң білінеді. Кветиапин организмде кең таралады, мұндай кезде таралу көлемі әр кг дене салмағына шаққанда 10±4 л құрайды. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 83-ға жуық. Кветиапин іn vitro варфариннің немесе бензодиазепиннің сарысу альбуминімен байланысуына ықпалын тигізбейді. Өз кезегінде, варфарин немесе бензодиазепиндер кветиапиннің байланысуын өзгертпейді. Кветиапиннің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 7 сағатты құрайды, ал кветиапиннің 5-НТ2 және D2-рецепторларға әсері оны бір рет қабылдағаннан кейін 12 сағатқа дейін жалғасады. Кветиапин бауырда елеулі дәрежеде метаболизденеді. Оның биотрансформацияға ұшырауының негізгі жолы сульфототығу және тотығу болып табылады. Кветиапиннің Р450 цитохромы арқылы метаболизмінің негізгі ферменті СҮР3A4 изоферменті болып табылады. Негізгі плазмалық метаболиттердің айқын фармакологиялық белсенділігі жоқ. Кветиапин белсенді метаболизмге ұшырайды, мұндай кезде ішке бір реттік дозаны қабылдағаннан кейін 5 -дан азы өзгермеген күйінде шығарылады, шамамен 73-ы бүйректер арқылы және 21-ы нәжіспен бірге шығарылады. Кветиапиннің фармакокинетикасы дозалардың емдік диапазонында дозаға тәуелді және емделушінің жынысына немесе нәсіліне байланысты емес. Егде жастағы адамдарда кветиапиннің орташа клиренсі, 18-65 жастағы емделушілерге қарағанда, шамамен 30-50-ға төмен.

Кветиапиннің орташа плазмалық клиренсі бүйрек ауыр жеткіліксіздігіне шалдыққан емделушілерде (креатинин клиренсі 30 мл/мин/1,73 м2-ден төмен) және бауыры зақымданған емделушілерде (тұрақты алкогольдік цирроз) шамамен 25-ға аз, бірақ клиренстің жекелей көрсеткіштері дені сау адамдардағыға сәйкес шекте болады.

Фармакодинамикасы

Кетилепт – мидың нейротрансмиттерлі рецепторларының көптеген бөлігіне антагонистік әсер ететін атипиялық антипсихотикалық препарат. Кветиапиннің серотонинді (5-НТ1A және 5-НТ2), допаминді D1 және D2, гистаминді (Н1) және адренергиялық 1 және 2-рецепторларға ұқсастығы бар. Допаминді D1 және D2 рецепторларға қарағанда, 5-НТ2-рецепторларының өте күшті тежегіші болып табылады. Кветиапиннің сондай-ақ гистаминді (Н1) және 1-рецепторларға ұқсастығы жоғары, 2-рецепторларға ұқсастығы төмен. М-холинорецепторларға және бензодиазепинді рецепторларға ұқсастығы жоқ. Кветиапиннің, басқа антипсихотикалық дәрілердегі сияқты, әсер ету механизмі белгісіз. Препараттың антипсихотикалық және экстрапирамидалы әсерлері рецепторларға антагонистік әсер етуінің ерекше біріктіріліміне шамамен байланысты. Кветипинді қабылдаған кезде ұйқышылдықтың дамуын оның гистаминді (Н1) рецепторларына үлкен ұқсастығымен түсіндіруге болады. Кветиапинді қабылдау кезінде ортостатикалық гипотензияның дамуын оның 1-рецепторларға жоғары ұқсастығымен түсіндіруге болады.

Болуы мүмкін экстрапирамидалы симптомдарды анықтау үшін жүргізілетін зерттеулер Кетилепттің допаминді D2-рецепторларды тиімді бөгейтін дозаларында әсер еткен кезде өте әлсіз каталепсия болатындығын көрсетті. Кветиапин моторлы функцияға қамтылған А9-нигростриальді нейрондармен салыстырғанда, мезолимбиялық А10-допаминергиялық нейрондардың белсенділігін іріктеп төмендетеді. Клиникалық зерттеулер (Кветиапинді тәулігіне 75-750 мг дозада қолдана отырып жасалған) кветиапин мен плацебо арасында экстрапирамидалы симптомдардың пайда болу жиілігі бойынша немесе антихолинергиялық дәрілерді қоса қолданғанда айырмашылықтар білінген жоқ.

Кетилепт қан плазмасында пролактин деңгейін ұзақ уақыт бойы арттырмайды. Бекітілген дозамен жүргізілген клиникалық зерттеулерде Кетилептті немесе плацебоны қолданған кезде пролактин деңгейінде айырмашылықтар байқалған жоқ. Кетилепт шизофренияның позитивті және негативті белгілерін емдеуде тиімді препарат болып саналады.

Қолданылуы

  • жедел және созылмалы психоздарды емдеуде, шизофренияны қоса

  • биполярлы бұзылуларда орташа немесе ауыр маниакальді эпизодтарды емдеуде

  • алдыңғы маниакальді, аралас және депрессивті көріністер кезінде кветиапинмен емдеуге жақсы жауап берген емделушілерде депрессивті, маниакальді және аралас көріністердің қайталануының алдын алуда

Қолдану тәсілдері және дозасы

Кетилептті, ас қабылдауға байланыссыз, тәулігіне 2 рет ішке қабылдаған жөн.

Ересектер:

Шизофренияны қоса, жедел және созылмалы психоздарды емдеу:

Емдеудің алғашқы 4 күніндегі тәуліктік жиынтық доза: 1-күні – 50 мг, 2-күні – 100 мг, 3-күні – 200 мг және 4-күні – 300 мг. Емдеудің 4-күнінен бастап препараттың тәуліктік дозасы – 300 мг.

Клиникалық әсеріне және емделушінің жекелей көтеруіне қарай доза тәулігіне 150 мг-нан 750 мг-ға дейінгі шекте өзгеріп отырады.

Препаратты 800 мг-нан жоғары тәуліктік дозада қолданудың қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ.

Биполярлы бұзылуларда жедел маниакальді эпизодтарды емдеу:

Емдеудің алғашқы 4 күніндегі тәуліктік жиынтық доза: 1-күні – 100 мг, 2-күні – 200 мг, 3-күні – 300 мг және 4-күні – 400 мг. Бұдан әрі емдеудің 6-күніне қарай препараттың тәуліктік дозасы 800 мг-ға дейін арттырылуы мүмкін. Тәуліктік дозаның артуы тәулігіне 200 мг-нан аспауға тиіс. Клиникалық әсеріне және емделушінің жекелей көтеруіне қарай доза тәулігіне 200 мг-нан 800 мг-ға дейінгі шекте өзгеріп отырады. Әдеттегі тиімді доза – тәулігіне 400 мг-нан 800 мг-ға дейін.

Биполярлы бұзылыстарда маниакальді, депрессивті және аралас көріністердің алдын алуда

Биполярлы бұзылыстардан болған жедел жағдайларда, кветиапинмен емге жақсы жауап берген емделушілер препаратты сол дозада жалғастыруы керек. Әрі қарай, емделушінің емдеуге жекелей клиникалық реакциясына және жағымдылығына байланысты препараттың екі қабылдауға бөлінетін тәуліктік дозасы, 300- ден 800мг – дейінгі ауқымда таңдап алынуы мүмкін.

Демеуші ем жүргізген кезде препараттың ең төмен тиімді дозасын пайдалану қажет.

Егде жастағы емделушілерде: Кетилептті, әсіресе емдеу курсының басында, сақтықпен қолданған жөн. Бастапқы доза – тәулігіне 25 мг. Дозаны, жас емделушілердегіге қарағанда әдетте төмен болатын тиімді дозаға жеткізгенше, тәулігіне 25-50 мг-нан арттырып отырған жөн. Ішке қабылдаған кезде кветиапиннің қан плазмасындағы клиренсі 65 жастағы және одан үлкен жастағы емделушілерде 30-50-ға төмендеуі мүмкін, ол кейде осындай емделушілерде дозаны өзгертуді қажет етуі мүмкін.

Бүйрек және бауыр функциясының жеткіліксіздігіне шалдыққан емделушілерге емдеуді тәулігіне 25 мг дозадан бастау керек, содан кейін тиімді дозаға жеткізгенше, емделушінің клиникалық реакциясына және жекелей көтеруіне қарай, дозаны күн сайын 25-50 мг-нан арттыруға болады.

Сақтықпен таңдау және төмендетілген дозалар әлсіреген емделушілерге немесе гипотензиялық реакцияларға бейім емделушілерге ұсынылады.

Демеуші терапия

Шизофренияға шалдыққан емделушілерді кетилептпен емдеудің мүмкін болатын ұзақтығы жөнінде жеткілікті деректердің жоқтығына қарамастан, басқа антипсихотикалық дәрілерді қолданған кездегі демеуші емнің тиімділігі жақсы анықталған. Сондықтан Кетилепт препаратын емделушілерге тағайындауды жалғастыру керек; ремиссияны сақтау үшін өте төмен дозаны қабылдау керек. Демеуші терапия жүргізу қажеттілігін білу үшін емделушілердің жағдайын мезгіл-мезгіл бақылап отырған жөн.

Бұдан бұрын кветиапин қабылдаған емделушілерде үзілген емдеу курсын қайта жаңғырту:

Бұдан бұрын кветиапин қабылдаған емделушілерде үзілген емдеу курсын қайта жаңғырту жөніндегі деректер жеткіліксіз. Бұдан бұрын кветиапин қабылдаған емделушіге Кетилепт препаратын қабылдауды қайта жаңғырту қажет болған кезде: Кетилепт препаратын тоқтатқаннан кейін бір аптаға жеткізбей препарат қабылдауды демеуші терапия кезінде қабылданған дозада жалғастыру ұсынылады. Кетилептті бір аптадан астам уақыт қабылдаған емделушілерде емдеуді қайта жаңғыртқан кезде, клиникалық әсеріне қарай, тиімді дозаға жеткенше, дозаны бастапқы таңдау тәртібін қолданады.

Басқа антипсихотикалық препараттармен емдеуден ауысу:

Емделушілерді басқа антипсихотикалық препараттармен емдеуден кватиапинге ауыстыру, сондай-ақ Кетилептті басқа антипсихотикалық препараттармен біріктіріп қолдану жөнінде жүйелі деректер жоқ.

Шизофренияға шалдыққан кейбір емделушілерде бұдан бұрын қабылданған антипсихотикалық препаратты бірден тоқтатуға болатынына қарамастан, көптеген емделушілерде препаратты біртіндеп тоқтату қажет етіледі. Бір препараттан басқа препараттарға ауысу екі антипсихотикалық дәрілерді бір мезгілде қолдануды қажет ететін жағдайлардың барлығында, біріктіріп қолданудың осы кезеңін мүмкіндігінше қысқартқан жөн.

Шизофренияға шалдыққан емделушілерді ұзақ уақыт әсер ететін антипсихотикалық препараттардан Кетилептке ауыстырған кезде, егер бұл қажет болса, Кетилепт препаратын қабылдауды келесі жоспарлы инъекция сәтінде бастаған жөн. Бұдан бұрынғы ұзақ уақыт әсер ететін антипсихотикалық дәрілердің экстрапирамидалы жағымсыз әсерлерін жою үшін тағайындалған препаратпен емдеуді жалғастыру қажеттілігіне мезгіл-мезгіл баға беріп отырған жөн.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (1/10)

  • бас айналу, бас ауыру

  • ұйқышылдық (әсіресе емдеу курсының алғашқы 2 аптасы бойы, ол әдетте Кетилепт препаратын қолдануды жалғастырған кезде жойылады)

Жиі (1/10 және 1/100)

  • лейкопения

  • дене салмағының артуы (көбінесе емдеудің алғашқы аптасында)

  • бауыр ферменттері белсенділігінің (АЛТ, АСТ) жоғарылауы

  • гиперпролактинемия

  • бас айналу, естен тану, тахикардиямен бірге болатын ортостатикалық гипотензия (әсіресе доза таңдаудың бастапқы кезеңінде)

  • ринит

  • ауыз ішінің құрғауы, іш қатуы, диспепсия

  • орташа астения, шеткергі ісінулер

  • әдеттен тыс түс көрулер және шым-шытырық түс көру

  • экстрапирамидті симптомдар

  • дизартрия

  • анық көрмеу

Жиі емес ( 1/100 және 1/1000)

  • эозинофилия, тромбоцитопения

  • жоғары сезімталдық

  • эпилепсия ауруының ұстамалары

  • ГГТ деңгейінің жоғарылауы

  • ас қабылдаудан кейін триглицеридтер деңгейінің, жалпы холестерин деңгейінің жоғарылауы

Сирек (1/1000)

  • сарғаю

  • приапизм, галакторея

  • қатерлі нейролептикалық синдром

Өте сирек (1/10.000)

  • нейтропения

  • гипергликемия, бұдан бұрын болған қант диабеті барысының нашарлауы

  • анафилактикалық реакция, есекжем, Стивен-Джонсон синдромы

Басқа антипсихотикалық дәрілер сияқты, Кетилепт QТ аралығын ұзартуы мүмкін, бірақ клиникалық зерттеулерде бұл әсер тұрақты болған жоқ. Кетилептті қолданған кезде қарыншалық аритмиялар, пируэтті тахикардия, анықталмаған себептерден болған аяқ асты болатын өлім және жүректің тоқтап қалуы жөнінде деректер жоқ, алайда бұл жағымсыз әсерлер антипсихотикалық дәрілердің барлығына тән.

1Альфа1- адренергиялық рецепторларды бөгейтін басқа да антипсихотикалық препараттар сияқты, кветиапин тахикардиямен, және кейбір жағдайларда әсіресе, емдеудің бастапқы фазасы кезінде естен тану жағдайларымен қатар жүретін ортостатикалық гипотензияны жиі туындатуы мүмкін ( доза таңдау кезеңінде).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • кветиапинге немесе препараттың басқа компоненттеріне сезімталдық жоғары болғанда

  • балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге (Кетилептті қолданудың тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ)

  • Кетилептті СҮР3A4 тежегіштерімен, мысалы, АИВ-протеаза тежегіштерімен, азолды зеңге қарсы препараттармен, эритромицинмен, кларитромицинмен және нефазодонмен бір мезгілде қолдану.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кетилептті орталық жүйке жүйесіне әсер ететін басқа препараттармен бір мезгілде тағайындаған кезде ерекше сақтық қажет етіледі.

Әртүрлі дозаларда қолданған кездегі кветиапиннің фармакокинетикасына жүргізілген зерттеулерде, кветиапинді кетоконазолды қабылдауға дейін немесе кетоконазолмен бір мезгілде тағайындаған кезде бұл кветиапиннің орташа Сmах және АUС шамасының, тиісінше, 235 және 522-ға артуына, сондай-ақ кветиапин клиренсінің 84-ға азаюына әкеп соқтырды. Кветиапиннің жартылай шығарылу кезеңі 2,5-тен 6,8 сағатқа дейін артты, бірақ орташа tmах шамасы өзгерген жоқ.

Дозасы 25 мг Кетилептті кетоконазолмен (СҮР3A4) бір мезгілде қабылдау кветиапиннің АUС-н 5-8 есе арттырды. Сондықтан Кетилептті СҮР3Ф4 тежегіштерімен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Ферменттердің іn vitro тежелуі жөніндегі деректер кветиапиннің және оның 9 метаболитінің, Р450 цитохромы (1A2, 2C9, 2C19, 2D6, 3A4) арқылы in vivo метаболизміне тежегіш әсері жоқ.

Кетилептті фенитоинмен бір мезгілде тағайындау оны ішке қабылдаған кезде плазмада кветиапин клиренсінің артуына әкеп соқтырады, өйткені фенитоин Р450 цитохромының 3A4 изоферментін индукциялайды. Кветиапинді (тәулігіне 3 рет 250 мг-нан) және фенитоинды (тәулігіне 2 рет 100 мг-нан) бір мезгілде қолдану оны ішке қабылдағаннан кейін кветиапиннің орташа клиренсін 5 есе арттырды. Кетилептті және фенитоинды бір мезгілде қабылдаған емделушілерде шизофрения симптомдарын түзету үшін Кетилепт препаратының немесе бауыр ферменттерінің басқа индукторларының (карбамазепиннің, барбитураттардың, рифампициннің немесе глюкокортикоидтардың) дозаларын арттыру қажет етілуі мүмкін. Фенитоинды тоқтатқан кезде және/немесе фермент-индуцирлейтін қасиеттері жоқ вальпроатқа ауысқан кезде сақ болу қажет.

Шизофренияны емдеу үшін Кетилепт препаратының ең жоғары тиісті тәуліктік дозасы 750 мг құрайды, өте жоғары дозаларда ұзақ уақыт қолдану олардың әрбір емделуші үшін пайдасы мен қаупін мұқият салыстырғаннан кейін ғана мүмкін болады.

Ферменттердің өзіне тән емес тежегіші болып табылатын циметидинді тәулігіне 3 рет 400 мг дозада 4 күн бойы күн сайын жүйелі қабылдау кветиапиннің оны ішке қабылдағаннан кейін (тәулігіне 3 рет 150 мг-нан) плазмадағы орташа клиренсін 20-ға арттырады. Кетилептті циметидинмен бір мезгілде қолданған кезде Кетилепттің дозасын түзету қажет емес.

Тиоридазинмен (тәулігіне 2 рет 200 мг-нан) бір мезгілде қолданған кезде кветиапиннің ішке қабылдағаннан кейін (тәулігіне 2 рет 300 мг-нан) плазмадағы клиренсі 65 -ға жоғарылайды.

Флуоксетинді (СҮР3A4 және СҮР2D6-тежегіші) тәулігіне 1 рет 60 мг-нан, имипраминді (СҮР2D6-тежегіші) тәулігіне 2 рет 75 мг-нан галоперидалды (7,5 мг тәулігіне 2 рет) немесе рисперидонды (тәулігіне 2 рет 3 мг-нан) Кетилептпен (тәулігіне 2 рет 300 мг-нан) бір мезгілде қолданған кезде кветиапиннің тепе-тең фармакокинетикасы елеулі өзгеріске ұшыраған жоқ.

Кетилептті күн сайын қабылдау (тәулігіне 3 рет 750 мг-нан) антипириннің немесе оның метаболиттерінің клиренсін клиникалық тұрғыдан айқын өзгеріске ұшыратқан жоқ, өйткені кветиапиннің Р450 цитохромы арқылы антипирин метаболизміне қатысатын бауыр ферменттерін мардымсыз төмендететін әсері бар.

Кетилептті (тәулігіне 3 рет 250 мг-нан) литий препараттарымен бір мезгілде тағайындау тепе-тең жағдайда литий препараттарының фармакокинетикасына ықпал еткен жоқ. Бір реттік 2 мг дозаны ішке қабылдағаннан кейін лоразепамның орташа клиренсі Кетилептпен (тәулігіне 3 рет 250 мг-нан) бір мезгілде қабылдаған кезде 20-ға төмендеді.

Натрий вальпроатының және Кетилепттің фармакокинеткасы оларды бір мезгілде қолданған кезде елеулі өзгеріске ұшыраған жоқ.

Жиі қолданылатын жүрек-қан тамыр препараттарының кветиапинмен өзара әрекеттесуіне арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Темекі тарту қан плазмасындағы кветиапиннің клиренсіне ықпалын тигізген жоқ.

Кетилептті грейпфрут шырынымен бірге қабылдауға болмайды.

Психозға шалдыққан науқастарда Квилепт танымдық және қимылдау қабілетіне этанолдың әсерін күшейтеді. Сондықтан алкогольді және кетилептті бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Кетилептті жүрек-қан тамыр жүйесі ауруы, ми қан тамырларының ауруы немесе артериялық гипотензияға бейім басқа жағдайлары анықталған емделушілерге сақтықпен қолданған жөн.

Кетилепт ортостатикалық гипотензияны, әсіресе дозаны таңдаудың алғашқы кезеңінде тудыруы мүмкін (жастарға қарағанда, егде жастағы емделушілерде жиі байқалады).

Кетилептті қабылдау мен QТ аралығының артуы арасында өзара байланыс байқалған жоқ. Алайда артық дозаланған кезде QТ аралығының ұзарғаны байқалады. Кетилептті QТ аралығын ұзартатын препараттармен (басқа антипсихотикалық препараттарды қосқанда) бір мезгілде тағайындаған кезде, әсіресе егде жастағы емделушілерге, QТ іштен туа ұзару синдромы бар, жүрек жеткіліксіздігіне, жүрек гипертрофиясына, гипокалиемияға, гипомагниемияға шалдыққан емделушілерге және отбасылық сыртарқысында QТ аралығының ұзаруы бар емделушілерге сақтықпен қолданған жөн.

Кветиапинді деменцияға байланысты психозға шалдыққан егде жастағы емделушілерге қолдануға болады.

Кейбір атипиялық антипсихотиктерді қолданған жағдайда деменциясы бар популяцияға жүргізілген рандомизирленген плацебо-бақыланатын зерттеулер кезінде ми қан айналымында жағымсыз құбылыстардың шамамен 3 есе жоғарылау қаупі білінді. Қауіптің мұндай жоғарылау механизмі белгісіз. Жоғары қауіпті басқа антипсихотиктерді қолданған жағдайда да немесе емделушілердің басқа популяцияларында болатындығын жоққа шығаруға болмайды. Кветиапинді инсульттің қауіпті факторлары бар емделушілерге сақтықпен қолданған жөн.

Атипиялық антипсихотикалық дәрілерге метаанализ жасаған кезде деменцияға байланысты психозға шалдыққан егде жастағы емделушілерде, плацебо тобындағылармен салыстырғанда, өлім-жітімнің жоғары қаупі бар.

Кетилептті және плацебо қабылдап жүрген емделушілерде эпилепсия ауруы ұстамаларының даму жиілігі бойынша айырмашылықтар білінген жоқ. Кетилептті сыртарқысында эпилепсия ұстамасы бар емделушілерге тағайындаған кезде сақ болу керек. Мұндай жағдайларда препарат құрысуға дайындық шегін едәуір төмендетуі мүмкін (мысалы, Альцгеймер ауруында немесе 65 жастан асқан кісілерде).

Кетилепттің әртүрлі дозасын немесе плацебо қабылдаған емделушілерде экстрапирамидалы симптомдардың даму жиілігі бойынша айырмашылықтар байқалған жоқ. Сондай-ақ экстрапирамидалы симптомдарды жою үшін антихолинергиялық препараттарды қолдану жиілігі бойынша айырмашылықтар білінген жоқ.

Кетилепт, басқа антипсихотикалық дәрілер сияқты, ұзақ уақыт қолданылған кезде кеш дискинезияны тудыруы мүмкін. Кеш дискинезия белгілері және симптомдары пайда болған жағдайда дозаны төмендету немесе Кетилепт препаратын тоқтату жөніндегі мәселені қарастырған жөн.

Қатерлі нейролептикалық синдромның (ҚНС) пайда болуы жүргізілген антипсихотикалық емге байланысты болуы мүмкін. Синдромның клиникалық белгілеріне мыналар жатады: гипертермия, психикалық жағдайдың өзгеруі, бұлшық еттердің құрысуы, вегетативті жүйке жүйесінің тұрақсыздығы (жүректің жиырылу жиілігінің және артериялық қысымның тұрақсыз деңгейі, тершеңдік, аритмия), сондай-ақ креатинифосфокиназа деңгейінің жоғарылауы. Мұндай жағдайларда Кетилептті қабылдауды тоқтатқан және тиісті ем тағайындаған жөн.

Кетилептті бауыр ферменттерінің индукторларымен, мысалы, карбамазепинмен немесе фенитоинмен бір мезгілде қолдану қан плазмасында кветиапиннің концентрациясын едәуір төмендетеді, ол осы препаратпен емдеу тиімділігіне ықпалын тигізуі мүмкін. Бауыр ферменттерінің индукторын қабылдап жүрген емделушілерде Кетилепт, егер дәрігер кветиапиннің пайдалы әсерлері бауыр ферменттері индукторларын тоқтату қаупінен басым екендігін анықтаған жағдайда ғана, қабылдануы мүмкін. Бауыр ферменттері индукторларының дозасын өзгерту біртіндеп жүргізілуге тиіс, және де қажеттілік болған кезде оларды индукцияланбайтын препаратпен, мысалы, натрий вальпроатпен алмастырған жөн.

Кетилептті қабылдаған өте сирек жағдайларда гипергликемияның болғаны немесе бұрыннан бар қант диабетінің асқынғаны айтылған. Қант диабетіне шалдыққан науқастардың, сондай-ақ қант диабетінің даму қаупі бар адамдарды клиникалық тұрғыдан мұқият тексеру керек.

Орташа немесе ауыр түрдегі мания эпизодтарында Кетилептті дивалпроэкспен немесе литий препараттарымен қабылдау жөнінде деректер бар. Алайда біріктірілген емнің жағымдылығы жақсы болды. Бұл деректер 3-аптада аддитивті әсер берді. Екінші зерттеуде 6-аптада аддитивті әсер байқалған жоқ. 6-аптадан кейінгі мұндай біріктірілім жөнінде деректер жоқ.

Жедел тоқтату симптомдардың (оның ішінде, жүректің айнуы, құсу, ұйқысыздық) жоғары дозалы антипсихотикалық препараттарды бірден тоқтатқаннан кейін болған жағдайы өте сирек айтылған. Психоз симптомдарының қайталануы және еріксіз қозғалумен байланысты (акатизия, дистония және дискинезия) бұзылулардың пайда болуы мүмкін. Сондықтан препарат қабылдауды тоқтату қажет болған кезде дозаны біртіндеп азайту керек.

Клиникалық зерттеулерде Кетилептті қабылдаған кезде тұрақты ауыр нейтропения немесе агранулоцитоз байқалған жоқ. Лейкопения және/немесе нейтропения Кетилепт препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін жоғалды. Лейкопения және/немесе нейтропения қаупінің мүмкін болатын факторларына бұдан бұрын лейкоциттер санының елеулі төмендеуі және сыртартқысында дәрілік лейкопенияның және/немесе нейтропенияның болуы жатады.

Кетилептті қабылдаудың аздаған дозалардан болған қалқанша без гормоны (Т4 және бос Т4) деңгейінің төмендеуімен байланысы анықталды. Ең жоғарғы төмендеу Кетилептті қабылдаудың 2- және 4-аптасында, ұзақ емдеген кезде гормондардың концентрациясының одан әрі төмендеуінсіз, басталды. Кетилептті қабылдауды тоқтатудың барлық жағдайларында Т4 және бос Т4 концентрациясы емделу курсының ұзақтығына қарамай-ақ бастапқы қалпына оралды. Т3 және реверсивті Т3 деңгейінің өте едәуір төмендеуі Кетилептті өте жоғары дозаларда қабылдаған кезде ғана байқалды. ТТГ және ТГБ (тироксин-глобулинді байланыстырушы) деңгейлері өзгермеген күйінде қалды. Клиникалық тұрғыдан айқын гипотиреоз табылған жоқ.

Кейбір емделушілерде Кетилептті қабылдау кезінде бауыр ферменттерінің (АЛТ, АСТ) немесе ГГТ белсенділіктерінің симптомсыз артқаны байқалды. Кетилептпен емдеу фонында бұл өзгерулер, әдеттегідей, қайтымды болды.

Лактоза жақпаған кезде оның қабықпен қапталған 25 мг әрбір таблеткасындағы мөлшерін – 4,42 мг лактоза, 100 мг – 17,05 мг лактоза, 150 мг – 25,47 г лактоза, 200 мг – 34,1 мг лактоза, және 300 мг – 50,94 мг лактоза бар екендігін ескерген жөн. Кетилептті галактозаға төзімділігінде сирек тұқым қуалайтын бұзылулар, лактозаның тұқым қуалаған тапшылығы немесе глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылу синдромы бар емделушілерге тағайындамаған жөн.

Жүктілік және лактация

Кетилептті жүктілік кезінде қолдану тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ. Сондықтан жүктілік кезінде Кетилептті тек, егер ана үшін күтілетін пайдасы ұрық үшін мүмкін болатын қауіптен басым болса, қолдануға болады.

Кетилептті жүктілік кезінде қолданған жағдайларда жаңа туған нәрестелерде тоқтату синдромы байқалды. Кветиапиннің сүтпен бірге шығарылу дәрежесі белгісіз. Кетилептті лактация кезеңінде қолдану қажет болған кезде бала емізуді тоқтату мәселесін шешкен жөн.

Дәрілік заттың көлікті басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Кетилепт ұйқышылдықты тудыруы мүмкін. Сондықтан емдеуді бастаған кезде автокөлікті басқаруды және жоғары зейінді және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысуды тоқтата тұрған жөн. Әрі қарай шектеу дәрежесі және ұзақтығын дәрігер әрбір емделушіге жекелей белгілеуі тиіс.

Артық дозалануы

Кетилепттің артық дозалануы жөнінде деректер шектелген. Кетилептті 20 г-ға дейін қабылдау жағдайлары, өлім жағдайларынсыз және толық қалпына келу жағдайлары айтылған.

Кветиапиннің өлімге немесе комаға әкеп соқтырған ауыр артық дозалануы жөнінде сирек айтылған.

Симптомдары: ұйқышылдық, седативті әсер, тахикардия, артериялық гипотензия.

Емі: Арнайы уқайтарғысы жоқ. Ауыр уыттану кезінде емделушінің бірнеше препаратты бір мезгілде қабылдағандығын ескерген жөн. Симптоматикалық ем, тыныс алу жолдарын қалпына келтіру және демеуге бағытталған шаралар жүргізу, талапқа сай оксигенация және өкпелерді желдетуді қамтамасыз ету керек. Жүрек-қан тамыр жүйесіне мониторинг жасау ЭКГ-ні үздіксіз бақылаумен жүруі керек. Мұқият медициналық бақылау және мониторингті емделушінің жағдайы толық қалпына келгенше жалғастырылуға тиіс.

Шығарылу түрі және қаптамасы

ПВХ/ПВДХ үлбірден/алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

3 немесе 6 пішінді ұяшықты қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25oС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ЭГИС ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖАҚ

1106 БУДАПЕШТ, Керестури көшесі, 30-38 ВЕНГРИЯ

Тел.: (36-1) 803-5555, Факс: (36-1) 803-5529

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«эгис Фармацевтикалық Зауыты» ЖАҚ, Венгрия

Қазақстан Республикасы аймағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы «ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ өкілдігі

050060, Алматы қ-сы, Жароков к-сі 286 Г

тел: + 7 (727) 247 63 34, + 7 (727) 247 63 33, факс: + 7 (727) 247 61 41,

e-mail: egis@egis.kz

Прикрепленные файлы

656717951477976805_ru.doc 124 кб
091465221477977962_kz.doc 112.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники