Войти

Капецитабин-Тева (500 мг) Капецитабин

Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Производитель: Intas Pharmaceuticals Limited
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Capecitabine
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№019805
Дата регистрации: 17.05.2018 - 17.05.2023
Предельная цена: 316.72 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Капецитабин-Тева

Халықаралық патенттелмеген атауы

Капецитабин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 150 мг, 500 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: 150 мг, 500 мг капецитабин

қосымша заттар: сусыз лактоза, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, гипромеллоза (Е5), магний стеараты.

қабықтың құрамы: гипромеллоза (6cps), тальк, титанның қостотығы, темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы (Е172).

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, екі жақ беті дөңес, ашық шабдалы түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, бір жақ бетінде нақышталған «150» деген жазуы бар таблеткалар (150 мг доза үшін).

Сопақша пішінді, екі жақ беті дөңес, ашық шабдалы түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, бір жақ бетінде нақышталған «500» деген жазуы бар таблеткалар (500 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Антиметаболиттер. Пиримидин аналогтары.

АТХ коды L01ВC06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін капецитабин тез және толық сіңеді, содан кейін ол метаболиттерге, 5'-дезокси-5-фторцитидин (5'-ДФЦТ) және 5'-дезокси-5-фторуридинге (5'-ДФУР) трансформацияланады. Аспен бір мезгілде қабылдау капецитабиннің сіңу жылдамдығын азайтады, алайда 5'-ДФУР мен келесі метаболиттің, 5-фторурацилдің (5-ФУ) «концентрация-уақыт» қисығы астындағы аудан (AUC) шамасына аздаған ықпалын тигізеді. Капецитабин, 5'-ДФЦТ, 5'-ДФУР және 5-ФУ ақуыздармен 60%-дан аз байланысады, және концентрацияларға (негізінен, альбуминмен, 35%-ға жуық) байланысты емес.

Бауыр карбоксилэстеразасы капецитабиннің 5'-ДФЦТ-ға алғашқы метаболизмдік айналуы арқылы болады, ол содан кейін, негізінен, бауырда және ісік тіндерінде болатын цитидиндезаминазаның әсер етуімен 5'-ДФУР-ға трансформацияланады. 5-ФУ үшін AUC мәні 5-ФУ-ді 600мг/м2 дозада көктамыр ішіне сорғалатып енгізгеннен кейінгіге қарағанда 6-22 есе аз. Капецитабин метаболиттері 5-ФУ-ға және 5-ФУ анаболиттеріне айналғаннан кейін ғана цитоуытты болады. Әрі қарай 5-ФУ катаболизденіп, белсенді емес метаболиттер – дигидро-5-фторурацил (ФУН2), 5-фторуреидопропион қышқылын (ФУПК) және альфа–фтор-бета-аланин (ФБАЛ) түзеді; бұл үдеріс дигидропиримидиндегидрогеназаның (ДПД) әсер етуімен жүреді, оның белсенділігі реакция жылдамдығымен шектеледі.

Капецитабиннің, 5'-ДФЦР, 5'-ДФУР, 5-ФУ және ФБАЛ жартылай шығарылу кезеңі T ½, тиісінше, 0,85, 1,11, 0,66, 0,76 және 3,23 сағатты құрайды. Емдік дозалар диапазонында капецитабиннің және оның метаболиттерінің, 5-ФУ-ден басқасында, фармакокинетикалық параметрлері, дозаға байланысты болады. Несеппен бірге шығарылуы – 95,5%, нәжіспен бірге – 2,6%. Несептегі негізгі метаболиті ФБАЛ болып табылады, оның үлесіне қабылданған дозаның 57%-ы тиеді. Қабылданған дозаның 3%-ға жуығы несеппен бірге өзгермеген күйінде шығарылады.

Емделушілердің ерекше топтарындағы фармакокинетикасы

Жынысы, емді бастағанға дейін бауырда метастазалардың бар болуы немесе жоқ болуы, емделушінің жалпы жағдайының индексі, жалпы билирубиннің концентрациясы, сарысулық альбумин, тоқ ішектің обыры бар науқастардағы АЛТ және АСТ белсенділігі 5'-ДФУР, 5-ФУ және ФБАЛ фармакокинетикасына нақты әсерін тигізген жоқ.

Бауырдың метастазданған зақымы бар науқастар. Метастаздан болған бауыр қызметінің жеңіл және орташа дәрежелі бұзылулары бар науқастарда капецитабиннің фармакокинетикасы клиникалық тұрғыдан маңызды өзгеріске ұшырамайды. Бауыр қызметінің бұзылуы ауыр науқастарда фармакокинетикасы жөнінде деректер жоқ.

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілер. Бүйрек қызметінің әртүрлі дәрежелі (жеңілден ауырға дейін) жеткіліксіздігі бар онкологиялық науқастарға жүргізілген фармакокинетикалық зерттеу нәтижелері өзгеріске ұшырамаған препараттың және 5-ФУ фармакокинетикасы креатинин клиренсіне (КК) тәуелді емес екендігін көрсетеді. КК 5'-ДФУР (КК 50%-ға төмендегенде AUC 35%-ға артты) және ФБАЛ (КК 50%-ға төмендегенде AUC 114%-ға артты) AUC шамасына ықпалын тигізеді. ФБАЛ – антипролеиферативтік белсенділігі жоқ метаболит.

Егде жастағы науқастар. Жасы 5'-ДФУР және 5-ФУ фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді. ФБАЛ AUC 65 жастағы және одан асқан науқастарда артты (жастың 20%-ға ұлғаюы ФБАЛ AUC мәнінің 15%-ға артуымен қатарласа жүрді), ол бүйрек қызметінің өзгеруімен жүзеге асырылуы мүмкін.

Фармакодинамикасы

Капецитабин-Тева – фторпиримидин карбаматының туындысы, ісік тіндерінде белсенділенетін және оған селективті түрде цитоуытты әсер ететін, ішу арқылы қабылданатын цитостатик. In vitro капецитабиннің цитоуытты әсері жоқ, онда in vivo ретінде 5-ФУ-ға айналады, ол әрі қарай метаболизмге ұшырайды.

Сау жасушалар да, сонымен қатар ауру жасушалар да 5-ФУ-ды 5-фтор-2-дезоксиуридин монофосфатына (ФдУМФ) және 5-фторуридин трифосфатына (ФУТФ) метаболиздейді. Бұл метаболиттер жасушаларды әртүрлі екі механизм арқылы зақымдайды. Біріншіден, ФдУМФ және фолатты кофактор N5-10-метилентетрагидрофолат тимидилатсинтазамен байланысып, үшіншілік кешен түзеді. Бұл байланысу урацилден тимидилаттың пайда болуын басады. Тимидилат тимидин трифосфатының қажетті ізашары болып табылады, ол өз кезегінде, ДНҚ синтезі үшін өте-мөте маңызды, демек, осы заттың жеткіліксіз болуы жасушалық бөлінудің тежелуіне әкеп соғуы мүмкін. Екіншіден, РНҚ синтезі барысында ядроның транскрипциялық ферменттері оған уридин трифосфатының (УТФ) орнына қателесіп ФУТФ-ны қамтуы мүмкін. Бұл метаболизмдік «қателік» РНҚ жасалуын және ақуыз синтезін бұзады.

Қолданылуы

Сүт безінің обыры

  • антрациклиндер қатыстырылған химиялық емдеу тиімсіз болғанда, сүт безінің жергілікті таралған обыры (СБО) бар науқастарды емдеу үшін доцетакселмен біріктіріліп қолдануда

  • таксандар мен антрациклиндер қатыстырылған химиялық емдеу тиімсіз болғанда немесе антрациклиндерді қолдануға болмайтын, жергілікті таралған немесе метастазданған СБО (мСБО) бар науқастарды емдеу үшін, монотерапия түрінде

Колоректальді обыр

  • колоректальді обыры (КРО) бар науқастарда адъювантты ем ретінде

  • метастазданған колоректальді обыры бар науқастарды емдеу үшін монотерапия түрінде және біріктірілген ем құрамында

Асқазан обыры

  • асқазанның таралған обыры бар науқастарды емдеу үшін алғашқы қатардағы ем ретінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Стандартты доза

Капецитабин-Тева таблеткасын ішке, тамақтанудан кейін 30 минуттан соң сумен ішіп қабылдайды.

Колоректальді обырда және асқазан обырында монотерапия ретінде

Препараттың монотерапия үшін ұсынылатын дозасы 7 күн үзіліспен 2 апта бойы 1250 мг/м2-нан 2 рет, яғни таңертең және кешке қабылдауға бөлінген тәулігіне 2500 мг/м2 құрайды.

Сүт безінің обырында доцетакселмен біріктіріп

Препаратты доцетакселмен біріктіріп 2 апта бойы, кейін 7 күн үзіліс жасап, тәулігіне 2 рет 1250 мг/м2 дозада тағайындайды. Доцетакселді 3 аптада 1 рет 75 мг/м2 дозада сағаттық көктамырішілік инфузия түрінде енгізеді. Премедикация доцетакселді препаратпен бірге енгізер алдында доцетакселді қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сай жүргізіледі.

Колоректальді обырда және асқазан обырында біріктіріп емдеу

Біріктірілген ем барысында Капецитабин-Тева 2 апта бойы, кейін апталық үзіліспен тәулігіне 2 рет 800-ден 1000 мг/м2-ге дейінгі дозада немесе үздіксіз қабылдағанда тәулігіне 2 рет 625 мг/м2-ге дейінгі дозада тағайындалады. Біріктірілген емге биологиялық агенттерді қосу капецитабиннің бастапқы дозасына ықпалын тигізбейді.

Препарат дозасын дене бетінің ауданына байланысты есептейді. Төменде берілген 1 және 2 кестелер дене бетінің әрбір м2 шаққанда 1250 мг-ға немесе 1000 мг-ға есептелген Капецитабин-Тева стандартты және азайтылған дозаларын көрсетеді.

1-кесте. Дене бетінің әрбір м2 шаққанда 1250 мг-ға есептелген препараттың стандартты және азайтылған дозалары.

 

1250 мг/м2 доза (күніне екі рет)

Толық доза 1250 мг/м2

1 қабылдауға 150 мг және/немесе 500 мг таблеткалар саны(таңертең және кешке)

950 мг/м2 дозаның 75%-ы

625 мг/м2 дозаның 50%-ы

Дене бетінің ауданы (м2)

Қабылданатын доза (мг)*

150мг

500мг

1 қабылдау дозасы, мг

1 қабылдау дозасы, мг

< 1,26

1500

-

3

1150

800

1,27 - 1,38

1650

1

3

1300

800

1,39 - 1,52

1800

2

3

1450

950

1,53 - 1,66

2000

-

4

1500

1000

1,67 - 1,78

2150

1

4

1650

1000

1,79 - 1,92

2300

2

4

1800

1150

1,93 - 2,06

2500

-

5

1950

1300

2,07 - 2,18

2650

1

5

2000

1300

> 2,19

2800

2

5

2150

1450

2-кесте. Дене бетінің әрбір м2 шаққанда 1000 мг-ға есептелген препараттың стандартты және азайтылған дозалары.

 

1000 мг/м2 доза (күніне екі рет)

Толық доза 1000 мг/м2

1 қабылдауға 150 мг және/немесе 500 мг таблеткалар саны (таңертең және кешке)

750 мг/м2 дозаның 75%-ы

500 мг/м2 дозаның

50%-ы

Дене бетінің ауданы (м2)

Қабылданатын доза (мг)*

150мг

500мг

1 қабылдау дозасы, мг

1 қабылдау дозасы, мг

< 1,26

1150

1

2

800

600

1,27 - 1,38

1300

2

2

1000

600

1,39 - 1,52

1450

3

2

1100

750

1,53 - 1,66

1600

4

2

1200

800

1,67 - 1,78

1750

5

2

1300

800

1,79 - 1,92

1800

2

3

1400

900

1,93 - 2,06

2000

-

4

1500

1000

2,07 - 2,18

2150

1

4

1600

1050

> 2,19

2300

2

4

1750

1100

Емдеу барысында дозаны түзету

Жалпы ережесі

Капецитабин-Тевамен емдеген кезде уыттану құбылыстарын симптоматикалық ем жәрдемімен және/немесе Капецитабин-Тева дозасын (емдеуді тоқтатып немесе препарат дозасын азайтып) өзгерту арқылы жоюға болады. Егер бір рет Капецитабин-Тева дозасын азайтуға тура келген болса, онда кейін оны арттырмаған жөн. Емдеуші дәрігер уыттану белгілері емделушінің өмірі үшін қауіпті емес деп, немесе олардың дәрежесі ауыр емес деп есептеген жағдайларда Капецитабин-Тевамен емдеуді бастапқы дозада, емдеуді тоқтатпай, қайта бастауға болады.

1 дәрежелі уыттылықта дозаны түзетпеген жөн. Ауыр немесе орташа дәрежелі уыттылықта Капецитабин-Тева қабылдауды тоқтатқан жөн. Егер уытты құбылыстарға байланысты Капецитабин-Теваның бірнеше қабылдануын өткізіп алған болса, онда бұл дозалардың орнын толтырмайды, тек емдеудің жоспарланған циклін әрі қарай жалғастырады (3-кесте).

3-кесте. Дозаны азайту графигі (3 апталық цикл немесе емдеуді жалғастырғанда).

Критерийлерге сай уыттылық дәрежесі*

Емдеу циклі кезінде дозаны өзгерту

Келесі циклде дозаны түзету (бастапқы дозаның %-ы)

1 дәреже

Дозаны демеу керек

Дозаны демеу керек

2 дәреже

1-ші рет

Емдеуді симптомдар жоғалғанша немесе ауырлығы 1 дәрежеге дейін азайғанша тоқтату керек

100 %

2-ші рет

75%

3-ші рет

50%

4-ші рет

Емдеуді толық тоқтату керек

Қолданылмайды

3 дәреже

1-ші рет

Емдеуді симптомдар жоғалғанша немесе ауырлығы 1 дәрежеге дейін азайғанша тоқтату керек

75%

2-ші рет

50%

3-ші рет

Емдеуді толық тоқтату керек

Қолданылмайды

4 дәреже

1-ші рет

Емдеуді тоқтату керек, немесе егер дәрігер бұл науқас үшін қажет деп есептесе, симптомдар жоғалғаннан кейін немесе ауырлығы 1 дәрежеге дейін азайғаннан кейін емдеуді қайта бастауға болады

50%

2-ші рет

Емдеуді толық тоқтату керек

Қолданылмайды

(*) – Канаданың Ұлттық онкологиялық Институтының клиникалық зерттеулер бойынша классификациясы.

Әдеттегі біріктірілген ем

Біріктіріп емдеген кезде пайда болған уыттылықта дозаны модификациялауды 3-кестедегі нұсқауларға және Капецитабин-Тева препаратымен бірге қолданылған препараттардың медициналық қолданылуы жөніндегі нұсқаулыққа сай жүргізген жөн.

Циклдің басында: Егер Капецитабин-Тева препаратын немесе химотерапиялық режимдегі басқа препаратты енгізуді кідірте тұру қажет болса, науқастың жағдайы Капецитабин-Тева препаратымен және таңдап алынған басқа препараттармен емдеуді бастауға мүмкіндік беретін критерийлерді қанағаттандырғанша, емдеу сызбасына кіретін басқа препараттарды да тоқтата тұрған жөн.

Цикл кезінде: Егер біріктірілген химиялық емдеу циклін жүргізу кезінде емдеуші дәрігер препаратты қолданумен астасқан деп есептемейтін уыттылық белгілері пайда болса, онда Капецитабин-Тева препаратын қабылдауды жалғастырған жөн, ал басқа препараттың дозасын оны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сай түзету керек.

Егер басқа препараттар уыттылық себебіне байланысты тоқтатылуы тиіс болса, онда Капецитабин-Тева препаратымен емдеуді, науқастың жағдайы Капецитабин-Тева қабылдауды жалғастыру үшін қанағаттанарлықтай деп есептелген жағдайда, жалғастыруға болады.

Гематологиялық көрсеткіштер: Капецитабин-Тева препаратымен емдеуді, егер науқаста нейтрофилдер саны 1,5 х 109 /л-ден аз болса және/немесе тромбоциттер саны 100 х 109/л-ден аз болса, бастамаған жөн. Егер химиялық емдеу курсы кезінде жоспардан тыс зертханалық зерттеулерде 3 немесе 4 дәрежелі гематологиялық уыттылық байқалса, Капецитабин-Тева қабылдауды тоқтатқан жөн.

Дозалау жөнінде арнайы нұсқаулар

Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі бар науқастар

Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі бар науқастарда капецитабин дозасын түзетудің тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде деректер жеткіліксіз. Сондай-ақ бауыр қызметі жеткіліксіздігінің циррозбен немесе гепатитпен байланысы жөнінде ешқандай мәліметтер де жоқ.

Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар науқастар

Капецитабин бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі ауыр (креатинин клиренсі (КК) минутына 30 мл-ден төмен) емделушілерге қолдануға болмайды. Бүйрек қызметінің бұзылуы орташа (зерттеудің бас кезінде КК минутына 30-50 мл) емделушілерде 3 немесе 4 дәрежелі жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупі қалған емделушілермен салыстырғанда артады. Бүйрек қызметінің бұзылуы орташа емделушілерде зерттеудің бас кезінде дозаны бастапқы 1250 мг/м2 дозаның 75%-на дейін төмендету керек. Бүйрек қызметінің бұзылуы орташа емделушілерде бастапқы доза 1000 мг/м2 болған кезде зерттеудің бас кезінде дозаны төмендету қажет етілмейді. Бүйрек қызметінің бұзылуы жеңіл түрдегі (емнің бас кезінде КК 51-80 мл/мин) емделушілерде бастапқы дозаны түзету қажет емес.

Егер емделушіде емделу кезінде 2, 3 немесе 4 дәрежелі жағымсыз реакциялар пайда болса, мұқият бақылау және емдеу курсын кідіртпей тоқтатып, әрі қарай дозаны жоғарыда 3-кестеде көрсетілгендей етіп түзету керек. Егер есептелген КК емдеу барысында минутына 30 мл-ден төмен мәнге дейін төмендесе, онда капецитабин қабылдауды тоқтатқан жөн. Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі кезінде дозаны түзету жөніндегі осы ұсынымдар монотерапияға да, сондай-ақ басқа препараттармен біріктіріп емдеуге де қатысты.

Препаратты 18 жасқа дейінгі балаларға қолдану жөнінде деректер жоқ.

Егде жастағылар. Капецитабин-Тева монотерапиясында дозаны түзетудің қажеттілігі жоқ. Алайда 60 жастан асқан науқастарда, жас адамдарға қарағанда, ауырлығы 3 және 4 дәрежелі жағымсыз құбылыстар жиі пайда болады. Біріктіріп емдеген кезде егде жастағы (65 жастан асқан) адамдарда препаратты қабылдауды тоқтатуды қажет ететін 3 және 4 дәрежелі жағымсыз реакциялар, жас емделушілерге қарағанда, жиі пайда болады. 60 жастан асқан егде жастағы науқастарды мұқият бақылауға алу керек.

Капецитабин-Тева препаратын доцетакселмен біріктіріп емдеген кезде 60 жастан асқан науқастарда 3 және 4 дәрежелі жағымсыз реакциялардың жоғары жиілігі байқалды. Осы жастағы емделушілерде капецитабин мен доцетакселді біріктіріп емдеген кезде капецитабинның бастапқы дозасын 75 %-ға дейін (тәулігіне 2 рет 950 мг/м2) төмендету керек (2-кестені қараңыз). Егер 60 жастағы емделушілерде капецитабиннің төмендетілген бастапқы дозасын доцетакселмен біріктірген кезде уыттылық байқалмаса, онда Капецитабин дозасын күніне екі рет 1250 мг/м2-ға арттыруға болады.

Капецитабинді иринотеканмен біріктіріп емдегенде 65 жастан асқан науқастарда капецитабиннің бастапқы дозасын тәулігіне 2 рет дене бетінің м2 шаққанда 800 мг-ға дейін төмендету керек.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (> 10%)

  • алақан-табан эритродизестезиясы синдромы, дерматит

  • диарея, құсу, жүректің айнуы, стоматит, іштің ауыруы

  • анорексия

  • қажығыштық, летаргия

Жиі (>5%, <10%)

  • бөртпе, алопеция, эритема, терінің құрғауы

  • іш қатулар, эпигастрий тұсының ауыруы, диспепсия, гипербилирубинемия

  • парестезия, дәм сезімінің бұзылуы, бас ауыру, бас айналу

  • сілекейдің бөлініп шығуының жоғарылауы, конъюнктивит

  • дене температурасының жоғарылауы, әлсіздік, астения

Жиі емес (<5%)

  • қышыну, жергілікті орныққан эксфолиация, тері гиперпигментациясы, тырнақтардың зақымдануы, фотосезімталдық реакциялары, тоқтатудың радиациялық синдромы

  • арқаның ауыруы, бұлшықеттердің ауыруы, буындардың ауыруы

  • жөтел, ентігу

  • аяқтардың ісінуі, стенокардияны, кардиомиопатияны, миокард инфарктісін/ишемиясын қоса алғанда жүрек тұсының ауыруы, жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, кенеттен өліп кету, тахикардия, жүрекшелер фибрилляциясын қоса алғанда жүрекшелік аритмия, қарыншалық экстрасистолалар

  • ауыз ішінің құрғауы, метеоризм, шырышты қабықтардың қабынуы/ жара болуы (эзофагиттер, гастриттер, дуодениттер, колиттер, қан кетулер)

  • бауыр қызметінің жеткіліксіздігі, холестатикалық гепатит

  • ұйқысыздық, сананың шатасуы, энцефалопатия, церебральді бұзылулар: атаксия, дизартрия, тепе-теңдіктің және үйлесімнің бұзылуы, депрессия

  • сүйек кемігі қызметінің басылуы: анемия, панцитопения

  • сүйек кемігі қызметінің басылуы салдары ретінде жұқпалар, иммундық жүйенің бұзылуы, жұқпалардың жергілікті немесе жүйелік біліністері (этиологиясы бактериялық, вирустық және зеңдік жұқпаларды қоса есептегенде) нәтижесінде шырышты қабықтардың жыртылуы, сепсис

Капецитабин-Тева препаратымен біріктіріп емдеу

Өте жиі (> 10%)

  • алопеция, тырнақ құрылымының бұзылуы

  • буындардың ауыруы, бұлшықеттердің ауыруы, аяқ-қолдардың ауыруы

  • жұтқыншақ дизестезисы, тамақтың құрғауы

  • қантамырлардың тромбозы/эмболиясы, гипертензия, аяқтардың ісінуі

  • тәбеттің төмендеуі

  • шеткергі сенсорлы нейропатия, шеткергі жүйкелердің нейропатиясы, дәм сезімінің бұзылулары, дизестезия, бас ауыру

  • сілекейдің бөлініп шығуының күшеюі

  • нейтропения, анемия, фебрильді нейтропения, лейкопения, тромбоцитопения

  • дене температурасының жоғарылауы, астения, әлсіздік

Жиі (>5%, <10%)

  • арқаның ауыруы

  • мұрыннан қан кету, дауыстың бұзылуы, мұрынның бітелуі

  • ауыз ішінің құрғауы

  • гипокалиемия

  • дене салмағының төмендеуі

  • ұйқысыздық, гипэстезия

  • жұқпалар, ауыз қуысының шырышты қабығының кандидозы

  • қызба

Капецитабин-Тева препаратын басқа химиялық препараттарымен біріктіріп емдегенде асқын сезімталдық реакциялары 2% жиілікпен, миокард инфарктісі және стенокардия 3% жиілікпен кездесті.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • капецитабинге немесе препараттың басқа да компоненттеріне белгілі асқын сезімталдық

  • фторурацилге белгілі асқын сезімталдық немесе фторопиримидиндермен емдеуге ауыр және күтпеген реакциялар

  • дигидропиримидиндегидрогеназа (ДПД) тапшы болатын емделушілер

  • соривудинмен немесе оның химиялық аналогтарымен, мысалы, бривудинмен бір мезгілде қабылдау

  • бауыр қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілер

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • лейкопенияның, нейтропенияның, тромбоцитопенияның ауыр түрлері бар емделушілер

  • бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігі (КК минутына 30 мл-ден төмен).

Егер емдеудің біріктірілген сызбасында кез келген басқа препаратқа қарсы көрсетілімдері бар болса, онда бұл препаратты қолдануға болмайды.

Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lарр-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Антикоагулянттар – кумарин туындылары. Капецитабин-Тева препаратын кумарин туындыларына жататын, мысалы, варфарин немесе фенопрокумон сияқты антикоагулянттармен бір мезгілде қолданған науқастарда коагуляция және/немесе қан кету параметрлерінің өзгерулері байқалды. Олар препаратты қабылдай бастағаннан бірнеше күннен бастап бірнеше айға дейінгі кезеңде пайда болды. Капецитабинді және ішу арқылы қабылданатын антикоагулянттарды – кумарин туындыларын бір мезгілде қабылдап жүрген науқастарда ұйығыштық көрсеткіштеріне (протромбинді уақытқа) мұқият бақылау жасау және антикоагулянт дозасын талапқа сай түзету қажет.

Р450 2С9 цитохромдарымен метаболизденетін дәрілер. Капецитабиннің және Р450 цитохромының 2С9 изоэнзимі арқылы метаболизденетін препараттардың өзара әрекеттесуі жөнінде арнайы зерттеулерде тежегіш әсері болған жоқ.

Антацидтер. Құрамында алюминий және магний бар антацидтердің ықпалы капецитабиннің және бір метаболитінің (5'-ДФЦР) плазмадағы концентрацияларының аздап жоғарылауы болып табылады; негізгі үш метаболитке (5'-ДФУР, 5-ФУ и ФБАЛ) олар ықпал еткен жоқ.

Фенитоин. Фенитоин (эпилепсияға қарсы, құрысуға қарсы, аритмияға қарсы, бұлшықетті босаңсытатын) аясында Капецитабином-Тева препаратын бір мезгілде қолданғанда фенотоиннің қандағы концентрациясы жоғарылайды.

Айрықша нұсқаулар

Диарея. Капецитабин-Тева диареяны, кейде ауыр дәрежелі диареяны туындатуы мүмкін. Ауыр диареясы бар науқастарды мұқият бақылауға алған жөн, дегидратация жағдайында су және электролиттік тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін орын алмастыру емін жүргізу керек. Егер қажет болса, дозаны азайту керек.

«Қол ұшы-табан» синдромы. Тері уыттылығының білінісі – алақан-табанның ауырлығы 1-3 дәрежелі синдромының (синонимдері: алақан-табан эритродизестезиясы немесе химиялық емдеуден болған акральді эритема) пайда болуы. Пайда болу уақыты 11 күннен 360 күнге дейін, орта есеппен 79 күн.

Алақан-табан синдромының 1 дәрежесі науқастың күнделікті белсенділігін бұзбайды және алақан және/немесе табанның ұюымен, дизестезиясымен және паретезияларымен, шаншуымен немесе қызаруымен, жайсыздығымен білінеді. Алақан-табан синдромының 2 дәрежесі қол ұшының және/немесе табанның қызаруымен және ісінуімен білінеді, әрі осы симптомдардан болған жайсыздық емделушінің күнделікті белсенділігін бұзады.

Үшінші дәрежелі алақан-табан синдромы емделушілерде күшті жайсыздық тудыратын, қол ұшы және/немесе табанда ылғалды десквамациямен, жара болуымен, күлдіреуіктердің түзілуімен және қатты батып ауырумен сипатталады, мұндай кезде күнделікті белсенділіктің кез келген түрлері мүмкін болмайды.

Алақан-табан синдромының 2 немесе 3 дәрежелері пайда болған жағдайда препаратты қолдануды симптомдар жоғалғанға дейін немесе олар 1 дәрежеге дейін азайғанша тоқтата тұру керек; бастапқы 3 дәрежелі синдромда капецитабиннің кейінгі дозаларын азайту керек.

Кардиоуыттылығы

Капецитабинмен емдеген кездегі кардиоуыттылық өрісі басқа фторпиримидиндерді қолданған кездегі осындайға ұқсас және миокард инфарктісін, стенокардияны, аритмияларды, жүректің тоқтап қалуын, жүрек қызметінің жеткіліксіздігін және ЭКГ-дегі өзгерістерді қамтиды. Осы жағымсыз құбылыстар ЖИА шалдыққан науқастарға тән.

Егде жастағы емделушілерге қолданылуы

Дәрігерлер егде жастағы адамдар арасында Капецитабинмен емдеудің жағымсыз әсерлеріне жүргізілетін мониторингке ерекше көңіл бөлгені жөн.

Дигидропиримидиндегидрогеназа тапшылығы

5-фторурацилді қабылдаумен байланысты сирек, күтілмеген, ауыр уыттанулар (мысалы, стоматит, диарея, нейтропения және нейроуыттылық) дигидропиримидиндегидрогеназаның (ДПД) тапшылығынан деп жазылған. Демек, ДПД деңгейінің төмендеуі мен 5-фторурацилдің өлімге апаратын уытты әсерлері арасындағы байланысты жоққа шығаруға болмайды.

Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі

Дәрігерлер Капецитабин-Тева препаратын бүйрек қызметі бұзылған емделушілерге тағайындағанда сақ болуы тиіс. 5-ФУ-ді қолдану тәжірибесі емдеумен байланысты 3 және 4 дәрежелі жағымсыз реакциялар бүйрек қызметінің ауырлығы орташа жеткіліксіздігі бар (КК 30-50 мл/мин) емделушілерде жиі пайда болатындығын көрсетеді.

Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі

Егер капецитабинмен емдеуге байланысты, норманың жоғарғы шегінен 3 есе асып кететін гипербилирубинемия немесе бауыр аминотрансферазалары (АЛТ, АСТ) белсенділігінің норманың жоғарғы шегінен 2,5 еседен астамға жоғарылауы байқалса, капецитабинді қолдануды тоқтатқан жөн. Оны билирубин деңгейі және бауыр трансаминазасының белсенділігі көрсетілген шектен төмендеген кезде қайта бастауға болады.

Автомобильді басқару және зейінді жұмылдыруды қажет ететін жұмысты орындау қабілетіне ықпал етуі

Зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялар шапшаңдығын қажет ететін жұмыстарды орындау қабілетін нашарлатуы мүмкін жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін екендігін ескерген жөн.

Артық дозалануы

Артық дозаланудың симптомдары: жүректің айнуы, құсу, диарея, асқазан-ішек жолының тітіркенуі және қан кету, сүйек кемігі қызметінің тежелуі.

Емдеу: клиникалық симптомдарды түзетуге және олардың асқынуларына жол бермеуге бағытталған стандартты емдік және демеуші медициналық шаралар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Пішінді 3 немесе 6 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Intas Pharmaceuticals Limited, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Teva Pharmaceutical Industries Limited, Израиль

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС

050000 Қазастан Республикасы

Алматы қ-сы, Әл-Фараби д-лы 19,

Нұрлы Тау бизнес орталғы, 1 Б, 603 кеңсе

Телефон, факс (727) 311-09-15; 311-07-34

E-mail teva@teva.co.il

 

Прикрепленные файлы

546994131477976917_ru.doc 141.5 кб
619957351477978090_kz.doc 164 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники