Войти

Кандид B Клотримазол

Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Производитель: Гленмарк Фармасьютикалз Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clotrimazole
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№012446
Дата регистрации: 15.06.2018 - 15.06.2023
Предельная цена: 708.51 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Кандид В

Халықаралық патенттелмеген атауы

Клотримазол

Дәрілік түрі

2% 30 г қынаптық гель

Құрамы

1 г гельдің құрамында

белсенді зат – 0,02 г клотримазол,

қосымша заттар: хлорокрезол, карбопол 940 (карбомер 940), цетил спирті, эмульгациялаушы цетомакроголь балауызы, пропиленгликоль, тазартылған глицерин, бензил спирті, натрий гидрохлориді, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ақ түсті біртекті гель

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған микробтарға қарсы препараттар. Имидазол туындылары. Клотримазол.

AТХ коды G01AF02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қынап ішіне енгізгенде клотримазолдың сіңуі енгізілген дозаның шамамен 3 - 10%-ын құрайды. Қынап секретіндегі жоғары концентрациялар және қандағы төмен концентрациялар 48 - 72 сағат бойы сақталады. Клотримазол бауырда белсенді емес метаболиттерге дейін тез метаболизденеді және несеппен бірге шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі 3,5 сағаттан 5 сағатқа дейінді құрайды.

Фармакодинамикасы

Клотримазол, имидазол туындысы, зеңдердің жасушалық жарғақшасының құрамына кіретін эргостерин синтезін баса отырып, зеңге қарсы әсерге ие болады, бұл жарғақшасының өткізгіштігін өзгертеді және әрі қарай жасушаның лизисін туындатады. Клотримазол 2,4 метилэнедигидроланостеролдың диметилстеролға, Д2 провитаминіне ферментативтік айналуын тежейді, бұл зеңнің цитоплазмалық жарғақшаларының негізгі бөгегіші болып табылады. Аз концентрацияларда фунгистатикалық, ал үлкен концентрацияларда сонымен бірге пролиферациялаушы жасушаларға ғана емес, фунгицидтік әсер де береді. Фунгицидтік концентрацияларда митохондриальді және пероксидазалы ферменттермен өзара әрекеттеседі, соның нәтижесінде сутегінің асқын тотығының концентрациясы уытты деңгейге дейін артады, бұл сондай-ақ зең жасушаларының бұзылуына мүмкіндік береді.

Дерматофиттерге, ашытқы тәрізді және зең саңырауқұлақтарына, сондай-ақ түрлі түсті теміреткі (Pityriasis versicolor) қоздырғышына және эритразма қоздырғышына да қатысты тиімді. Грамоң (стафилококктер, стрептококктер) және грамтеріс бактерияларға (Bacteroides, Gardnerella vaginalis) қатысты, сондай-ақ Trichomonas vaginalis-ге қатысты да микробтарға қарсы әсер береді.

Қолданылуы

- Candida және/немесе Trichomonos vaginalis түріне жататын ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар әсерінен туындаған генитальді жұқпаларда (кандидозды вульвовагинит, трихомониаз)

- клотримазолға сезімтал бактериялар әсерінен туындаған генитальді асқынжұқпаларда

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті. Қынап ішіне ғана қолдануға арналған!

Ішінде (5 г-ға жуық) гелі бар толық аппликаторды 6 күн бойы күн сайын ұйқыға жатар алдында, шалқадан жатып, аяқты сәл бүге отырып, қынапқа терең енгізген жөн.

Препарат былайша қолданылады:

1. Түбектің қалпақшасын алып, оның орнына аппликаторды орналастырады.

2. Түбекті түбінен ашық бөлігіне қарай, цилиндр гельге толғанша поршеньді итере отырып қысады.

3. Аппликатор оңай толуы және ішіндегінің толық пайдаланылуы үшін түбекті әрдайым түбінен ашық бөлігіне қарай бағытта айналдырады.

4. Толған аппликаторды түбектен шығарып алып, түбекті қалпақшамен жабады.

5. Толған аппликатордың цилиндрінен ұстап, оны қынапқа қарай, мүмкіндігінше, тереңірек абайлап орналастырады. Аппликатордың іші толық босағанша поршеньді қысу керек. Поршеньді қысуды әрі қарай жалғастыра отырып, аппликаторды қынаптан суырып алады.

6. Әрбір пайдаланудан кейін аппликаторды, цилиндрден поршеньді абайлап қозғай отырып шығарып, бөлшектейді. Содан кейін цилиндр мен поршеньді сабынды жылы сумен жуып (су қатты ыстық болмауы тиіс), мұқият шаяды. Содан кейін поршеньді цилиндрге орналастырып, аппликаторды қайта жинаған жөн.

Жағымсыз әсерлері

- қынаптың шырышты қабығының қышуы, күйдіруі, гиперемиясы және ісінуі, қынаптан бөліндінің бөлініп шығуы, жыныстық сыңарлас серігінде жыныс мүшесінің ашып ауыру сезімі, жыныстық қатынас кезінде қынаптың ауыруы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- клотримазолға немесе басқа да компоненттерге жоғары сезімталдық

- жүктіліктің алғашқы триместрі

- етеккір кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қынап ішіне енгізгенде Кандид В гелі амфотерицин В-нің және басқа да полиенді антибиотиктердің белсенділігін төмендетеді. Нистатинмен бір мезгілде қолданғанда Кандид В гелінің белсенділігі төмендеуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Тек сыртқа қолдануға ғана арналған. Көзге тигізіп алмау керек. Көзге тигізіп алғанда оны сумен мұқият шаю керек. Егер ұдайы қолданудан кейін жағдай нашарласа немесе жақсару байқалмаса, дәрігерге қаралу керек. Емдеуді етеккір оралымы кезінде жүргізбеген жөн, бірақ оның басталуы алдында аяқтаған жөн. Урогенитальді қайта жұқпаланулардың дамуына жол бермеу үшін жыныстық сыңарлас серігін де бір мезгілде емдеу қажет. Трихомониазда Кандид В препаратымен бірге ойдағыдай емдеу үшін жүйелік әсері бар басқа да дәрілік заттарды (мысалы, метронидазолды ішуге) тағайындаған жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік кезінде тағайындау мәселесі дәрігердің кеңесінен кейін жекелей шешілуі тиіс. Препаратты жүкті әйелге тағайындаған жағдайда, қынаптық Кандид В таблеткаларын енгізгеннен кейін аппликаторды пайдаланбауы керектігін оған ескерткен жөн. Кандид В препаратын жүктіліктің I триместрінде қолданғанда аса сақтық танытқан жөн.

Сыртқа қолданғанда Кандид В препаратының аз сіңуіне байланысты, емшек емізгенде қауіп жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Белгісіз

Артық дозалануы

Симптомдары: артық дозалану ықтималдығы аз, бірақ артық дозаланған жағдайда жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.

Емі: әрі қарай емдеуді тоқтату керек, зақымданған аймақты жақсылап шайып, кейін симптоматикалық ем жүргізіледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Пластмасса қақпағы бар алюминий түбекке 30 г гельден салынған.

Түбек аппликаторымен және медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд,

ПЛОТ № Е 37,39, МИДС Ареа, Саптур, Насик – 422007, Махараштра,

Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Гленмарк Фармасьютикалз Лтд., Үндістан

 

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы Гленмарк Фармасьютикалз Лтд өкілдігі, 050005, Алматы қ-сы,

Әл-Фараби даңғылы, 7, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, блок 4А, 7 кеңсе.

тел + 7(727) 311 04 41.

 

Прикрепленные файлы

439102641477976793_ru.doc 46.5 кб
376783681477977946_kz.doc 53 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники