Войти

Ихтиоловая мазь Ихтаммол

Производитель: Фармация 2010 ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антисептики и дезинфицирующие препараты
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№003155
Дата регистрации: 19.11.2015 - 19.11.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Ихтиол жақпамайы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

10 % жақпамай

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді зат - ихтиол 10 г ,

қосымша зат - вазелин 90 г

Сипаттамасы

Ихтиол иісі бар күңгірт-қоңыр жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және зарарсыздандыратын басқа да препараттар

АТX коды D08AХ

Фармакологиялық қасиеттері

Ихтиол жақпамайы жергілікті ауыруды басатын, қабынуға қарсы және антисептикалық әсері бар. Ихтиол жақпамайын сыртқа қолданған кезде іс жүзінде жүйелі қан ағымына адсорбцияланбайды және резорбциялық әсер көрсетпейді.

Қолданылуы

  • тілмелі қабыну

  • экзема

  • терінің іріңді зақымдануы

  • фурункулез

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа, терінің зақымданған жерлеріне күніне 1-2 рет жағады. Емдеу курсы ауру ағымына және ем тиімділігіне байланысты.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препаратқа жоғары сезімталдық

  • 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты басқа сыртқа қолдануға арналған дәрілермен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Жақпамайдың шырышты қабыққа және көзге түсіп кетуінен сақтану керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препарат дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Шыны массадан жасалған бұрандалы мойны бар, тығыздалған элементі бар бұралып жабылатын полиэтилен қақпағы бар банкіде немесе медициналық шыныдан жасалған, тығыздалған элементі бар керілген полиэтилен қақпағы бар банкіде 25 г-ден.

Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге банкілердің тиісті саны орама қағаздан жасалған бумаларда немесе қораптық картоннан жасалған қорапта немесе жылу ұстағыш полиэтиленді үлбірде немесе гофрланған картоннан жасалған жәшікке салынады.

25 г-ден медициналық мақсаттағы алюминий немесе полимерлі сықпада. Әрбір сықпа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019 Қарағанды қ., Чкалов к-сі 7, тел. 8 (7212) 42-67-34

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Фармация 2010» ЖШС, Қазақстан Республикасы, 100019 Қарағанды қ., Чкалов к-сі 7, тел. 8 (7212) 42-67-34, E-mail – farmaciyakrg@mail.ru

Прикрепленные файлы

926990331477976324_ru.doc 40 кб
821468671477977575_kz.doc 45 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники