Войти

Индап® (0.625 мг) Индапамид

Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Производитель: ПРО.МЕД.ЦС Прага а.о.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Indapamide
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№019762
Дата регистрации: 30.01.2018 - 30.01.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Индап®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Индапамид

Дәрілік түрі

0,625 мг, 1,25 мг, 2,5 мг таблеткалар

Құрамы

0,625 мг бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 0,625 мг индапамид

қосымша заттар: түйіршіктелген лактоза моногидраты, лактоза моногидраты, түйіршіктелген микрокристалды целлюлоза, тальк, магний стеараты, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, темірдің сары тотығы.

1,25 мг бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 1,25 мг индапамид

қосымша заттар: түйіршіктелген лактоза моногидраты, лактоза моногидраты, түйіршіктелген микрокристалды целлюлоза, тальк, магний стеараты, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, темірдің қызыл тотығы.

2,5 мг бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 2,5 мг индапамид

қосымша заттар: түйіршіктелген лактоза моногидраты, лактоза моногидраты, түйіршіктелген микрокристалды целлюлоза, тальк, магний стеараты, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, темірдің сары тотығы, темірдің қызыл тотығы.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, беті жалпақ, сары түсті, диаметрі 7 мм таблеткалар (0.625 мг доза үшін).

Дөңгелек пішінді, беті жалпақ, қызғылт түсті, иіссіз, диаметрі 7 мм таблеткалар (1.25 мг доза үшін).

Дөңгелек пішінді, беті жалпақ, ашық-қызыл сары түсті, иіссіз, крест тәрізді кертігі бар, диаметрі 8 мм таблеткалар (2.5 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Диуретиктер. Генле ілмегінің кортикальді сегментіне әсер ететін тиазидтік емес диуретиктер. Сульфонамидтер. Индапамид

АТХ коды C03BA11

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Индапамид ішу арқылы қолданылғанда тез және толық сіңеді. Қанда ең жоғары концентрацияға 1-2 сағаттан соң жетеді. Индапамид эритроциттерде жиналады және плазма ақуыздарымен және эритроциттермен 79%-ға дейін байланысады. Майларда ерігіштігінің жоғары болуының арқасында қантамырлар қабырғасының тегіс бұлшықеттерінде жиналады. Дозаға байланысты әсері бар. Бір реттік ішілетін дозаның 70%-ы бүйректер арқылы және 23%-ы асқазан-ішек жолы арқылы шығарылады. Индапамид көбіне белсенді емес метаболиттер түрінде, 7%-ы өзгермеген күйінде бөлініп шығады. Индапамидтің жартылай шығарылу кезеңі (бета-фаза) 15-18 сағатқа жуықты құрайды. Бір реттік дозаны қабылдағаннан кейін ең жоғары гипотензивтік әсері 24 сағаттан кейін білінеді. Көп рет қабылдағаннан кейін емдік әсері 1–2 аптадан кейін байқалады, ең жоғары шегіне 8–12 аптада жетеді.

Фармакодинамикасы

Индапамид индол сақинасы бар сульфонамид туындысы болып табылады, ол фармакологиялық тұрғыдан тиазидтік диуретиктік дәрілерге ұқсас, олар нефронның дистальді өзекшесінің кортикальді сегментінде натрийдің кері сіңуінің тежелуі арқылы әсер етеді. Индапамид натрий мен хлоридтердің несеппен бірге бөлініп шығуын, аз дәрежеде калий мен магнийдің де бөлініп шығуын арттырады, соның әсерінен несептің түзілу көлемі жоғарылайды, гипертензияға қарсы әсер береді. Зерттеулер тәуліктік 2,5 мг дозаның гипертензияға қарсы ең жоғары әсер тудыратынын, ал несеп жүргізетін әсері клиникалық тұрғыдан білінбейтіндігін көрсетті. Гипертензияға қарсы 2,5 мг дозада индапамид артериялық гипертониясы бар науқастарда норадреналинге қантамырлық асқын реактивтілікті азайтады және жалпы шеткергі кернеуді және артериолалардың кернеуін азайтады. Анефриттік гипертониясы бар емделушілерде гипертензияға қарсы тиімділігінің сақталуы гипертензияға қарсы әсердің экстраренальді механизмін айғақтайды. Индапамидтің қантамырларға ықпалы мыналарды қамтиды:

- иондардың, әсіресе кальцийдің трансмембраналы алмасуымен байланысты қантамырлар қабырғасының тегіс бұлшықеттер тонусының төмендеуі

- PGE2 простагландин және PGI2 простациклин синтезінің стимуляциясымен жүзеге асатын, вазодилататор және қан пластинкаларының агрегациясының тежегіші болып табылатын вазодилатацияны

- брадикининнің вазодилататорлық әсерінің потенциациясын.

Гипертензиясы бар емделушілерді қысқа мерзімдік, орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік бақылау арқылы индапамидтің мынадай өзгерулерді тудыратыны анықталды:

- кардиомиоциттер мөлшерін азайту есебінен жүректің сол жақ қарыншасының гипертрофиясын төмендетеді

- липидтердің: триглицеридтердің, LDL – холестериндердің және HDL– холестериндердің метаболизміне ықпалын тигізбейді.

- көмірсудың алмасуына, соның ішінде гипертензиясы және диабеті бар емделушілерде, ықпалын тигізбейді.

Микроальбуминурияның төмендеуімен артериялық қысымның қалыпқа келуі гипертониясы бар диабетпен ауыратындарға индапамидті ұзақ қолданғаннан кейін байқалды. Индапамидті гипертензияға қарсы басқа препараттармен (бета-блокаторлар, кальций өзекшелерінің блокаторлары, АӨФ тежегіштері) бір мезгілде қолдану индапамидпен монотерапиямен салыстырғанда реакция жылдамдығының жоғарылауымен артериялық гипертензияны бақылаудың жақсаруына әкеледі.

Қолданылуы

- ересектерде эссенциальді гипертензияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблетканы ас қабылдауға қарамай-ақ, дұрысы таңертеңгі тамаққа дейінгі уақытта, шайнамай, судың мол мөлшерімен ішіп қабылдайды. Индап моно- және біріктірілген ем ретінде қолданылады.

Монотерапия:

Бастапқы дозасы - 1,25 мг препараттың 1 таблеткасын тәулігіне 1 рет. Егер препаратты қабылдағаннан кейін 10-14 күннен соң АҚ-ны талапқа сай бақылау мүмкін болмаса, препарат дозасын тәулігіне 1 рет 2,5 мг-ға дейін арттырған жөн.

Біріктірілген терапия:

Біріктіріп емдеуде 0,625 мг, 1,25 мг дозалардағы Индап , сонымен қатар 2,5 мг Индап та жиі қолданылады.

Ең жоғары тәуліктік доза - 2.5 мг. Тәуліктік дозаны 2,5 мг-нан артыққа көтермеу керек. Өте жоғары дозалар индапамидтің гипертензияға қарсы әсерін арттырмайды, алайда оның несеп жүргізетін әсерін арттырады.

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілер

Бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі минутына 30 мл-ден төмен) болғанда, индапамидті қолдануға болмайды. Тиазидтер және оған ұқсас несеп жүргізетін дәрілер бүйрек қызметі қалыпты болғанда немесе аздап бұзылғанда ғана толық тиімді.

Бауыр қызметі бұзылған емделушілер

Бауыр қызметі бұзылғанда индапамидті қолдануға болмайды.

Егде жастағы емделушілер

Егде жастағы емделушілерде плазмадағы креатинин деңгейін жасына, салмағына және жынысына қарай бағалаған жөн. Егде жастағы емделушілерді индапамидпен емдеу тек бауыр және бүйрек қызметі қалыпты болғанда немесе олардың қызметі аздап бұзылғанда ғана мүмкін болады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі (≥ 1 % - < 10 %)

- макулопапулезді бөртпе

Жиі емес (≥ 0,1 % - < 1 %)

- құсу

- пурпура

Сирек (≥ 0,01 % - < 0,1 %)

- егде жастағыларда және жүрек-қантамыр қызметінің жеткіліксіздігі бар науқастарда организмнің сусыздану қаупінің жоғарылауы

- бас айналу, қажығыштық, бас ауыру, парестезиялар

- аллергиялық реакциялар, тері бөртпесі

- жүректің айнуы, іш қатулар, ауыз ішінің құрғауы

Өте сирек (<1/10000)

- тромбоцитопения, лейкопения, агранулоцитоз, апластикалық анемия, гемолитикалық анемия

- аритмия, гипотония

- панкреатит

- бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі

- бауыр қызметінің бұзылуы

- ангионевротикалық ісіну, және/немесе есекжем, уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, қатерлі экссудативті эритема

- гиперкальциемия, гипокалиемия

Белгісіз

- бауыр қызметінің жеткіліксіздігінде бауыр энцефалопатиясы пайда болуы мүмкін

- бұрыннан бар диссеминирленген жедел қызыл жегі нашарлауы мүмкін, фотосенсибилизация

- калий мөлшері азайып, гипокалиемия пайда болады, бұл қаупі жоғары кейбір топтарда ауыр дәрежеде білінді

- гиповолемиялы гипонатриемия, олар дегидратацияға және ортостатикалық гипотензияға әкеп соғады

- хлор иондарының жоғалуы салдарлық метаболикалық алкалозды туындатуы мүмкін: осы әсердің пайда болу жиілігі және қарқындылығы төмен.

- емдеу кезінде плазмада несеп қышқылы деңгейінің және қанда қант деңгейінің жоғарылауы: препаратты пайдаланудың дұрыстығы подаграсы немесе диабеті бар емделушілерде мұқият таразылануы тиіс.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- сульфонамидтерге немесе препараттың қандай да болсын қосымша затына асқын сезімталдық

- бауыр энцефалопатиясы және бауыр қызметінің ауыр бұзылулары

- бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің ауыр түрі

- гипокалиемия

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

- тұқым қуалаған фруктозаның жақпаушылығы, Lapp-лактоза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Мыналармен бір мезгілде қолдануға болмайды:

Литий препараттары

Артық дозалану белгілері бар, мысалы, тұзсыз диетада литийдің плазмалық деңгейі жоғарылайды (литийдің несеппен бірге бөлініп шығуы төмендейді). Егер диуретиктік дәрілерді қолдану қажетті деп табылса, онда плазмадағы литий деңгейін жүйелі түрде бақылап отырған және дозаларға тиісінше түзету жүргізген жөн.

Аритмияға қарсы Ia класқа жататын препараттар (хинидин, дигидрохинидин, дизопирамид), аритмияға қарсы ІІІ класқа жататын препараттар (амиодарон, соталол, дофетилид, ибутилид).

Антипсихотикалық препараттар: фенотиазиндер (хлорпромазин, циамемазин, левомепромазин, тиоридазин, трифлуоперазин), бензамидтер (амисульприд, сульпирид, султоприд, тиаприд), бутирофенондар (дроперидол, галоперидол).

Басқа препараттар: бепридил, цизаприд, дифеманил, эритромицин IV, галофантрин, мизоластин, пентамидин, спарфлоксацин, моксифлоксацин, винкамин IV torsades de pointes тудыруы мүмкін. Қарыншалық аритмияның әсіресе torsades de pointes пайда болу қаупі жоғары (гипокалиемия қауіп факторы болып табылады). Дәрілердің осы біріктірілімін пайдаланар алдында гипокалиемияны анықтау мақсатында талдама жүргізу қажет, ол бар болған жағдайда жағдайды түзетудің қажетті шараларын қолданған жөн. Клиникалық жағдайды, плазмалық электролиттерді және ЭКГ-ні бақылау қажет. Гипокалиемияда torsades de pointes тудырмайтын заттарды пайдаланған жөн: қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (жүйелік), соның ішінде ЦОГ-2 селективті тежегіштер, салицил қышқылының жоғары дозалары (тәулігіне ≥ 3 г), өйткені индапамидтің гипертензияға қарсы әсері азаюы мүмкін. Дегидратациясы бар емделушілерде бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігі қаупі (шумақтық сүзілудің төмендеуі). Ішілген судың мол мөлшері аясында емделушінің бүйрегінің қызметін бақылауды қамтамасыз ету қажет. Натрий тапшылығымен қатар (әсіресе бүйрек артериялары стенозы бар адамдарда) ангиотензинге өзгертуші фермент тежегішімен емдеуді бастаған жағдайда жедел гипотензия және/немесе бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігі қаупі. Артериялық гипертонияда, мұның алдында диуретиктермен емдеу натрий тапшылығына әкеп соғуы мүмкін болғанда, АӨФ тежегіштерімен емдеуді бастағанға дейін 3 күн ішінде диуретикті пайдалануды тоқтату, қажет болған жағдайда гипокалиемияны тудыратын диуретиктерді қайтадан қолдану қажет, немесе басынан АӨФ тежегіштерінің төмен дозаларын қайтадан қолдану және дозаны біртіндеп арттыру керек. Жүрек қызметінің іркілген жеткіліксіздігінде емдеуді АӨФ тежегішінің өте төмен дозаларынан бастау қажет, немесе гипокалиемияға себепші болатын бір мезгілде қолданылатын диуретиктердің дозасын төмендету керек. Кез келген жағдайда АӨФ тежегіштерімен емдеудің алғашқы аптасы ішінде бүйрек қызметіне (плазмадағы креатинин икөрсеткіштері бойынша) мұқият бақылау жүргізу қажет. Гипокалиемияның пайда болуының жоғары қаупі (әсері жинақталады) В амфотерицинмен (к/і), глюкокортикоидтармен және минералокортикоидтармен (жүйелік), тетракосактидпен, стимуляциялайтын (тітіркендіретін) іш жүргізгіштермен бірге өзара қолданғанда пайда болады. Қан плазмасында калийдің деңгейіне ұдайы бақылау жасау, қажет болғанда, әсіресе дигоксинмен бір мезгілде емдегенде, тиісті ем жүргізу керек. Іш жүргізетін дәрілерді таңдағанда ішектің жиырылуын стимуляцияламайтын іш жүргізетін дәрілерді қолданған жөн. Баклофен гипертензияға қарсы әсерді арттырады. Емнің басында ішілген мол мөлшерлі су аясында бүйрек қызметіне бақылау жасаған жөн. Гипокалиемия жүрек гликозидтерінің уытты әсерінің қаупін арттыруы мүмкін. Мұндай жағдайларда плазмадағы калий деңгейін жүйелі бақылап отыру, ЭКГ-ні тіркеу, ал қажет болғанда емдеуді өзгерту қажет. Калий жинақтаушы диуретиктермен (амилорид, спиронолактон, триамтерен) рациональді түрде біріктіру кейбір емделушілер үшін өте пайдалы, гипокалиемияның, ал бүйрек қызметі бұзылған немесе қант диабеті бар емделушілерде гиперкалиемияның пайда болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Мұндай жағдайларда плазмадағы калий деңгейін, қажет болғанда EKG бақылаған жөн, егер жараса – емдеуді өзгерту керек. Метформинді қолданғаннан кейінгі сүт қышқылды ацидоз, диуретиктік үлкен дәрежеде «ілмектік» диуретиктерді қабылдауға, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне байланысты. Егер креатининнің плазмалық деңгейі еркектерде 15 мг/л-ден (135 микромоль/л) және әйелдерде 12 мг/л-ден (110 микромоль/л) асатын болса, метформинді пайдаланбаған жөн. Диуретиктердің әсерінен организм сусызданғанда, әсіресе құрамында йоды бар контрастылы заттардың жоғары дозаларын индапамидпен біріктіріп қолданғанда бүйрек қызметінің жедел бұзылу қаупі бар және бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігі қаупін арттырады. Науқастарға соңғысын пайдалану қажет болғанда жоғалған сұйықтықты қалпына келтіру қажет. Имипраминді антидепрессанттармен, нейролептиктермен бірге қолданғанда гипертензияға қарсы әсері және ортостатикалық гипотензия қаупі артуы мүмкін (аддитивтік әсері). Кальций проепараттарымен (тұздары) бір мезгілде қолданғанда кальцийдің несеппен бірге бөлініп шығуының төмендеуі нәтижесінде гиперкальциемия қаупі жоғарылайды. Циклоспоринмен, такролимуспен бір мезгілде тағайындағанда, айналымдағы циклоспорин деңгейінің өзгеруінсіз, тіпті су/натрий арақатынасының азаюынсыз, плазмадағы креатинин деңгейінің жоғарылау қаупі артады. Кортикостероидтармен, тетракосактидпен (жүйелік) бір мезгілде тағайындағанда гипертензияға қарсы әсері төмендеуі (су/натрий арақатынасы азаюы) мүмкін.

Индапамидпен біріктіруге бета-блокаторлар, АӨФ тежегіштері, метилдопа, клонидин және басқа да адреноблокаторлар пайдаланылуы мүмкін. Индапамидті несеп жүргізетін дәрілермен біріктіріп қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл гипокалиемияға әкеп соғуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты бауыр қызметінің жеткіліксіздігінде сақтықпен қолданған жөн. Бауыр қызметі бұзылғанда тиазидтік диуретиктер бауыр энцефалопатиясының пайда болуына себеп болуы мүмкін. Мұндай жағдайда несеп жүргізетін дәрілерді пайдалану дереу тоқтатылуы тиіс. Несеп жүргізетін, мысалы, тиазидтер және олардың аналогтары сияқты дәрілерді қолданғанда фотосенсибилизация жағдайлары тіркелді. Егер емделу кезінде фотосенсибилизация білінсе, емдеуді дереу тоқтату керек. Егер несеп жүргізетін дәрілерді қайтадан пайдалану қажет болса, сенситивті жерлерді күн немесе ультракүлгін сәулелерінің түсуінен қорғау керек.

Су-электролиттік теңгерім

- Плазмадағы натрий деңгейі: плазмадағы натрий концентрациясын емді бастар алдында анықтау, ал содан кейін жүйелі аралықтардан кейін оның өзгерулеріне бақылау жасау қажет. Диуретиктерді пайдаланып емдеу кезінде өте ауыр зардаптарға ұшырататын гипонатриемиямен қатар жүруі мүмкін, мұндайда бастапқы сатыда қандағы натрий концентрациясын төмендету асимптоматикалық сипатқа ие болуы мүмкін. Сондықтан натрийдің плазмалық деңгейін, әсіресе егде жастағы емделушілерде және бауыр циррозынан зардап шегіп жүрген адамдарда, бақылап отыру керек.

- Плазмадағы калий деңгейі: тиазидтік және оған ұқсас диуретиктерді ұзақ уақыт қолдану плазмадағы калий концентрациясының азаю және гипокалиемияның пайда болу қаупімен байланысты. Гипокалиемияның (< 3,4 ммоль/л) пайда болуына оның туындау қаупі жоғары емделушілерде, яғни егде жастағы адамдарда, жүдеу науқастарда, сондай-ақ диуретиктік препараттармен бір мезгілде басқа дәрілерді қабылдап жүрген науқастарда, ісіну орын алған цирроздық асциттен зардап шегіп жүрген емделушілерде, сондай-ақ коронарлы қантамырлар ауруы және жүрек қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілерде жол бермеу қажет, өйткені мұндай жағдайларда гипокалиемия дигиталис препаратының жүрекке уытты әсерін арттырады және аритмияның пайда болу қаупін ұлғайтады. Гипокалиемияның пайда болу қаупінің жоғарылығы, осы құбылыстың генезінен тыс, QT аралығы артқан емделушілерге тән, ол іштен туа болуы немесе бауыр қызметінің бұзылуынан болуы мүмкін. Гипокалиемия, брадикардия сияқты, мұндай жағдайда ауыр аритмияның, соның ішінде өлтіру қаупі бар қарыншалық тахикардияның (torsades de pointes) пайда болуына бейімділік арқылы жүзеге асады. Аталған барлық жағдайларда плазмадағы калий концентрациясының деңгейін өте жиі бақылап отыру қажет. Орын алуы мүмкін гипокалиемияны анықтау мақсатында тексеруді емнің алғашқы аптасында жүргізу қажет. Гипокалиемия белгілері анықталған жағдайда оны болдырмауға бағытталған шараларды қолдану қажет.

Плазмадағы кальций деңгейі: тиазидтік және оған ұқсас диуретиктер кальцийдің несеппен бірге бөлініп шығуын төмендетуі мүмкін, бұл плазмадағы кальций концентрациясының аздап және уақытша жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін. Нағыз гиперкальциемия бұрын анықталмаған гиперпаратиреоз нәтижесі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда емдеуді тоқтату және қалқанша маңы безінің қызметіне тексеру жүргізу қажет.

Қандағы глюкоза деңгейі: қант диабетінен зардап шегіп жүрген науқастарда, әсіресе гипокалиемия бар болғанда, қандағы глюкоза деңгейін жүйелі бақылап отыру қажет.

Несеп қышқылының деңгейі: несеп қышқылының концентрациясы жоғарылаған науқастарда подагра ұстамасы болуы мүмкін.

Бауыр қызметі және диуретиктер: тиазидтік және оған ұқсас диуретиктер бүйрек қызметі қалыпты немесе барынша төмендеген кезде ғана (ересектерде плазмадағы креатинин деңгейі 25 мг/л-ден кем, яғни 220 мкмоль/л) тиімділігі барынша жоғары. Егде жастағы емделушілерде плазмадағы креатинин деңгейін жасына, салмағына және жынысына байланысты бағалаған жөн. Судың және натрийдің жоғалуынан болған гиповолемия, диуретиктермен емдеген кезде гломерулярлы сүзілуді төмендетеді, бұл кейде плазмадағы мочевина мен креатинин деңгейінің жоғарылауымен қатарласа жүреді. Бүйрек қызметі қалыпты емделушілерде бүйрек қызметінің мұндай уақытша жеткіліксіздігі, әдеттегідей, ауыр зардапқа әкелмейді, алайда оның едәуір дәрежеде пайда болуы бұрыннан бар бүйрек қызметінің жеткіліксіздігін үдетуі мүмкін.

Допингтік тесттер: индапамид допингтік тесттерде позитивтілік тудыруы мүмкін. Препаратта қосымша зат ретінде лактоза бар. Галактозаның жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза мен галактозаның сіңуінің бұзылуы сияқты тұқым қуалаған сирек аурулары бар емделушілер бұл препаратты қабылдамауы тиіс.

Педиатрияда қолданылуы

Препараттың педиатриялық тәжірибедегі қауіпсіздігі мен тиімділігінің жеткіліксіздігін ескеріп, оны 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындауды тоқтата тұру керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде әдетте диуретиктік дәрілер тағайындалмайды. Препаратты еш уақытта жүктілік кезіндегі физиологиялық ісінулерді емдеу үшін қолдануға болмайды. Диуретиктік дәрілер фетоплацентарлы ишемияға себепші болуы мүмкін, ол ұрықтың өсуіне қауіп төндіреді. Индапамид ана сүтіне өтеді, сондықтан препаратты қабылдау кезеңінде емшек емізуді тоқтата тұрған жөн.

Препараттың көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Индап® препараты психомоторлы реакциялардың бұзылуына әкеп соқпайды. Алайда жекелеген жағдайларда, әсіресе емнің бас кезінде немесе гипертензияға қарсы басқа дәрілік заттармен біріктіргенде, қан қысымының төмендеуіне байланысты, зейін қою деңгейі төмендеуі мүмкін, бұл көлік құралын жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін.

Артық дозалануы

Индапамидтің 40 мг дозаға дейін, яғни 16 есе артық емдік дозада уытты әсері болмайтыны анықталды.

Симптомдары: қатты уыттану белгілері гиповолемия (гипонатриемия, гипокалиемия) нәтижесі ретінде көрініс береді. Жүректің айнуы, құсу, гипотензия, құрысулар, бас айналу, ұйқышылдық, абыржу және сасқалақтау жағдайы, полиурия немесе олигурия және тіпті анурия сияқты клиникалық біліністер болуы мүмкін (гиповолемия нәтижесінде).

Емдеу: артық дозаланған жағдайда бастапқы шараларға қабылданған заттың (заттардың) асқазанды шаю арқылы тез шығарылуы жатады, қажет болғанда – белсенділендірілген көмір беріп, кейін арнайы денсаулық сақтау мекемелерінде су мен электролиттің тепе-теңдігін қалпына келтіру.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан салынған.

Пішінді 3, 6 немесе 10 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ПРО.МЕД.ЦС Прага а.о.»

Телчска 1, 140 00 Прага 4

Чех Республикасы

Тіркеу куәлігінің иесі

ПРО.МЕД.ЦС Прага а.о.

Telcskа 1, 140 00 Praha 4

Чех Республикасы

Тұтынушылардан өнім сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«PROM.MEDIC.KAZ.» ЖШС

Алматы қ-сы, Достық д-лы 132, 9 кеңсе, тел. 8(727)260-89-36,

факс 8(727)260-89-36

Email: sekretar@prommedic.kz

 

Прикрепленные файлы

272926111477976902_ru.doc 91 кб
763321241477978073_kz.doc 109 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники