Войти

Допамин (4%) Допамин

Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dopamine
Номер регистрации: № РК-ЛС-3№021477
Дата регистрации: 02.05.2018 - 02.05.2023
Предельная цена: 159.27 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Допамин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Допамин

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 4% 5 мл ерітінді

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат – 40.00 мг допамин гидрохлориді,

қосымша заттар: натрий метабисульфиті, динатрий эдетаты, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Шығу тегі гликозидтік емес кардиотонустық заттар. Адрено- және допамин-стимуляторлары. Допамин

АТХ коды C01CA04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Көктамыр ішіне ғана енгізіледі.

Дозаның 25%-ға жуығын нейросекреторлы везикулалар ұстап қалады, онда гидроксилдену жүреді және норэпинефрин түзіледі. Организмде кең таралады, ішінара гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді. Допамин 3,4-дигидроксифенилсірке және 3-метокси-4-гидроксифенилсірке қышқылдарына метаболизденеді, олар несеппен бірге тез шығарылады.

Препараттың плазмадан жартылай шығарылу кезеңі (T1/2) шамамен 2 минутты құрайды.

Фармакодинамикасы

Химиялық тегі жағынан допамин норадреналин биосинтезінің ізашары болып табылады және дофаминді рецепторларға арнайы стимуляциялық әсерін тигізеді, ал үлкен дозаларда сондай-ақ α- және β-адренорецепторларды да стимуляциялайды.

Препараттың ықпал етуімен шеткергі қантамырлардың жалпы кедергісі (ШҚЖК) және систолалық артериялық қысым жоғарылайды, жүректің жиырылу күші күшейеді, жүректен қанның лықсытылуы ұлғаяды. Жүректің жиырылу жиілігі мүлдем өзгермейді. Миокардтың оттегіні қажетсінуі жоғарылайды, сонымен қатар коронарлық қан ағысының артуына байланысты оттегінің көбірек жеткізілуі де қамтамасыз етіледі.

Төмен дозаларда (0,5-2 мкг/кг/мин) негізінен дофаминді рецепторларға ықпалын тигізеді. Мезентериальді, ми, коронарлық қантамырларды кеңейтеді, бүйрек қантамырларының кедергісін азайтады, шумақтық сүзілуді ұлғайтады, диурезді және натрийдің организмнен шығарылуын арттырады.

Орташа дозалар аралығында (2-10 мкг/кг/мин) β1-адренорецепторларды стимуляциялайды, бұл оң инотроптық әсерді тудырады, қан айналымының минуттық көлемін ұлғайтады.

10 мкг/кг/мин және одан көп дозаларда α1-адренорецепторларға ықпалын тигізеді, ШҚЖК ұлғайтады, бүйрек қантамырларын тарылтады, артериялық қысымды арттырады, диурезді азайтады.

Енгізуді тоқтатқаннан кейін әсерінің ұзақтығы 5-10 минуттан аспайды.

Қолданылуы

- жедел жүрек-қантамыр функциясының жеткіліксіздігінде "жүректен қанның лықсытылуының төмендеуі" синдромында (кардиогенді шок), жарақаттық, операциядан кейінгі (кардиохирургиялық науқастар), жұқпалы-уыттық, гиповолемиялық (айналымдағы қан көлемі қалпына келгеннен кейін) шоктарда

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты аурухана жағдайында қатаң түрде дәрігердің тағайындауымен қолданады!

Көктамыр ішіне тамшылатып енгізеді. Дозаны шоктың ауырлық дәрежесіне, АҚ шамасына және науқастың емге реакциясына байланысты әркімге жеке белгілейді. Енгізу жылдамдығын емделушіде қолайлы реакцияның тууына қол жеткізу үшін жекелей таңдаған жөн. Инфузияның ұзақтығы емделушінің жекелей ерекшеліктеріне және жағдайының ауырлығына байланысты.

Клиникалық жағдай тұрақтанғаннан кейін препаратты біртіндеп тоқтатады.

Ерітіндіні дайындау тәртібі

Препаратты сұйылту үшін 0,9% натрий хлориді ерітіндісін, 5% глюкоза ерітіндісін, Рингер-лактат ерітіндісін пайдаланады.

Инфузиялық ерітіндіні тура пайдаланар алдында дайындаған жөн.

Препаратты сілтілік ерітінділерде (5% натрий бикарбонаты) еріту ұсынылмайды, өйткені допаминнің белсенділігі жойылады.

К/і инфузияға арналған ерітінді дайындау үшін 400-800 мг допаминді 250 мл еріткішке қосу қажет (допаминнің концентрациясы 1,6-3,2 мг/мл болады). Допамин ерітіндісі мөлдір және түссіз болуы тиіс.

Ересектер

Ерітіндіні мүмкіндігінше ірі көктамырларға енгізген жөн.

Инфузияның бастапқы жылдамдығы минутына 2-5 мкг/кг құрайды, 5-тен 10 мкг/кг/мин дозадан бастап қолайлы 50 мкг/кг/мин. дозаға дейін біртіндеп арттырылуы мүмкін.

Инфузияны 2-3 сағаттан 1-4 күнге дейін үздіксіз жүргізеді. Тәуліктік доза 400-800 мг-ге жетеді. Препараттың әсері тез басталады және енгізу аяқталғаннан кейін 5-10 минуттан соң аяқталады.

Жағымсыз әсерлері

Орталық және шеткергі жүйке тарапынан: бас ауыру, мазасыздық, үрейлену сезімі, тремор, пилоэрекция

Сезім жүйесі тарапынан: мидриаз

Асқазан-ішек жолы тарапынан: жүректің айнуы, құсу, асқазан-ішек жолынан қан кетулер

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: тахикардия, жүректің қағу сезімі, төс тұсының ауыруы, артериялық қысымның жоғарылауы, ангинальді ауыру, стенокардия, эктопиялық жүрек систолаларының дамуы, гипотензия, шеткергі артериялардың түйілуі, вазоконстрикция, жүрек өткізгіштігінің бұзылуы, брадикардия, QRS-кешенінің кеңеюі, қарыншалық экстрасистолия, қарыншалық аритмия

Несеп-жыныс жүйесі тарапынан: полиурия

Тыныс алу жүйесі тарапынан: диспноэ

Метаболизмдік бұзылулар: азотемия

Аллергиялық реакциялар: гиперемия, қышыну, терінің күйдіріп ашу сезімі, бронх демікпесі бар науқастарда – бронхтың түйілуі, сананың бұзылуы, шок.

Жергілікті реакциялар: препарат тері астына түскенде – тері, теріасты шелінің некроздары. Сондай-ақ бұрыннан қантамырлық бұзылыстары бар емделушілерде шеткергі ишемиялық гангрена дамуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- допаминге немесе басқа да симпатомиметиктерге жоғары сезімталдық

- феохромоцитома, гипертиреоз

- жабықбұрышты глаукома

- қуықасты безінің клиникалық белгілері бар қатерсіз гиперплазиясы

- тахиаритмиялар және қарыншалар фибрилляциясы

- идиопатиялық гипертрофиялық субаортальді стеноз

- циклопропанмен және наркозға арналған құрамында галогендер бар дәрілермен бірге тағайындау

Сақтықпен

- гиповолемия

- қолқа сағасының айқын стенозы

- миокард инфарктісі

- қарыншалық аритмиялар

- жүрекшелер фибрилляциясы

- метаболизмдік ацидоз

- гиперкапния

- гипоксия

- «кіші» қан айналымның гипертензиясы

- қантамырлардың окклюзиялық аурулары (соның ішінде атеросклероз, тромбоэмболия, облитерациялайтын тромбангиит, облитерациялайтын эндартериит, диабеттік эндартериит, Рейно ауруы, үсу)

- қант диабеті

- бронх демікпесі (егер сыртартқысында дисульфитке жоғары сезімталдық байқалса)

- жүктілік

- лактация кезеңі

-18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Симпатомиметиктер, моноаминоксидаза (МАО) тежегіштері, симпатомиметиктердің прессорлы әсерін арттыра отырып, бас ауыруды, аритмияларды, құсуды және гипертониялық криздердің басқа да көріністерін туындатуы мүмкін, сондықтан соңғы 2-3 апта ішінде МАО тежегіштерін қабылдаған емделушілерде допаминнің бастапқы дозалары әдеттегі дозаның 10%-ынан аспауы тиіс.

Допамин гуанетидиннің гипотензивтік әсерін бәсеңдетеді.

Допамин несеп айдайтын дәрілердің диуретикалық әсерін күшейтуі мүмкін.

Жансыздандыратын препараттар, үшциклдік антидепрессанттар жағымсыз кардиальді әсерлердің даму қаупін потенциялайды.

Циклопропанмен немесе жалпы анестезияға арналған ингаляциялық галогенделген көмірсутектермен бірге қолдану аритмиялардың даму қаупін арттырады.

Қастауыш алкалоидтарының препараттарымен бір мезгілде қолдану, қантамырды тарылту әсері есебінен, шеткергі некроздың және гангренаның даму қаупін арттырады.

Қалқанша без препараттары допаминнің жағымды хронотроптық әсерін төмендетеді.

Фенитоин артериялық гипотензияның және брадикардияның пайда болуына жағдай жасауы мүмкін (дозаға және енгізу жылдамдығына байланысты).

Селигинді (Паркинсон ауруында қолданылатын препарат) допаминмен бір мезгілде қолдану қажет емес.

Допамин а- және β-адреноблокаторлардың (пропранолол, метопролол) әсерлерін төмендетеді.

Катехин-о-метилтрансфераза (КОМТ) тежегіштері, мысалы: энтакапон, допаминді қоса, катехоламиндердің хронотроптық және аритмогендік әсерлерін потенциялауы мүмкін. Допаминді енгізуден 1-2 күн бұрын энтакапонмен ем қабылдаған емделушілер препараттың өте төмен дозаларын қабылдауы тиіс.

Добутаминді бір мезгілде енгізген кезде артериялық қысымның өте айқын жоғарылауы байқалуы мүмкін, алайда жүрек қарыншаларының толу қысымы мұндайда төмендейді немесе өзгермеген күйінде қалады.

Допамин нитраттардың антиангинальді ықпалын, а- және β-адреноблокаторлардың және басқа да гипотензивтік препараттардың гипертензияға қарсы әсерін төмендетеді.

Допаминді жүрек гликозидтерін, сондай-ақ диуретикалық дәрілерді (фуросемид және басқалар) тағайындаумен үйлестіруге болады.

Гиповолемиялық шокта допаминді плазма, плазма алмастырғыштар немесе қан енгізумен үйлестіреді.

Допамин сілтілік ерітінділермен (допаминнің белсенділігін жояды) үйлеспейді, сондықтан оны сілтілік ерітінділермен (pH 7-ден жоғары), мысалы: натрий гидрокарбонатымен араластыруға болмайды.

Алтеплаза және амфотерицин В допамин бар кезде тұрақты емес.

Төменде берілген заттармен физикалық-химиялық тұрғыдан үйлесімсіздігі белгілі: ацикловир, альтеплаза, амикацин, амфотерицин Б, ампициллин, цефалотин, дакарбазин, теофиллин, этиленамин (эуфиллин), теофиллиннің кальцийлік ерітіндісі (эуфиллиннің кальцийлік ерітіндісі), фуросемид, гентамицин, гепарин, темір тұздары, натрий нитропруссиді, бензилпенициллин, тобрамицин, тотықтырғыштар, тиамин (B1 витаминінің ыдырауына мүмкіндік береді).

Айрықша нұсқаулар

Допаминді артериялар ішіне және болюсті инъекция түрінде енгізбеген жөн. Экстравазация қаупін мүмкіндігінше төмендету үшін ерітіндіні ірі көктамырларға енгізген жөн. Препарат экстравазальді түрде енген жағдайда тіннің некроздануына жол бермеу үшін 10-15 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісін 5-10 мг фентоламинмен бірге дереу инфильтрация жүргізу керек.

Шок жағдайындағы науқастарға енгізер алдында плазма және қанның орнын басатын басқа да сұйықтықтарды енгізу арқылы гиповолемия түзетілуі тиіс.

Инфузия диурезді, қанның минуттық көлемін, артериялық қысымды, ЭКГ-ні бақылай отырып, жүргізілуі тиіс.

Диурездің артериялық қысымның қатарласа төмендеуінсіз азаюы, диастолалық артериялық қысымның шамадан тыс жоғарылауы немесе аритмиялардың пайда болуы допамин дозасын азайтудың немесе инфузияның тоқтатылуын қажет екендігін көрсетеді.

Препараттың атриовентрикулярлы өткізгіштікті жақсартуына байланысты, жыпылықтағыш аритмиясы бар науқастарға домаминмен емдеуді бастағанға дейін дигиталис препаратын тағайындау қажет.

Сыртартқыда шеткергі қантамырлардың окклюзиялық аурулары аясында препаратты тағайындау қантамырларды күрт және айқын тарылтып, терінің некрозына және гангренаға әкеп соғуы мүмкін (тиянақты мониторинг жүргізу керек, ал шеткергі ишемия белгілері байқалған жағдайда препарат енгізуді дереу тоқтатқан жөн). Бұл да ДТҰ-синдромы бар науқастарға қатысты.

Препаратта натрий метабисульфиті бар, ол бейім адамдарда аллергиялық реакцияларды (бронхтың түйілуін, анафилаксияны) тудыруы мүмкін.

Жалпы популяцияларда сульфиттерге аса жоғары сезімталдықтың таралуы төмен және сыртартқысында бронх демікпесі немесе атопиялық дерматиті бар адамдарда жиі кездеседі.

Препарат инфузиясының жылдамдығын науқас жағдайының өзгеруіне, диурезге, артериялық қысым деңгейіне және жүректен қанның лықсытылуына байланысты ұдайы түзеткен жөн. Жүрек функциясын және артериялық қысымды тұрақтырғанда несептің қолайлы бөлініп шығуын қамтамасыз ету мақсатында дозаны төмендету қажет болуы мүмкін.

Инфузияны тоқтатқан кезде артериялық гипотензияның пайда болу қауіптілігін ескеріп, допамин дозасын біртіндеп төмендету қажеттілігі пайда болуы мүмкін.

Педиатрияда қолданылуы

Допаминді балаларға қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі жөнінде деректердің жоқ болуына байланысты, оны педиатриялық іс-тәжірибеде тағайындауға ұсынылмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Допаминді жүкті әйелдерге қолданудың қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ болғандықтан, препаратты жүктілік кезінде ана үшін болжамды пайдасы ұрық үшін қаупінен басым болған жағдайларда ғана қолданған жөн.

Көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік заттың ықпал ету ерекшеліктері

Қолдану көрсетілімдері және жартылай ыдырау кезеңінің қысқалығы ескеріліп, препарат қолданылмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: артериялық қысымның күрт жоғарылауы, шеткергі артериялардың спазмы, тахикардия, қарыншалық экстрасистолия, стенокардия, диспноэ, бас ауыру, психомоторлы қозу.

Емі: допаминнің организмнен тез шығарылуына байланысты аталған құбылыстар дозаны азайтқан кезде немесе енгізуді тоқтатқан кезде басылады, тиімсіз болған жағдайда қысқа әсерлі альфа-адреноблокаторлар (артериялық қысым шамадан тыс жоғарылағанда) және бета-адреноблокаторлар (жүрек ырғағы бұзылғанда) ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Сындыру нүктесі бар немесе онсыз, немесе сындыру сақинасы бар бейтарап шыны ампулаларда, немесе еккішпен толтырылатын стерильді ампулаларда препарат 5 мл-ден құйылған.

Әрбір ампулаға заттаңбалық қағаздан немесе жазу қағазынан жасалған заттаңба жапсырылады немесе мәтінді ампуланың тікелей өзіне шыны бұйымдарға арналған терең басылған бояумен жазады.

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 ампуладан салынған.

Пішінді 2 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде бекітілген мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған. Әрбір қорапшаға ампулалық скарификатор салынған. Кертігі, сақинасы және нүктесі бар ампулаларды қаптағанда скарификаторлар салынбайды.

Пішінді ұяшықты қаптамаларды (картон қорапшаға салмай-ақ) картон қорапқа салуға болады. Әрбір қорапқа қаптама санына сәйкес медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтар салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81

Тіркеу куәлігінің иесі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы,

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81,

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы – infomed@santo.kz

 

Прикрепленные файлы

778916171477976436_ru.doc 92 кб
285521211477977709_kz.doc 111 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники