Войти

Доктор Кашель

Производитель: Люпин Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие комбинированные препараты, применяемые при простудных заболеваниях
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№021280
Дата регистрации: 31.03.2015 - 31.03.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Доктор Кашель

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат, 100 мл

Құрамы

5 мл шәрбаттың құрамында

белсенді заттар:

Жалаң мияның (Glycyrrhiza glabra) сулы сығындысы 48.00 мг

Тамырлы адхатоданың (Adgatoda vasica) сулы сығындысы 26.00 мг

Қасиетті насыбайгүлдің (Ocimum sanctum) сулы сығындысы 15.00 мг

Дәрілік зімбірдің (Zingiber officinale) сулы сығындысы 4.80 мг

Ұзын бұрышының (Piper longum) сулы сығындысы 9.80 мг

Бұрыш жалбызының (Mentha piperatta) сулы сығындысы 5.00 мг

Ленкоран мамыргүлінің (Albizzia lebbeck) сулы сығындысы 15.00 мг

Бұтақты андыздың (Inula racemosa) сулы сығындысы 15.00 мг

Ұзын куркуманың (Curcuma longa) сулы сығындысы 10.00 мг,

қосымша заттар: натрий метилпарабені, натрий пропилпарабені, сахароза, сұйық глюкоза, сорбитол ерітіндісі (70 %), лимон қышқылы моногидраты, натрий цитраты, пропиленгликоль, зімбір хош иістендіргіші (AF140393), лимон хош иістендіргіші, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән дәмі мен иісі бар күңгірт-қоңыр шәрбат.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдарын және жөтелді қайтаруға арналған препараттар. Суық тию симптомдарын қайтаруға арналған басқа да препараттар біріктірілімінде.

АТХ коды R05X

Фармакологиялық қасиеттері

Өсімдіктерден алынған біріктірілген препарат; препараттың әсері оның құрамдас бөліктерінің әсерінің қосындысынан тұрады. Доктор Кашель муколитикалық, аллергияға және демікпеге қарсы, тыныштандырғыш және қақырық түсіретін, бронхтарды кеңейтетін және иммунитет жақсартатын әсерлер көрсетеді.

Жалаң мия (Glycyrrhiza glabra) муколитикалық, тыныштандырғыш, аллергияға карсы, астмаға қарсы және қабынуға қарсы қасиеттері бар. Тамырлы адхатода (Adgatoda vasica) муколитикалық, қақырық түсіретін және бронхтарды кеңейтетін қасиеттері бар.

Қасиетті насыбайгүл (Ocimum sanctum) суық тиюге қарсы, жөтелге қарсы, астмаға қарсы, иммунитет жақсартатын және қабынуға қарсы әсерлері бар.

Дәрілік зімбір (Zingiber officinale) аллергияға қарсы, суық тиюге қарсы және қабынуға қарсы әсерлері бар.

Ұзын бұрыш (Piper longum) аллергияға қарсы, астмаға қарсы, қабынуға қарсы және қалыпқа келтіретін қасиеттері бар.

Бұрыш жалбызы (Mentha piperatta) сергітетін, жұмсартатын, суық тиюге қарсы және спазмолитикалық қасиеттері бар.

Ленкоран мамыргүлі (Albizzia lebbeck) қақырық түсіретін, демікпеге қарсы, бронхтарды кеңейтетін, аллергияға қарсы және қабынуға қарсы қасиеттері бар.

Бұтақты андыз (Inula racemosa) қақырық түсіретін, бронхтарды кеңейтетін, гистаминге қарсы және қабынуға қарсы қасиеттері бар.

Ұзын куркума (Curcuma longa) суық тиюге қарсы, муколитикалық, астмаға қарсы, аллергияға қарсы, спазмолитикалық және қабынуға қарсы қасиеттері бар.

Қолданылуы

  • бронхитпен, респираторлы аурулармен байланысты шығу тегі әртүрлі жөтелді симптоматикалық емдеу үшін

Қолдану тәсілі және дозасы

3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға

1/2 шәй қасықтан (2,5 мл) күніне 3 рет.

5 жастан асқан балаларға

1 шәй қасықтан (5,0 мл) күніне 3 рет.

Ересектер мен 14 жастан асқан балаларға

2 шәй қасықтан (10,0 мл) күніне 3 рет.

Емдеу ұзақтығы ауру дәрежесіне байланысты. Егер 4-5 күннің ішінде жағдай жақсармаса немесе нашарласа дәрігерге қаралыңыз.

Жағымсыз әсерлері

АІЖ тарапынан: диспепсия, қыжыл, іштің ауыруы, жүрек айнуы, кекіру, диарея.

Жүйке жүйесі тарапынан: бас айналуы, ұйқышылдық.

Жалпы бұзылыстар: гипокалиемия, ісінулер.

Бөртпені, есекжемді, гиперемияны, терінің ісінуін, қышынуды, дерматитті қоса аса жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін.

Егер емделушілерде жағымсыз реакциялар байқалса, препаратты қабылдауды тоқтатып, оны әрі қарай қабылдау маңыздылығы жөнінде дәрігерден кеңес алу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • бауыр функциясының ауыр бұзылуы (оның ішінде гепатит)

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • 3 жасқа дейінгі балалар

  • артериялық гипертензия

  • гипокалиемия

  • бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (оның ішінде нефрит)

  • семіздік

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Антибиотиктермен бір мезгілде қолдану препараттың әсерін күшейтеді. Басқа да жөтелге қарсы дәрілік заттармен (оның ішінде құрамында кодеин, декстрометорфан бар дәрілік заттармен), қақырықтың түзілуін азайтатын препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды. Жүрек гликозидтерімен, аритмияға қарсы препараттармен (хинидин), тиазидті және ілмектік диуретиктермен, адренокортикостероидтармен және іш жүргізетін дәрілермен бір мезгілде қолдану гипокалиемияны күшейтуі мүмкін. Препарат сульфагуанидиннің сіңуін кідіртуі мүмкін. Алкогольдік сусындары бар препараттармен немесе құрамында этанол бар препараттармен қабылдау ішектің жиырылуын күшейтуі мүмкін.

 

Айрықша нұсқаулар

Асқазан-ішеке рефлюксі (қыжылы) бар емделушілер препаратты қолданудан аулақ болу керек, өйткені препарат құрамындағы жалбыз бұрышы қыжылды күшейтуі мүмкін.

Өттас ауруы бар емделушілер абайлап қолдану керек.

Препарат құрамында сахароза және глюкоза бар, сондықтан препаратты қант диабеті бар емделушілерге тағайындар кезде ескерулері керек.

Препаратты фруктозаны көтере алмайтын, глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы бар емделушілер қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдану. Қолдануға болмайды.

Балаларға. 3 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Көлік құралдарын басқару кезінде немесе басқа механизмдермен жұмыс жасаған кезде әсер ету қабілеттілігі

Зерттелмеген. Жағымсыз реакциялар (бас айналуы, ұйқышылдық) пайда болған жағдайда көлікті басқарудан және күрделі механизмдермен жұмыс жасаудан аулақ болған жөн.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайы туралы ақпарат болмады, жағымсыз реакциялар пайда болуы күшеюі мүмкін. Құрамында мия бар препараттарды шамадан тыс дозада ұзақ уақыт бойы қолданғанда ісінудің түзілуіне, гипокалиемияның дамуына, артериялық қысымның жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Емі: асқазанды шаю, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын бұралып жабылатын металл қақпақпен жабылатын, күңгірт түсті полиэтилен құтыға құйылған.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25 0C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Люпин Лтд.

431210, М.И.Д.Си. Чикалтана Аурангабад А-28/1, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Люпин Лтд.

400098, Мумбай, Калина, Сантакрус (Шығыс), тас жолы ССТ 159, Үндістан

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстандағы Люпин Лимитед өкілдігі

050000, Алматы қ., Жангельдин к-сі, 31

Телефон нөмірі: +7 (727) 2785973

Факс нөмірі: +7 (727) 3862838

Электронды поштасы: lupin_office@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

490700781477976497_ru.doc 52.5 кб
679967851477977656_kz.doc 63 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники