Войти

Дип 5 Амлодипин

Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Производитель: Alkem Laboratories Ltd
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Amlodipine
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№020183
Дата регистрации: 18.10.2013 - 18.10.2018
Предельная цена: 22.8 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Дип 5 Дип 10

Халықаралық патенттелмеген атауы

Амлодипин

Дәрілік түрі

5 мг, 10 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 6.93 мг немесе 13.87 мг амлодипин бесилаты

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, екі негізді кальций фосфаты, натрий крахмалы гликоляты, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты

Сипаттамасы

Жиегі кертілген, жалпақ, дөңгелек пішінді, ақ түстен ақ дерлік түске дейінгі таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

«Баяу» кальций өзекшелерінің блокаторлары. «Баяу» кальций өзекшелерінің селективті блокаторлары. Дигидропиридин туындылары. Амлодипин

АТХ коды С08СА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Пероральді түрде қолданғанда Амлодипин, ас қабылдауға қарамай-ақ, асқазан-ішек жолынан баяу және толық дерлік сіңеді. Абсолютті биожетімділігі 64-80% құрайды. Плазмада ең жоғары концентрацияға 6-12 сағаттан соң жетеді. Таралу көлемі әр кг-ға шаққанда шамамен 21 л-ге тең. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы шамамен 97,5% құрайды. Жартылай шығарылу кезеңі 30-50 сағатты құрайды. Тұрақты түрде қабылдағанда плазмада тепе-тең концентрация 7-8 күннен кейін болады. Амлодипин бауырда (90%) белсенді емес метаболиттерге дейін метаболизденеді. Бүйректер арқылы 60%-ы метаболиттер түрінде, 10%-ы өзгермеген күйінде шығарылады. Бүйректік фармакодинамикасы өзгерген кезде амлодипиннің дозасын түзетудің қажеті жоқ. Жүрек қызметінің іркілген жеткіліксіздігінде, бауыр қызметінің жеткіліксіздігінде және егде жастағы адамдарда жартылай шығарылу кезеңі артады.

Фармакодинамикасы

Амлодипин – дигидропиридин туындысы. Дигидропиридинді рецепторлармен байланыса отырып, "баяу" кальций өзекшелерін бөгейді, кальцийдің жүрек және қантамырлардың тегіс бұлшықеттері жасушаларының ішіне жарғақша арқылы өтуін тежейді (кардиомиоциттерге қарағанда қантамырлардың тегіс бұлшықеттерінде – үлкен дәрежеде). Гипотензиялық және антиангинальді әсер береді.

Дип препаратының гипотензиялық әсер ету механизмі қантамырлардың тегіс бұлшықеттерін тікелей босаңсыту әсерімен жүзеге асады.

Амлодипин миокард ишемиясын келесі екі жолмен азайтады:

шеткергі артериолаларды кеңейтеді және, осылайша, жалпы шеткергі кедергіні (жүктемеден кейінгі) төмендетеді, мұндайда жүректің жиырылу жиілігі өзгермейді, бұл қуатты тұтынудың және жүректің оттегіні қажетсінуінің төмендеуіне әкеледі, миокардтың қалыпты аймақтарында да, сондай-ақ ишемияланған аймақтарында да коронарлы және шеткергі артерияларды және артериолаларды кеңейтеді, бұл вазоспастикалық стенокардиясы (Принцметал стенокардиясы) бар науқастарда миокардқа оттегінің түсуін арттырады және темекі тарту әсерінен коронарлы тамырдың тарылуына жол бермейді.

Артериялық гипертензиясы бар науқастарда Диптің бір реттік тәуліктік дозасы 24 сағат бойы ("жатқан" күйде де және "тұрған" күйде де) артериялық қысымның (АҚ) төмендеуін қамтамасыз етеді. Амлодипин әсерінің баяу басталуының арқасында АҚ-ны күрт төмендетпейді.

Стенокардиясы бар науқастарда препаратттың бір реттік тәуліктік дозасы дене жүктемесіне төзімділікті арттырады, дене жүктемесі аясында стенокардия ұстамасы мен ST (1 мм) сегменті депрессиясының пайда болуын кідіртеді, стенокардия ұстамаларының жиілігін және нитроглицеринді қажетсінуін төмендетеді.

Жүрек-қантамыр аурулары (бір қантамыры және 3 және одан көп артериялардың стенозына дейін зақымдалуы болатын коронарлы атеросклерозды қоса және ұйқы артериясының атеросклерозы) бар, бұрын миокард инфарктісін, коронарлы артериялардың тері арқылы транслюминальді ангиопластикасын (ТЛП) басынан өткерген немесе стенокардияға шалдыққан емделушілерде Дипті қолдану ұйқы артерияларының интим-медияларының қалыңдауының дамуына жол бермейді. Сондай-ақ Дипті қолдану жүрек-қантамыр себебінен, миокард инфарктісінен, инсульттен, аорта-коронарлық шунттаудан болатын өлімді едәуір төмендетеді, тұрақсыз стенокардияға және жүрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінің (ЖСЖ) үдеуіне байланысты ауруханаға жатқызу санының төмендеуіне әкеледі, коронарлы қан ағысын қалпына келтіруге бағытталған араласымдар жиілігін төмендетеді.

Қолданылуы

  • артериялық гипертензияда (монотерапия ретінде, сондай-ақ басқа да гипотензиялық дәрілермен біріктіріп)

  • тұрақты стенокардияда және вазоспастикалық стенокардияда

Қолдану тәсілі дәне дозалары

Артериялық гипертензиясы бар емделушілерге ішке, тәулігіне 1 рет тағайындалады, бастапқы дозасы 5 мг, қажет болған кезде дозаны тәулігіне 10 мг-ға дейін арттырады.

Тұрақты стенокардияны және Принцметал стенокардиясын емдегенде ұсынылатын дозасы күніне бір рет 5 мг-нан 10 мг-ға дейінді құрайды.

Тиазидтік диуретиктермен, бета-адреноблокаторлармен және ангиотензин-конвертациялайтын фермент тежегіштерімен біріктірген кезде ұсынылатын Дип дозасы – тәулігіне 2,5 мг.

Емдеу курсы 7-14 күнге дейін, немесе емдеуші дәрігер әр адамға жекелей белгілейді.

Дене салмағы төмен емделушілер, егде жастағылар және бауыр қызметі бұзылған емделушілер үшін бастапқы доза тәулігіне 2,5 мг құрауы тиіс. Дозаны түзету 7-14 күн аралығымен жүргізіледі.

Тиазидтік диуретиктермен, бета-адреноблокаторлармен және ангиотензинге өзгертуші фермент тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда дозаны өзгерту қажет емес. Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілерде дозаны өзгертудің қажеті жоқ.

Жағымсыз әсерлері

  • бас айналу, бас ауыру, ұйқышылдық, бас сақинасы, бұлшықеттің құрысуы

  • тахикардия

  • ауыз ішінің құрғауы, тәбеттің жоғарылауы, дәмнің бұрмалануы, шөлдеу, құрсақ қуысының ауыруы, жүректің айнуы, іш қату, метеоризм, диспепсия, диарея, анорексия

  • ұйқысыздық, көңіл-күйдің құбылмалылығы, әдеттен тыс түс көрулер, күйгелектік, депрессия, дімкәстік, гипестезиялар, парестезиялар, шеткергі нейропатия, тремор, үрейлену, құрысулар, апатия, ажитация, атаксия, амнезия, арқаның ауыруы

  • жүректің лүпілдеуі, жүрек ырғағының бұзылуы, көкірек қуысындағы ауыруы, АҚ шамадан тыс төмендеуі

  • терінің қышуы, бөртпе, қатты терлеу, «салқын» тер, қалтырау

  • артралгиялар, миалгиялар, артроз, миастения

  • несептің жиі бөлініп шығуы, несеп бөлініп шыққанда ауыртуы, никтурия, дизурия, полиурия

  • импотенция, гинекомастия

  • бас сақинасы, жүрек қызметі жеткіліксіздігінің пайда болуы немесе өршуі, ортостатикалық гипотензия, васкулит, миокард инфарктісі, естен тану

  • жөтел, ентігу, ринит

  • гастрит, панкреатит, гипертрофиялық гингивит, гепатит

  • гипербилирубинемия, сарғаю (әдетте холестатикалық), "бауыр" трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы

  • дерматит, ксеродермия, тері пигментациясының бұзылуы, алопеция, паросмия

  • тромбоцитопениялық пурпура, мұрыннан қан кету

  • паросмия, құлақтың "шыңылдауы"

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • амлодипинге және дигидропиридиндерге жоғары сезімталдық

  • кардиогенді шок

  • қолқа стенозы

  • тұрақсыз стенокардия

  • жедел миокард инфарктісі

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дип таблеткалары тиазидтік диуретиктермен, альфа-адреноблокаторлармен, ангиотензинге өзгертуші фермент тежегіштерімен, ұзақ әсер ететін, сублингвальді түрде қолданылатын нитраттармен, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен, антибиотиктермен және пероральді түрде қабылданатын қант төмендеткіш препараттармен бірге қауіпсіз қолданылады. Дип қан сарысуында дигоксиннің деңгейіне ықпалын тигізбейді.

Грейпфрут шырыны: Грейпфрутты және грейпфрут шырынын Диппен бір мезгілде қабылдауға болмайды, өйткені биожетімділігі артып кетуі мүмкін, бұл Диптің гипотензиялық әсерінің күшеюіне әкеледі.

Аторвастатин: Диптің 10 мг дозасын және аторвастатиннің 80 мг дозасын бірге қолдану аторвастатиннің фармакокинетикалық параметрлерін айтарлықтай өзгертпейді.

Дигоксин: Дип таблеткаларын дигоксинмен бір мезгілде қолданғанда дигоксиннің сарысулық деңгейіне және бүйректік клиренсіне ықпалын тигізбейді.

Варфарин: Дип таблеткаларын бір мезгілде қолдану елеулі ықпалын тигізбейді.

Циклоспорин: Дип таблеткасы мен Циклоспоринді бірге қабылдау циклоспоринге әсерін тигізбейді.

Айрықша нұсқаулар

Дип таблеткасын сыртартқысында қолқа стенозы бар, бауыр қызметі бұзылған және жүрек қызметінің жеткіліксіздігі бар емделушілерге абайлап қолданған жөн.

Стенокардияны емдеу үшін Дипті монотерапия дәрісі ретінде немесе басқа антиангинальді дәрілермен біріктіріп, соның ішінде нитраттармен және/немесе бета-адреноблокаторлармен талапқа сай дозаларда емдеуге рефрактерлі науқастарға тағайындауға болады.

Бауыр қызметі бұзылған науқастарда амлодипиннің жартылай шығарылу кезеңі артады.

Дипті бауыр қызметі бұзылған науқастарға абайлап пайдаланған жөн.

Дип зат алмасуға және қан плазмасының липидтеріне қандай да болсын жағымсыз әсерін тигізбейді және бронх деміпесі, қант диабеті және подаграсы бар науқастарды емдегенде қолданылуы мүмкін. Дене салмағы төмен емделушілерде, бойы аласа емделушілерде және бауыр қызметінің бұзылуы айқын науқастарда аз доза қажет етілуі мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препараттың әсеріне, әсіресе емнің басында және дозалау режимін өзгерткенде, әр емделушінің жекелей реакциясын ескерген және көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқарған кезде сақ болған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: артериялық қысым айқын төмендеп, рефлекторлы тахикардия және шеткергі қантамырлардың шамадан тыс кеңеюі пайда болуы мүмкін.

Емдеу: белсенділендірілген көмір тағайындау, асқазанды шаю, аяқтарды жоғары көтеріңкіреу, жүрек-қантамыр жүйесінің қызметін белсенді түрде демеуге бағытталған шаралар, жүрек пен өкпе жұмысының көрсеткіштеріне мониторинг, айналымдағы қан көлемін және диурезді бақылау.

Қантамырлар тонусын және артериялық қысымды қалпына келтіру үшін, егер қарсы көрсетілімдері жоқ болса, қантамырларды тарылтатын препараттарды (допамин, норадреналин) қолдану керек.

Дип қан сарысуы ақуыздарымен елеулі дәрежеде байланысатын болғандықтан - гемодиализ тиімді емес.

 

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольгадан және поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Пішінді 1 қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30C-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Alkem Laboratories Ltd»

Mumbai -400013, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

«Alkem Laboratories Ltd», Үндістан

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Алкем Лабораториз Лимитед» өкілдігі

Алматы қ-сы, Мәметова к-сі, 67

Телефон нөмірі: (727) 266-39-90

Факс нөмірі: (727) 266-39-90

Электронды поштасы: dubeysand@yahoo.com

Прикрепленные файлы

175561101477976813_ru.doc 66 кб
250952751477977972_kz.doc 75.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники