Войти

Гэвкамен Камфора, Левоментол, Масло гвоздичное, Эвкалипта прутовидного листьев масло

Производитель: Борисовский завод медицинских препаратов ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№011826
Дата регистрации: 25.11.2013 - 25.11.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Гэвкамен

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Cыртқа қолдануға арналған жақпамай

Құрамы

Бір сықпаның ішінде

белсенді заттар:

левоментол 4.5 г

рацемиялық камфора 2.5 г

эвкалипт майы 2.5 г

қалампыр майы 0.25 г

қосымша заттар: қатты мұнай парафині, жұмсақ ақ парафин.

Сипаттамасы

Ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті, өзіне тән исі бар жақпамай

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппараттары ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар. Басқа да препараттар.

АТХ коды M02AX10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Зақымданбаған теріге окклюзиялық таңғыш астына жаққаннан кейін орташа алғанда 0,2-2,8 мм/сағат жылдамдықпен сіңеді. Жүйелі сіңуі 0,1% азды құрайды.

Сіңуге ұшыраған жақпамайдың терпендік компоненттерінің бөлігі одан әрі қарай гидрокси-туындыларын түзе отырып бауыр цитохромдары жүйесімен тотықтанады, одан кейін олар глюкурон қышқылымен конъюгирленеді және несеппен (41,1-47,7%) және шырыш бездері сөліністерімен бөлініп шығады.

Жақпамайдың барлық дозасының 0,014% азы өзгермеген түрде бөлініп шығады.

Фармакодинамикасы

Гэвкамен жақпамайы - өсімдік тектес біріктірілген препарат, жергілікті

тітіркендіргіш және «аулақтатқыш», әлсіз қабынуға қарсы әсер етеді.

Гэвкаменнің әсер ету механизмі жақпамайдың құрамына енетін эфир майларының және терпен туындыларының (камфора мен ментолдың) шамасына байланысты. Қалампыр майының негізгі әсер етуші компоненттері эвгенол (60-95%), оның сірке эфирі (2-27%) кариофиллендер (5-10%) болып табылады. Эвкалипт майының негізгі әсер ететін компоненттері 1,8-цинеол (54-95%), пинен (2,6%), терпинеол (2,7%) болып табылады. Терпендік туындылар тітіркендіруші әсер ете отырып, жанасу аймағындағы суықтық және ауыру рецепторларын көтермелейді. 3,3-16,4 мкг/мл концентрацияларындағы Эвгенол және эвкалипттің эфир майларының 5,8 мкг/мл концентрациясындағы компоненттері I және II типті циклооксигеназаның, сондай-ақ липоксигеназаның белсенділігін бәсеңдетеді. Нәтижесінде эйкозаноидтер синтезінің арахидондық каскадының реакциялары бөгеледі және қабыну ошағында простагландиндердің, тромбоксан мен лейкотриендің түзілуі бұзылады. Жақпамайды жаққаннан кейін күйдіріп-ашыту, дәріні жаққан жердегі гиперемия мен ісіну түріндегі оның тітіркендіргіш әсері бірден байқалады.

Қолданылуы

Невралгияларда, миалгияларда, артралгияларда аулақтатқыш және ауыруды басатын дәрі ретінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат сыртқа қолдануға арналған. Жақпамайды буындар аймағындағы зақымданған жерлерге немесе бұлшықеттерге күніне 2 - 3 рет 2 - 4 грамнан (ұзындығы 2 - 4 см жақпамай жолақтарына сәйкес келеді), жақпамай жағылған жерлерді аздап сылай отырып, жұқалап жағады. Емдеу курсының ұзақтығы 3-5 күнді құрайды, қажет болғанда курстарды 2-3 күн аралығымен қайталайды, ол аурудың ауырлығы мен ағымына және қосымша емнің сипатына байланысты. Препаратты қолданғаннан кейін мұқият қолды жуып тастау қажет. Жақпамайдың көзге және шырышты қабаттарға тиіп кетуінен сақ болу керек.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар: жанаспалы дерматит, есекжем, терінің тітіркенуі

  • күйдіру, парестезиялар, аппликация орнында суықты сезіну

  • жақпамайды зақымданған теріге жаққанда оның сіңуі және бастың ауыруы, атаксия, дезориентация – ауыр жағдайларда сананың бұзылуы, әлсіздік; жүрек қағуы, брадикардия, жүрек ырғағының бұзылуы дамуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- жалбыздың, қалампыр ағашының, эвкалипттің эфир майларына, мирт тұқымдастары өсімдіктеріне жоғары сезімталдық.

- тері беткейі бүтіндігінің бұзылуы

- 12 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Гэвкамен жақпамайының жүйелі сіңуінің төмен болуымен байланысты дәрілік өзара әрекеттесудің даму қаупі жоғары емес.

Дегенмен препараттың құрамына енетін терпендік компоненттер басқа дәрілік заттарды метаболиздейтін бауырдың микросомальді ферменттерінің индукторлары болып табылатынын ұмытпау керек. Сондықтан гэвкаменмен бірге қолданылатын басқа дәрілік заттар тиімділігінің әлсіреу ықтималдығы болуы мүмкін.

Жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен бір мезгілде қолданған кезде олардың тиімділігі мен жаққан жердегі жұмсақ тіндерге ену тереңдігін арттырады. Диметилсульфоксидті гэвкамен жақпамайымен бір мезгілде жаққан кезде оның құрамына енетін эфир майлары компоненттерінің жүйелі сіңуін күшейтеді және жаққан жердегі жұмсақ тіндерге ену тереңдігін арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Жақпамайдың көзге және шырышты қабаттарға тиіп кетуінен сақ болу керек.

Жақпамайды зақымданған теріге жағуға болмайды. Терінің қатты тітіркенуінде жағуға болмайды.

Жүктілік пен лактация

Гэвкамен жақпамайын жүктілік пен лактация кезеңінде қолдану ана үшін пайда мен бала/ұрық үшін қауіпті мұқият бағалаудан кейін ғана мүмкін болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізу немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препаратты дұрыс қолданғанда артық дозалануы ықтималдығы аз, бұл оның жүйелі сіңуінің төмендігімен байланысты. Жақпамайды байқамай жұтып қойғанда

симптомдары: қыжыл, іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, бас айналуы, брадикардия, АҚ төмендеуі, бағдардан жаңылу, сананың шатасуы, бұлшық ет әлсіздігі, миоз, құрысулар.

Емі: асқазанды шаю, энтеросорбенттерді қабылдау, демеуші және симптоматикалық ем. Арнайы у қайырғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 гр-нан алюминий сықпаларға салынған. Әрбір сықпаны медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада cақтау керек.

Балалардан қорғау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі, 64/27 тел/факс 8-(10375177)744280.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы.

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі, 64/27, тел/факс 8-(10375177) 744280, электрондық поштасы: market@borimed.com

Прикрепленные файлы

880544381477976802_ru.doc 59.5 кб
990647931477977958_kz.doc 67 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники