Войти

Глюкоза (200 мл) Декстроза

Производитель: НИКО ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Dextrose
Номер регистрации: № РК-ЛС-5№017634
Дата регистрации: 24.12.2015 - 24.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Глюкоза

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған 5% 200 мл ерітінді

Құрамы

100 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 5,0 г глюкоза (сусыз затқа шаққанда);

қосымша зат: инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Түссіз мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Плазма алмастыратын және перфузиялық ерітінділер. Ирригациялық басқа да ерітінділер. Декстроза.

АТХ коды В05СХ 01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Глюкозаның 5% ерітіндісі изотониялық болып табылады. Декстроза тіндерге түскенде организмнің зат алмасуының көптеген бөлігіне белсенді қосылатын глюкоза-6-фосфатқа айнала отырып фосфорланады. Глюкозаның тіндердегі метаболизмінде организмнің қызмет етуіне қажетті энергияның едәуір мөлшері бөлінеді. Ерітінді қан тамырлар жүйесінен жылдам шығарылады және қан тамырлары айналымындағы сұйықтық көлемін тек уақытша ұлғайтады. Организмге толық сіңіріледі, бүйрек арқылы шығарылмайды (қанда декстрозаның артық концентрациясы кезінде препараттың бір бөлігі бүйрек арқылы бөлінеді).

Фармакодинамикасы

Регидратация және уытсыздандыруға арналған дәрі. Глюкоза организмдегі тотығу-тотықсыздану үдерістерін күшейтеді, бауырдың уыттануға қарсы функциясын жақсартады, организмнің энергетикалық шығындарының бір бөлігін жабады, өйткені ол жеңіл сіңетін көмірсулардың көзі болып табылады.

Гипертониялық ерітіндіні көтамырға енгізгенде қанның осмостық қысымы көтеріледі, зат алмасу үдерістері көтермеленеді, бауырдың уытсыздандыратын функциясы жақсарады, диурез жоғарылайды.

Қолданылуы

‒ гипер- және изотониялық дегидратацияда

‒ балаларда операциялық араласу кезінде су- электролиттік теңгерімнің бұзылуын болдырмас үшін

‒ уыттануда

‒ гипогликемияда

‒ дәрілік заттардың басқа үйлесімді ерітінділерінің еріткіші ретінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты көктамыр ішіне тамшылатып қолданады. Ересектерге арналған доза тәулігіне 1500 мл дейінді құрайды. Ересектерге арналған ең жоғары тәуліктік дозасы 2 000 мл құрайды. Қажет болғанда ересектер үшін ең жоғары енгізу жылдамдығы – минутына 150 тамшы (500 мл/сағ).

Балаларға парентеральді қоректендіру үшін майлармен және амин қышқылдарымен қатар бірінші күні 6 г/кг, одан кейін – тәулігіне 15 г/кг енгізеді. 5 % ерітінді енгізгенде глюкоза дозасын есептеуде енгізілетін сұйықтықтың шекті көлемін назарда ұстау керек: салмағы 2-10 кг балалар үшін – тәулігіне 100-165 мл/кг, салмағы 10-40 кг балаларға – тәулігіне 45-100 мл/кг.

Препаратты ұзақ мерзім енгізуді глюкозаның қан сарысуындағы концентрациясын бақылай отырып жүргізу керек. Глюкозаның толық және жылдам сіңуі үшін кейде бір мезгілде инсулин (тері астына 4-5 ӘБ-ден) енгізеді.

Электролиттік теңгерімді бақылап отыру керек!

Жағымсыз әсерлері

  • гипокалиемия, гипофосфатемия, гипомагниемия, гипонатриемия

  • гиперволемия

  • гипергликемия

  • аллергиялық реакциялар (гипертермия, тері бөртулері, ангионевроздық ісіну, шок)

  • қызба

  • сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігі

  • ұйқы безінің инсулярлы аппараты қорының азаюы

  • тромбофлебит

Өте сирек

‒ шығу тегі орталықтық жүрек айну

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- глюкозаға аса жоғары сезімталдық

- гипергликемия

- қант диабеті

- гиперлактацидемия

- гиперосмолярлы кома

- циркуляторлық бұзылыстар

- ми ісінуі, өкпе ісінуі

- сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігі

- глюкоза утилизациясының операциядан кейінгі бұзылуы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тиазидті диуретиктермен және фуросемидпен бір мезгілде қолданғанда қан сарысуында глюкоза деңгейіне әсер ету қабілетін ескерген жөн. Инсулин глюкозаның шеткергі тіндерге түсуіне ықпал етеді. Глюкоза ерітіндісі пиразинамидтің бауырға уытты әсер етуін төмендетеді. Глюкоза ерітіндісінің үлкен көлемін енгізу бір мезгілде қабылданған оймақгүл препараттарының уыттылығын жоғарылататын гипокалиемия дамуына ықпал етеді.

Глюкоза ерітінділерде аминофилинмен, еритін барбитураттармен, гидрокортизонмен, канамицинмен, еритін сульфаниламидтермен, цианокобаламинмен үйлесімсіз.

Бір жүйеде бір мезгілде немесе гемотрансфузия алдында/одан кейін жалған агглютинация туындау мүмкіндігіне байланысты қолдануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты бассүйекішілік және жұлынішілік қан кетумен науқастарға өте сақтықпен қолданған жөн.

Препаратты көктамыр ішіне ұзақ қолданғанда қандағы қант деңгейін бақылып отыру қажет.

Препаратты қан препараттарымен бір мезгілде енгізуге болмайды.

Плазма гипоосмолярлығы туындауының алдын алу мақсатында 5 % глюкоза ерітіндісін натрий хлориді изотониялық ерітіндісін енгізумен біріктіруге болады.

Үлкен дозалар енгізу кезінде қажет болғанда инсулинді тері астына 4-5 г глюкозаға 1 ӘБ есебінен тағайындауға болады.

Құты ішіндегісін тек бір пациентке ғана пайдаланады. Құты герметикалығы бұзылғаннан кейін құты ішіндегісінің пайдалынылмаған бөлігін жою керек.

Балалар

Препаратты көрсетілімдер бойынша қолданады.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану

Препарат көрсетілімдер бойынша қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің айқын симптомдары. Гипергликемия пайда болуы мүмкін. Глюкоза құрамы жоғарылағанда (55 ммоль/л-ден жоғары, кейде 100 ммоль/л-ге дейін және жоғары) гиперосмолярлы кома және шок туындауы мүмкін. Бұл жағдайлардың патогенезінде су және электролиттердің қан ағымына осмостық ығысуы, сондай-ақ полиурия маңызды рөл атқарады. Мұнда күрт дегидратация және жасушалық сусыздану, гемоконцентрация, қан коагуляциясы жүйесінің белсенділенуі дамиды, ол артериялар мен көктамырларда жергілікті және диссеминирленген тромб түзілуін жиі туындатады.

Емі: - глюкоза енгізуді тоқтату, инсулин енгізу, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

200 мл-ден полиэтилен құтыда.

20 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен бірге гофрокартоннан жасалған жәшікке салынады.

Сақтау шарттары

250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2,5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«НИКО» ЖШҚ, Украина, 86123, Донецк обл., Макеевка қ.,

Таёжная к-сі,1-1.

Тiркеу куәлiгiнің иесi

«НИКО» ЖШҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Өтегенова Б.А.» ЖК, 010000, Астана қ., Рамазан к-сі, 33/9,

тел: + 7 701 707 61 81; электронды поштасы: b.utegenova_ip@mail.ru

 

 

Прикрепленные файлы

264912951477977606_kz.doc 61.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники